«Авторлық
құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________
тел: ________________________
_____________________________
(паспорттық деректер)
Автор(лар)дың авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды тіркеуге
ӨТІНІШІ
Мен (Біз)______________________________________________________
(автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты)
ЖСН ___________________
______________________________________________________________жасаған
(объектінің жасалған күні, айы, жылы)
_________________________________________________________деп аталатын
жарияланбаған________________________________________________________
(авторлық құқық объектісінің түрі)
жалғыз авторы (авторлары) болып табылатынымды (табылатынымызды) растаймын (растаймыз)
және осы авторлық құқық объектісін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді
өтінемін (өтінеміз).
Осымен осы объектіге айрықша мүліктік құқықтардың жалғыз иеленушісі (иеленушілері)
__________________________________ болып табылатынды (құқық
иеленушінің атауы)
(табылатынды) және объектіні жасаған кезде басқа тұлғалардың құқықтары бұзылмағанын да
растаймын (растаймыз).
Туындыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеу фактісінің заңды
мағынасы мен тіркеу шарттары маған (бізге) түсіндірілді.
20____ж. «____» __________ ________________
(автор(лар)дың қолы)
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 250 бұйрығына
2-қосымша
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен
(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы, www.elicense.kz арқылы жүзеге
асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік қызметті берушіге құжаттарды
тапсырған
мерзімнен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген жағдайды – күнтізбелік 30 (отыз)
күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 10 (он)
минут;
3) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған)
және (немесе) қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы
куәлiк немесе қағаз тасығышта берілетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден
бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің
уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық
құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің «жеке кабинетіне» жолданады және
сақталады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті алушы қағаз түрінде
жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда рәсімделеді,
шығарылады және көрсетілетін қызмет беруші уәкілетті тұлғаның мөрімен және қолымен
куәландырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін
қызметті алушы).
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына
сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден
бастап жұманы қоса алғанда,
сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетелетін қызмет нәтижесін беру сағат
13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік көрстеілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет