№45 (2970)
16 маусым 2017
5
zangazet@mail.ru
сот сөйлесін
Базына
Сұраңыз, жауап береміз!
Қазір вахталық жұмыс деген шықты. Онда жұмыс берушінің міндетіне нелер
кіретінін және қандай адамдар вахталық жұмысқа жіберілмейтінін білгім келеді.
Өскен БАТЫРҰЛЫ
Қызылорда облысы Шиелі ауданы
Вахталық әдіс жұмыскерлердің күн сайын тұрғылықты жерлеріне қайтуын қамта-
масыз ету мүмкін болмаған кезде, олардың тұрақты тұратын жерінен тыс жерде еңбек
процесін жүзеге асырудың ерекше түрі. ал жұмыс берушінің міндеттеріне келсек,
вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшыларды, жұмыс өндірісі объектісінде болған
кезеңде тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін тұрғын үймен қамтамасыз етуге және
олардың тамақтануын ұйымдастыруға, жұмыс орнына дейін және кері жеткізуді
қамтамасыз етуге, сондай-ақ, жұмыстарды орындау және ауысымаралық демалу үшін
жағдайлар жасауға міндетті.
он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, он екі және одан да артық апта жүктілік
мерзіміндегі жүкті әйелдер, медициналық қорытынды берілген күннен бастап бірінші
топтағы мүгедектер вахталық жұмыстарға жіберілмейді. Вахтаның ұзақтығы он бес
күнтізбелік күннен артық болмайды.
Мен таяуда жұмыс орнымдағы қаржылық қиындықтарға байланысты жұ-
мыстан қысқарып қалдым. Таныстарым жұмыссыз ретінде тіркеліп, халықты
жұмыспен қамту орталығына жүгініп, құқығыңды пайдалан дейді. Расында, ол
жерде нендей нәрселерге құқым бар?
Нартай МҰРАТБЕК
орал Қаласы
иә, түрлі жағдайларға байланысты жұмысынан қысқарған азаматтардың ха-
лықты жұмыспен қамту орталықтарынан лайықты жұмыс іздеу және жұмысқа
орналасуға көмектесу жөніндегі қызметтер, оның ішінде жұмысқа орналасуға
белсенді көмек алуға құқы бар. сондай-ақ, қызмет (кәсіп) түрін таңдау немесе
өзгерту мақсатында консультациялар, кәсіби әлеуметтік бағдарлама ақпаратта-
рын алуға, сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік
бағдарламасында көзделген жұмысқа орналас тыру және жұмыспен қамту мүм-
кіндіктерін пайдалануға құқылы.
Сұрақтарға ҚР Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі жауап берді
Заң десе, заңымыз бар, мемле-
кеттік бағдарлама дегеннен де кенде
емеспіз. Бірақ, солай екен деп қазақ
тілін меңгеруге талап қылып жатқан-
дардың өскені байқалмайды.
Әрине, ауылдық жерлерге барған-
да «Балапан» телеарнасы тәрбие-
леген, тілі қазақша шыққан бүлдір-
шіндерді көріп марқаятын кезіміз
көп. Алайда, жүзден аса ұлттар мен
ұлыстар мекен еткен ірі қалалардағы
жағдай мүлдем басқаша. Онда өзге
ұлт өкілдерінің қазақша сөйлегенін
сирек көресіз. Қарапайым «рақмет»,
«сәлем» деген сөздерді айтқан бауыр-
ларымызға ішіміздің жылып қалатыны
сондықтан. Керісінше, баласымен
орысша шүлдірлесіп, керегін орысша
сұрап тұрған қандастарымызға рен-
житін кезіміз көп. Олардың санасына
қалай сілкініс жасауға болады? Менің-
ше, тілге қатысты мәселенің туында-
уына бірнеше себеп бар.
Біріншіден, азаматтар әлі құлдық
санадан арыла алмай келеді. Көпшілігі
орысша білмеуді артта қалу, көшке іле-
се алмау деп түсінеді. Екіншіден, сауа-
лын қазақша бергеннен гөрі, орысша
жолдау дағдысынан арылмағандар
баршылық. Және мұны кемшілік көр-
мейді. Үшіншіден, «жалғыз өзім нені
өзгерте алам?» деген бейжайлық
басым. Қоғамды жалғыздардың өзгер-
тетінін олар білмейді, немесе білгісі
келмейді.
Құлдық санадан арылмай
келеміз
Дана халқымыздың «Жақсының
жақсылығын айт, нұры тасысын»,
не болмаса «жақсыдан үйрен...»
немесе «жақсыдан шарапат...» деп
келетін нақыл сөздері бар. Әр дәуір-
ден осы сөздерге лайықты жандар
табылары талассыз. Сондай жанның
бірі өмірінің ұзақ жылдарын заң,
құқық қорғау, сот саласына арнаған
ардагер судья Әйтикен Әмірғалиев
десек, қателеспейміз.
Ғұмырбаянына үңілсек, 1949
жылы Семей облысы Ақсуат ауда-
нына қарасты Амангелді колхозын-
да дүниеге келген ол мектептен
соң С.Киров атындағы ҚазМУ-дің
құқықтану факультетін үздік тә-
мамдайды. Еңбек жолын проку-
ратурада тергеушіліктен бастап,
Мақаншы, Шар ауданының проку-
роры қызметтерін атқарған кейіп-
керіміз 1994 жылы сот саласына
ауысады. 1996 жылдан бастап Се-
мей, Шығыс Қазақстан облыстық
соттарында судьялық қызметті үл-
кен жауапкершілікпен атқарған ол
2013 жылы доғарысқа шыққанға
дейін «тура биде туған жоқ» қағи-
дасынан жаңылған емес. Әділ билігі
мен қызмет жолындағы жетістіктері
арқылы қазақстандық сот жүйесінің
дамуына өз үлесін қоса білді. Сот
саласының білгірі өмірлік тәжірибесі
мен тәлім-тағылымын жастарға үй-
ретуден жалықпады. «Жақсы адам-
Алимент деген кезде қарапайым халықтың түсінігі
біреу. Жұртшылық алиментті тек ажырасқан отбасының
балаға төлейтін нәпақасы деп түсінеді. Расында да, не-
кесі бұзылған ерлі-зайыптылардың бірінің бала алдын-
дағы борышын ақшалай өтейтіні заңмен бекітілген. Егер
азаматтар бала алдындағы жауаптылығын жақсы түсініп,
моральдық, қаржылық тұрғыдан көмектесуді өз еркімен
шешсе, алимент төлету мәселесі заң арқылы реттелмес
еді. Алайда, басқа тұрмақ, өзінің бауыр еті – баласы-
на берешегін төлегісі келмей, түрлі сылтаумен басын
қорғайтындардың көбейгені бүгінде ешкімді таңғал-
дырмайтын болды. Ақшасын баласына бергісі келмей,
дүние-мүлкін өзгенің атына жаздырып, жұмыс орнын
жасыратындардың өзін не деп ақтайтыны белгісіз.
Бұдан бөлек, алиментті ерлі-зайыптыларға не
бұрынғы ерлі-зайыптыларға төлеу тетігі заңмен қа-
растырылған. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы
туралы кодекстің 147-бабына сәйкес, ерлі-зайыптылар
бір-біріне адами тұрғыдан ғана емес, қаржылай да қол-
дау көрсетуге тиіс. Әрине, оның да өз реті бар. Айталық,
бала күтіміне арналған қаражаттан басқа жұбайының не
бұрынғы жұбайының тұрмыс-тіршілігі үшін қаржы талап
етуге міндеттейтін бірнеше жағдай қарастырылған. Егер
ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы
келісім болса бұл түйткілді шешу оңай. Ал, келісім бол-
маған жағдайда еңбекке жарамсыз жұбайы жүктілік ке-
зеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл
бойы; ортақ мүгедек бала 18 жасқа толғанға дейін күтім
жасаған жағдайда, 18 жасқа толған соң ортақ мүгедек
баланың I - II топтағы мүгедектігі белгіленген жағдайда
алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқылы. Ал,
алименттің мөлшері мен оны төлеудің арнайы тәртібін
сот белгілейді.
Бұдан бөлек, көмекке мұқтажбын деген ерлі-зайып-
тының еңбекке қабілетсіздігі спирттік ішімдік, есірткі,
психотроптық заттарды тұтынудан немесе оның қасақа-
на қылмыстық құқықбұзушылық жасауы салдарынан
болған жағдайда алимент төлеу қарастырылмайды.
Ерлі-зайыптылар некеде ұзақ тұрмаса (бес жылға дей-
ін), алимент төлеуді талап ететін жұбайы отбасында
лайықсыз мінез-құлық көрсетсе, сот екінші жұбайын
күтіп-бағу жөніндегі міндетінен босатады немесе бұл
міндеттің мерзімін шектейді.
Сонымен қатар, кодекстің 145-бабына сай кәмелетке
толған еңбекке жарамды балалардың көмекке мұқтаж
ата-анасын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жаса-
уға міндеті дәйектелген. Бұл бүгінгідей ата-анасын на-
зардан тыс қалдырған жауапсыз балалар үшін енгізілген
пәрменді тетік. Оған сәйкес, Егер көмекке мұқтаж, ең-
бекке жарамсыз ата-аналарға балалары көмектеспеген
жағдайда сотқа шағымданып, алимент өндіріп алуына
мүмкіндік жасалған.
Ал, алимент төлемеген адам қылмыстық жауап-
тылыққа тартылады. Қылмыстық кодекске сәйкес, үш
айдан артық уақыт бойы алимент төлемегендерге екі
жыл бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі
жаза тағайындалады.
Г.Жексембінова,
Қаратал аудандық сотының судьясы
АлМАты ОБлыСы
Баланың жақсы азамат болып өсуі отбасындағы тәрбиеге байланысты. «Ұяда
не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген мәтелдің мәнін жоғалтпай отыруы осы-
дан. Алайда, тастанды балалардың көптігі, бүлдіршіндердің жат адамнан емес,
өз жақынынан зәбір көруінің жиілеуі отбасы құндылығы мәселесін қайта қалып-
қа келтіру қажеттігін алға тартуда. Өйткені, қатігездіктің қатігездік тудыратыны
дәлелдеуді қажет етпейді. Бүгін қылмыскер орындығында отырған жанның өт-
кеніне көз жібергенде ата-ана тәрбиесіндегі ақтаңдақтың орны бірден байқалып
тұрады. Өгей анасына, өгей әкесіне өкпелі балалардың бойында қалыптасқан
ашу, жетімдіктің жетіспеушілігін көріп өскен жанның ішінде қатқан кек оның кәнігі
қылмыскер болуына жетіп жатыр.
Біздің сотта кәмелетке толмағандарға қатысты істер қаралады. тәжірибеден
байқайтынымыз, соңғы жылдары қоғамдағы ерлердің ықпалы азайып, әйелдердің
белсенділігі артқан. Және мұндай қарым-қатынасты отбасынан да аңғаруға бола-
ды. Әкелер бала тәрбиесіндегі бар ауыртпалықты әйелдің мойнына артып қоюға
бейім. Көп балаларға әкенің ақылы, алақаны жетпей жатады. Кейбір әкелердің
тәрбиені ұру, таяқтау деп түсінетіні қынжылтады. Өз пікірі енді қалыптасқан, өзін-
дік мені жаңа оянған баласын демеудің орнына, қарсы пікір білдерсе қамшының
астына алатындардың қатары көбейген. Кейде некенің бұзылуына осындай әке
мен бала арасындағы түсінбеушіліктің негіз болатыны шындық. Күйеуі мен бала-
сы таразыға түскенде әйелдің ұрпағына артықшылық беретіні өтірік емес. Ал, біз
көбінесе баланың тәрбиесіне ананы кінәлап жатамыз.
Кәмелетке толмағандарға қатысты іс қаралғанда шырылдап сот залында
жүретін де – аналар. Баласының қателігі үшін жаны жараланып, жүрегі езілетін
де әйелдер. Ал, әкелер іске шатылған баласының қиналғанда қасында болып,
қолдау білдіруді өзіне жөн санамайды. Әрине, көпке топырақ шашуға болмас.
Дегенмен, бұл бүгінгі күннің еш талас тудырмайтын шындығы. Соған қарағанда
барлық кемшілікке әйелдерді кіналай бермей, әкелердің де бала алдындағы
жауаптылығын арттыратын, санасына сілкініс жасайтын шаралар керек сияқты.
«Он мектеп жабылып бір әкенің тәрбиесін бере алмайды» деген нақыл сөзді
түсіндіргеннен ұтылмаймыз. Отбасындағы әкенің беделі биік, сөзі өтімді болса,
әйел де шеңберден шықпайды, бала да басбұзарлықтан алыс жүреді.
с.болат,
алматы қаласы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы
Алматы қалалық прокуратурасы
мен сот арасында жасалған ортақ
келісім нәтижесінде қолданысқа
енгізілген бұл пилоттық жоба уақыт
пен қаржыны үнемдеуге, ашықтықты
қамтамасыз етуге ықпал жасайды
деген үміт бар. Бостандық аудандық
№2 сотының төрағасы Жанат Бек-
жановтың айтуынша, сот мәжілісін-
де бейнеконференц байланысты
қолданудың пайдасы көп. Себебі,
біріншіден, уақытша ұстау изолято-
рындағы сотталушыны сот залына
әкелу қосымша жол шығынын талап
етеді. Екіншіден, бұл сот процесі-
не қатысушылардың қауіпсіздігін
сақтауда да маңызды.
Қылмыстық кодекстің 188-бабы,
2-тармағы бойынша айыпталған
Шойжанов пен Мавлетбектің ісі
таразыланған сот мәжілісіндегі ды-
быс-бейнеқұрылғылардың қолда-
нылуына көпшілік қызығушылықпен
қарады. Алдағы уақытта жаңа бас-
таманың көмегімен шалғайдағы
куәгерлерден жауап алу жолға қой-
ылмақ.
Э.телтаева,
«Заң газеті»
Қазақ
тілінің ресми
тілмен салыстыр
ғанда қолданысы
неге төмен? Бұл
сұрақ кез келген ұлт
жанды азаматты ойлан
дырары анық. Былай
қарасаңыз, мемлекет
тік тілдің мәртебесін
көтеруге ықпал ететін
ісшаралардың
барлығы ретімен
жасалуда.
Алысқа бармай-ақ, соттағы жағ-
дайды мысалға келтірейік. Мәселен,
Қапшағай қалалық сотында қарала-
тын істердің көпшілігі ресми тілде.
Жыл өткен сайын мемлекеттік тілде
қаралатын істер саны көбейді де-
генімізбен, жағымды көрсеткішке
қол жеткізу үшін біраз уақыт керек-
тігі талассыз. Сотқа арыз қай тілде
түссе, сот процесінің де сол тілде
жүргізілетіні белгілі. Ал, бұл көрсет-
кіштің көлеңкелі тұстарының артуына
тергеушілер мен адвокаттардың да
әсер етіп отырғанын айтқанымыз жөн.
Қалалық сотта қаншама жиын өткізіп,
мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру
мәселесі талқыланғанымен, құзыр-
лы орындар өзі түсінетін, өзі білетін
тілде арызды ресімдеуге бейім. Бұл
кемшілік жойылмай, қазақ тілінің көсе-
гесін көгертеміз деу қате.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің
бүкіл аумағында қоғамдық қатынас-
тардың барлық саласында қолданы-
латын мемлекеттік басқару, заң шыға-
ру, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын
жүргізу тілі саналады. Қазақстан
халқын топтастырудың аса маңызды
факторы болып табылатын мемлекет-
тік тілді меңгеру – Қазақстан Респуб-
ликасы әрбір азаматының парызы
екенін ұмытпағанымыз жөн.
Ж.Жанболатов,
Қапшағай қалалық сотының
судьясы
АлМАты ОБлыСы
Түйткіл
Әкелер ауыртпалықты әйел
мойнына артып қоюға бейім
Тағылым
Мәуелі бәйтерек
ның кеудесі – алтын сандық» деп
келетін теңеу Әйтикен Саменұлына
арнап айтылғандай. Доғарысқа
шықса да қоғамға қызмет етуден
жалықпаған қарт заңгер Шығыс Қа-
зақстан мемлекеттік университетінің
қылмыстық құқық кафедрасында
аға оқытушылық жұмыс атқарады.
Ал «Қазақстанның құрметті заңгері»
медалі ерен еңбегінің еленгені бол-
са керек. Өмірлік жары екеуі ұлын
ұяға, қызын қияға қондырған ата-а-
на. «Әке көрген оқ жонар» демекші,
ұлдары әке жолын қуды.
Әйтикен Әмірғалиев жайлы ізба-
сарларынан тек жылы лебіз естуге
болады. Мәселен, әріптес інісі,
облыстық соттың судьясы Какен
Сейітов «Әйтикен ағамыздың өмір-
ден түйгені көп. Ағамен кездескен
әрбір сәт қымбат, тұщымды әң-
гімесін тыңдап марқайып қаламын»
десе, қылмыстық істер жөніндегі
алқа төрағасы Қайрат Чақпантаев:
«Әйтикен Саменұлы облыстық Су-
дья-ардагерлер кеңесінің тұрақты
мүшесі. Қоғамдық жұмысқа белсе-
не араласады. Оны буын сабақта-
стығының дәнекері ретінде білемін»
деп ағынан жарылғандары бар. Сөз
соңында қандай мадаққа да лайық
ағамызға баянды ғұмыр тілегіміз
келеді. Мәуелі бәйтеректей тамы-
рыңыз тереңге тартып, абырой-бе-
деліңіз асқақтай бергей.
Ғалия алИПанова,
«Республикалық соттар
одағы» Қб-нің Шығыс Қазақстан
облыстық соттары филиалының
төрағасы
Білген жөн
Қабілетсіз жұбайына қаржылай
көмектесу парыз
Сот іс қарады
Жаңа технология
жетістігі
Алматы қаласы Бостандық аудандық №2
сотында бейнеконференц байланысты пай
далана отырып тұңғыш рет сот отырысы өтті.
Заманауи технологияның мүмкіндігін көрсет
кен бұл бастаманың Алматы қаласындағы
соттар арасында алғаш рет қолға алынғанын
да айта кеткеніміз жөн.