3
www
.kazmektep.kz
Білім жүйесі: ізденістер, игі істер
емлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес 2011
жылғы 24-мамырда Үкімет Қазақстан мұғалімдері біліктілігін арт-
ФИЛИАЛДЫҢ
ИГІЛІКТІ ІСТЕРІ
Берік АСУБАЕВ,
Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қаласындағы
филиалының директоры,
география ғылымының кандидаты
М
тыру және даярлау жүйесін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдемесін
мақұлдады. «Назарбаев зияткерлік мектептері» тәжірибелерін тарату
мақсатында 2011 жылдың алтыншы қарашасында Педагогикалық шеберлік
орталығы құрылып, онда мұғалімдер халықаралық іс-тәжірибелерге сай
келетін біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша курстардан өтетін бол-
ды. «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім ұйымы педагогикалық
шеберлік орталығына шетелдік серіктестермен бірлесе отырып, әлемдік
таңдаулы тәжірибелер мен педагогикалық практиканы пайдалану арқылы
ҚР педагогикалық қызметкерлерінің біліктіліктерін арттырудың деңгейлік
бағдарламасын жасау тапсырылды.
Бұл тапсырма қысқа мерзім ішінде жемісті жүзеге асырылып, 2012
жылдың күзінде барлық облыс орталықтарында, Алматы және Астана
қалаларында Педагогикалық шеберлік орталығының филиалдары жұмыс істей
бастады. Кембридж университеті Білім факультетімен бірлескен «Қазақстан
мұғалімдері біліктілігін көтеру» бағдарламалары аясында жүздеген педагог-
тер тренер сертификаттарын алды, яғни, аталған жасампаз жұмыстың сенімді
базасы қаланды.
«Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім ұйымының Педагогикалық
шеберлік орталығының филиалы Алматы қаласында 2012 жылдан жұмыс
істейді.
Осы уақыт ішінде филиал мұғалімдер мен жалпы білім беру
ұйымдары жетекшілерінің біліктілігін арттыру курстарының сапасын арт-
тыру, Алматы қаласының Білім басқармасы, оның бөлімшелері, Назарбаев
зияткерлік мектебінің Алматы қаласында орналасқан физика-математикалық
және химия-биологиялық бағыттағы бөлімшелерімен байланыстарын
кеңейту және нығайту жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілді.
Республикалық физика-математика, Б.Момышұлы атындағы респуб-
ликалық әскери мектебінің ондаған мұғалімдері Педагогикалық шеберлік
орталығында деңгейлік курстардан өтті.
Педагогикалық бағыттағы мамандар даярлайтын Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақтың мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық
қатынастар және әлем тілдері университеті сияқты жоғары оқу орында-
ры, Алматы қаласындағы педагогикалық колледждермен байланысымыз
нығайып келеді. Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлік курста-
рында оқыған ЖОО және колледждердің профессор-оқытушылар құрамына
арнап біз әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинарлар ұйымдастырдық.
Сондай-ақ сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде күрделі мәселелер анықталды
және оларды шешудің жолдары айқындалды.
Филиалда педагогикалық үлкен тәжірибелі, жасампаз ойлайтын, осы