6
«Жолдар бізді қайда бастайды?»
«Салт-дәстүрді білу не үшін керек?»
«Мен үшін не дәмді және пайдалы?»
«Денсаулықты қалай күту керек?»
Аппликация бойынша материалдар мен құрал-жабдық ҰОҚ жүргізудің алғышарты болып табылады:
-қағаз (ақ, түрлі түсті, жұқа және тығыз қатырғықағаз, қатпарланған қағаз, газет-журнал және т.б.);
-қайшы (ұзындығы шамамен 120 мм);
-желімге арналған жаққыш қылқалам (жалпақ тегіс қылқалам – флейцтер, жіңішке қылқалам);
-жаққышты қоюға арналған ыдыс;
-желім (ПВА, клейстер, қарындаш-желім);
-қиындыларға арналған ыдыстар және жайпақ қораптар;
-желім жағуға арналған клеенка-төсеніш;
-сулық;
-интерактивті жабдық;
-цифрлы фотоаппарат;
-картиналардың репродукциялары;
-тақырыптар бойынша көрнекі материал;
-тақырыптар бойынша бейнематериалдар жиынтығы.
Әліппе-альбоммен жұмыс жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері мен міндеттері
Әліппе-альбомның материалында болашақ бірінші сынып оқушыларына білім беруді мақсат етуден гөрі
әзірленген шығармашылық тапсырмалар арқылы белсенділікті, өз бетімен жұмыс істеуді, шығармашылық
қабілеттерді, танымдық қызығушылықты, коммуникативтік біліктерді дамытуға ден қойылған.
Иллюстративтік материал және оған іріктелген сұрақтар өнер мен адам өмірінің байланысын нығайтуға,
оның және қоғамның күнделікті өміріндегі өнердің маңызын мойындауға, өнердің баланың дамуындағы
маңызын түсінуге тәрбиелейді.
Әліппе-альбомдағы шығармашылық тапсырмалар білімін, біліктері мен дағдыларын жасампаз әрекет
арқылы іске асыруға баланы тәрбиелеуге бағытталады. Әліппе-альбомда шығармашылық әрекетке
арналған сұлбалар, үлгіқалыптар қамтылған қосымшалар (жұмыс парақтары) бар. Алты жастағы баланың
жас ерекшеліктеріне сүйене отырып, әліппе-альбомға әртүрлі жағдайларда әрекет ететін «толассыз ойын
кейіпкерлері» Қуаныш пен Айсұлу енгізілді.
Әліппе-альбоммен жұмыс кезінде тәрбиеленушілер материалдармен, қағаз өңдеу техникасымен және
тәсілдерімен танысады. Қоршаған ортамен танысқан, көркем әдебиетті оқыған, иллюстрацияларды,
суреттерді, халықтық қолданбалы көркемөнер бұйымдарын көрген кезде алатын әсерлерін сұлбалық нысан-
да, бейнелі әрі шығармашылықпен өңдеу, заттарды графикалық бейнелеу кезінде қолданады.
Әліппе-альбомның материалы тәрбиеленушілерге материалды өңдеуге (бүктеу, қию, жапсыру), құрал-
жабдықты (қайшы, желім, жаққыш) пайдалануға байланысты бірқатар еңбек біліктерін меңгеруге мүмкіндік
береді. Балалар күш-жігерін салу арқылы қиындықтарды жеңе отырып, жоспарлы түрде, ыждағаттылықпен
оң нәтижеге қол жеткізуге тырысуды үйренеді.
Техникалық біліктердің жеткіліксіз дәрежеде дамуы қиялға кедергі болады, балалардың бастамашыл-
дығын шектейді, әрекет нәтижесінің сапасын төмендетеді. Ал егер тәрбиеленуші қию, жапсырманы негізге
жапсыру тәсілдерін жақсы меңгерген болса, оның назары нысаны, өлшемі және түсі бойынша әртүрлі ком-
бинацияларды жасауға бағытталады, бұл жаңа, ерекше нәтижелерге әкеледі, жұмысқа деген шығармашылық
көзқарасты ынталандырады. Педагог ҰОҚ ең тиімді оқыту әдістерін қолданған, тапсырмаларды дайын күйде
бермей, балалардан меңгерілген білімі мен біліктерін өсімпаздықпен емес, жасампаздықпен қолдануды та-
лап еткен жағдайда ғана осыған қол жеткізуге болады. Осының барлығы ОӘК-де көрініс тауып отыр.
Балалар эмоциялық жағдайдың, бағдарламалық материалды меңгеру және әрекет ету деңгейін реф-
лексия шеңберінде бағалайды. Балалардың жұмыстарын мазмұны, мәнерлілігі, ерекшелігі тұрғысынан
талқылау шығармашылық қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастырады. Мерзімді көрмелерді ұйымдастыру
балаларға өз жұмыстарын жаңа қырынан көруге, бағалауға және жетістігіне қуануға мүмкіндік береді.
Тәрбиеленушілердің ҰОҚ-де орындаған жұмыстарын туыстарынаға сыйлық ретінде беруге және мектепті
безендіру үшін пайдалануға болады.
Аппликация бойынша мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін мынадай ҰОҚ-нің құрылымы
ұсынылады:
Оң көңіл күй орнату.
ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс: өнімді әрекет.
Қорытындылау рефлексиясы.
7
ҰОҚ-нің бірінші бөлімінің мақсаты оң көңіл күй орнату, ізденіске ынталандыру болып табылады. Пе-
дагог балалардың жаңа білім алуға деген ықыласын оятады, өз әрекетінің маңыздылығын ұғындырады және
өздерінің күш-жігеріне сенім туғызады.
«Өмірлік тәжірибені өзектендіру» («өзектендіру» – балалар үшін мағынаны, маңызын табу) деп атала-
тын 2-бөлімнің шеңберінде таңғалу, қызығушылық туғызуға арналған жағдай, проблемалық жағдай жа-
салады. Тәрбиеленушілер мен педагогтің бірлескен әрекетінің барысында педагогтің жалпы бағыттаушы
басшылығымен тәрбиеленушілердің барынша өз бетімен әрекет етуі арқылы осындай жағдайларды түсінуімен
шешім табуы, сондай-ақ осындай әрекет кезінде балалардың проблемалық міндеттерді шешу жөнінде білім
мен жалпы қағидаларды меңгеруі проблемалық жағдайларды қолданудың негізгі мақсаты болып табылады.
Қойылатын мақсат айқындалады.
ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс әліппе-альбоммен жүргізілетін жұмыстың бастапқы кезеңдерінде
берілетін қысқаша теориялық материалды зерделеуге негізделеді. Жаңа тақырып қарапайым және ұғынықты
етіп түсіндіріледі, түсіндірілген материал көрнекі материалмен бекітіледі. Иллюстрацияларды, суреттерді
және өзге де көрнекі материалды көру бақылағыштықтың, шығармашылық қиялдың дамуына әкеледі.
Жұмысты орындау тәсілдері, кезектілікті белгілеу туралы нақты нұсқауларға назар аударылады.
Педагогтің ынталандыруымен, балалар белсенділікпен қатысуы тиіс, олар сұрақтарға жауап беріп, бұрын
меңгерілген біліктерді естеріне түсіреді.
Аппликация жасау технологиясы мынадай жұмыс кезеңдерінен тұрады:
-аппликация жасау үшін зат, сюжет, ою-өрнек таңдалады;
-эскиз жасалады (қарапайым аппликациялар эскизсіз орындалады);
-материал дайындау, оны таңдау;
-құрал-жабдық, қосалқы материалдар таңдау;
-әртүрлі тәсілдермен бөлшектер мен суреттерді дайындау;
-бөлшектер мен суреттерді фонға орналастыру;
-бөлшектерді негізге жапсыру.
ҰОҚ жүргізген кезде оның жекелеген бөлімдерін оңтайлы байланыстыру маңызды. Практикалық бөлім
тәрбиеленушілер алған теориялық мәліметтердің үйлесімді жалғасы болып, оны бекітуі үшін педагог
ҰОҚ-нің әрқайсысының мазмұны мен барысын ойластыруы тиіс. Практикалық бөлімде тікелей оқытуға
бағытталған тәсілдерді, мысалы, педагогтің тақтаға немесе бөлек параққа қарындашпен не фломастер-
мен салған түсіндірме суретін пайдалануға болады. Ол балаларға бейне жасау үдерісін, аппликация жасау
кезектілігін көрсету болып табылады.
Жұмыстың кезектілігі барлық кезеңдері бейнеленген сызба түрінде тақтада көрсетіледі. Аппликация жа-
сау тәртібі күрделі болмаса, түсіндірме сызбасы тақтадан өшіріледі, ал балалардың назары алдағы жұмыс
барысына – аппликация бөліктерін жасау тәсілдеріне, композицияны ойластыруға және т.б. аударылады.
Тақырыптық қозғалыс үзілістері, саусақтарға арналған жаттығу ойындар жүргізіледі. Қорытындылау рефлек-
сиясы орындалған жұмысты ұғынуға, балалардың әрқайсысының байқағанын, түйген ойларын, түсінгенін
ортақ қорға жинақтауға бағытталады. Оның мақсаты ҰОҚ-де бекітілген нәтижемен шектелмей, мағыналық
тізбек құру, өз жетістіктері мен сәтсіздіктерін өзгелердікімен салыстыру болып табылады.