5-бап. Еңбек саласындағы құқықтардың шектелуiне
жол бермеу
Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
көзделген жағдайлар мен тәртiптен басқа, ешкiмнiң де еңбек саласындағы
құқықтарына шек қойылмайды.
6-бап. Еңбек бостандығы
Әркiмнiң де еңбектi еркiн таңдауға немесе еңбекке қандай да болмасын
кемсiтушiлiксiз және мәжбүрлеусiз еркiн келiсуге құқығы, өзiнiң еңбекке
қабiлеттiлiгiне иелiк етуге, кәсiп және қызмет түрiн таңдауға құқығы бар.
7-бап. Еңбек саласындағы кемсiтушiлiкке тыйым салу
1. Әркiмнiң де еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандығын iске
асыруға тең мүмкiндiктерi бар.
2. Ешкiмдi де өзiнiң еңбек құқықтарын iске асыру кезiнде жынысына,
жасына, дене кемiстiктерiне, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, мүлiктiк, әлеуметтiк
және лауазымдық жағдайына, тұратын жерiне, дiнге көзқарасына, саяси сенiмiне,
руға немесе текке-топқа, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына байланысты
ешқандай кемсiтуге болмайды.
3. Еңбектiң осы түрiне тән талаптармен айқындалатын не әлеуметтiк және
құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнiнде мемлекеттiң ерекше
қамқорлығынан туындаған өзгешелiктер, ерекшелiктер, артықшылықтар мен
шектеулер кемсiтушiлiк болып табылмайды.
4. Еңбек саласында кемсiтушiлiкке ұшырадым деп есептейтiн адамдар
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа немесе өзге
де орындарға жүгiнуге құқылы.
8-бап. Мәжбүрлi еңбекке тыйым салу
Мәжбүрлi еңбекке тыйым салынған.
Мәжбүрлi еңбек, мынадай жұмыстарды:
жұмыс мемлекеттiк органдардың қадағалауымен және бақылауымен
жүргiзiлетiн және жұмысты орындайтын адам жеке және (немесе) заңды
тұлғалардың билiгiне берiлмейтiн немесе тапсырылмайтын жағдайда қандай да бiр
адамнан соттың заңды күшiне енген үкiмiне байланысты талап етiлетiн;
төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында талап етiлетiн жұмыстарды
қоспағанда, қандай да бiр адамнан қандай да бiр жаза қолдану қаупiмен талап
етiлетiн, оны орындау үшiн бұл адам ерiктi түрде өз қызметiн ұсынбаған кез-
келген жұмысты немесе қызметтi бiлдiредi.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2009.04.29.
N 154-IV
Заңымен.
9-бап. Осы Кодекстiң қолданылу аясы
1. Осы Кодекс:
1) еңбек;
2) еңбек қатынастарына тiкелей байланысты;
3) әлеуметтiк әрiптестiк;
4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қатынастарды
реттейдi.