67
бастап мекемеде жұмыс орындарда өндірістік жарақат алу жағдайларына жол
берілмеді.
Сотталғандар келген кезде оларда жеке басын куәландыратын құжаттар
болмаған жағдайда Алматы қаласы Жетісу ауданының Көші-қон полициясы
бөліміне құжаттандыру бойынша қажетті материалдарды одан әрі ресімдеу үшін
сұрау салулар жолданады.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны
жазаны өтеу орны бойынша 1 сотталған алуда.
Кәсіби мектепті аяқтағаннан кейін сотталғандар мемлекеттік үлгідегі
куәлікті алады. Материалдық базаны мекеме қамтамасыз етеді. Сотталғандарды
бостандықта сәтті әлеуметтендіру үшін колонияның № 2-кәсіби мектебінің
шебері тәрбиеленушілерге сұранысқа ие жұмыс кәсібін алуға көмектеседі.
Сотталғандармен мәдени-жаппай жұмыстар өткізудің маңызы зор, өйткені
ол сотталғандардың жоғары моральдық сапасын дамытуға, өмірдің белсенді
ұстанымын қалыптастыруға бағытталған. Ж.Жабаев атындағы Мемлекеттік
жасөспірімдер кітапханасымен де жұмыс жолға қойылды, олармен бірлесіп
мемлекеттік мерекелерге іс-шаралар өткізіледі, жаңа ұрпақ кітаптарының
көрмелері ұйымдастырылады.
БАҚ өкілдерімен тікелей өзара іс-қимыл жасасу арқылы қылмыстық-
атқару заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі – жариялылық қағидаты іске
асырылуда. Тәрбиелеу колониясының қызметі туралы, оның ішінде бас
бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысына қатысты ақпарат
Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік
құпияларын
құраушыларын
қоспағанда, көпшілік үшін қолжетімді және ашық. Бұл үшін «Хабар», «31 арна»,
«Қазақстан» телеарналарымен, «ЗАҢ», «Время молодых», «Юридическая
газета» газеттерінің редакцияларымен, «Исполнение наказаний» журналымен
және т.б. өзара ынтымақтастық жолға қойылды.
2015 жылдың басынан қолданысқа енгізілген жаңа Қылмыстық-атқару
кодексіне сәйкес кәмелетке толмаған сотталғандарды тәртіптік изоляторға қамау
жойылды. Жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзған сотталған жетпіс екі
сағатқа дейінгі мерзімге уақытша оқшаулау үй-жайына жабылады (Қазақстан
Республикасы ҚАК 154-бабы).
Кәмелетке толмағандарды ұстауғаарналған орташа қауіпсіз мекемелерде
бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қалдыру 20 жастан 21 жасқа
ұзартылды. 18 жасқа толғаннан кейін, тәрбиеленушілер жаза өтеу мерзімі
аяқталғанға дейін, тек 21 жастан аспай мерзімге мекемеде қалуы мүмкін. Бұл
жасқа дейін сотталғандардың көбісі бас бостандығынан айыру орындарынан
жаза өтеу мерзімі аяқталуына немесе шартты түрде мерзімінен бұрын
босатылады (Қазақстан Республикасы ҚАК 155-бабы).
Балаларға қатысты қатыгездіктің, зорлық-зомбылықтың алдын алу
Түрлі зорлық-зомбылық және балаларға қатыгездікпен қарау көріністері
саяси, идеологиялық және экономикалық құрылымына қарамастан, барлық
елдерде бар болды және бар.
68
Үйдегі зорлық-зомбылықтың құрбандары көбінесе балалар болады. Балалар
өздерінің дене, психикалық және әлеуметтік жетілмегендігі, үлкендерге қатысты
тәуелді, бағынысты болу себебі бойынша осал болып табылады.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері оқу орындарында бар.
Білім беретін мекемелерде педагогтар, тәрбиешілер тарапынан тәрбиенің
педагогикаға қарсы әдістерін қолдану, оның ішінде денені жазалау жағдайлары
әлі жойылған жоқ. Балалар мектепте көбінесе өздерінің құрбылары тарапынан
зорлық-зомбылық көреді.
Бас Прокуратураның деректері бойынша 2015 жылғы 9 айда кәмелетке
толмағандарға қарсы жасалған құқық бұзушылықтар 48,2% төмендеген (2014
ж. 9 айы бойынша 5 677-ден 2015 жылғы 9 айында 3 397-ге дейін).
Мемлекет баланың тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық
қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден заңнамалық
қорғауды қамтамасыз етеді.
2014 жылғы 18 ақпанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Аталған заң
отбасы-тұрмыстық қатынас, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қарсы
қылмыстарға жауапкершілікті қатайтуды көздейді.
Білім беру ұйымдарында «Білім беру ұйымдары басшыларының және
педагогикалық жұмысшыларының оқу мен тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау
және педагогтар мен оқушылар арасында, оқушылар арасында қақтығысты
жағдайға жол бермеу үшін жауапкершілігін арттыру туралы», «Педагог
лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты
лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау
қағидаларын бекіту туралы», «Білім және ғылым саласындағы төтенше
жағдайларды жедел хабарлау және жария ету тәртібі туралы» БҒМ бұйрықтары
басшылыққа алынады.
Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған БҒМ, ДСӘДМ, ІІМ, ИДМ, МСМ
ведомстворалық бірлескен іс-қимыл жоспары және Кәмелетке толмағандардың
жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын
алу жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған ведомствоаралық жоспары іске
асырылуда.
Балалар, оның ішінде қолайсыз отбасы және «қатерлі топтағы»балалар
арасында профилактикалық жұмысты жақсартуға, үлкендер тарапынан зорлық-
зомбылықтың құрбаны болған балаларға медициналық-психологиялық көмек
көрсетуге, оқу бағдарламаларын жетілдіруге, қолайсыз отбасылармен жұмысты
жандандыруға, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және
болдырмау мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге
бағытталған шаралар өткізілуде.
Зорлық-зомбылықтың
алдын
алу
мақсатында
мектептерде
8130
психологтар, 4204 мыңнан астам әлеуметтік педагогтар, 2148 полицияның
мектеп инспекторлары. 2 461 мектептерде бейнебақылау камералы орнатылған.