4
№45 (2970)
16 маусым 2017
zangazet@mail.ru
таразы
Сұраңыз, жауап береміз!
Отбасылық жағдайға байланысты Ресейге қоныс аударып, сол елдің азамат-
тығын алсақ деп едік. Алайда, қарашаңырағымызды сатуға қимай отырмыз.
ҚР азаматтығын ауыстыруымызға байланысты жылжымайтын мүліктерді иелік-
тен шығаруымыз керек пе?
Н. САғымбекОв
СолтүСтік ҚазаҚСтан облыСы
ҚР «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» заңының 9-бабына сәйкес, Қазақстан
Респуб ликасында тұрақты тұратын шетелдiктер тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республи-
касы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және міндеттері де теңдей. Қазақстандағы шетел-
дiктер жеке меншiк құқығында тұрғын үйге және басқа мүлiкке, ғылым, әдебиет пен өнер шығар-
маларының, ашылған жаңалықтың, өнертабыстың, рационализаторлық ұсыныстың, өнеркәсiптiк
үлгiнiң авторлық құқығына, сондай-ақ, Қазақстанның заң актілерінде белгіленген жағдайларды
қоспағанда, өзге де мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарға ие бола алады. осылайша, егер
шетел азаматының ықтиярхаты болмаса, онда тұрғын үй-жай иеліктен шығарылуы тиіс. адам
шетел азаматтығын алған сәттен бастап, үй, жер учаскесімен бірге оның иелігінде болмауға тиіс,
сондықтан басқа мемлекеттің азаматтығын алған сәттен бастап, бір жылдың ішінде тұрғын үй-жай
иеліктен шығарылуы тиіс.
Үйленетін ер адам – өзінің мой-
нына үлкен жауапкершілік жүкте-
летінін толық сезінуі керек. Ер адам
– отағасы, отбасының асыраушысы,
әйелі мен балалары үшін негізгі
жауапты адам. Сол сияқты, тұрмыс
құратын әйел – үйдің берекесі, от
басының ұйытқысы, ардақты ана
және адал жар болу жауапкершілігін
ұғынғаны абзал.
Бірінші кезекте, отбасылық мін-
деттер өмірдің заңы. Сондайақ, ол
мемлекет заңдарымен де көздел-
ген. Мәселен, Конституциямыздың
27бабының 2тармағында балала-
рына қамқорлық жасау және олар-
ды тәрбиелеу – атаананың етене
құқығы әрі міндеті екені көрсетілген.
«Қазақстан Республикасындағы
баланың құқықтары туралы» ҚР
Заңының 21, 24баптарына сәйкес,
баланың мүдделерiне қайшы келетiн
жағдайларды қоспағанда, әрбiр ба-
ланың отбасында өмiр сүруге және
тәрбиеленуге, өзiнiң атаанасын
және басқа да жақын туыстарын
бiлуге, олардың қамқорлығы мен
тәрбиесiн алуға құқығы бар.
Алайда, барлық атаана адамгер-
шілік тұрғыдан туындаған және
заңмен бекітілген тиісті міндеттерін
орындай бермейтіні өкінішті. Мұндай
ойға келуімізге түрткі болған бір
мысалды айта кетсек. Аудандық сот
өндірісіне Білім бөлімінен ерлізай-
ыптылар Алим баев пен Дарменова-
ны атаана құқығынан айыру туралы
талап қою арызы түскенді. Сотта
анықталғандай, ерлізайыптылар
Алимбаев пен Дарменова бауыр еті
балаларының алдындағы атаана-
лық міндеттерін орындамаған. Екеуі
де сонысы үшін, және алкогольді
ішімдік ішіп, көпшілік жерде жүр-
гендері үшін бірнеше рет әкімшілік
жауапкершілікке тартылған. Отба-
сында да ішкіліксіз жүрген күндері
кемдекем. Оған ай сайын тұрғын үй
жайларын тексеріп қарайтын аудан-
дық білім бөлімі көз жеткізген. Ба-
лаларының алдындағы міндеттерін
атқармаған Алимбаев пен Дармен
ованың тәртібі аудан әкімі жанын-
дағы кәмелетке толмағандардың
істері және олардың құқықтарын
қорғау жөніндегі комиссия отыры-
сында да қаралып, оларға атаана
міндеттерін орындауға мүмкіндік
берілгенін айта кету керек. Бірақ,
екеуі де ескі әуеніне қайта басқан.
Сот отырысында анықталған
барлық мәнжайларға баға беріп,
балалардың мүддесін ескере келе,
сот Алимбаев пен Дарменованың
спирттік ішімдікке салынғандарын
балалардың дене бітімі, психикалық
және рухани тұрғысынан дамуына
теріс әсерін тигізеді деп оларды
атаана құқығынан айыру жөнінде
шешім қабылдады.
Әрине, бұл – мәселенің заң
ая сындағы шешімі ғана. Ал бала-
лардың жан дүниесі, ішкі әлемдері
қандай күйде екендігі айтпаса да
түсінікті. Сондықтан, балаларының
ендігі тағдыры, болашағының қалай
болатындығын ойлап, атааналары
түзу жолға түсіп, қателіктерін түзеп,
барлығын да қалпына келтірсе, нұр
үстіне нұр. Өйткені, өмірдің өзі қа-
телікті түзеу мен күресуден тұрады
емес пе?!
(Этикалық себептерге байла-
нысты кейіпкерлердің аты-жөні өз-
гертілді).
Ә.БИСЕНАЛИНА,
Байғанин аудандық сотының
судьясы
АҚтӨБЕ ОБлыСы
Өмір
күресуден
тұрады
Қазіргі дамыған қоғамда жауапсыз ата
анадан алимент өндіру өзекті мәселелердің
қатарында тұр. Осы ретте Алакөл ауданының
прокуратурасы «Алименттер. төлемеуге қар-
сы–30 қадам» жобасы аясында бірқатар ша-
ралар атқарды.
Жобаны жүзеге асыру мерзімінде аудан
прокуратурасы ҚР ӘҚБтК 805бабының тала-
бына сай, өз бастамасымен әкімшілік іс қозғап,
ол сот тәртібінде қаралып, алимент төлеуден
жалтарған 5 борышкер ҚР ӘҚБтКнің 669бабы
бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аумақтық сот орындаушылар бөлімдерінде
осы санаттағы атқарушылық өндірістердің заң-
дылығы тексерілді.
2016 жылы 158 балаға қатысты 106 борыш-
кердің тұрақты жұмысы мен табыс көзі болма-
са да, олар жұмыспен қамту бөлімінің есебіне
алынбаған. Аталған мерзімде жұмыссыздар
есебіне алынғандардың ішінде жұмысқа орна-
ласқандары болмаған. Прокуратура тарапынан
106 жұмыссыз борышкердің тізімі олардың жұ-
мысқа орналасуына ықпал ету үшін жұмыспен
қамту бөліміне жолданып, бақылауға алынды.
Көптеген борышкердің алимент төлеуге мате-
риалдық жағдайы бар. Бірақ, өкінішке қарай,
олар әртүрлі себеппен атааналық міндетін
орындаудан жалтарады. Олардың ішінде жұ-
мыс орнын, табысын, мүлкін қасақана жасырып
қана қоймай, өздері уәкілетті органдардан бой
тасалайтындары да жоқ емес. Өткен жылы
11 борышкер іздеуде болып, оның 3еуі ғана
табылған. Алайда, 7 борышкердің ұзақ уақыт
іздеуден табылмауына қатысты аудандық ішкі
істер бөліміне ешбір тиісті талап қойылмаған.
Заңның 111бабына сай, бiрiншi кезекте
алименттердi өндiрiп алу бойынша талаптар
қанағаттандырылады. Алайда, атқарушылық
әрекеттері уақтылы жүргізілмей, атқару құжат-
тарын орындау негізсіз созбалаңға салынған.
Мәселен, 27 құжат бойынша 46 балаға қа-
тысты 10 246 616 теңгенің алимент берешегі
жинақталғанымен, ол бойынша тиісті тұрғыда
жұмыстар жүргізілмегендігі белгілі болды.
Сот орындаушысы борышкердің жалақысы
мен басқа да табыстарынан ұстап қалудың
және ұсталған сомаларды өндіріп алушыға
жіберудің дұрыстығы мен уақтылы жүргізілуін
бақылауды заңның 102бабына сай жүзеге
асырады деу қате пікір. Оған дәлел, осы заң
талабының 44і атқарушылық құжатта сақтал-
мауы.
Сонымен қатар, осы заңның 100бабына
сай, борышкермен еңбек қатынасында тұрған
немесе ол табыс алатын адамдар сот орын
даушысы тағайындаған мерзiмде борышкерге
қатысты дәйекті мәлiметтер беруге мiндеттi.
Аталмыш талаптарды сақтамаған жұмыс бе-
рушілердің бірдебірі әкiмшiлiк жауаптылыққа
тартылмаған. Бұл өндіріп алушының құқығына
нұқсан келтірумен қоса, сот орындаушылар-
дың қызметіне деген сенімсіздіктің көбеюіне,
сондайақ, атқару құжаттарының орындал-
май созбалаңға салынуына, нәтижесінде,
шағымдардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Сон-
дықтан, анықталған заң бұзушылықтарды жою
мақсатында ұсыныс енгізілді.
Қ.ДІЛДЕБАЕВА,
Алакөл аудандық прокуратурасының
аға прокуроры
АлМАты ОБлыСы
Мақсат – отбасын сақтап қалу, балаларын
тірі жетім етпеу. Осы ретте айта кететін бір
жәйт, Батыстың алдыңғы қатарлы көп елдерін-
де некені бұзу, сот жүйесіндегі ең көп тос
қауылдары бар күрделі азаматтық істер болып
танылады.
Сот мәжілістерінде некені бұзу жайлы
істерді қарау барысында, ондай азаматтық
істерді зерттегенде, сот ерлізайыптының мұн-
дай қадамға баруының себептерін анықтауға
тырысады. Сондайақ, балаларының қамы
үшін оларды татуластыру мақсатында аталы
сөздерді мысал ете отырып, үлгіөнеге айту
арқылы жауапкершіліктерін түсіндіруге де тура
келеді. Мұны түсініп, бастапқы райынан қайтып,
жарасып кеткен отбасылар аз емес. Отбасы
шырқының бұзылуын, шаңырақтың шайқалуын
адамдардың әлеуметтік материалдық және ру-
хани өмірімен байланыстырмай тұра алмаймыз.
Сөз жоқ, барлығымыз жастардың шаңырақ
көтеріп, бақытты отбасылық өмір кешкен-
деріне қуанамыз. Соған тілекшіміз. Өйткені,
ұлын – ұяға, қызын – қияға қондыру, әрбір
атаананың армантілегі. Сондықтан, кеше ғана
баласын үйлендіріп, өз алдына отау көтерген
оған жиғантергенін шашып той жасағанды, осы
арқылы ырысы артып, өрісі кеңейгенді керемет
бақытқа балайтын атаана үшін сол баласының
шаңырағы ертесіне ортасына түсіп жатқаны,
әлбетте ауыр тиеді.
Қоғамымызда неке бұзудың көбеюі, арұят
пен әдепті бойына ана сүтімен сіңіріп өскен қа-
зақ халқы үшін нағыз қасірет. Мұндай қасіретті
болдырмаймыз десек, ұлттық қасиетімізді
сақтауымыз керекақ.
Алтынай БАЗАРОВА,
Атырау қалалық сотының судьясы
Астана қаласы Есіл аудандық
№2 сотында әйелдерге қатысты
тұрмыстық зорлықзомбылықтың
алдын алу мәселелеріне арналған
дөңгелек үстел өткізілді. Соттың
судьялары, «Қазақ қызы» ҚҰның
өкілі, қалалық мәслихаттың депу-
таты Қ.Абденова, «Қорғау Астана»
РБҚ қорының жетекшісі А.Рыль,
Астана қаласы Есіл ауданының
прокуроры т.Алибаев, Астана қа-
ласы ІІДнің әйелдерге қатысты
зорлықтың алдын алу бөлімінің
инспекторлары мен медиаторлары
қатысқан ісшарада отбасылық
тұрмыстық өмірде жасалатын қыл-
мыстық құқықбұзушылықтардың
себептері талқыға түсті. Әйел-
дерге жасалатын тұрмыстық зор-
лықзомбылықтың алдын алу және
қылмыстық істерді жедел қарау
шараларын нығайтуға бағытталған
жұмыс қорытындылары бойынша
ұсынымдар әзірленді.
2015 жылдың 1 қаңтарынан
бастап күшіне енген «Әкімшілік
Отбасы – халқымыз үшін қасиетті
де қастерлі ұғым. Қазақта «Ұяда не көр-
сең, ұшқанда соны ілерсің», «Әке көр-
ген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер»
деген аталы сөздер бар. Отбасы – оны
құрушыларға үлкен жауапкершілік жүктейді.
Жауапсыз ата-анадан алимент өндіру қиын
Соттың мақсаты –
некені сақтап қалу
Н
еке бұзу туралы азаматтық істерді
қараған соттың бар діттегені, екі
жақты татуластыру. Олардың талап-тілек-
терін тыңдап, егжей-тегжейлі зерттеген
соң бір шешімге келеді. Некені бұзу оңай.
Бұл басқадай таңдау қалмағанда ғана ба-
ратын қадам. Ал алдымен ерлі-зайыпты-
ны татуластыру үшін мерзім береді.
Тұрмыстық
құқықбұзушылық
тілге тиек болды
Жемқорлыққа қарсы күресте әр
елдің қолданатын әдісі әртүрлі. Бір
елдер кеселмен күресте жазаны қа-
таңдату оң нәтиже береді деп шешсе,
енді бір елдер шектеулер арқылы
жемқорларды абыройдан айыру тиімді
деген пікірде. Бірақ, тәрбиесі әлсіз,
тәлімі төмен жандарды ешқандай жаза
да, абыройсыздық та жемқорлықтан
сақтандыра алмайтынын өмірдің өзі
көрсетіп отыр.
Мәселен, сыбайлас жемқорлық
пен істі болғандарды масқаралап,
көпшілікке сабақ болсын деген ниет-
пен ел алдында өлім жазасын орын-
дайтын Қытайда әлі күнге жемқорлық
жойылып кеткен жоқ. Жемқорларды
барынан айыратын Еуропа елдерінің
тәжірибесінен байқағанымыз, әріп-
тестерінің абыройсыздығын көрсе де
жеңіл ақшаның алдында дәрменсіздік
танытатын тұрғындар баршы лық екен.
Яғни, бабаларымыз айтқандай, «та-
яқтау оңай болғанымен, тәрбиелеу
қиын» болғаны ғой. Міне, сондықтан
да біздің елімізде жемқорлықты
күшпен емес, тәрбиенің күшімен
жеңуге басымдық берілуде. 1998
жылдан бері қолданыста болған «Сы-
байлас жемқорлыққа қарсы күрес»
туралы алғашқы заңның жетіл-
діріліп «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы ісқимыл туралы» заңға
айналуында да осындай мән бар.
Бұрын жемқорлықпен күрессек,
енді сыбайлас жемқорлықтың се-
бепсалдарын түсінуге, кеселдің
алдын алуға қатысты жұмыстар
жүргізілуде.
Әлемді алаңдатып отырған
жегіқұртпен күрес мәселесі Ел-
басының биылғы Жолдауында да
сөз болды. «Біз елдегі сыбайлас
жемқорлық деңгейін төмендету
бағытында елеулі қадамдар жаса-
дық. Алайда, басты назар көбіне сы-
байлас жемқорлықтың салдарымен
күресуге аударылып отыр. Сыбайлас
жемқорлықтың себептері мен алғы-
шарттарын анықтап, оларды жою
жұмысын күшейту қажет» деген Мем-
лекет бас шысы алдағы уақытта сатып
алу са ласын жетілдіріп, Үкіметке
мемлекет тік сатып алу жүйесін ор-
талықтандырылған қызмет қағидаты
бойынша іске асыруды тапсырды.
Жолдауда айтылғандай, сыбай-
ластықтың салқынымен күресті енді
тек құзырлы орындар мойнына артып
қоймай, ортақ мәселеге жалпы қоғам-
ды тарту міндеті алға қойылып отыр.
Отбасындағы тәрбиені ақсатпау да
маңызды. Өйткені, үйінде адалдыққа
қатысты әңгіме тыңдап, атаанасының
тәлімін көріп өскен бала ертең мем-
лекет мүддесіне де атүсті қарамаса
керек.
Ринат ШАБИШЕВ,
Алматы қаласының кәмелетке
толмағандар ісі жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының бас маман-аға
сот приставы
Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын
Жегіқұрт
Көкейкесті
Міндет
Пәрмен
Отбасы
құқықбұзушылық туралы» кодекс
бойынша, көрсетілген 5 баптың
ішінен тек біреуінде, яғни 73бапта
«Отбасы – тұрмыстық қатынастар
аясындағы құқыққа қарсы әрекет-
терге» жауапкершілік көзделген.
Ал «ұрып соғу», «денсаулыққа
зиян келтiру», «соз ауруын жұқты-
ру», «балаларын күтіпбағуға ар-
налған қаражатты төлеу жөніндегі
міндеттерді орындамау, еңбекке
қабілетсіз атааналарын, еңбекке
қабілетсіз жұбайын (зайыбын)
күтіпбағуға арналған қаражатты
төлеуден жалтару» секілді қалған
бөлігі қылмыстық терісқылық бо-
лып, Қылмыстық кодекстің құра-
мына енгізілгені жиында сөз бол-
ды.
Күнделікті өмірде көбіне әйел
дер отбасылықтұрмыстық құ
қықбұзушылықтың құрбаны бо-
лып жатады. Сондықтан, жаңа
заң өзінің құқығына қарсы жа-
салған әрекеттерді қылмыстық
заңнамаға сай дәлелдеу құқығын
жәбірленушінің өзіне беріп отыр.
Ол кінәліні сот алдында көрсетуі
қажет. Отбасылық зорлықзом-
былық жасаған адамды жазаға
тартуды сұрайтын болса, онда
құқықбұзушы туралы барлық мә
ліметтерді өзі жинауы тиіс. Са
раптамадан өтіп, куәгерлердің
тізімін беріп, олардың сот отыры-
сына қатысуын қамтамасыз етуі
керек.
Дөңгелек үстелде біршама
мәселелер айтылып, олар бой-
ынша атқарылуы тиіс жұмыстар
ескертілді.
Есіл аудандық №2 сотының
баспасөз қызметі
АСтАнА ҚАлАСы
бауырым аяқасты жүрек талмасынан қайтыс болды. енді артында қалған мұра-
герлеріне бауырымның атындағы пәтер мен көлікті аударайық десек, пәтердің де,
үйдің де салығы бірнеше жылдан бері төленбепті. балалары әлі жас, келініміз үй
шаруасында отыр. Салық берешегін қалай өтеуге болады?
С.ШАлҚАРОв
аҚтөбе ҚалаСы
Қолданыстағы ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің
45-бабына сәйкес, жеке тұлғаның қайтыс болған күнгі, сондай-ақ, оны соттың күшіне енген шешімі
негізінде қайтыс болды деп жариялау күнгі жиналып қалған салық берешегін оның мұрагері (мұра-
герлері) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнгі ондағы үлесіне барабар
өтейді. егер қайтыс болған жеке тұлғаның, сондай-ақ, соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс
болды деп жарияланған жеке тұлғаның мүлкі салық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда са-
лық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде
есептен шығарады. Мұрагер (мұрагерлер) кәмелетке толмаған болса, онда жеке тұлғаның қайтыс болған
күнгі немесе оны қайтыс болды деп жариялау күнгі жиналып қалған салық берешегін өтеу бойынша
міндеттеме соттың күшіне енген шешімі негізінде ғана осындай мұрагерге (мұрагерлерге) мұраға қал-
дырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнгі ондағы үлесіне барабар шекте жүктеледі.
Сұрақтарға жауап берген ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі