көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық
үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс ауқыты аяқталғаннан кейін,
демалыс және мейрам күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті
қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге
асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде
мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімі;
3) ұйымның ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен
жасасқан екiжақты және көпжақты келiсiмдерiнің көшірмелері;
4) жалпы жиналыстың сыйақы мөлшеріне қатысты шешімі;
5) жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу талаптарына қатысты
шешімі;
6) жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу тәсіліне қатысты шешімі;
7) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері құқық иеленушілерінің
көрсетілетін қызметті алушыға қатысты пікірлері;
8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер
нысаны.
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында
сұрау салу;
2) электрондық құжат нысанында аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімінің
электрондық көшірмесі;
3) электрондық құжат нысанында ұйымның ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды
басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасқан екiжақты және көпжақты келiсiмдерiнің
көшірмелерінің электрондық көшірмесі;
4) электрондық құжат нысанында жалпы жиналыстың сыйақы мөлшеріне қатысты шешімінің
электрондық көшірмесі;
5) электрондық құжат нысанында жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық шарт
жасасу талаптарына қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;
6) электрондық құжат нысанында жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу
тәсіліне қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;
7) құжаттың электрондық көшірмелері нысанында авторлық құқық және сабақтас
құқықтар объектілері құқық иеленушілерінің көрсетілетін қызметті алушыға қатысты
пікірлерінің электрондық көшірмесі;
8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер
нысаны.
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін
қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал немесе уәкілетті
адамдардың электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында
мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше
көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының
жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды
талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе почта байланысы арқылы) – қағаз
тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын
қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде
тіркеу туралы белгі болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік
қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Қазақстан Републикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті
көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген
құжаттардың толық тізбесінің ұсынылмауы;
2) ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің толық еместігі болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген
мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы,
Орынбор көшесі, № 8 үй, 13-кіреберіс, № 925 қабинет мекенжайы бойынша Министрлік
басшысының атына беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе
Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті
берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдап
алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны
көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын
растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті
шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына
жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе
Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде
қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы
көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе
Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-
орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы шағым жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке
кабинетінен» жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің
өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас
тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен
келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі
уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және
бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап
он бес жұмыс күні ішінде қаралады.