7
www
.kazmektep.kz
Бұл сұрақтарға жауапты «Сабақты зерттеу» («Lesson Study») әдісі бо-
йынша екі түрлі тұрғыдан алуға болады.
1. Басқа мұғалімдермен бірлесу арқылы: сабақтарды а) жоспарлау,
ә) бақылау, б) талқылау мен қорытынды жасаудың негізінде.
2. Оқушы пікірін ескеру арқылы: а) оқушылармен сұхбаттасу, олардың
мүдделерін, ой-пікірін, қалау-сұраныстарын білу, ә) сабақта оқушылардың
үйрену және қарым-қатынас әрекеттерін бақылау арқылы.
«Сабақты зерттеуді» («Lesson Study») қалай ұйымдастырып, қолдануға
болады? Әрине, оның амалдары көп және әрқилы. Мен өз тәжірибемде
«Сабақты зерттеуді» («Lesson Study») былайша қолданудамын. Менің
түсінігімдегі «Lesson Study» мынандай қадамдардан тұрады.
1. Алдымен «Lesson Study» тобын құрып алу керек. Олар «Lesson
Study»-дің мақсатына байланысты тек бір пән өкілдерінен (мысалы,
физиктерден) немесе осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдерден (қазақ,
орыс,
ағылшын тілдері,
математика, физика) тұруы мүмкін.
Олардың біреуі
сабақ жүргізуші болады да, қалғандары бақылаушы болады.
2. Екінші айқындауды талап ететін мәселе: сабақты зерттеудің мақсатын
және күтілетін нәтижелерді айқындап алу керек. Мысалы, сабақты зерттеу
(«Lesson Study») сабағы 8-сыныпта математика пәні бойынша өткізілетін
болса, онда мұғалімдер алдына мынандай мақсат қоюына болады: «8-сы-
нып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын топтық жұмыстың
нәтижелілігін арттыру арқылы өсіру», яғни ұстаздар сабақ ауқымында
(сабаққа дейін, кезінде, кейін) «Топтық жұмыстың тиімділігін қалай
арттырамыз?» деген сұраққа жауап іздейді. Енді олар сабақты бірлесе
жоспарлағанда да, оқушылардан интервью алып, олардың жұмысын
бақылағанда да, сабақты талқылағанда да осы сұрақтың ауқымында болады.
3. Сабақты жоспарлау.
Мәселен, сабақ осы аптаның сәрсенбісі күні өтеді делік. Дүйсенбі күні
сабақты зерттеу («Lesson Study») тобының алғашқы басқосуында сабақ
өткізетін математика пәні мұғалімі, қалған 3 мұғалімді («Lesson Study»
тобының мүшелері) сәрсенбі күні өткізейін деп жатқан сабақтың жоспары-
мен таныстырады. Бұл жоспарды №1 сабақ жоспары деп атайық (СЖ-1).
Мұғалімдер сабақ жоспарын мақсат тұрғысынан («Топтық жұмыстың
тиімділігін қалай арттырамыз?») талдайды, талқылайды, сабақ өткізетін
мұғаліммен ақылдаса отырып сабаққа өзгертулер енгізеді. Әрине, мұнда
барлық іс-әрекеттер тек сыйластық, бір-бірінің пікірін ескеру тұрғысынан
ғана жүзеге асырылуы керек: іскерлік кәсіби атмосфера, ешкім өктемдік
жасамайды, «Мен білем!»-ге салмайды, ешбір сын айтылмайды, керісінше,
назар жоспардың жағымды жақтарына аударылады, мықты «Ми шабуылы»
жүргізіледі. Сабақты зерттеу («Lesson Study») тобының мүшелері барлық
ұмтылыстарын сабақты жақсартуға бағыттап жатқандарын бір сәтке де
есінен шығармауы керек.
Осындай талқылаудың нәтижесінде бірінші жоспармен салыстырғанда
өзгертілген СЖ-2 пайда болады.
4. Қолданылатын құралдар мен оқушыларды таңдау.
Сабақ жоспары талқыланған соң, сабақты зерттеу («Lesson Study»)
тобының мүшелері оқушылардан сұхбат алғанда, оларды сабақта
бақылағанда қандай құралдарды қолданатындығын айқындап алу керек.
Олар «Сұхбат пен бақылаудың толып жатқан кестелері бар, алайда осы
сабақта бізге солардың қайсысын қолданған орынды болар?» деген мәселені
талқылайды, сұхбат пен бақылау құралдарын таңдап, соларға мақсатқа бай-
ланысты («8-сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын топтық
жұмыстың нәтижелілігін арттыру арқылы өсіру») өзгертулер енгізеді.
8
www
.kazmektep.kz
Мұғалімдер оқушыларды бақылауда олардың мынандай әрекеттерінің
сапасы мен деңгейін қарастыруы мүмкін: басқа оқушылардың пікірлерімен
санасуы, өзіндік пікірлер келтіруі, сұрақтар қоюы, сұрақтарға жауап беруі,
топтағы рөлін орындауы, басқа оқушыларға жәрдемдесуі, топ жұмысына
қосқан үлесі, өзін және өзге топ мүшелерін бағалауы, кері байланыс беру
және
қабылдау деңгейі, т.б.
Енді сабақты зерттеу («Lesson Study») тобының әр мүшесі өздері
бақылауға алатын бір оқушыны таңдап алады. Әдетте мұндайда бүкіл
сыныптағы оқушыны жалпылама қамту үшін 3 деңгейдегі оқушыларды
таңдайды: озат оқушы (оны шартты түрде «А деңгейіндегі оқушы» деп
атайық), екпінді оқушы («В деңгейіндегі оқушы»), орташа немесе нашар
оқитын оқушы («С деңгейіндегі оқушы»).
Осылайша әр мұғалім бір оқушыны бақылау арқылы (мұғалімді емес)
бүкіл сыныптың қалай жұмыс жасағанын, оқығанын, сабақтың жақсы
жақтары мен жақсартуды қажет ететін тұстарын айқындап алады. Мұнда
мақсат біреу: қайткенде тәжірибемізді (практикамызды) жақсарта аламыз?!
5. Оқушылардан сабаққа дейін сұхбат алу.
Сейсенбі күні сабақты зерттеу («Lesson Study») тобының мүшелері
таңдап алған оқушылардан сұхбат алып, оны парақтарына жазып ала-
ды. Оқушыларға олардың пікірі сабаққа өзгерістер енгізу үшін қажет
екендігі және де олардың құпия болатындығы туралы айтылады. Сұхбатты
оқушының рұқсатымен таспаға түсіріп немесе диктофонға жазып алса да
болады. Оның ұзақтығы 5–10 минуттай болғаны дұрыс.
6. Сабақты зерттеу («Lesson Study») тобының №2 отырысы.
Ендігі мақсат, оқушылардан алған сұхбат негізінде сабақ жоспарына
тағы да өзгертулер енгізу. Талқылау барысында оқушылардың мүдделері
мен қалаулары, ескертпелері мен ұсыныстары ескеріліп, толықтырылған
жоспарды ертең ол кісі сабақта қолданады.
7. «Lesson Study» сабағы.
Сәрсенбі күні мұғалім сабақты СЖ-3 бойынша жүргізеді, ал «Lesson
Study» тобының басқа мүшелері өз оқушыларының, ол отырған топтың
қалай оқып-үйреніп жатқанын бақылайды, оны бақылау кестесіне түсіреді.
Сабақ барысында бақылаушы мұғалім бір орында отырмай, сыныпты ара-
лап, қажет болған жағдайда оқушылармен әңгімелесуі де ықтимал. Ол,
мысалы, топ жұмысының сапасын айқындау, оның тиімділігін анықтау
мақсатында оқушыларға (тек өзінің оқушысына емес, басқаларға да) мынан-
дай сұрақтар қоюы ықтимал: «Сіздер қазір не істеп жатырсыздар? Не үшін?
Оның мақсаты қандай? Оны қалай жасайсыздар? Неліктен олай? Рөлдер мен
міндеттерді қалай бөліп алдыңыздар? Сіздерге қандай тапсырма берілді?
Тапсырма қызық па? Түсінікті ме? Қиын ба? Құнды ма? Бір-біріңізбен тіл
табысып жатырсыздар ма? Сіздің ортақ жұмысқа қосқан үлесіңіз қандай?
Бұл жұмыстың нәтижесі қандай болады? Сіздер дұрыс жасап жатырсыздар
ма? Сіздерге қандай көмек керек?».
Бақылаушылар басты назарын өздеріне бөлінген оқушы мен соның то-
бына салады. Алайда бұл олардың бүкіл сыныпты, басқа балаларды наза-
рынан тыс қалдырады деген сөз емес. Егер сабақты жақсарту үшін олар-
ды да бақылаудың қажеті болса, онда көз қиығын бүкіл сынып пен басқа
оқушыларға, топтарға салу қажет. Мұнда тек сабақ өткізіп жатқан мұғалімді
ғана қадағаламаған дұрыс.
8. Оқушылардан сабақтан кейін сұхбат алу. Сабақ аяқталысымен іле-
шала «Lesson Study» тобының бақылаушы мұғалімдері өз оқушыларынан
сұхбат алады. Ол үшін балалармен оңаша жерде әңгімелескен жөн: ешкім