Аңдатпа 6-бет 4-бет


№45 (2970)  16 маусым 2017



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата16.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#14002
1   2   3   4   5   6   7   8

2

№45 (2970) 

16 маусым 2017

zangazet@maiI.ru



ҚҰҚЫҚ

Тағайындау

Байланыс

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Сұраңыз, жауап береміз!

Бәзбіреулердің  сот  шешімімен  ата-аналық 

құқығынан  айырыл ғаны  жайлы  жиі  естиміз. 

Тек,  кейде  себебі  толық  айтылмай  жатады. 

Қандай  жағдай лар  оған  негіз  болатынын  біл-

гіміз келеді.

Ерлан АЛПЫСБЕК

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ

Ата-аналық  міндетін  орындаудан,  оның 

ішінде  алимент  төлеу ден  қасақана  жал-

тару;  дәлелді  себептерсіз  өз  баласын  перзент-

ханадан  жетім  балаларға,  ата-анасының 

қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  арналған 

ұйымдардан  алудан  бас  тарту;  өздерінің  ата-

аналық құқықтарын теріс пайдалану (мысалы, 

баланы оқытуға қасақана кедергі келтірсе; бала-

ларын қайыршылыққа немесе ұрлыққа баулыса; 

баланы жезөкшелікпен айналысуға итермелесе; 

балаларды  спирттік  ішімдіктер  немесе  есірткі 

тұтынуға  тартса);  бала ларына  қатал  қарау, 

олар ға физикалық немесе психикалық зорлық-

зомбылық  көрсету,  оны  жыныстық  қылмысқа 

итермелеу;  сондай-ақ,  спирттік  ішімдіктерді 

немесе  есірткі  құрал дарын,  психотроптық  зат-

тарды  және  (немесе)  соның  аналогтарын  пай-

далану  ата-ана  құқы ғын  айыруға  негіз  болып 

табылады.  Бұл  сот  тәртібінде,  прокурордың 

және қорғаншылық немесе қамқоршылық қыз-

метімен  айналысатын  мекеменің  қатысуымен 

жүргізіледі.



Сұрақтарға ҚР Бас прокуратурасы 

жауап берді

Қазақта «қыз алып қашу» деген бар. Мұны ұлттық салт-дәстүрдің қатарына 

қосатындар жоқ емес. Бұл расында солай ма, әлде бүгінгі күннің өлшемімен қыл-

мыс болып есептеле ме?

Бағлан ДӨҢБАЙ

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ

Қызды еркінен тыс, алдын ала келі сімінсіз, күштеп ұстап, басқа жерге апарса, 

сондай-ақ алып қашушылар мұндай қадамға қыздың келісімі жоқ еке нін біле тұра 

барса – аса ауыр қылмыс жасалды деп есептеледі. Қылмыстық кодексте адам ұрлау 

бойынша 125-бапта 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру 

жазасы көзделген. Сондықтан, егер сіз ұрлап әкетудің құрбаны болсаңыз немесе сіздің 

көзіңізше осындай оқиға орын алса, шұғыл полицияға (102 нөміріне) хабарлаңыз. 

Аталған бап бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жәбірленушінің жазбаша арызы 

болмаса да басталады. Егер адам өз еркімен ұрланған қызды босатса және оның 

әрекеттерінде басқа қылмыс құрамы болмаса, онда ол қылмыстық жауаптылықтан 

босатылады. Кінәлі адам жәбірленушіні одан әрі де ұстауға мүмкіндігі болып, бірақ оған 

бостандық берген жағдайлар өз еркімен босату деп танылады.

Жоғарғы  Сот  жанындағы  Соттар­

дың қызметін қамтамасыз ету депар­

таментінде  жаңа  басшы.  Жаңа  бас­

шы  дегенімізбен,  бұған  дейін  білікті 

судья, сенімді әріптес, мықты ұйым­

дастырушы ретінде танылған Нұрсерік 

Кәрімұлын білмейтін жан кемде­кем. 

Қарапайым  қазылықтан  облыстық 

сот  төрағасына  дейін  өсіп,  міндетін 



Маңғыстау  облыстық  соты  мен 

облыстың адвокаттар алқасы ара­

сында өзара ынтымақтастық жөнін­

дегі  меморандумға  қол  қойыл ды. 

Іс­шараға сот төрағасы Ж.Аланов, 

аудандық  және  оған  теңес тірілген 

соттардың төрағалары мен судья­

лары,  Маңғыстау  облысы  адво­

к а т т а р   а л қ а с ы н ы ң   т ө р а ғ а с ы 

Б.Якушев және адвокаттар, кәсіби 

медиа торлар, БАҚ өкілдері қатысты. 

Ж.Аланов  рәсімді  аша  келе, 

«Меморандум азаматтық, қылмыс тық 

және  әкімшілік  сот  өндірісінің  қағи­

даларын сақтау, адам мен аза маттың 

құқығын,  бостандығын  және  заңды 

мүддесін қорғау, дау ларды сот алды 

және соттан тыс реттеу институттарын 

жан­жақты  дамы ту,  белсенді  енгізу 

б о й ы н ш а   ө з а р а   қ и м ы л д а р д ы 

нығайту, сот ісін жүргізуде жариялық 

пен  ашықтықты  қамтамасыз  ету, 

сыбай лас  жемқор лықтың  алдын  алу 

мәселе сіндегі  ынтымақтастыққа  жол 

ашады»,– деді. 

Сондай­ақ,  сот  төрағасы  атал­

Үміткерлерге берілген 

мүмкіндік



Ақтөбе облыстық сотының төрағасы М.Әкетайдың қатысуымен 

семинар өтіп, оған судьялыққа үміткерлер мен сот отырысы хат­

шылары шақырылды. Бейне­конференцбайланыс негізінде өткен 

шараға алыс орналасқан аудандық соттардың төрағалары, кеңсе 

мамандары мен сот отырысының хатшылары қосылды. Кездесу 

барысында төраға судья болғысы келетін азаматтарға мем лекет 

тарапынан барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Атырау  облыстық  сотында  «Сот  жүйесіндегі  жемқорлыққа 

қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар сабағы 

өткізілді. 

Шараға  қылмыстық  істер  жөніндегі  сот  алқасының  төрағасы 

Т.Уәлиева,  облыс  соттарының  судьялары  мен  қызметкерлері, 

сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет 

істері және жемқорлыққа қарсы іс­қимыл агенттігі департаментінің 

бас қарма  басшысы  Н.Ұзақбаев  қатысты.  Отырыста  жемқорлыққа 

қарсы күрес шаралары, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлеріне 

қойылатын  маңызды  статус  және  моральдық­этикалық  талаптар 

талқыланды. 

Т.Уәлиеваның  атап  өткеніндей,  жемқорлыққа  қарсы  жүргізілген 

жұмыс  тәжірибесі  заңдылықтар  бойынша  қызметкерлерді  ақпарат­

тандыру,  құқықтық  мәдениетті  көтеру  жағы  кемшін  екенін  көрсетті. 

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл кемшіліктердің көпшілік 

қолдауымен алдағы уақытта шешімі табылары даусыз.



Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі 

Қарыз өндіруде қателік бар



Қызылорда қалалық сотында сот төрағасының міндетін атқару­

шы А.Молдабекованың, судьялардың және халыққа комму налдық 

қызмет көрсететін мекеме өкілдерінің қатысуымен  «Коммуналдық 

қызмет  үшін  қарыз  сомасын  өндіру  туралы  сотқа  жүгінетіндер 

арасында орын алған кемшіліктер» тақырыбында дөңгелек үстел 

өтті. 

Отандық  сот  жүйесінің  халық­

аралық  рейтингтегі  көрсеткіштерін 

жақсарту  мақсатында  2017  жылға 

арналған іс­шаралар жоспары жасал­

ған еді. Жоспарсыз істе береке бол­

май тындықтан,  арнайы  құжаттың 

дайындалып,  жұмыстың  пысықталып 

отыруы  орынды.  Осы  жоспардың 

19­тармағына  сәйкес,  халықтың  сот 

жүйесіне  қатысты  пікірін  білу,  көп­

ші ліктің  белсенділігін  арттыру  әдіс­

тері  зерделенген  болатын.  Соның 

негізінде  Жоғарғы  Сот  жанындағы 

Соттардың  қызметін  қамтамасыз 

ету  департаментінің  бастамасымен 

«Республикадағы соттар мен судья лар 

қызметіне  сыртқы  бағалау  жүргізу» 

деген атпен пилоттық жоба қол даныс­

қа енгізілген еді. 

Соттар  мен  судьялар  қызметін 

баға лауға  бағытталған  сауалнамаға 

аза маттар  осы жылдың 10 сәуірі мен 

1  шілдесі  аралығында  жауап  бере 

алады.  «Сот  кабинеті»  сервисінің 

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ АУЫСТЫ

мін сіз атқаруымен көпшілік алғысына 

бөлен ген  Шәріпов  өзін  әлдеқашан 

мойындатқан  тұлға.  Алматы  қаласы 

маман дандырылған  ауданаралық 

әкімшілік  сотының  төрағасы,  одан 

кейін  Маңғыстау  облыстық  сотының 

сот алқасының төрағасы лауазымында 

жүр генде де Нұрсерік Шәріповтің сот 

сала сындағы жаңалықтарға үнемі үн 

қосып,  БАҚ­пен  жұмыста  белсенді 

екендігіне куәміз. Республикамыздағы 

ірі өңірлердің бірі саналатын Оңтүстік 

Қазақстан  облыстық  сотын  үздік 

сот тар  қатарына  қосуда  Нұрсерік 

Кәрімұлы  аз  еңбектенген  жоқ.  Ал, 

Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми­

дің Соттардың қызметін қамта масыз 

ету  департаменті  секілді  маңыз ды 

құрылымды  Нұрсерік  Шәріповке 

сеніп тапсыруында үлкен мән жатыр. 

Себебі, судьялардың алаңсыз жұмыс 

істеуіне, сапалы қызмет етуіне жағдай 

туғызатын  бұл  департаментті  үшінші 

биліктің  ізденісі  мен  іркілісін  жетік 

білетін,  жаңалықты  жатырқамай 

қабыл дайтын  жанның  басқарғаны 

дұрыс.  Ал,  Шәріпов  өзіне  жүктелген 

міндетті  талапқа  сай  алып  жүретінін 

дәлел деген. Бұл жолы да сенім биігі­

нен табылары күмәнсіз. 

Сондай­ақ,  Жоғарғы  Сот  жанын­

дағы  Сот  төрелігі  академия сының 

басшылығы жаңа ректор – Қаудыров 

Төлеш  Ерденұлына  тапсырылды. 

Ал,  академияның  вице­ректоры 

лауа зымына  тағайындалған  Нәзиля 

Раззақтың  судьялық білім­білігі шәкірт 

тәрбиелеуде кәдеге асары анық. 



А.САТЫБАЛДЫ,

«Заң газеті»

Меморандум

ған құжат, партисипативті процедура 

тәр тібінде даулардың реттелу басым­

дылығын насихаттауда және дауларды 

шешу кезінде оның қолдану саласын 

кеңейтуде  бірлесе  жұмыс  жүргізуге 

көмектесетінін тілге тиек етті.

Меморандумға  қол  қою  арқылы 

тығыз  байланыста  жұмыс  жасауға 

дайын  екендерін  білдірген  тараптар 

мақсат  міндеттерді  жүзеге  асыруда 

бір­біріне табысты еңбек тіледі. 

Маңғыстау облыстық сотының 

баспасөз қызметі

Дөңгелек үстел

Жиында сот өндірісіндегі коммуналдық төлемдерді өндіру туралы 

азаматтық  істердің  қаралу  барысы  және  статистикалық  мәліметтер 

алға тартылды. 

Қатысушылар коммуналдық төлем бойынша азаматтардан негізгі 

қарыз бен айыпақылардың есептелу тәжірибесіне тоқталып, азамат­

тарды жауапкер ретінде тартудан бұрын мекенжай бойынша тексеру 

жұмыс тарының кемшін болып тұрғандығын, соның салдарынан қарызы 

жоқ, коммуналдық төлемі төленген, қолында түбіртегі бар азаматтарға 

қатыс ты талап арыз беріліп жатқандығын атап көрсетті. Сондай­ақ, осы 

санаттағы азаматтық істерді қарауда медиация тәртібінің қолданылуы 

сөз болды.  

 

 



Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі

СОТ ПЕН АДВОКАТУРА 

ЫНТЫМАҚТАСА ЖҰМЫС ЖҮРГІЗБЕК

Семинар


ХАЛЫҚТЫҢ ПІКІРІ ҚЫМБАТ

шеңберінде жүргізіліп отырған пилот­

тық  жобаға  тек  «Сот  кабинетіне» 

тіркелушілер  ғана  қатыса  алатынын 

ескерткеніміз жөн. Бұл не үшін керек? 

Сот  құрылымы  да  өзге  салалар 

секілді  халыққа  қызмет  етеді.  Және 

жұмыстағы  өзгерістің,  жаңалықтың 

барлығын  халықтың  игілігі  үшін 

жасай ды. Ендеше, күнделікті тынбай 

жасап  жатқан  жұмысымыз  көп ші лік­

тің  көңілінен  шыққанда  ғана  еңбегі­

міздің  еш  кетпегені  ғой.  Ал,  сот 

қызметкерлері  «керемет»  деп  мақ­

таған  жобалар,  керісінше,  азамат­

тарды  әуре­сарсаңға  салып,  сенімін 

кемітсе  ше?  Сырт  көздің  бағасын 

білуге мүмкіндік туғызатын жобалар, 

міне,  осындайда  керек.  Сауалнама 

жүргізудегі мақсат та осы.

Сот  процесіне  қатысушыларға 

сот талқылауының ұйымдастырылуы, 

өткізу  сапасы  туралы  пікір  білдіру 

жеңіл. Өйткені, жұмыстағы кемшіліктер 

сот  қызметкерлерінен  гөрі,  сырттан 

бақылаған  жандарға  анық  байқалып 

тұрады. Тек көңілге түйгендерін жұрт­

шылық  ішке  жасырмай  айтып,  кем­

кетікті  түзеуге  көмектессе  бол ғаны. 

Барлық  жобаны  тәжірибе  жүзінде 

алғаш  пайдаланатын  да  қарапайым 

халық.  Сондықтан,  біз  оларға  әр 

тұрғынның  пікірі,  ұсынысы  маңызды 

екенін  түсіндіруге  тиіспіз.  Яғни, 

«Соттарды  сыртқы  бағалау»  жобасы 

бір  шетінен  соттардың  ашық тығын 

одан  әрі  қамтамасыз  етуді  жүзеге 

асырар  болса,  ал  екінші  жағы нан, 

сот  және  судьялар  жұмысын  баға­

лаудағы  халық  сенімінің  және  де 

сотта азаматтардың заңды мүдделері 

мен құқықтарының қорғалу деңгейін 

анықтау  мақсатындағы  объективті 

құралы болып табылады.



Бақыт ЕДІЛОВА,

Алматы қаласы 

мамандандырылған ауданаралық 

әкімшілік сотының судьясы

Шара


Ұлт  жоспарының  18­қадамын  жүзеге  асыру  мақсатында  Елбасы 

Жар лығымен  Жоғарғы  Сот  жанынан  судья  кадрлар  резервін 

дайындайтын  Сот  төрелігі  Академиясы  құрылған  еді.  Академияның 

артық шылықтары туралы айтқан М.Әкетай былтырғы жылы Жоғарғы 

Сот  төрағасының  қамқорлығымен  Ақтөбе  өңіріндегі  соттардан  4 

маманның  аталмыш  оқу  орнына  оқуға  жіберілгенін  атап  өтті.  Оқу 

барысында  олардың  еңбекақысы  мен  жұмыс  өтілі  сақталып,  судья 

лауазымына тағайындалуына мүмкіндік беріледі. 

Семинар  барысында  біліктілік  емтиханға  дайындықтың  ең  тиімді 

тәсілдері  талқыланды.  Сондай­ақ,  қатысушылар  облыстық  соттың 

оқу  орталығы  әзірлеген  тестілеу  мен  ауызша  емтихан  сұрақтарын 

талқылады. Іс­шара соңында қатысушылар мазмұнды семинар үшін 

алғыстарын жеткізді. 

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау