Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет34/36
Дата16.05.2018
өлшемі1,05 Mb.
#14164
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

78 

 

2015  жылғы  22  сәуірде  «Нұр  Отан»  партиясының  «Бақытты  отбасы» 



жобасының  аясында  жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

балаларды  тәрбиесіне  алған  көп  балалалы  отбасылармен,  қорғаншылармен, 

қамқоршылармен,  патронаттық  тәрбиешілермен  кездесу  өткізілді.  Кездесу 

мақсаты:  жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды 

тәрбиесіне алған отбасыларды қолдау. 

       


 

 

2015  жылғы  26  қазанда  Қазақстан  халықтары  Ассамблеясының  аналар 



кеңесінің  отырысы  өтті.  Еліміздің  барлық  жерінен  келген  Аналар  кеңесінің 

өкілдері  аналармен  және  қыздармен  адамгершілік-рухани  құндылықтарды 

тәрбиелеуде  отбасының  рөлі  туралы,  қазақстандық  патриотизм  мен 

этникааралық  төзіміділікті  тәрбиелеуде  ананың  рөлі  туралы  түсіндірме 

жұмыстарын жүргізді.  

Отбасы  күнін  мерекелеу  аясында  2015  жылғы  7-13  қыркүйек  аралығында 

өңірлерде «Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталығы өткізілді. Апталық 

аясында  жергілікті  атқарушы  органдар  ҮЕҰ  және  азаматтық  қоғам 

институттарымен отбасы институтын нығайтуға, қоғамда отбасы, бала, жауапты 

ата-аналық  құндылықтарды  қалыптастыруға  бағытталған  шаралар  кешені 

өткізілді. 

Өңірлерде  отбасы  мен  балалар  проблемасымен  айналысатын  қоғамдық 

ұйымдар, 

мемлекеттік 

органдар 

өкілдерімен 

ғылыми-практикалық 

конференциялар,  кездесулер,  «дөңгелек  үстелдер»;  жетім  балалар  мен  ата-

анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға 

арналған  әдеби-поэтикалық  кештер,  спорттық  эстафеталар,  сондай-ақ  түрлі 

фестивальдер, қайырымдылық акциялар өткізілді. 

Өңірлерде  қайырымдылық  акциялар  ҮЕҰ,  қоғамдық  қорларды  тарта 

отырып,  өткізілді,  бұл  балаларға  көмек  көрсету  саласында  көпшілік  қауымын 

және балалар мен отбасылар үшін қосымша қаражат тартуға мүмкіндік берді. 

Бұдан басқа, Отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-

адамгершілік    құндылықтарды  нығайтудың  2015  –  2020  жылдарға  арналған 

жалпыұлттық    іс-шаралар  жоспарын  орындау  үшін  білім  беру  ұйымдарында 

сынып  сағаттарда  оқушылар  арасында:  ата-аналарға  қамқор  болу,  үлкендерді 

құрметтеу,  дәстүрлерді  қастерлеу  базалық  идеологияны  тарату  бойынша 

түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  




79 

 

Барлыңы «Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық аясында 300-ден 



астам  шара  өтті.  Апталық  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  хатшысының 

қатысуымен  «Мерейлі  отбасы»  республикалық  конкурсын  қорытындылаумен 

аяқталды. 

Аталған  шаралар  отбасылық  құндылықтарын  көпшілікке  таратуға  үлес 

қосады,  елімізде  ұрпақтан  ұрпаққа  берілетін  отбасылық  тәрбиенің  дәстүрлерін 

нығайтуға септігін тигізеді. 

Отбасылық тәрбие адамгершілік-рухани және өскелең ұрпақтың әлеуметтік 

қалыптастырылуына ерекше мәнге ие. 

Балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеу білім берудің барлық деңгейінде 

өткізілетін «Өзін-өзі тану» пәні аясында қалыптастырылады. Пән бағдарламасы 

жалпы  адамгершілік  рухани  құндылықтарға  негізделеді  және  баланы 

тәрбиелеуде отбасы позициясын жандандыруға бағытталған. 

2-12  ақпан  аралығында  балалар  мен  жастардың  рухани-адамгершілік 

тәрбиелеу  жүйесін  дамыту,  азаматтық  мәдениеттің  дағдыларын  қалыптастыру 

және дамыту мақсатында    «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық 

педагогикасы» республикалық онкүндік өткізілді. 

18 - 19 тамызда Алматы қаласында «Бөбек»ҰҒПБО «Өзін-өзі тану» пәнінің 

мұғалімдеріне  «Өзін-өзі  тану»  адамгершілік-рухани  бағдарламасын  іске 

асырудың жаңа тәсілдері туралы» ғылыми-практикалық кеңес өткізді.   

2015 жылғы 27 мамыр күні Астанада және 11 қарашада Алматыда  «Бөбек» 

ҰҒПБО  бірге  «Өзін-өзі  тану»  адамгершілік-рухани  білім  беру  жөніндегі 

республикалық  кеңестің  VII  және    VIII  отырысы  өткізілді,  VIII  отырысқа 

бағдарлама авторы, «Бөбек» Қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаева 

қатысты. 

Республикалық  кеңестің  VIII  отырысының  жұмысына  ЖОО  ректорлары, 

мемлекеттік  органдар  өкілдері,  білім  беру  органдары  мен  ұйымдарының 

басшылары  қатысты.  Отырыстарда  «Өзін-өзі  тану»  адамгершілік-рухани  даму 

бағдарламасын  іске  асырудың  ұйымдастырушылық-басқарушылық  және 

ғылыми-әдістемелік негіздерін жетілдіру мәселелері талқыланды. 

 

Шағымдарды беру механизмі

 

 



Республикада балалар мен  жастарға қолжетімді шағымдар мен өтініштерді 

беру  механизмі  құрылды.  Мемлекеттік  органдардың  бірінші  басшыларының 

блогтары жұмыс істейді. 

Қиын өмірлік жағдайға ұшыраған балаларға шұғыл консультативтік көмек, 

психологиялық қолдау көрсету үшін: 

БҒМ  балалардың  құқықтарын  қорғау  комитетінің  және  басқа  мемлекеттік 

органдардың  сенім  телефондары  (қазіргі  уақытта  республикада  158  сенім 

телефоны бар); 

БҒМ  қолдауымен  «Қазақстандағы  дағдарыс  орталықтарының  одағы»  ЗТБ 

құрған балалар мен жастарға арналған «150» Ұлттық сенім телефон желісі; 




80 

 

2010  жылдан  бастап  қалалық  және  мобилді  телефондарынан  қолжетімді 



«116  16»  республикалық  сенім  телефоны  (сенім  телефоны  Халықаралық  көші-

қон  ұйымының,  Дағдарыс  орталықтары  одағының  және  ІІМ-нің  қаржылық 

және ақпараттық қолдауымен жұмыс істейді) жұмыс істейді. 

2015  жылғы  1  қарашаға  Балалардың  құқықтарын  қорғау  комитетінің  және 

білім  басқармаларының    сенім  телефондарына  4362  өтініш  түсті,  оның  ішінде 

Комитеттің  сенім  телефонына  жеке  және  заңды  тұлғалардан  балалардың 

құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғау  мәселелері  бойынша  (балаларға  білім 

мен  тәрбие  беру,  баланы  мектепке  белгілеу,  балалар  арасында,  ата-аналар  мен 

педагогтар  арасында  шиеленіс,  ерлі-зайыптылар  арасында  жанжал,  ҰБТ 

мәселелері және т.б.) - 446 (2014 ж.- 570) өтініш. 

БҒМ  Балалардың  құқықтарын  қорғау  комитетінің  «Қазақстан  балалары» 

журналының  соңғы  нөмірлерінде  балалар  арасында  таратуға  арналған  сенім 

телефондары жазылған постер-қосымша парақтар бар.  

Түскен өтініштердің барлығына ауызша түсіндірме берілді, сондай-ақ қажет 

болған  жағдайда,  мәселені  анықтау  және  шешу  үшін  құзырлы  мемлекеттік 

органдар мен ұйымдарға хаттар жолданды, бірқатар жағдайда ықпал етілді.   

Сондай-ақ,  2015  жылы  «Балалардың  құқықтарын  қорғау  комитеті 

төрағасының блогына» 229 (2014 жылы  – 333) азаматтардың өтініші және жеке 

және заңды тұлғалардан 310  (2014 ж.- 406) жазбаша өтініштер түсті. 

Барлық  өтініштер  бойынша  уәкілетті  мемлекеттік  органдармен  тиісті 

жұмыстар жүргізілуде және әрекет ету шаралары қабылдануда.  

Балалар үйлерінде тәрбиеленетін балалар өздерінің құқықтары туралы, егер 

құқығы  бұзылған  жағдайда  қайда  хабарласу  керектігі  туралы  жақсы  хабардар 

етілген.  

 Балалар  үйлерінде  мөр  басылған  сенім  жәшіктері  орнатылған,  поштаны 

қорғаншылық  және  қамқоршылық  функцияларын  атқаратын  мамандар 

шығарады.  

Бас  прокуратураның  2015  жылғы  31  наурыздағы  №10  бұйрығына  сәйкес 

жартыжылдықта  бірден  сирек  емес  прокуратура  органдары  балалар  үйлерінің 

қызметін  тексереді.  Тексеру  қорытындылары  бойынша  материалдар  шаралар 

қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарынажолданады.  

Балалардың  құқықтарын  қорғау  комитеті  түскен  шағымдар  бойынша 

көшпелі тексеру жүргізеді. 

Сонымен  бірге,  ҚР  Президенті  жанындағы  Адам  құқықтары  жөніндегі 

Уәкіл,  БАҚ,  қоғамдық  бірлестіктер,  қоғамдық  қадағалау  комиссиялары 

шағымдар мен өтініштерді беру механизмі болып табылады.  

Қазіргі  уақытта  Қазақстан  республикасында  отбасылық  қатынастарды, 

моральдық-этикалық  және  рухани-адамгершілік    құндылықтарды  нығайтудың 

2015  –  2020  жылдарға  арналған  жалпыұлттық    іс-шаралар  жоспарының  29 

тармағын  орындау  үшін    қиын  өмірлік  жағдайға  ұшыраған  адамдарға 

консультативтік  әлеуметтік-психологиялық  көмек  көрсетуге  арналған  «Қызу 

желі» бірыңғай нөмірін белгілеу жұмыстары жүргізілуде. 




жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау