ҚҰрметті жерлестер!



жүктеу 208,5 Kb.
Дата25.01.2020
өлшемі208,5 Kb.
#27281


Аудан әкімі С.Мақашовтың Қармақшы ауданының

2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы

мен алдағы атқарылатын негізгі міндеттер

туралы» есепті баяндамасы

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Өткен 2018 жыл еліміз үшін экономикалық тұрақтылықты қалыптастырған жыл болды. Жалпы ішкі өнім – 4,5%-ға өсім қалыптасты. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауынан туындайтын келелі істер мен міндеттерді іске асыру бағытындағы аудан әкімінің іс-қимыл бағдарламасы аясында ауданымызда ел игіліне арналған жоспарлы жұмыстар атқарылды.

Жасалған жұмыстар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, өтініш-тілектері мен көтерген мәселелерін шешу мақсатында жүргізілді және бірқатар мәселелер шешімін тапты.

Аудан халқының өткен жылғы есепті кездесуде айтылған ұсыныс пікірлеріңіз бойынша 24 іс-шаралар белгіленді. Бүгінгі күнге, оның 9-ы өз шешімін тапса, 14-і қосымша бақылауға алынып, 1-не түсіндірме берілді. Бақылауға алынған мәселелердің негізгі бөлігі құрылысты және жөндеуді қажет ететін жұмыстар. Олар бойынша тиісті жоғары тұрған органдарға ұсыныстар берілді және кезең-кезеңімен шешімін табатын болады.

Жалпы, соңғы үш жылда аудан экономикасының өсу динамикасы қалыптасып келеді. 2016 жылы аудан бюджеті 9 млрд 958 млн, 2017 жылы 10 млрд 343 млн. 2018 жылы аудан бюджеті 14 млрд 115,1 млн. теңгені құрап, 40 пайызға артты.

Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістері жоспар 1 млрд 11 млн.теңгені құрап, 101,2 пайызға орындалды.

2018 жылдың 31 желтоқсанына аудан бюджетінің шығындар болжамы 14 млрд 106 млн теңгеге атқарылып, 99,9 пайызды құрады.

Енді қысқаша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып өтсек.



Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3 млрд 555 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,3 пайызды құрады.

1. Кәсіпкерлік саласы.

Елбасының саясатын жүзеге асыру мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол арқылы аудан экономикасын дамытып, аудан бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайтуға жұмыстар жүргізілуде.

Облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың және облыстық кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен 2018 жыл облыс бойынша кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жарияланды және кәсіпкерлік жылы тағы да екі жыл мерзімге ұзартылды.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан кәсіпкерлерінің несиеге қолжетімділігі артты.

2018 жылы аудан бойынша қаржы ұйымдары тарапынан барлығы 227 жобаға 774,0 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді. Нәтижесінде 300 жаңа жұмыс орны ашылды.

2018 жылы Қызылорда облысында кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасына сәйкес, «Бастау Бизнес» оқу курсына ауданда 220 азамат аяқтап, 176 азамат жобаларын қорғады.



«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде, аудан бойынша 10 жоба 155,7 млн теңгеге несиелендірілді.

1) жеке кәсіпкер Назарова Аманкүлдің «Ғимартты қайта қалпына келтіру» жобасы. Несие көлемі 10,0 млн теңге. Төретам кенті;

2) жеке кәсіпкер Карбаев Шамшадиннің «Құрал-жабдықтар сатып алу» жобасы. Несие көлемі 6,0 млн теңге. Жосалы кенті;

3) жеке кәсіпкер Жұбанова Элмираның «Айналым қаражатын толықтыру» жобасы. Несие көлемі 8,0 млн теңге. Жосалы кенті;

4) Мир-2001 ЖШС «Жанар жағар май бойынша айналым қаражатын толықтыру» жобасы, мақұлданған несие көлемі 44,0 млн теңге. Төретам кенті.

5) жеке кәсіпкер Бұқпанова Жанардың «Тойхана құрылысын аяқтау» жобасы. Жоба құны 30,0 млн.теңге. Жосалы кенті;

6) жеке кәсіпкер «АНС-Бауыржан» Алпысбайұлы Бауыржанның «Ғимаратты қайта қалпына келтіру» жобасы.Несие көлемі 6,7 млн.тг. Жосалы кенті;

7) Мир-2001 ЖШС «Арнайы техника сатып алу» жобасы, мақұлданған несие көлемі 18,0 млн теңге. Төретам кенті;

8) жеке кәсіпкер Қазиев Әкімжанның «Қойма құрылысын аяқтау» жобасы, құны 6,0 млн.тг. Төретам кенті;

9) жеке кәсіпкер Тілегенова Маралдың «Сән салонының құрылысы» жобасы, құны 5,0 млн.тг. Жосалы кенті;

10) жеке кәсіпкер Зинадинов Күмісбектің «Айналым қаражатын толықтыру» жобасы, құны 22,0 млн.тг. Төретам кенті.

Бұдан бөлек, қаржы ұйымдарынан несие алу үшін кепіл мүлкі жоқ 33 жоба иесіне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде өз жобаларын жүзеге асыру үшін 23,2 млн.теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар беріліп, жобаларын жүзеге асыруда.



«Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 22 жоба 62,8 млн. теңгеге несиелендірілді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 2018 жылы жалпы құны 448,6 млн. теңге болатын 161 жоба қаржыландырылды.

(Оның ішінде Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы құны 197,2 млн. теңге болатын 59 жоба, Өңірлік инвестиция орталығы арқылы жалпы құны 251,4 млн. теңге болатын 102 жоба несиелендірілді)

«Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде «Жаңажол» серіктестігі айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Халық Банкі» АҚ-нан 83,6 млн. теңге несие алды.

2018 жыл басынан бері аудан бойынша 29 кәсіпкерлік нысан іске қосылды (оның ішінде 14 дүкен, 2 кафе, 4 қойма, 1 наубайхана, 4 көлік жөндеу орталығы, 2 тойхана, 1 сауда орталығы, 1 шаштараз).

Осындай жобалардың жүзеге асырылуы аудандағы шағын кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызды. Кәсіпкерлік саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3357 болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,5 пайызды құрады (2017 жылы 3308 кәсіпкерлік субъекті). Оның ішінде, жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 2566 бірлік, бұл барлық тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 78,9 пайызы.

Жылдық айналымы 2,0 млн теңгеден асқан кәсіпкерлік субъектілердің саны 569 бірлікті құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілердің 22,2 пайызын құрады.

(Дара кәсіпкерлер 2018 жылдың екінші жарты жылдығы бойынша салық есептілігін 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында тапсыратынын ескерсек, жыл қорытындысымен айналымы 2,0 млн теңгеден асатын кәсіпкерлер үлесі артады деп жоспарлануда).

Өнеркәсіп саласында 2018 жылдың 12 айында 3, 418 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 113,9 пайызды құраса, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру 105,9 пайызды (2684 млн.теңге) құрады.

Құс фабрикасының құрылысы

«Қармақшы ауданы Ақтөбе елді мекенінде жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы» басталды.

2018 жылы «Байқоңыр ӘКК» арқылы 458,0 млн.теңге жоба бастамашысының «Ақтөбе и К» серіктестігі арқылы 200,0 млн.теңге, барлығы 658,0 млн.теңге қаржысы игерілді.

Ендігі кезекте құс фермасының инженерлік инфрақұрылымдарымен қамтамасыз ету бойынша (су, электр энергиясы, жолдар) жұмыстар жүргізілуде.

Құс фабрикасын 2019 жылы іске қосу жоспарланған. Кәсіпорынның іске қосылуы ауданда азық-түлік өндірісін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сонымен қатар, жем қорын дайындауға қажетті дақылдар егу көлемін арттыруға, сол арқылы егіс саласын әртараптандыруға өз ықпалын тигізетін болады.



Өздеріңіз білетіндей, біздің аудан ауылшаруашылығына негізделген аймақ.

Биылғы жылы ауылшаруашылығы саласы бойынша барлығы 23 957 гектар егіс орналастырылды, оның ішінде күріш - 13 850 га, бидай – 210 га, мақсары -1700 га, жоңышқа – 6622 га, картоп-570 га, көкөніс – 450 га, бақша өнімдері - 555 га.

Өткен жылмен салыстырғанда суды көп қажет ететін күріш көлемі 359 гектарға азайтылды, ал жаздық бидай 8 гектарға, бақша 4 гектарға, көкөніс 100 гектарға, мақсары 362 гектарға көбейді. Күріштің «Тором Хошеми» ирандық сортын «Ақтөбе и К» ЖШС 300 гектарға жеткізді.



Аудан диқандарының ала жаздай еткен еңбегі ақталып, күріштің әр гектарынан орта есеппен 58,5 центнерден өнім алынды. Қамбаға 81 мың тоннадан астам Сыр маржаны құйылды. Сонымен қатар, «Жаңажол» ЖШС-гі жалпы 3200,0 га күріштің әр гектарынан 74,0 центнерден өнім алып, облыстың ең «Үздік шаруашылығы» атанды.

аздық бидайдан 50 тонна, мақсарыдан 215 тонна, картоптан 9,2 мың тонна, бақша дақылдарынан 10 мың тонна өнім жиналса, 62,1 мың тонна мал азығы дайындалды)

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі қаңтар-қараша айларында 10 млрд 378 млн. теңгені құрады.

Дәстүрлі күріш дақылынан басқа да майлы дақылдарды, оның ішінде сояны өндірістік негізде өсіруді бастауымыз қажет. Бұл суды аз талап ететін және нарықта сұранысқа ие болып отырған дақылдардың бірі. Биыл біз «Тұрмағамбет» ЖШС-і негізінде осы дақылды егуді бастаймыз.

Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу мақсатында «Жаңажол» серіктестігінің құны 65,0 млн теңге болатын қуаттылығы сағатына 5 тонна күріш ақтайтын өңдеу зауыты іске қосылды. Оған қосымша жоба құны 40 млн теңге болатын астық сақтайтын қойма құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

2018 жылы егін шаруашылығына 524,0 млн.теңге көлемінде субсидия есептеліп берілді.

Иіркөл және Төребай би ауылы тұрғындарының негізгі кәсіп түрі егін және бақша шаруашылығы болғандықтан, бұл ауылдық округ үшін аяқ су мәселесінің маңызы жоғары.

2018 жылы аяқ су мәселесін шешу мақсатында «Балажарма» каналын тазартуға облыстық бюджеттен 40,0 млн теңге бөлініп, тазарту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ауданды қажетті аяқ сумен қамтамасыз ету үшін оң жағалау каналының бойындағы №111 бекетінен бұрмақұлақ су құрылысы жүргізілуде, құрылыс жұмыстары көктемгі егіс басталғанға дейін аяқталады. Нәтижесінде шаруашылықтарға қажетті аяқ су көлемін жеткізу мүмкіндігі ұлғаятын болады.

Анықтама үшін.

Биылғы ауа-райына байланысты біршама қиындықтар туындағанымен (дақылдардың пісіп жетілуі 7-10 күн кеш) диқан қауымы бітік, мол егіс өсіре білді.

Шаруашылық басшылары жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, су тапшылығы болжамын түсіне отырып, 1,0 мың гектарға жуық егісті еккен жоқ, каналдың ең аяғындағы «Алдашбай ахун» ауылдық округінде күріш орналастырылмады.

Қабылданған шаралардың нәтижесі мен диқан қауымның тынымсыз еңбегі өз жемісін берді, егіс судан қалған жоқ.

Егіске барлығы 3800 тонна элита, І-ІІІ репродукциялы күріш тұқымдары жұмсалды.

(130-элита, 1355 тн – 1 репродукциялы, 1820 тонна- 2 репродукциялы, 438 тонна - 3 репродукциялы тұқымдар)

(Сорттары бойынша: маржан -960 гектар, лидер – 10120 гектар, янтарь – 2110 гектар, новатор – 650 гектар.)

Егіске 9495 тн минералдық тыңайтқыштар (6440 тонна аммоний сульфаты, 2560 тонна карбамид, 1495 тонна аммофос) жұмсалып, 12 000 гектар алқап үстеп қоректендірілді.

11000 гектар күріш алқабы арамшөптер мен зиянкестерге қарсы гербицидтермен (14040 л рейнбоу, 300,0 л гербитокс, 1200 л солито, 2180 л Ураган форте) өңделді.

Күзгі егін жинау жұмыстарына жұмылдыратын техникалар 116 - трактор, 80 - комбайн, 84-жатка, 62 - жүк көлігі, 94-трактор тіркемесі дайын. Дала қостары мен астық қырмандары толығымен жасақталды.

Биылғы жылы жанар – жағар май жеткізуші оператор «Нефтьтранс Кызылорда» ЖШС болып табылып, егін жинау жұмыстарына барлыға 2370 т дизель отыны жиналды.

Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі – «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту, алдағы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырды.

Мал шаруашылығында статистикалық есептерге сәйкес өткен жылмен салыстырғанда мал басының бірқатар түрінен өсім қалыптасты. Жылқы 9118 бас болып- 982 басқа көбейді, түйе 3153 болып – 149 басқа көбейді, МІҚ 29087 бас болып -876 басқа көбейді, ешкі 20914 бас болып-426 басқа көбейді, қой 33103 бас болып 263 басқа көбейген.

Бұған мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары шеңберінде атқарылған жұмыстар септігін тигізді. 2018 жылы мал шаруашылығын қолдауға барлығы 58,3 млн.теңге субсидия бөлінді.



Есепті кезеңде 3860,6 тонна ет, 6027,1 тонна сүт, 807,6 мың дана жұмыртқа өнімдері өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 104,4 пайызды, сүт өнімі 101,3 пайызды, жұмыртқа 101,4 пайызды құрады.

Мал басын көбейту мақсатындағы жұмыстарға мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар аясында қолдау көрсетіліп келеді. Қазіргі таңда аудан бойынша тұқымдық түрлендірумен 54 шаруа қожалығы айналысуда.

Аудандық бюджеттен арнайы техникалар (трактор) сатып алуға 29,1 млн теңге қаржы бөлініп, Т.Көмекбаев, Қуаңдария және Иіркөл ауылдық округтеріне трактор, тіркемесі және соқасы сатып алынып берілді. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының бақша-көкөніс өсірумен айналысуына тікелей жәрдемдесетін болады деген сөз.

Өткен жылы мал ауруларының алдын алу бағытында да тиісті жұмыстар жүргізілді.

2018 жылы мемлекет тарапынан жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, аса қауіпті мал ауруларына қарсы екпелер және тексеру жұмыстары атқарылуда. Бұл шараларды атқаруға бюджеттен 80,0 млн. теңге бөлінді.



Оның ішінде: эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға 68,6 млн.теңге, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге 1,4 млн.теңге, энзоотиялық ауруларға қарсы егуге 6,4 млн.теңге, ауру жануарларды санитарлық сою мен жою жұмыстарына 0,6 млн.теңге, иесіз ит, мысықтарды жоюға 3,0 млн.теңге бөлінген.

Ауданда ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатында да жоспарлы жұмыстар атқарылды. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдалануға берілген 27456,5 га болатын 16 жер учаскесі нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбауына байланысты мемлекетке қайтарылды.

2018 жылы барлығы 7 аукцион өткізіліп, 56 жер учаскесі сатылып (жер учаскелерін жалға беруге 274 келісім-шарт, мемлекеттік жер учаскесін сатылып, жеке меншікке сатып алуға байланысты 37 келісім-шарт жасалды. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге байланысты 50 өтініш қанағаттандырылды), нәтижесінде жергілікті бюджетке 29,3 млн теңге түсірілді.

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мақсатында 54 маманға тұрғын үй сатып алуға 183,3 млн.теңге несие берілді.

Ауданымызда әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысы, елді мекендерді байланыстыратын жолдарды жөндеу, ауылдың сәулеттік келбетін ашатын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд 862,0 млн.теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 93,3 пайызды құрады. Аудан көлемінде 12 айдың қорытындысы бойынша жалпы ауданы 23 850,0 шаршы метр болатын 167 жеке тұрғын үйлер пайдалануға берілген. Пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,6 пайызға өскен (2017 жылы 20 800,0 шаршы метр).

Сатып алу құқығынсыз пайдалануға берілген арендалық тұрғын үйлердің жалпы алаңы 15 777,0 шаршы метрді құрайды.

Аудан бойынша құрылыс жұмыстарына салынған инсвестиция көлемі 2,9 млрд. теңгені құрады.

«Нұрлы-Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысы» объектісінің құрылыс жұмыстарына 2017 жылы облыстық бюджеттен 25,0 млн.теңге, 2018 жылы республикалық бюджеттен 1 млрд 899,0 млн.теңге және облыстық бюджеттен 108,3 млн.теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 2018 жылы тұрғын үй нысандарын инженерлік желілермен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 227,5 млн. теңгеге кәріз су және ауыз су желілерімен, электр желілерімен, жоғары қысымды жерасты газ құбырымен және жылумен қамтамасыз ету құрылысы 2018 жылдың желтоқсан айында аяқталды.

Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысы (жобаның жалпы сметалық құны: 789,932 млн.теңге, келісім шарт соммасы – 775,500 млн. теңге) аяқталып мамыр айында пайдалануға берілді.

Иіркөл елді мекеніндегі 50 орындық №12 «Самал» (жобаның жалпы сметалық құны: 180,320 млн. теңге) Төребай би елді мекеніндегі 50 орындық №15 «Ақкөгершін» балабақшалары обаның жалпы сметалық құны: 184,800 млн. теңге) пайдалануға берілді.

Сонымен бірге, Төретам кентінен жалпы сметалық құны 365,0 млн. теңге болатын денешынықтыру-сауықтыру кешені салынып, құрылысы аяқталды. (мердігер мекеме «Интегрострой» ЖШС-гі, нысан пайдалануға берілді).

Жосалы кентіндегі жаз-қыс мезгілінде балалар демалатын лагерь құрылысына облыстық бюджеттен 300,0 млн теңге бөлінді. 2019 жылы құрылысы аяқталатын болады.

Нысанның жалпы сметалық құны 1 292,2 млн теңгені құрайды.

Аудан халықының 99,5% орталықтандырылыған ауыз су жүйесімен қамтылды.

Бұдан бөлек, алдағы уақытта құрылысы жүргізілетін нысандардың жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 2018 жылы 23,7 млн теңге қаржы жұмсалып, 9 нысанға ЖСҚ әзірленді.



- Қызылорда облысы Қармақшы ауданын Ақтөбе елді-мекенінде қуаты жылына 1500 тонна құс етін өндіру бойынша құс фабрикасын салу үшін сыртқы инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз ету (сыртқы электрмен жабдықтау желілері, автокөлік жолдарымен қамтамасыз ету, сыртқы сумен жабдықтау желілері) жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу

- Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің ауласынан спорт алаңының құрылысы жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу

- Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылындағы 100 орындық клуб құрылысы жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу

- Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі бір пәтерлі тұрғын үй құрылысы жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу

- Қызылорда облысы Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылындағы спорт кешені құрылысы жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу

- Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында жоғары қысымды жерасты жеткізуші газ құбырын ПК0-ден ПК8+17-ге дейін ауыстыру жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге.

Электр желілерін жаңарту бағытында 2019 жылы "Қармақшы ауданы Жосалы кенті тұтынушыларын электрмен қамту құрылыс-монтаж жұмыстарына – 60,5 млн теңге және Жосалы кентіндегі бас қосалқы қондырғысын қайта жаңғыртуға 610,6 млн. теңге қаржы қаралды.



Облыстық бюджеттен бөлінген 210,4 млн.теңгеге №105, №27, №85, №28, №29 мектептерінің бу қазандықтары қайта салынып, сұйытылған газға көшірілетін болады.

Автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына да үлкен мән берілуде. 2018 жылы «Батыс-Европа Батыс-Қытай» автодәлізінен Дүр Оңғар, Иіркөл, Төребай би ауылдары мен Төретам кентінің және ІІІ-Интернационал ауылдарының кірме жолдарына және «Самара-Шымкент-Ақжар-Көмекбаев» жолының күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық, облыстық бюджеттерден 1 млрд 171 млн.теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.

- «Самара- Шымкент- Иіркөл» автомобиль жолына 5,1 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу- 149,0 млн.теңге,

- «Самара-Шымкент-Жаңажол» автомобиль жолына 6,7 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу- 199,8 млн.теңге,

- «Самара-Шымкент-Төретам» автомобиль жолына 2,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу- 67,0 млн.теңге,

- «Самара-Шымкент-Төребай би» автомобиль жолына 23,0 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу- 430,6 млн.теңге, толық жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар, «Самара-Шымкент-Ақжар-Көмекбаев» автомобиль жолының 4,0 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу 2019 жылы 261,4 млн. теңге қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар, аудандық маңыздағы «Қызылтам елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 7,0 млн.теңге қаржы бөлініп ЖСҚ әзірленді.

Жобаны жүзеге асыруға қажетті 383,1 млн. теңге қаржыны республикалық бюджеттен бөлуге министрлікке бюджеттік өтінім тапсырылды, жыл көлемінде қаржыландыру жоспарлануда.



Жолаушылар тасымалы бойынша. 7 елді мекендерге жолаушы тасымалдау арнайы автокөліктер арқылы (Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Тұрмағанбет, Ақжар, ІІІ-Интернационал, Жаңажол) тасымалданса, 3 елді мекен (Ақтөбе, Иіркөл, Төребай би) бойынша жеке такси қызметі арқылы тасымал орнатылған, ал Төретам кенті мен Ақай ауылы аудан орталығымен «Қызылорда-Төретам-Қызылорда», «Қызылорда-Байқоңыр-Қызылорда» бағытындағы автокөліктермен тасымалданады. Қармақшы және Қызылтам елді мекендері «Қызылорда-Қызылтам-Жосалы» бағыты бойынша жолаушы тасымалдайтын автокөліктер арқылы жүзеге асады.

Аудан көлемінде 3 автостанса, атап айтқанда Жосалы кентінде «Достық» автостансасы, Төретам кентінде жеке кәсіпкер «Ш.Махмутова» - автостансасы және «Тұлпар-Байқоңыр» ЖШС-нің автостансалары облыстық автовокзалдар, автостансалар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тізіліміне енгізілген.



Жосалы кентінін газдандыру мәселесіне байланысты 2018 жылы жалпы сметалық құны 1 млрд 526 млн.теңгені құрайтын Жосалы кентінде автоматтандарылыған газ тарату станциясын (АГТС) орнатумен қоса «Бейнеу Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма газ құбырының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

2019 жылы Жосалы кентіне газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарту желілерінің құрылысы үшін Республикалық бюджеттен 753,0 млн.теңге бөлінді.

Бұл қаржыға биылғы жылы Жосалы кентіне газ кіргізу жұмыстары басталып, кенттің шығыс бетінің тұрғындары газға қосылатын болатын.

Жыл көлемінде республикалық бюджет нақтылануда қосымша қаржыландыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен бірге, 2018 жылы Көмекбаев елді мекеніндегі №185 орта мектептің және Қуаңдария елді мекеніндегі №186 орта мектептің бу қазандықатарын сұйылтылған газге ауыстыру жұмыстарына ЖСҚ әзірленді.

2019 жылы жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 24,4 млн теңге бөлініп отыр.

Құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қатар, елді мекендерді абаттандыру, көркейту-көгалдандыру және жарықтандыру жұмыстары бойынша да біршама жұмыстар атқарылды. 2018 жылы барлық кент және ауылдық округтеріне абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен абаттандыруға 97,9 млн.теңге, санитарияға 15,3 млн.теңге, жарықтандыруға 83,1 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаржыларға елді мекендерде абаттандыру және көркейту жұмыстары жүргізілді.

«Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы шеңберінде 171,9 млн.теңге қаралып, елді мекендер бойынша көшелерді жарықтандыруға, абаттандыруға және «Келте арық» каналын қырып тазалау бағытталып, тиісті жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар, Төретам кентіндегі Амангелді көшесіндегі ластанған жерді қалпына келтіру жұмыстарына аудандық бюджеттен 16,3 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен ағымдағы жылдың шілде айында аяқталатын болады.

Өздеріңіз көріп отырғандай, атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы негізінен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталып отыр.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында ең төменгі жалақы мөлшері 42,5 мың теңгеден төмен болмауы жөнінде тапсырма берілген болатын. Бұл міндетті орындау үшін 2019 жылғы аудандық бюджетке республикалық бюджеттен ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 363,4 млн.теңге, олардың салықтық жүктемесін төмендетуге байланысты шығыстарды өтеуге 21,8 млн. теңге ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді.



Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 25,1 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны -23,8 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері - 9,5 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары - 14,3 мың адам, жұмыссыз халық саны - 1,3 мың адам.

Соңғы 3 жылда жұмыссыздық деңгейі 2016 жылы – 5,2 пайыз, 2017 жылы – 5,1 пайыз, 2018 жылдың қорытындысымен 5,0 пайызды құрайды деп жоспарлап отырмыз.

2018 жылы 2895 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылды. (оның ішінде: жұмысқа жарамды мүгедек - 41 адам, жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар - 13, 16-29 жасқа дейінгі жастар – 630 адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/).

Ауданда 12 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. 2018 жылы аудан бойынша 775 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, жылдың қорытындысымен 889 жаңа жұмыс орындары ашылды, немесе жоспар 114,7 пайызға орындалды. (Тұрақтысы 878)



«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» қатысуға жыл басынан жалпы саны 5407 адам хабарласты.

Бағдарламаның І - бағыты бойынша 2018 жылға қайта даярлау курсына 100 адам оқуға жолданды. (қаржысы 33,7 млн.теңге)

Бағдарламаның ІІ - бағыты бойынша 233 жұмыссыз азамат кәсіпкерлік негіздерін оқытудың «Бастау Бизнес» курстарынан өтіп, 156 жоба 435,5 млн.теңгеге қаржыландырылып, 166 жұмыс орны ашылды.

Бағдарламаның ІІІ-бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық және жергілікті бюджеттен 2018 жылға 22 млн.876 мың теңге бөлініп, 34 кәсіпкерлік субьектілеріне 167 адам жұмысқа жолданып, 105 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Жастар тәжірибесіне 309 жас маман 90 мекемеге жолданып, оның 68-і тұрақты жұмысқа орналасты.

Аудандағы тұрмысы төмен аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында 1019 отбасының 4827 алушысына 224,5 млн.теңге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек төленді.



Сонымен қатар, тұрғын үй көмегін көрсетуге 2018 жылға 122,4 млн. теңге қаржы қаралып, қаралған қаржы 1715 отбасына толығымен төленді.

Анықтама үшін: Сонымен қатар, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер:

 - үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек 116 балаға 4212,0 мың теңге;



- 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 77 адамға 5555,5 мың теңге;

- туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы науқастарға қосымша тамақтануға әлеуметтік көмек 89 адамға 10962,7 мың теңге;

- гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауыратын, диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрмек алуға әлеуметтік көмек 6 балаға 1188,3 мың теңге;

- 9 мамыр – Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне және Жеңіске үлес қосқаны үшін соларға теңестірілген тұлғаларға біржолғы әлеуметтік көмек: облыстық бюджеттен 494 адамға 35545,9 мың теңге, жергілікті бюджеттен 24 адамға 1803,8 мың теңге;

- 26 сәуір – Чернобыль АЭС-да апатқа ұшырағандарды еске алу күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 21 адамға 1515,1 мың теңге;

- 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 34 азаматқа 245,3 мың теңге;

- өмірлік қиын жағдайдын туындауына байланысты әлеуметтік көмек 3 отбасына 1082,2 мың теңге;

- 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 49 адамға 3535,3 мың теңге төленді.

Білім беруді дамыту мемлекетіміздің басты бағыты.

2018-2019 оқу жылында 28 жалпы білім беретін орта мектеп, 1 негізгі мектеп барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды. Үш ауысымда оқитын және апаттық жағдайдағы мектептер жоқ.

Мектептерде 755 сынып жиынтығында 14294 оқушы білім алуда.

(Біліктілік санаты бойынша: 57 педагог-зерттеуші, 235 жоғары санатты педагог, 135 педагог-сарапшы, 632 І санатты педагог, 99 педагог-модератор, 417-і ІІ санатты педагог және 387 санатсыз педагог еңбек етеді.)

Оқушыларды жаңа оқулықпен қамтамасыз ету мақсатында – 157,0 млн.  теңгеге 147 616 дана оқулықтар сатып алынды. Ағылшын тілінде терминологиялық бағытта жаратылыстану пәндері (информатика, биология, химия, физика) бойынша тілдік курстардан аудан бойынша 44 мұғалім білімін жетілдіріп, 19 мұғалім дәріс беруде. Бұл бағытта дәріс берген мұғалімдердің жалақысына қосымша 35 мың теңге үстемақы төленуде. Сонымен қатар, барлық мектептерге электронды күнделік жүйесі толығымен енгізілді.

2017-2018 оқу жылында аудан бойынша мектеп бітіруші 652 түлектің 458-і (70,2%) Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысып, жалпы орташа 83,7 балды құрады. Биылғы жылы 652 бітірушіден, 310 оқушы (47,5%) жоғарғы оқу орнының грантын иеленді.

Жалпы биылғы жылы мектеп бітірген 652 оқушының 645-і жоғары және арнаулы орта оқу орындарына орналасты.



Анықтама үшін:

2018 жылы 157 бітіруші жоғарғы оқу орындарының мемлекеттік грант иегері, 96 бітіруші «Серпін» бағдарламасымен жоғарғы оқу орындарының грант иегері, 25 бітіруші облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың грант иегері, 9 бітіруші жоғарғы оқу орындары ректорының грант иегері, 4 бітіруші әскери грант иегері, 12 бітіруші шетел оқу орындарының грант иегері атанды.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне ауданнан 15 мектептен 27-і оқушы қатысып, 12 оқушы жеңімпаз атанып, нәтижесімен облыс бойынша Қармақшы ауданы командалық есепте 2 орынға ие болды. Олардың 7-і Республикалық олимпиадаға қатысып, 3-і жүлделі орынмен оралды.

2018 жылы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 98,9 млн.теңге қаралып, қажетті құрал жабдықтар мен пәндік кабинеттермен жабдықталды.

Химия кабинетіне - 39,2 млн. теңге, физика кабинетіне 42,6 млн. теңге, биология кабинетіне 17,1 млн. теңге. Қазіргі таңда аталған кабинеттермен білім ұйымдары оқу процесінде пайдалануда. Сонымен қатар 10 мектепке робототехника кабинеті берілді.

Сонымен бірге, аудандық оқушылар үйі жанынан «IT» парктер ашу үшін «3D» және цифрлы лабораториялық білім беру кабинеті пайдалануға беріліп, қазіргі таңда бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Аудандағы білім мекемелері ғимараттарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 54,1 млн. теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстар толығымен атқарылды.

183 мектептің ескі ғимаратына - 39,8 млн. теңге, №106 мектеп ғимаратының сыртқы фасадына - 10,5 млн. теңге, №274 мектептің ішінара терезелерін ауыстыруға бөлінді- 3,8 млн. теңге.

Бүгінгі таңда ауданда 34 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды.

Бұл мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 2823 бүлдіршін тәрбиеленуде. 3-6 жас аралығындағы балалар балабақшамен 100 пайыз қамтылған. Қазіргі уақытта барлық балабақшалар "электронды балабақша" жүйесіне қосылған.

Ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 2018 жылдың аяғында 15201 адам болып, 28,0 пайызға жетті.

Үстіміздегі жылы аудан спортшылары Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 12 алтын, 15-күміс, 25-қола медальды иеленсе, Әлем және Азия чемпионаттарында 5-алтын, 6-күміс, 1-қола медальды жеңіп алды.

Үстіміздегі жылы ауданымыздың 6 спортшысы – Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын иеленсе, спорт шеберлігіне үміткер 67-спортшының және 38-і – І разрядты спортшы нормативін орындады. (Буторина Кристина, Орынбеков Ермахан ауыр атлетикадан, Тлеумұратова Диана, Әбдеков Дамир самбо күресінен, Сламбекова Набира белбеу күресі, Қозбағарова Әсел мүгедектер спорты)

2019 жылы аудан бойынша 10 спорттық ойын алаңдары қайта жөндеуден өткізіледі. Оған аудандық бюджеттен 26,8 млн қаржы бөлінді.

Денсаулық саласы бойынша: Ауданда тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы жыл өткен сайын өсе түсуде, 2017 жылы орташа өмір сүру 70,5 жас болса, 2018 жылы 72,1 жасқа жетті.

Елбасының жолдауына сәйкес «Үздік денсаулық сақтау және Дені сау ұлт» ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «Қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу бағытында әрбір медицина қызметкерлері жеке-жеке компьютерлермен қамтамасыз етіліп, кешенді медициналық ақпараттық жүйеге қосылып жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу жұмыстары жандандырылуда.

2018 жылы денсаулық сақтау саласына қажетті құрал жабдықтар сатып алуға 101,0 млн. теңге қаржы бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар және автокөліктер сатып алынып пайдалануда. Осы ауданға да автокөлік жолданды.

Жаһандану кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау, әрі сақтау елді бекемдеудің тікелей кепілі.

«Сыр елі-жыр елі» дегенде, тұтастай Тұран мәдениетін, бүкіл түркі халықтарының өнері мен әдебиетін және көне сарын дәстүрін, Қорқыт бабамыздан қалған мәдени мұраларымызға мұрагерлік ететін Қармақшы топырағы болып табылатындығын айта кету қажет.

Осы бағытта Маврикий Республикасының астанасы Порт-Луисте өткен ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі комитетінің 13-үкіметаралық отырысында Қазақстанның бастамашылығымен «Қорқыт ата мұрасы: дастан, аңыз және музыка» деген атаумен енгізілген құжат бірауыздан мақұлданып, тиісті шешім қабылданып, тізімге енгізілді.

Атқарылған игі шаралар түркі әлемінің абызы атанған Қорқыт ата бабамызды бүкіл әлемге танытудағы тағы бір қадам деп білеміз.



2018 жылы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және бөлімге қарасты кәсіпорындарға 265627,0 мың теңге қаржы қаралды. Мәдениет саласының материалдық–техникалық базасы 30750,0 мың теңгеге нығайтылды.

2018 жылы аудандық бюджеттен 2999,0 мың теңге қаржы бөлініп Марал ишан мазары жөндеуден өтті.



2018 жылы аудандық бюджеттен 2443,0 мың теңге қаржы бөлініп 7 ауылдық кітапханаға интернет желісі қосылды. Қазіргі таңда ортағасырлық Сортөбе І қалашығында және ежелгі Бәбіш мола қалашығына Қызылорда қаласының Қорқыт Ата университетінің «Археология және этнография» ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

2018 жылы Республикалық деңгейде Қармақшы ауданының 90 жылдығы атап өтілді. ауданның 90 жылдығына орай «Қармақшы» кітабының тұсауы кесілді.

Осындай шаралар Ақжар ауылының құрылғанына 60 жыл және облыс көлемінде Тұрымбет Салқынбайұлының 150 жылдық мерейтойлары өткізілді.

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын «Атамекен» кіші бағдарламасының «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауданымызда өз қаражаты есебінен Бекжанов Зарқұм Сартайұлы Жосалы кентінен құны 12,0 млн. теңге болатын мүгедек балаларды оңалту орталығының құрылысын жүргізуде.

Қай кезде де жастар жалынды жігерімен, айрықша белсенділігімен қоғамның қозғаушы күші болған. «Жақсы жастан шығады» демекші, жас буынның тау қопарар екпіні, толайым күш-қуаты мықты болса керек-ті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» - деп атап көрсеткен болатын. Бұл бастама жастарға берілген зор мүмкіндік. Оларға артылған үлкен сенім.

Біздің өңірде де жастар саясаты жақсы жүйеге қойылған. "Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 6 қызметкер жұмыс жасауда. Мекеме бюджеті 2018 жылы 9,0 млн. теңгені құрады. Аудан бойынша 14-29 жас аралығында – 12 342 жас бар. Жалпы жастар халықтың 22,8 пайызын құрап отыр.

Жастар жылын өткізуге байланысты арнайы «Жол картасы» бекітілді.

Биылғы жылы Төретам кентінде жастар ресурстық орталығы құрылып онда 2 маман жастармен жұмыс жасайды.



Оның ішінде, ауыл шаруашылығы саласы бойынша - 3 жоба, ұлттық қолөнерді дамыту бойынша - 5 жоба, балалар ойын-сауық орталығы – 2 жоба, тамақ өнімдері - 2 жоба, сән салоны - 1 жоба.

Жастардың өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру мақсатында жыл аяғында ауданымызда оқушылар және жастар мәслихаттары құрылды.

Өздеріңіз білесіздер, аудандар арасында алғаш болып жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға арналған екі «КОВОРКИНГ» орталығын ашқан болатынбыз. Келер жылы
5 ауылдан осындай орталықты ашуды жоспарлап отырмыз.

Кәсіпкер боламын деуші жастар үшін Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Бизнес-старт» бизнес-инкубатор орталығымен бірлесіп «Стартап-Бизнес» инкубаторы өз жұмысын бастайды, бизнес идеялар байқауы мен жәрмеңкелерін ұйымдастырылып, ауданның жас кәсіпкерлерінің форумымен қорытындыланатын болады.



Қадірлі жерлестер!

Бүгін Сіздердің алдарыңызда ауданда атқарылған жұмыстар мен алға қойған мақсат-міндеттерімізді қысқаша баяндап өттім.



Алдымызда ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту бойынша міндеттер тұр. Оның ішінде салықтық түсімдер көздерін, кәсіпкерлік пен ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ұлғайту. Ең маңыздысы тұрақтылықты қамтамасыз ету болып қала бермек.

Назарларыңызға рахмет!



жүктеу 208,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау