Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет12/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62

35
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ету  бағдарға  алынады.  2.  Бір  немесе  бірнеше  кәсіби  мамандықты 
меңгергені туралы берілетін анықтама қағаз, құжат. Сонымен қатар 
кәсіби мамандығын жетілдіруге байланысты тағайындалатын катего-
риялар мен разрядтар.
БІЛІМ  (лат.  scientia,  ағылш.  knowledge,  араб.:  علم‎).  Адамдардың 
белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, 
т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының 
бірі  болып  табылады.  Ол  сана,  таным,  объективті  әлем,  субъект, 
ойлау,  логика,  ақиқат,  парасат,  ғылыми  және  т.б.  күрделі  де  терең 
ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім 
философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге 
келген. Мәлім тақырып, немесе сұрақ туралы сенімді таным болса, 
ал ол таным әлдебір мақсатқа пайдалануға жарамды болса, онда оны 
білім деп атаймыз. Ол тәжірибе және ойлау арқылы мәлім іс туралы 
жетік  ұғындырады,  оның  математикалы  және  жүйелі  танылуын 
ғылым, техника, өнер, философия деп атаймыз. Білім зерттеу, күзету, 
тексеру,  ой  тәжірибесінен,  ғылыми  тәжірибеден  өткізу  арқылы 
қалыптасады, реттелу арқылы топтастырылады. Адамның әлденені 
тануы тегі қандай құбылыс екені философияда ең көп талқыланған 
көне  тақырыптардың  бірі,  одан  білімтану  (Theory  of  Knowledge) 
келіп  шықты.  Білімнің  қолданылуынан  айтқанда,  ол  мәлім  топтың 
игілігіне жарайды, сонымен ол топ қалғандарына қарағанда сауатты 
болып шығады. Білімге сүйенген басқару мен орындау істің сапасын 
көтеретіні  анық.  Бұрын  білім  аз  санды  адамның  бәсіресі  құсап 
сезінілген. Қазір жалпыға ортақтастырылды және кез келген адам бі-
лім ала алады, оны пайдаланып жоғары мақсаттарға жете алады. Білім 
сын көзбен қарау арқылы дамиды, бірақ бұл білімге жеккөрінішпен 
қарау болмауға тиіс. Адамзат баласы ақиқатқа талпынады, шынайы 
пайдалы  білімге  талпынады.  Оның  шегі  қайда  апаратыны  белгісіз. 
«Білім - күш» деген сөзді Ф.Бэкон айтқан, бірақ ол адамзатты бақытқа 
бөлейтін жақсы күш пе, әлде сорлататын, құртатын жаман күш пе, 
бұл туралы да талас көп. Қазіргі білімнің беталысы әрі сүйіндірерлік, 
әрі шошытарлық. Қазір адамзат білімнің кемшілігін түзететін «жасыл 


36
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
білімге»  ауысып  бара  жатқаны  байқалады.  Ежелгі  мәдениетте 
білім  адамның  әлеммен  және  қауымдастық  ішіндегі  қатынастарын 
реттейтін аңыздар, салт-дәстүрлік жарлықтар мен нормалар, тыйым 
салулар  пішімінде  болды.  Мұнда  білімді  аруақтар,  рухтар,  ата-
бабалар,  кейініректе,  құдайлар  сыйға  тартқан  қасиетті  нәрсе  деп 
түсінген. Сондықтан білім қауіп-қатермен байланысты деп, онымен 
тек адамдардың ерекше тобы – дінбасылар, діни қызметкерлер ғана 
шұғылданған.  Ежелгі  мәдениетте  Білім  мен  сенімнің,  ақиқат  пен 
жалған түсініктің арасында айырмашылық жоқ. Мұнда қасиетті Білім 
үстемдігі абсо лютті деп танылады. Білімнің әлеуметтік мәртебесі мен 
мәні оты рықшы, техника-урбанистік қоғам типіне өтуге байланысты 
түбегейлі өзгерді. Қала адамы өзін көпшілікпен бірге тұру ережелері 
мен  нормаларының  иесі,  Білімнің  жаратушысы  мен  билеушісі  деп 
санады. Білімнің айрықша пішімі ретінде рационалды Білім идеалын 
қалыптастырған философия туындады. Философия ақиқат пен ақи-
қат  емес  ілімдер  айырмашылығын  енгізіп,  дәлелдеудің  айрықша 
түрлерін,  негіздеу  мен  дәлелдемелік  ұғымдарды  қалыптастырды. 
Философия шеңберінде айрықша пән – ақиқат ойлау ережелері мен 
заңдарын  қалыптастыратын  логика  туындады.  Білім  логикалық 
ойлаудың объектісіне, мақсаты мен мұратына айналды. Өркениетті 
қоғамда  білім  билікпен  тұтасып,  қоғамды  басқарудың  құралына 
айналуда. Білім алу тұлғаның қалыпты әлеуметтенуінің және билік 
құрылымына  енуінің  міндетті  шарты  болып,  оның  қажеттілігінен 
білім беру институттары туындады. Платонның «билеуші-философ» 
идеалы – (білімді әрі оған сай басқарушы ел басы) қазіргі «ақпараттық 
қоғамда» өзінің көрінісін тапты, яғни билік білімнің қазіргі формасы 
– ақпаратты иелену ретінде айқындалуда.
БІЛІМ  АЛУШЫЛАРДЫ  ҚОРЫТЫНДЫ  МЕМЛЕКЕТТІК 
АТТЕСТАТТАУ.  Мемлекеттік  жалпы  міндетті  стандарт  талаптары 
бойынша  білім  алушылардың  білім  деңгейін  анықтау  мақсатымен 
жүргізілетін,  нәтижелері  бойынша  білімі  туралы  құжат  (куәлік, 
аттестат, қызмет куәлігі, диплом) берілетін рәсім.


37
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
БІЛІМ БАЗАСЫ. 1. Студенттердің, оқушылардың меңгерген білім 
қоры;  2.  Оқу  орындарындағы  білім  алушылардың  білім  деңгейі, 
қоры; 3. оқу құрал-жабдықтары, техникалық құрал-жабдықтары, т.б.
БІЛІМ  БЕРУ.  Қоғам  мүшелерінің  адамгершілік,  зияттық,  мәдени 
және  дене  дамуы  мен  кәсіби  біліктілігінің  жоғары  деңгейіне  қол 
жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі. Білім 
беру ісі (жалпы және арнаулы жүйесі) шеберлікке, дағдыға баулудан 
өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. 
Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім 
беру 
жалпы  білім  беру  және  кәсіптік  білім  беру  болып  бөлінеді. 
Жалпы  білім  беруге:  1)  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту;  2) 
жалпы бастауыш білім беру; 3) жалпы негізгі білім беру; 4) жалпы 
орта білім беру; 5) жалпы қосымша білім беру кіреді. Кәсіптік білім 
беруге: 1) кәсіптік бастауыш білім беру; 2) кәсіптік орта білім беру; 
3) кәсіптік жоғары білім беру; 4) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік 
білім беру; 5) қосымша кәсіптік білім беру кіреді.
БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ. Жекелеген білім процестерінің тәлім-
дік  әрекетіндегі  нақты  тәсіл,  амалдардың  сипатталуы.  Білім  бе ру 
әдістемесіне байқау, жобалау, қателік, рейтинг, тест, т.б. әдістер жа тады.
БІЛІМ БЕРУ БІРЕГЕЙЛІГІ. Авторлық бағдарлама бойынша жұмыс 
істейтін, өз тәлімдік тұжырымдамасы бар әр алуан оқу мекемелерін 
қалыптастыру.
БІЛІМ  БЕРУ  ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ  БІЛІКТІЛІК  КАТЕГО-
РИЯСЫ. Қызметкердің кәсіптік міндетті орындау мүмкіндігін қам -
та масыз  ететін  нормативті  өлшеміне  сәйкес  тәлімдік  және  басқа-
рушылық  еңбектің  кәсіптілік  және  өнімділік  мөлшерін  көрсететін 
біліктілік деңгейі.
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІН АТТЕСТАТТАУ. Білім беру мекеме-
сінің мемлекеттік білім стандартына мазмұн, деңгей және сапасының 
сәйкес келуін анықтау. Оң баға – жарамды, теріс баға – жарамсыз деп 
белгіленеді. 
БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ. Білімнің білім беру саласында қабылданған 
талаптар мен нормаларға (стандарттарға) сәйкес келуі.


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау