11
www
.kazmektep.kz
мысалдарының дәлелді болуы үшін ол 1989 жылы АҚШ-та 78 мек-
теп арасында өткен зерттеулердің нәтижесін келтірді. Тоқыраған идея-
ларды басшылыққа алып жүрген мұғалімдер соның салдарынан өз
кәсібінде болған өзгерістерді болжай алмаған. Сонымен бірге жетістікке
бағытталған мектептерде мәселелерді бірлесіп шешу, бір-бірімен бөлісу,
әріптестерінен кері байланыс алу орын алған. Басқаша айтқанда, мұндай
мектептер кезінде А.Бандура белгілеп берген әрекеттесудің мынандай
қағидаттарын ұстанған: жеке тиімділік, жаңа идеяларға даяр болу,
моральдық қолдау, жетістіктердің өсуі.
Адами және әлеуметтік капиталдармен қосылып (сенім, ынтымақтастық,
ұжымдық тиімділік, бірлескен іс-әрекет, кәсіби қоғамдастықтар), бұл
ұғымдар оң нәтижеге әкелуі мүмкін. Бұл жерде әр педагогтің ынтымақтастық
әлеуеті негізгі ұғым ретінде көрсетіледі. Э.Харгрийвс ұжымдық этиканың
теориясы бойынша (Дж.Хэтти) бүгінгі білім беру көмек бере алатын, соны-
мен қатар көмек сұрай алатын мұғалімге мұқтаж деп атап өтті. Әр мұғалім
өзінің кәсіби іс-әрекетін өзінің ұжымдық қызметіне рефлексиялық талдау
көрінісіне бағытталған келесі сұрақтар аясында құрастыру керек.
1. Біз бұны қалай жасаймыз?
2. Бұны қалай жақсартуға болады?
3. Бұның дамуына қалай оң әсер етуге болады?
Сонымен қатар, Э.Харгрийвстің пікірінше, теориялық әдебиетте
мұғалімдердің бірлескен іс-әрекетіне және ынтымақтастығының пайдасына
емес бағытталған дәлелдерді де кездестіруге болады.
1. Мұғалімдер тым көп теориялық білім алады, бұл олардың
технологиялық кеңістікте қандай да бір бағыт таңдауын қиындатады.
2. Мұғалімдердің кәсіби дамуына қаражат тым көп мөлшерде және
тиімсіз жұмсалды.
3. Мұғалімдердің ортасында ынтымақтастықтың маңызын басқаша
түсіну орын алуда.
4. ЖОО мұғалімдерді даярлап шығарса да, оларды мектепте жұмыс
істеуге дайындамайды.
Дегенмен де бұл келтірілген қарсы дәлелдер педагогтердің ынты-
мақтасып жұмыс жасау идеясының мазмұнын әлсіретіп немесе одан бас
тартуға алып келмейді деп есептейді Э.Харгрийвс. Керісінше болар. Пе-
дагогтерге келесі сұрақтарға назар аудара отырып бірлескен іс-әрекеттерге
көбірек шоғырлану керек.
1. Біз не үшін ынтымақтасуымыз және бірігуіміз керек?
2. Біз неліктен ынтымақтасуымыз және бірігуіміз керек?
3. Біз қандай мәнмәтінде ынтымақтасуымыз және бірігуіміз керек?
Көптеген баяндамалардың мазмұны тәжірибедегі білім беру үдерісіне
жасалған бақылау нәтижелері қамтыған. Мысалы, негізгі спикер Катрин
Льюистің (США) баяндамасында оқушылардың оқуға қызығушылығын
қалай арттыруға болатындығының сәтті мысалдары келтірілген. Олардың
қатарында оқушыларды тапсырмаларды бірлесіп шешуге ынталандыру
бар: мектептің қабырғаларында оқушыларға арналған әртүрлі тапсырмалар
ілінеді, оларды тура сол жерде тақтада шешуге болады. Барлық мұғалімдер
мен оқушылар осы үдеріске қатысып, оның нәтижелерін дәптерлеріне жа-
зуына болады.
К.Льюистің пікірінше, сабақты зерттеу үдерісі келесі айналмалы
кезеңдерден тұрады: зерттеу – жоспарлау – іс-әрекетке ендіру – рефлексия.
Сабақты зерттеудің негізгі мақсаттары: мұғалімдердің кәсіби шеберлігін
тұрақты түрде арттырып отыру (бұл жерде айта кететін жайт: мұғалімдерді
оқыту «Lesson Study»-дің әр кезеңінде жүзеге асырылуы керек).
12
www
.kazmektep.kz
Пит Дадли (Ұлыбритания) өзінің баяндамасында сабақты зерттеудің
коммуникациялық жағына назар аударды. Мұғалімдердің сабаққа бірлесіп
дайындалу, балалардың қалай оқып жатқанын бақылау, олардың сұхбат
кезінде оқушының дауысын санау, сабақты жақсарту үшін оны бірлесіп
талдау үдерістерінің ең басты нәтижесі ретінде сынып пен мектепте
ынтымақтасқан (коллаборативті) орта құруды атау керек. Бұл өз кезегінде
жаппай көшбасшылық пен әлемде сабақты зерттеудің кеңінен таралуына
алып келеді. Сабақты зерттеу жоғары дәрежеде осы нәтижеге ықпал етеді,
сондықтан педагогтер осы әдістің тәжірибеге енуіне жан-жақты қолдау
көрсетуі керек.
П.Дадлидің басқа да айтылған ойларының бірі көпұлтты ортада түрлі
ұлттық идеялар, салт-дәстүрлер мен сенімдердің әсерімен «Lesson Study»-
дің өзгерістерге ұшырауы – мәдени қиылысулардың табиғи нәтижесі
болып табылады. Сабақты зерттеудің қатал ережелері мен шектеулері
жоқ. Көптеген елдердің мұғалімдері сабақты зерттеуді өздігінше түсініп,
жүргізеді. Бұл – табиғи жайт. Тек қана мұғалімдер тиімді және тәжірибені
жақсартуға көмектесетін нәрселердің жүзеге асырылып, қолданылуына
құқығы бар екенін есте сақтауы керек. Олар әрқашан да осы әдісті өзгертіп,
оны жаңғыртуға қабілетті болуы керек.
9 адамнан құралған Қазақстан делегациясы конференцияда келесі баян-
дамаларды ұсынды.
1. Журба Лилия (ПШО-ның Көкшетау облыстық филиалы),
«Қазақстан Республикасы мұғалімдерін қашықтан оқыту бағдарламасы –
сабақты зерттеуді кәсіби оқыту моделінің құралы ретінде енгізу».
2. Идришева Зухра (Астана, ПШО) және Абдраманова Жібек (ПШО-
ның Қызылорда облыстық филиалы), «Lesson Study-дің мектеп мәдениетіне
әсері».
3. Юлия Мельникова (ПШО-ның Павлодар облыстық филиалы), «Lesson
Study-ді өткізу аясында ғылыми-зерттеу сұрағын тұжырымдау».
4. Татьяна Мащенец және Жадыра Сейсенбаева (Астана, Назарбаев
зияткерлік мектебі), «Назарбаев зияткерлік мектептерінде ағылшын және
қазақ тілі пәні сабақтарында сабақты зерттеуді өткізу тәжірибесі».
5. Арман Иманшарипова (Астана, Назарбаев зияткерлік мектебі),
«Сабақты зерттеуді ұйымдастыру және өткізу арқылы Қазақстанның білім
беру жүйесіндегі инновациялар».
Қазақстан делегациясы мүшелерінің баяндамалары конференцияға
қатысушылар тарапынан жылы қабылданды. Атап айтқанда, проф. Янош
Гиори (Венгрия) Қазақстандағы білім беру жүйесінің реформалары қуатты
түрде мемлекеттік қолдау алып, мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі
бағыттарының біріне айналғанын үлкен қызығушылықпен бақылайтынын
атап өтті.
Қазақстан педагогтерінің жақсы танысы Нагоя қаласы университетінің
профессоры Тошия Чичибу сабақты зерттеуді біздің ел мұғалімдерінің
жан-жақты қолданысқа енгізгеніне деген өз ризашылығын білдіріп, бұл
әдісті әрі қарай қолдану туралы бірнеше тәжірибелік кеңестер ұсынды.
Оның ойы бойынша, мектептерге «Lesson Study»-ді қолдану барысын-
да жасаған мұғалімдердің іс-әрекеттеріне тыңғылықты талдау жасау үшін
сарапшылардың сырттан берілген тәуелсіз пікірі қажет. Бұл үшін «Lesson
Study»-ді өткізген ұстаздарға сапалы кері байланыс бере алатындай етіп
мұғалімдердің бір тобын оқытқан да дұрыс болар.
Негізінен, конференцияға мектепте «Lesson Study»-дің тәжірибеге асы-
рылуын зерттеумен айналысатын ЖОО оқытушыларының қатысқанын
байқауға болады. Бұл жайт көптеген елдерде академиялық ғылымның мек-
Достарыңызбен бөлісу: |