Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет37/40
Дата14.05.2018
өлшемі1,12 Mb.
#12817
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

74

Педагог балаларды натюрморт жасау үшін не керектігі туралы 

ойлануға шақырады. Жұмысқа дайындықты тексереді. 

(ұ) саусақтарға арналған 

«Орамжапырақ» жаттығуы.

Бұл қандай сықырлаған үн? (саусақтарды өзара айқастыра бекітіп, 



білезікті айналдыру.)

Бұл қандай қытырлаған үн? (саусақтарды өзара айқастыра бекітіп, 



алақандарды бір­біріне соққылау)

Мынау қандай түп? (қолдың саусақтарын тарбитып, алақанды алға 



созу.)

Сықырламасам, қытырламасам,

Мен қалай орамжапырақ боламын! (саусақтарды айқастырып, доп 

ұстап тұрғандай домалақтау.)

Біз орамжапырақты тураймыз, (қол саусақтары қосылған, біресе 



төмен, біресе жоғары кесіп жатқандай қозғалыстар жасау.)

Біз сәбізді үккіштен өткіземіз (қолдарды жұдырыққа жұмып, кір 



жуғандай етіп, бір­біріне ысқылаймыз.)

Біз орамжапырақты тұздаймыз (екі қолдың саусақтарымен тұздап 



жатқандай қимылдар жасау.)

Біз орамжапырақты сығамыз! (қолдарды жұмып ашу).

(ұ) Аппликацияны орындау технологиясы.

Үшбұрыш пішінді ақ қағазды қиямыз немесе жыртамыз – бұл 

дастарқан болады. Дастарқанның жиегінде шашақтар қиямыз.

Екіге бүктелген түрлі түсті қағаздан натюрморт үшін барлық 

симметриялық заттарды қиып аламыз. 

Натюрмортқа арналған барлық заттарды дастарқан үстіне 

орналастырамыз. 

Натюрморт затына көлеңкелер жасаймыз. Түрлі түсті қағаздан жырту 

арқылы кішкентай түйірлер жыртып, жапсырамыз. 

Қарындаш пен фломастердің көмегімен қажетті элементтерді толық 

саламыз. 

(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережесі.

ҰОҚ шеңберінде педагог баланың ірі бөлшектерді қайшының кең 

ашылған ашаларымен, ал ұсақ бөлшектерді ұсақ, мұқият қимылдармен 

қиюға болатынын біле отырып, қайшы ұстаған қолының шынтағын 

алға қарай созбауын, екі қолының қимылдарын қадағалауын 

бақылайды.

Музыкалық сүйемелдеу.

Түрлі түсті қағаз, 

қарапайым қарындаштар, 

қайшы, ПВА желімі 

(немесе желім-

қарындаш), желімге 

арналған жаққыш, сулық 

клеенкалар. 

Жадынама. 



IV. ұОқ 

қорытындылау. 

Рефлексия.

26–30 минут



(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау:

Педагог ҰОҚ-ін қорытындылайды. Бүгін барлығы қолынан 

келгендерге қол соғуды, одан кейін қиындыққа тап болғандарға қол 

соғуды ұсынады.



«Бағдаршам»

Балалар карточкалармен белгі береді:

• жасыл – осындай тапсырмалардың көп болуын қалаймын, барлығын  

  орындадым;

• сары – ұнады, бірақ барлығын ойдағыдай орындай алмадым;

• қызыл – бұл іс ұнамады, зеріктім.

Белгілік карточкалар: 

жасыл, сары, қызыл.



29-ұОқ. ЖАттығу 

ЖАсАЙмыз

(сюжеттік аппликация)



мектеп/мұ:

Күні: 

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны: 

қатыспағандардың саны:

ұОқ-нің 

оқыту 

мақсаттары

0.1.2.1. Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік 

қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып 

оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру. 

0.2.1.2. Симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін салынған немесе қиялдағы контур бойынша сұлбаларды 

қию.


0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық 

пішіндерді қиып алу.

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.



75

Күтілетін 

нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-сюжеттік жапсырма жасай алады;

-заттарды қағаз бетіне орната алады.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-салынған немесе ойдағы контур бойынша сұлбаларды қия алады; 

-түпкі ойды сақтап, өз әрекетін жоспарлай алады және жұмысын соңына дейін жеткізе алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

-композиция заңдарын қолдана алады.



тілдік 

мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-кейіпкерлердің қарым-қатынастарын еске түсіру және сипаттау; 

-сөзбен түсіндіру арқылы композицияны нақтылау; 

-жұмыстың тәсілі мен реттілігін айту; 

-сұрақтар арқылы заттың құрылымдық ерекшеліктерін нақтылау; 

-түстердің және пропорциялық қатынастардың ерекшеліктерін сөзбен сипаттау; 

-тақырыпқа қызығушылық туғызатын әдеби көркем сөзді тыңдау; 

-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.



Көптілділік: жаттығу жасау – зарядка – charging.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-адамның мүсіні, сюжеттік жапсыру, қағазды бүктеу, пішін бойынша қию.



талқылауға арналған сұрақтар:

Жаттығуды не үшін жасау керек?

Адамның мүсінін қалай қиюға болады?

Адамның қандай дене мүшелері бар?

Фигураны симметриялы қию үшін қағазды қалай бүктеу керек?

Алдыңғы 

білім

Салауатты өмір салты туралы валеологиялық түсінік. Екіге және қатпарлап бүктелген қағаздан әртүрлі 

суреттер қию білігі. Бүтін композиция жасау, қағаз бетін толтыру, заттарды бір сызық бойымен және бір 

жолақ бойымен (жоғары, төмен, 2-3 жоспарлы) орналастыру бойынша қарапайым дағдылар. 



Жоспар

Жоспарлан-

ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет 

Ресурстар

I. Оң көңіл 

күй орнату.

0–1 минут



(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй туғызу.

Таңертең тәтті ұйықтап жатқанда, 

Радиодан жаттығу басталады,

Демек, оянатын кез келді. 

Тік тұрамын, 

аяқтарды алшақ қоямын,

қолымды жоғары көтеріп,

жаттығуға қосыламын. 

Үйде тым-тырыс тыныштық,

Тыныштықты мен бұзамын.

Бір, екі, үш, төрт, бес – 

Дауыс шығарып есептеймін. 

Жан-жағыма қарайлап, 

Анамды, әкемді шақырамын.

Дауыстап бәріміз бірге 

Жаттығуға кірісеміз. 

Таңертең күнді жаттығудан бастасаң –

Күні бойы сергек жүресің. 

Денің де сау, тәнің де сұлу

Мәз-мейрам боп күлесің.



                      (Е. Яхницкая)

Музыкалық сүйемелдеу. 



II. өмірлік 

тәжірибені 

өзектендіру. 

мақсат қою 

2–5 минут



(ұ) Тәрбиеленушілер өзінің күнін неден бастайтыны туралы бөліседі. Жұмыс 

үстеліндегі құралдарды тексеру. 

– Жұмысқа қажетті заттар – желім, қайшы, сулық  клеенка үстелде болуын 

тексереміз. 

Қайшыны, желімді дұрыс пайдалану ережесін еске түсіру және айтып беру 

ұсынылады. Сулық пен клеенка не үшін керек?

Балалардың суреті.



жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау