Ғылыми-техникалық мәтін кәсіби саладағы қарым-қатынас жасаудың негізі



жүктеу 225,33 Kb.
Pdf просмотр
Дата29.12.2019
өлшемі225,33 Kb.
#25401


Ғылыми-техникалық  мәтін  кәсіби  саладағы  қарым-қатынас  жасаудың  негізі 

ретінде//Материалы международной научно-практической конференции «Инновации в 

образовании  и  науке»  (14  октября  2016  г.).  –  Т.1.  –  Каскелен:  Университет  им. 

С.Демиреля, 2016. – С. 577-581. 



 

 

 

  

УДК 811.161 



 

Ажиев К. О.   

ф.ғ.к., аға оқытушы,  Алматы энергетика және байланыс университеті

Алматы, Қазақстан 

e-mail: azhievk@mail.ru 

 

ҒЫЛЫМИ -ТЕХНИКАЛЫҚ МӘТІН КӘСІБИ САЛАДАҒЫ ҚАРЫМ - 

ҚАТЫНАС ЖАСАУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ  

 

The  article  discusses  scientific  (technical)  texts  as  the  basis  of  communication  in  the 



professional sphere. The process of learning second (Kazakh) language for Russian-speaking 

students  in  technical  universities  focuses  primarily  on  understanding  and  comprehension  of 

the  Kazakh  text  in  field  of  their  study.   In  that  case,  an  instructor  who  teaches  Kazakh 

language,  acts  as  an  intermediary  between  the  author  of  the  technical  text,  and  students.  So 

that,  it  is  necessary  to  expand  the  system  including  such  components  as  the  authors  of 

technical texts and recipients, and study technical texts in the frame of the following structure: 

"the authors of technical texts - language instructors (mediators) - recipients". 

 

Key words: text, technical text, study technical text, recipient, communication. 



 

Қазіргі  кезде  мәтінтанушылар  көркем  мәтінді,  көркем  мәтіндердегі  тілдік 

бірліктерді  авторлық  стильдік  мақсаттарға  орай  шебер  қолдану  тұрғысынан 

қарастырып  келеді.  Бұл  мәселелер  тек  мәтіннің  көркем  мәтін  түріне  қатысты 

зерттеулер.  Ал  ғылыми  мәтін  мен  оның  негізгі  ұғымдары,  өзіне  тән  ерекшеліктері 

туралы  мәселелерді  зерттеу  кейінгі  жылдары  ғана  қолға  алына  бастады.  Осы  орайда 

С.Қоянбекованың  мақаласын  еске  алған  лазым.  Зерттеуші  ғылыми  мәтінге  тән  кейбір 

тұстарды,  ғылыми  тілмен  сөйлеудегі  тілдік  құралдардың  қолданылу  ерекшеліктерін 

жалпылама тұрғыдан баяндайды [1].  

Егер  мәтіннің  көптүрлілігі  мен  көпқырлылығын  ескерсек,  ғылыми  мәтін  де  өз 

кезегінде  барлық  мәтін  типтеріне  қолданылатын  жалпы  заңдылықтардан  тыс 

болмауымен  қатар,  өзіндік  мағыналық  сипатымен  де,  сондай-ақ  баяндау  тәсілдерімен 

де ерекшеленетінін ұмытпаған жөн. Ғылыми тіл құрылымын анықтап, ғылыми мәтіннің 

синтаксисін  қарастыруда  ғалым  С.Әлісжановтың  еңбегі  ерекше  орын  алады. 

С.Әлісжанов «Ғылыми прозаның синтаксисі» атты монографиясында «Кез-келген мәтін 

белгілі бір мақсатты көздейтін, белгілі бір адресатқа арналған ақпардан тұрады. Мәтін 

тіл  жүйесі  ішінен  синтаксистің    ең  жоғарғы  бірлігі  ретінде  орын  алады  және 

мағыналық,  коммуникативті,  номинативті,  структуралы  сипаттарымен  түсіндіріледі» 

[2, 32], - деп санайды. 

Профессор А.Қ. Жұбанов қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік мәтіндердің абзацтарға 

тән  функционалды-мағыналық  топтарының  статистикалық  ерекшеліктерін  анықтаса, 

Ж.  Есинбаева  ғылыми-көпшiлiк  стильдегі  мәтіндерге  дискурстық,  тiлдiк-стильдiк 

талдау жасау ерекшеліктерін қарастырады.  

Н.  Уәли  «Қазақ  сөз  мәдениетінің  теориялық  негіздері»    атты  докторлық 

диссертациясында  ғылыми  мәтіннің  мазмұндық  ұйымдасуын  құрайтын  тілдік-

коммуникативтік белгілерді «Ғылым тілін дамытуға байланысты мынадай мәселелерді 

айта кеткен жөн. Ол ғылыми ойлау, оның қыр-сырын анықтау және ғылым саласында 



тілді  қолдану  мәдениетін  жетілдіру  мәселелері.  Ғылыми  мәтін  мамандандырылған 

ақпарат беру, қабылдау жағынан коммуникацияның өзге түрінен ерекше. Ғылыми тілге 

тән мынадай белгілер болады: ғылыми мәтінде сөз желісі логикалық жүйеге бағынады, 

өзара  бірімен  бірі  байланысты  арнаулы  ақпараттар  баяндалады,  сөз  сипаттау  түрінде 

болып, дәлдікке ерекше мән беріледі»  [3, 36], - деп анықтаған.  

Р.Ә. Шаханова  «Техникалық жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ 

тілін  мамандыққа  қатысты  оқытудың  ғылыми-әдістемелік  негіздері»  атты  докторлық 

диссертациясында  ғылыми-техникалық  мәтінді  оқытудың  әдістемелік  мәселелерін 

қарастырған. 

А.И.  Тілембекова  ғылыми-техникалық  мәтіндердің  лингвопрагматикалық 

құрылымын  айқындауға  үлесін  қосты.  Алайда  ғылыми  мәтіннің  барлық  ауқымды 

жақтарын  тануда,  негізгі  ұғымдары  мен  өзіне  тән  ерекшеліктерін  түсінуде, 

коммуникативтік  құрылымын  айқындауда  бұл  еңбектердің  аздық  етері  сөзсіз. 

Сондықтан  ғылыми  мәтіндердің  құрылымын,  өзіне  тән  ерекшеліктерін,  әдеби  тілге 

қызмет  етуін  зерттеу  тілші-ғалымдарға  жүктелген  алдағы  уақыттың  үлкен  еншісі  деп 

түсінеміз. 

Сонымен,  қазақ  техникалық  мәтіні  аударылу  мәселелері  тұрғысынан  біршама 

қарастырылғанын  айта  кету  керек.    Бұл  жерде  Ж.Жақыповтың,  Ә.Тарақтың, 

Б.М.Саякова  мен  К.Х.Жұбанованың  еңбектерін  атап  айтуға  болады.    Аталған  

қазақстандық  лингвистердің  көп  қарастырғаны  техникалық  мәтінді  қазақ  тіліне  орыс 

тілінен аударудың қиындықтары және ерекшеліктері. Мұны заңды мәселе деп ойлауға 

болады.  Өйткені  өткен  ғасырдың  соңына  дейін  техникалық  оқу  орындарында  барлық 

мамандықтарға мамандарды орыс тілі арқылы оқытты. Қазақ тілінде оқитын топтардың 

қабылдануына  байланысты  қазақ  тіліндегі  оқу-техникалық  әдебиеттер  дүниеге  келе 

бастады.  Олар  негізінен  аударма  әдебиеттер  болды.  Соған байланысты  қазақ тіліндегі 

оқу-техникалық  әдебиеттердің  құрылымы  өте  күрделі  болып  келеді.  Осыған 

байланысты  қазақ  тілді  оқу–техникалық  әдебиеттер  өзінің  қалыптасу  кезеңін  бастан 

өткізіп  жатыр,  деп  айтқан  дұрыс  шығар.  Сол  себепті  қазақ  тіліндегі  оқу-  техникалық 

мәтіндер  арқылы  оқытудың  тиімді  жолдарын  іздестіру  өзекті  мәселе.  Қазақ  тіліндегі 

оқу-техникалық  мәтіндер  арқылы  оқытудың  мақсаттарына  сәйкес  техникалық  мәтінді 

таңдап алу, бейімдеу сияқты жұмыстарды жүргізу қажет. Мұндай жұмыстарды жүргізу 

барысында А.Н. Латышева ұсынған  

- тілдің табиғилығы–жасандылығы; 

- коммуникативтік тұрғыдан дұрыстығы; 

- мәтіннің референциалды байланысы

- оқушылардың танымдық шеңберін есепке алу

- оқу – коммуникативті жағдаятты моделдеу мүмкіндігі; 

-  оқыту  міндеттеріне  оқыту  стилінің  сәйкестігі  сияқты  өлшемдерді  есепке  алып 

отыру қажет. 

Оқу–техникалық  мәтінді  қалыптастыру  барысында  оның  коммуникативтік 

сипатын  да  есепке  алу  қажет.  Яғни,  кез  келген  мәтін  қабылдаушы  оқырманға  немесе 

«реципиентке»  арналған.  Осыған  орай  С.Әлісжанов  «Ғылыми  мәтін  де  өз 

қабылдаушысын  (адресатын)  тапқанда  ғана  жұртшылықпен  (социум)  қабылданады. 

Сөйтіп қана ғылыми мәтін өзінің зерттеу  сипаты жағынан генетикалық  байланыстағы 

көптеген  тұтас  мәтіндермен  қоян-қолтық  араласады,  солармен  бір  мәнмәтінге 

(контекске) енеді, соның бір элементі ретінде қалыптасады» [2, 32], - деп пайымдайды. 

Демек,  адресат  факторы  ғылыми  мәтіндерді  талдауда  есепке  алынуы  керек,  бұл 

ғылыми  мәтіннің  коммуникативтілігі  тұрғысынан  басқа  мәтін  типтерінен 

өзгешеленетінін  көрсетеді.  Бәрімізге  белгілі,  ғылыми  шығарма  авторы  өзінің  алдына 

оқырмандарды 

өз 

тарапынан 



ұсынылатын 

тұжырымдарға, 

қағидаларға, 

түсініктемелерге  сендіруді,  соған  көзін  жеткізуді  мақсат  етіп  қояды,  осыған  орай  бұл 

типтес  мәтіндерде  арнайы  амал-тәсілдер  қолданылады.  Мұндай  амал-тәсілдер  өз 



кезегінде  қарым-қатынас  актілеріне  айналып,  оқырмандарды  мәтіндегі  ғылыми 

ақпараттардың  мазмұнын  дұрыс  түсінуге  мүмкіндік  тудырады.  Демек,  мазмұнының 

шынайылығы ғылыми мәтін үшін басты нәрсе болса, оны жасайтын, мазмұнның көріну 

дәрежесін беретін лингвистикалық жолдарды айқындау да соншалықты қажет. 

Сөз актісінде екі сана – адресанттың және адресаттың санасы жұмыс істейді. Осы 

екі сананың мүмкіндігінше бір-біріне сәйкес келуі коммуникацияның сәтті болуына оң 

әсерін тигізеді. 

Адресат сипаты арқылы біз ғылыми туындының мамандарға ғана арналғандығын, 

не  болмаса  білім  алушы  аудиторияға  арналғандығын  біле  аламыз.  Таза  ғылыми 

мәтіндерде  адресат  факторы  «маман-маман»  деген  формулаға  сай  жүргізіледі, 

адресаттың  білім  деңгейлері  шамалас  болады,  екеуіне  де  ортақ  білім  қоры  болады. 

Сонда  мамандар  үшін  ғана    жазылған  туындыда  түсініксіз  терминдер  молынан 

қолданылатын  болса,  білім  алушыларға  арналған  оқу  мәтінінде  терминдер  кездескен 

жағдайда,  оны  суреттеу  жолымен,  белгілі  тіркестермен  кеңінен  түсіндіріп  беріп 

отырады. 

Біздің  жағдайда  реципиент  –  ол  техникалық  жоғары  оқу  орнының  студенті, 

болашақ  инженер.  Кәсіби  бағытталған  оқыту  мақсатында  біз,  екінші  тілдің 

оқытушылары студенттерге оқу мәтіндерін ұсынуға тиіспіз. Осы оқу мәтіндері арқылы 

студенттер  бір  жағынан    кәсіби  біліктіліктерін  шыңдаса,  екінші  жағынан  екінші  тілге 

байланысты  білімдерін  жетілдіреді.  Бұл  біздің    негізгі  миссиямыз.  Оқытушы  – 

тілтанушы  бұл  жерде  түпнұсқа  техникалық  мәтіннің  авторымен  (мамандықтың  қазақ 

тіліндегі  оқулығы)  және  орыс  тілді  студентпен  (басқа  пәндердің  барлығын  орыс  тілі 

арқылы  оқитын)  арадағы  делдал  болып  табылады.  Басқа  сөзбен  айтқанда  орыс  тілді 

студенттің  қазақ  тіліндегі  арнайы  мәтінді  толық  игеруі  –  бұл  қазақ  тілін  оқытудың 

екінші тілі ретінде жақсы меңгеруіне алып келетін жол. 

Осы жерде аздаған шегініс жасағым келеді. Мәтінді талдаудан бұрын оқушының  

қабылдаушы  субьект,  яғни  реципиент  ретінде  кім  екендігін  анықтап  алған  дұрыс 

сияқты. Ол ұсынған мәтінді қабылдауға дайын ба? 

Мысалы:  біздің  тәжірибемізде  болашақ  филологтардың  арасында,  «Мамандыққа 

кіріспе»  пәнінің    алғашқы  сабақтарында  эксперимент    жүргізетінбіз.  Студенттердің  

кубты елестетіп, оны екі бөлікке бөлуін  сұрайтынбыз. Бұл тапсырманы олар жазбаша 

орындайды.  Әдетте  олардың  жауаптары  әртүрлі  болып  шығады.  Біреулері  «бұл 

ағаштан жасалған куб.  Ол қызыл түсті. Оны кескенде  ағаш үгіндісі жерге шашылып, 

жаңа түскен ағаш үгіндісінің иісі  мұрынға келді т.с.с., деп үдерісті әдемілеп сипаттап 

береді.   (Бұлар образды ойлау қабілеті жетілгендер). Екіншілерінің көз алдына тек қана 

геометриялық фигура келеді. Тіпті оны сызба түрінде сызып көрсетіп, бар назарын тек 

үдерістің  нәтижесіне  ғана  аударады  да  екі  параллелограмның  пайда  болғанын 

баяндайды  т.с.с.  бұлай  ойлау  нақты  ғылымға  икемі  барларға  тән  қасиет.    Осы 

экспериментті  техникалық  ЖОО  студенттеріне  жүргізгенде  олардың  көпшілігі  екінші 

топқа  жататындығы  анықталды.  Бұл  шегініс  не  үшін  жасалды?  Техникалық  ЖОО 

студенттерін  ең  алдымен  техникалық  мәтінді  қабылдауға  үйрету  қажет.  Ең  алдымен 

оларға  техникалық  мәтіннің  тілдік  ерекшеліктерін  түсіндіру  арқылы  техникалық 

ойлауды қалыптастыру қажет. 

Ғылыми-техникалық  мәтінді  белгілі  бір  техникалық  саланың  маманы  жасайды. 

Ондай  мәтін  түрлі  мәселелерге  арналады  және  ғылыми  танымның  түрлі  деңгейінде 

көрініс табады. Ол тілдік жүйенің белгілі бір лексикалық және лексика-грамматикалық 

бірліктерінің  жиынтығы.  Ол  білім  алушы  үшін  жазылады,  сондықтан  болашақ 

маманның нәтижелі білім алуы - оның негізгі мақсаты. Мәтін үзіктерінің синтаксистік 

жағынан  ұйымдасуы  оның  коммуникативтік  мақсат-мүддесіне  астарлас  келіп, 

семантикалық-синтаксистік  ұйымдасқан  тұтас  мәтін  ретінде  көрінуіне  қызмет 

атқарады. 



Ресей зерттеушісі Г.М.Петрова [4] техникалық мәтіннің, оның ішінде инженерлік-

техникалық  мәтіннің  жіктелуін  лингво–әдістемелік  мәселе  тұрғысынан  қарастырады. 

Зерттеуші инженерлік-техникалық мәтінді үш түрге бөлуді ұсынады:  

-  ұсыныс- мәтін (текст-представление); 

-  нұсқаулық-мәтін (текст-инструкция); 

-  есеп-мәтін (текст-рассчет). 



Ұсыныс-мәтінде  автор  белгілі  бір  құрал-жабдықты  сипаттау  арқылы  әртүрлі 

ұсыныстар жасауы мүмкін.  



Нұсқаулық-мәтінде  белгілі  бір  құралды  пайдаланудың  жолдары  мен  әдістері 

жайлы мәлімет береді.   



Есеп-мәтінде белгілі бір тезисті дәлелдеуге арналған есеп беріледі.   

Техникалық  оқу  мәтіндерін  іріктеп  жасау  үдерісінде  аталмыш  үш  түрді 

басшылыққа алған тиімді деп санаймыз.   

Қорыта  келгенде,  ғылыми-техникалық  мәтін  мазмұнының  негізі  –  білім  алушы 

сезіміне емес, миға әсер ету және де ақпаратты нақты объект бейнесінде жеткізу. Бұған 

қарап  техникалық  мәтіннің  ғылыми  қарым-қатынас  аясындағы  негізгі  тілдік  өнім 

екенін көреміз. Техникалық мәтінді тек автор туғызбайды, мәтін автор мен адресаттың 

тілдік  ойлауының  өзара  әрекеті.  Сондықтан  да,  кез-келген  мәтін  коммуникацияның 

нәтижесі, әрі коммуникациялық бірлік болып табылады. «Автор – реципиент» жүйесін 

кеңейтіп «автор – тіл үйретуші – тіл үйренуші» тұрғысынан қарастыру қажет. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1  Қоянбекова  С.  Ғылыми  стиль  мәселелері  //Қазақ  тілі  мен  әдебиеті.  -  №7.  -2005.  -  Б. 

36-40. 

2  Әлісжанов С. Ғылыми прозаның синтаксисі. – Алматы: Арыс, 2007. - 304 б. 



3  Уәли  Н.  Қазақ  сөз  мәдениетінің  теориялық  негіздері:  филол.  ғыл.  д-ры...  дисс. 

автореф. – Алматы, 2007. - 47 б. 

4  Петрова  Г.М.  Моделирование  технических  текстов  инженерного  профиля  как 

методическая проблема. Автореф. дисс. к.п.н. - М., 2002. - 42 с. 



 

 

 



жүктеу 225,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау