Орал қаласының білім беру бөлімі кәмелетке



жүктеу 76,29 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.02.2018
өлшемі76,29 Kb.
#10077


№22

   

30.05.2013

(15)

-3-

Орал қаласының білім 

беру бөлімі  кәмелетке 

толмағандар арасында 

құқықбұзушылықтың алдын 

алу бойынша ұйымдастыру 

жұмыстарын арнайы іс- 

шаралар жоспарына сәйкес 

жүргізеді.

Кәмелетке толмағандар арасын-

да құқықбұзушылықтың алдын алу 

бойынша қала мектептерінде келесі 

бағыттарда  жұмыстар  жүргізіледі: 

құқықтық мәдениетті қалыптастыру, 

салауатты  өмір  салтын  насихат-

тау,  рухани-адамгершілік  тәрбие, 

әлеуметтік ынтымақтастық.

Құқықбұзушылықтың  алдын  алу 

бойынша өтетін шараларға қоғамдық 

және  мемлекеттік  емес  ұйымдар 

ынтымақтастыққа шақырылады.

Барлық  қала  мектептерінде 

құқықтық  тәртіпті  сақтау  және 

балалардың  қоғамдық  қауіпсіздігін 

қамтамасыз ету үшін 2008 жылдан 

бері жас полицейлердің жасақтары 

құрылған.

Жас  полицей  жасақтарының 

жұмысын  жандандыру,  қоғамдық 

тәртіпті  сақтауға  тәрбиелеу 

мақсатында  қалалық  білім  беру 

бөлімінің  ұйымдастыруымен, 

қалалық  ішкі  істер  бөлімінің 

қолдауымен дәстүрлі қалалық «Жас 

полиция» байқауы өткізіліп, байқау 

қорытындысы  бойынша  №44,  10, 

43,  41,  1,  30  мектептер  жүлделі 

орындарға  ие  болса,  №14,  16,  20, 

24,  25,  26,  42,  Серебряков  орта 

мектептері  түрлі  аталымдарға  ие 

болды.

Бүгінде №44, 38, 42, 26, 39, Се-



ребряков  орта  мектептерінің  ба-

заларында  білім  беру    бөлімінің 

жоспарына  сәйкес  «Жас  ұрпақты  

тәрбиелеу  ісінде  ата-аналар,  пе-

дагогтар,  қоғамдық  бірлестіктер, 

мемлекеттік  органдардың  біріккен 

жұмысы», «Кәмелетке толмағандар 

арасында  құқықбұзушылықтың  ал-

дын  алу  бойынша  отбасы,  мектеп 

және мемлекеттік емес ұйымдардың 

серіктестігі»  тақырыптарында 

қалалық  семинар-тренингтер 

өткізілді. Барлық семинар-тренинг-

терде соғыс және еңбек ардагерлері, 

қалалық  ата-аналар  комитеті, 

үкіметтік  емес  ұйымдар  өкілдері 

шақырылды. 

№38, 3, 17, 19, 26, 20 орта мек-

тептерде балалардың бос уақытын 

ұйымдастыру мақсатында «Мастер-

Дэнс» жастар қоғамдық бірлестігінің 

төрағасы  С.Дагаровпен  бірге 

«Мастер-Дэнс»  клубының  жұмысы 

ұйымдастырылған.    Жыл  сайын 

«Зенит»  мәдениет  үйінде  «Ба-

лалар  нашаға  қарсы»  ұранымен 

өтетін  «Мастер-Дэнс»  клубының 

концертіне  қала  мектептерінің 

оқушылары  белсене  қатысады. 

№1,  6,  43  орта  мектептердің 

оқушылары Х.Есенжанов атындағы 

кітапхана базасында наша шегудің 

алдын  алу  бойынша  қоғамдық 

бірлестік  төрағасы  М.Дисоновтың 

ұйымдастыруымен  өткізілген  се-

минар-тренингтерге  қатысып, 

қазіргі  уақытта  өз  мектептері  және 

қаланың  мектептерінде  волонтер-

лер  қозғалысының  жұмысын  жан-

дандыруда.

Б Қ О   ж а с т а р   б і рл е с т і г і н і ң 

ұйымдастыруымен қала мектептері 

арасында «Көңілді тапқырлар» клу-

бы конкурсы өткізіліп, №44 мектеп 

командасы жеңімпаз болды.

Қала мектептері директорларының 

тәрбие  ісі  жөніндегі  орынба-

сарларымен  «Ата-аналармен 

бірлескен  жұмыста  инновациялық 

т е х н о л о г и я л а р д ы   қ о л д а н у. 

Құқықбұзушылықтың алдын алудағы 

оқушылар ұйымдарының жұмысы» 

тақырыбында  облыстық  семинар-

кеңес  №44  мектеп  базасында 

өткізіліп,  қала  мектептерінің  іс-

тәжірибесі облыс көлеміне таратыл-

ды. Қазіргі уақытта қала мектептері 

директорларының  тәрбие  жұмысы 

жөніндегі  орынбасарларының 

шығармашылық  тобы  Тасқала  ау-

данында  «Құқықбұзушылықтың 

алдын алудағы жұмыстың түрлері» 

атты  тақырыпта  семинар-тәжірибе 

тарату жұмысын ұйымдастыруда.

Сонымен  қатар  қала  мектептері 

ішкі  істер  басқармасы  өкілдерімен 

«Сабақ»,  «Жасөспірім»,  «Бала-

лар  тәуліктің  түнгі  мезгілінде» 

оперативтік- алдын алу іс-шаралар 

аясында  бірқатар  сауық  құратын 

о р ы н д а р   м е н   к о м п ь юте рл і к 

клубтарға  және  қолайсыз  отбасы-

ларына барды. 

  Орал  қаласы  әкімдігінің  2013 

жылдың 11 сәуіріндегі  №756 «Орал 

қаласының білім беру ұйымдарына 

мектеп жасына дейінгі және мектеп 

жасындағы  балалардың  есебін 

ұйымдастыру  үшін  аумақтарын 

бекіту  туралы»  қаулысымен  әр 

мектепке шағын аудандар бекітіліп

оқумен  қамтылмаған  балаларды 

анықтау  мақсатында,  жылына  екі 

рет  «Қамқорлық»  және  «Мектепке 

жол» акциялары аясында үйлер мен 

аулаларды аралау  өткізіледі.

Ай  сайын  білім  беру  бөлімі  мек-

тептерден сабаққа себепсіз 10 және 

одан да артық күн қатыспаған бала-

лар туралы мәліметтер жинайды.

Осы  мәліметтерге  сәйкес  соңғы 

үш  оқу  жылының  көрсеткіші 

төмендегідей болып отыр:

2010-2011 оқу жылында 8 оқушы,  

2011-2012  о.ж  13  оқушы,      2012-

2013о.ж. 9 оқушы.

Сабаққа  келуден  бас  тартқан 

о қ у ш ы л а рд ы ң   ата - а н а л а р ы -

мен,  оқушылармен  жеке  түсінік 

жұмыстары жүргізіліп, тіркеліп оты-

рады,  қала  әкімдігі  жанындағы 

кәмелетке  толмағандардың  ісі                      

бойынша  комиссияға  шақырылып, 

ҚР  Әкімшілік  құқық  бұзушылық 

туралы  Кодексінің  311-1  бабына 

сәйкес  ата-аналарына  әкімшілік 

шара беріледі. 

Әр мектепте қоғамдық кеңестер, 

ата-аналар  комитеті  құрылған, 

олардың  негізгі  мақсаттары: 

қылмыс  пен  құқықбұзушылықты 

болдырмау, оқушылардың құқықтық 

мәдениетінің  деңгейін  жетілдіру, 

мектепте  заңдылық  пен  құқықтық 

тәртіп  сақталуын  жүйелі  түрде 

бақылауды іске асыру.

Оқушыларды  қоғамдық  өмірге, 

спорт  және  шығармашылыққа 

бейімдеу  жұмысын  9  мектеп-

тен  тыс  ұйым  іске  асырады.  Күні 

бүгінде    8371  бала  осы  мектептен 

тыс  ұйымдарда  әртүрлі  бағыттағы 

шығармашылықпен  айналысуда. 

Мектептен тыс жұмыс орталығында  

ақы төлемейтін түрлі бағытта жұмыс 

жасайтын 286 үйірме бар, олардың 

қатарында  «тәуекел  тобындағы» 

балалар қатысатын қала мектептері 

базаларындағы спорттық үйірмелері 

де  өз  жұмыстарын  белсенді 

жүргізуде.

2006-2014  жылдарға  арналған 

нашақорлық және есірткі бизнесіне 

қарсы күрес стратегиясының талап-

тарына сәйкес, облыстық 2008-2010 

жылдарға  арналған  нашақорлық 

және есірткі бизнесіне қарсы күрес 

бағдарламасын  іске  асыру  үшін, 

Қазақстан  Республикасы  білім 

ұйымдарындағы  ҚР  үздіксіз  білім 

берудегі  тәрбие  тұжырымдамасы 

бойынша  Орал  қаласының  білім 

беру бөлімі кәмелетке толмағандар 

арасында  нашақорлықтың  алдын 

алу  бойынша  шаралар  жоспарын 

жасақтады. Қала мектептері аталған 

жоспарға  сәйкес  ай  сайын  білім 

бөліміне мәліметтер тапсырады.

Білім  беру  бөлімінің  8.05.2013ж. 

№295  бұйрығы  негізінде  бала 

еңбегінің  ең  нашар  түріне  жол 

бермеу  және  балаларға  қатысты 

зорлық-зомбылықтың  алдын 

алу  акциясы  15  мамыр  мен  15 

маусым  аралығында  бекітілген 

жоспарға  сәйкес  өткізілуде.  Дене 

шынықтыру апталығы өткізіліп, оның 

барысында  5-7-сынып  оқушылары 

арасында  дойбыдан  жарыс, 

5-9-сынып  оқушылары  арасында 

«Намыс  дода»  ойыны,  9-11-сынып 

оқушылары мен мектептің түлектері 

арасында баскетболдан жолдастық 

кездесулер,  дене  шынықтырудан 

ашық сабақтар өткізілді. Оқу жылы 

бойы  9-11-сыныптарда  бұқаралық 

ақпарат  құралдарындағы  құқықтық 

ж ә н е   р у х а н и - а д а м г е р ш і л і к 

та қ ы р ы п та рд а ғ ы   м а қ а л а л а р 

оқылып,  талқылану  жұмысын 

директордың  тәрбие  жұмысы 

жөніндегі орынбасарлары жүргізуде. 

Сонымен қатар барлық мектептерде 

жоспарға сәйкес сынып сағаттарына 

құқыққорғау  органдары  өкілдері, 

түрлі  бағытта  жұмыс  жасайтын 

дәрігерлер  шақырылып,  кеңестер 

беріп,  әңгімелесулер  өткізуде. 

Ата-аналармен  бірігіп  жасалатын 

жұмысқа,  балаларды  қоғамдық 

өмірге  тарту  үшін,  қалалық    білім 

беру бөлімі дәстүрлі түрде «Алтын 

ұя»,  «Мама,  папа  и  я»  спорттық 

сайыстарын өткізеді.

Үшінші  жыл  жазғы  демалыс 

уақытында  «Қайсар»  әскери-

патриоттық    лагері  жұмыс  жасап, 

онда  «тәуекел  тобына»  енген, 

мектепішілік бақылауда, кәмелетке 

толмағандардың  ісі  бойынша 

бөлімде  есепте  тұрған  оқушылар 

ж аз ғ ы   д е м а л ы с ы н   ө т к і зуд е . 

«Қайсар» лагерінің  басты мақсаты – 

балалардың  бойындағы патриоттық 

сезімді  ояту,  өзіндік  сана-сезімді 

өсіру  болып  табылды.  Бастапқы 

әскери  дайындық  мұғалімдерінің 

басшылығымен  балаларды  тәртіп 

сақтауға баулу, төзімді болу, өмірдің 

қиыншылықтарына  қарсы  тұру 

арқылы  жағымсыз  ағымдардың 

ықпалынан  көңілдерін  аудару 

міндеті  іске  асырылуда.    Жобаның 

қорытынды  мақсаты  –    қаланың 

барлық білім беру ұйымдарында па-

триотизм, өз отбасы, мектебі, Отаны 

үшін жасампаз еңбектену идеясына 

берілген  балалар,  соның  ішінде 

жасөспірімдер  қатарын  көбейтуге 

бағытталған бірлестік құрып, бала-

лар  мен  жасөспірімдер  арасында 

құқықбұзушылықтың  алдын  алу 

жұмысын жандандыру. 

Жоғарыда  айтылғандардың 

негізінде,  бұл  мәселе  үнемі 

көкейкесті  болады  деп  есептей 

отырып,  құқықбұзушылықтың алдын 

алу жұмысын жақсарту бала өміріне 

қатысты  үкіметтік  органдардың 

бірігіп  жүргізген  жұмысына  байла-

нысты  екенін  айта  кеткіміз  келеді.   

Соның  ішінде,  білім  беру  бөлімі 

бірнеше жылдан бері ведомстводан 

тыс күзетті ұйымдастыру мәселесін 

көтеруде.  Аталған  күзетті  енгізу 

есебі  бойынша  1  мектепке  1643,0 

тг. қаржы қажет. 

Бала тәрбиесі  – отбасы, мектеп, 

қоғамның ынтымақтастығымен ғана 

оңды  нәтиже  береді.  Сондықтан 

қ а л а л ы қ   б і л і м   б е р у   б ө л і м і 

кәмелетке  толмағандар  арасында 

құқықбұзушылықтың  жайын  үнемі 

бақылауда ұстап, құқықтық насихат-

тау жұмысын белсендіруде.

“Балалар тәртібі мен 

қауіпсіздігі – бақылауда” 

Ж и ы н ғ а   « Н ұ р   О т а н » 

Х Д П   қ а л а л ы қ   ф и л и а -

лы  төрағасының  бірінші 

орынбасары,  облыстық 

мәслихат  депутаты  Ас-

ланбек  Сарқұлов,  қалалық 

мәслихат  депутаттары  Марс 

Сатыбалдиев,  Амангелді 

Ермекқалиев,  Аветик  Амир-

ханян  және  бағдарламаның 

ұ й ы м д а с т ы р у ш ы л а р ы 

қатысты.

А л д ы м е н   с ө з   а л ғ а н 

қалалық  жұмыспен  қамту 

о рта л ы ғ ы н ы ң   д и р е к то -

ры  Ерлан  Ғалиев    жұмыс 

берушілерге  бағдарламаның 

тетіктерін  түсіндіре  келіп, 

бі р і н ш і   ба ғыт ын а   ба с а 

т о қ т а л д ы .   –   Б ү г і н д е 

әлеуметтік  жұмыс  орын-

дарына  орналастырылған 

Б а ғ д а р л а м а ғ а 

қатысушылардың  жалақысы 

а й   с а й ы н   с а л ы қ та рд ы , 

әлеуметтік  аударымдар  мен 

пайдаланылмаған  еңбек  де-

малысы  үшін  өтемақыны 

ескергенде,  алғашқы  алты 

айда  26  мың  теңгеден, 

кейінгі  үш  айда  15,6  мың 

теңгеден, соңғы үш айда 7,8 

мың  теңгеден  аспауы  тиіс. 

Бұл ретте жұмыс берушімен 

жасалған  шарт  қолданылған 

тұтас кезең бойы жалақының 

айлық  мөлшерін  азайтуға 

жол бермейді, – деген Ерлан 

Ерсайынұлы  бағдарламаны 

ж ү з е г е   а с ы р у   ү ш і н 

кәсіпкерлерді өз мекемесінде 

әлеуметтік жұмыс орындарын 

құрып,  бірге  жұмыстануға 

шақырды. Бұдан соң  қалалық 

ж ұ м ы с п е н   қ а м т у   ж ә н е 

әлеуметтік  бағдарламалар 

бөлімінің  бастығы  Айгүл 

Төкешева:  – Бағдарлама та-

лабына сәйкес жұмыс беруші 

әлеуметтік жұмыс орнын құру 

үшін  алдымен  жұмыспен 

қамту  орталығына  өтінім 

береді.  Өтінім  бұйрықпен 

б е к і т і л г е н   с о ң   ж ұ м ы с 

берушімен  келісімшарт  жа-

салып,  бос  жұмыс  орын 

тізіміне қосылады. Содан соң 

жұмыс берушінің мекемесіне 

жұмыссыздар  жолданады. 

Жұмыс  беруші  жұмысқа 

қабылдағаны туралы бұйрық 

шығарып,  ай  сайын  мәлімет 

кестесін тапсырып отырады. 

Содан  соң  жұмыс  берушінің 

есепшотына  қаржы  аудары-

лады.  Бағдарлама  жұмыс 

беруші үшін де, жұмыссыздар 

үшін  де  өте  тиімді.  Өйткені, 

ж а л а қ ы н ы ң   5 0   п а й ы -

зы  мемлекет  қоржынынан 

төленсе,  қалған  елу  пайызы 

жұмыс  берушінің  есебінен 

шығады,  –  дей  келіп,  күні 

бүгінде  бағдарламаның 

келесі  бағыттары  бойынша 

қолға алынған жұмыстар жа-

йын  түсіндірді.  «Нұр  Отан» 

ХДП  қалалық  филиалы 

төрағасының  бірінші  орын-

басары  Асланбек  Сарқұлов 

аталмыш  бағдарламаның 

жүзеге асу барысы партияның 

басты  назарында  екенін 

айтты.  –  Қазіргі  таңда 

жұмыспен қамту орталығынан 

партиялық  бақылау  бекетін 

құрдық.  Оның  төрағасы 

қалалық  мәслихат  депутаты 

Марс  Сатыбалдиев.  Бүгінде 

бағдарлама  аясында  қоян-

қолтық  жұмыстанудамыз. 

Айта  кетерлік  жайт,  қазір 

партияның облыстық, қалалық 

филиалдарына  бағдарлама 

бойынша бос жүрген азамат-

тарды жұмысқа қабылдадық. 

Тиімділігі  өте  жоғары  деп 

а й т а   а л а м ы н .   Ж а л п ы , 

бағдарламамен  жолданған 

жастар жауапкершілікті терең 

сезініп,  белсенді  қызмет 

атқаруда.  Үкімет  тарапынан 

жұмыссыздардың  санын 

азайту  үшін  қолға  алынған 

бағдарламаға  баршаңыз 

атсалысыңыз, – деді Асланбек 

Ахметоллаұлы.  Өз  кезегінде 

ж ұ м ы с с ы з   ж а с т а р д ы ң 

мәселесіне  алаңдаушылық 

танытып  жүрген  қалалық 

мәслихаттың  жас  депута-

ты  Марс  Қадырғалиұлы  да 

кәсіпкерлердің  әлеуметтік 

жұмыс  орындарын  құруда 

белсенділік танытуын сұрады. 

Бағдарламаның  байыбын 

түсініп,  бұдан  бұрын  да  ме-

кемемен  тығыз  байланыс 

орнатқан  ұйымдар  мен  ме-

кемелер  баршылық.  Жиын 

соңында қала әкімінің орын-

басары  Қуаныш  Елубайұлы 

«Жұмыспен  қамту  –  2020» 

бағдарламасының  жүзеге  

асуына  қолдау  көрсеткен 

бірқатар кәсіпкерлерді алғыс 

хаттармен  марапаттады. 

Олардың қатарында  қаладағы 

бел д і   к о м п а н и я л а рд ы ң 

бірі  «Алим»  ЖШС  да  бар.  

Компанияның қызметкерлерді 

дамыту бойынша директоры  

Ақмарал  Сәрсенова:  –  Біз 

бағдарлама  аясында  2011 

жылдан бері жұмыссыздарды 

ж ұ м ы с п е н   қ а м т ы п 

келеміз.  Әрине,  «Жастар 

тәжірибесіне»  қатысушылар 

– күні кеше жоғары оқу орнын 

тәмәмдағандар.  Олардың 

ешқандай жұмыс тәжірибесі, 

біліктілігі болмайтыны белгілі. 

Дейтұрғанмен, «Алим» ЖШС-

на  тәуекел  етіп,  «Жастар 

тәжірибесі»  негізінде  70-

тен  аса  адамды  жұмысқа 

қабылдадық. Қазір бұлардың 

10-ы тұрақты жұмысқа орна-

ласты.  Бағдарлама  біз  үшін 

де  тиімді  болды.  Өскелең 

буынның жұмысқа қабілеттілігі 

мен  белсенділігінің  өзі  неге 

тұрады? – деді.



Кәусар БАЙҒАЛИЕВА,

суретті түсірген

А.СУЕТИН

Әлеуметтік 

жұмыс орындары 

құрылмақ


Сейсенбі күні қалалық әкімдіктің кіші за-

лында қала әкімінің орынбасары Қуаныш 

Елубаев «Жұмыспен қамту – 2020»  

бағдарламасы аясында  әлеуметтік жұмыс 

орындарын ұйымдастыру мәселелері бойын-

ша жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізді.  

• «Жұмыспен қамту – 2020»

• БҮГІНГІ КҮН БІТІМІ •

Жансұлу 

ТӨРЕМҰРАТОВА, Орал 

қалалық білім беру 

бөлімінің бастығы

жүктеу 76,29 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау