Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет2/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62

5
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
- А -
АБАЙТАНУ  САБАҒЫ.  Республикамыздың  жоғары  оқу  орын-
дарында  студенттерді  ұлы  ақынның  әдеби  мұрасымен  тереңдей 
таныстыру үшін өтілетін арнайы семинар-сабақ. 1942-1943 оқу жы-
лында  ҚазМУ-дың  филология  факультетінде  М.Әуезовтің  же тек -
шілігімен  ұйымдастырылған.  Абайтану  сабағында  М.Әуезов  не гі-
зінен ақынның шығармаларын оқып-білу, мән-мағынасын терең мең-
геру, оны өз бетімен талдау арқылы ой қорыту, оған сын пікір айту, 
реферат  жаздыру,  баяндама,  қосымша  баяндама  жасату  жолдарына 
ерек ше мән берген. Қазіргі кезде абайтану сабақтары білім беру меке-
мелерінің барлық оқу сатыларында жүйелі жүргізіліп келеді. 
АВАНГАРДТЫ ПЕДАГОГИКА. Педагогикалық идеялар мен инно-
вациялық жаңалықтар жасалып, тексеруден өткізетін педагогика.
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН  ОҚЫТУ  ЖҮЙЕСІ.  Автомат тан-
дыруға және жекелеп оқытуға арналған компьютер базасына орна-
тыл ған  техникалық,  бағдарламалық  қамтамасыз  етілімнің  өзара 
бай ла нысқан  кешені.  Автоматтандырылған  оқыту  жүйесінің  линг-
вис  тикалық  және  бағдарламалық  қамтамасыз  етілімі  дегеніміз  – 
компью термен  тілдесуді  қамтамасыз  ететін  арнайы  бағдарламалау 
тіл де рінің жиынтығы. Автоматтандырылған оқыту жүйесінің кө ме-
гімен:  1.  оқушылардың  бастапқы  деңгейі,  дағдылары,  епті лік  тері, 
олардың жеке басының ерекшеліктері анықталады; 2. оқу мате риалы 
ұсынылады;  3.  материалды  меңгеру  сапасына  қоры тынды  бақылау 
жүр гізіледі;  4.  оқушылардың  танымдық  қызметін  басқа ру  жолға 
қойылады;  5.  оқушылардың  оқу  материалын  меңге ру  про цесінің 
көрсеткіштері  тіркеліп,  статистикалық  анализ  жаса ла ды.  Автомат-
тандырылған  оқыту  жүйесінің  техникалық  жабдықтарына  ЭЕМ, 
оқу  құралдарымен  жабдықталған  оқушы  мен  оқытушының  жұмыс 
орын дары ЭЕМ-нің жұмыс орындарымен байланыс желісі жатады. 
Автоматтандырылған  оқыту  жүйесінің  лингвистикалық  тұрғыдан 
қамтамасыз  етіліміне  оқушылардың  оқыту  бағдарламасына  сәйкес 
компьютер  арқылы  бір-бірімен  тілдесуін  қамтамасыз  ететін  тілдер 
жатады.  Автоматтандырылған  оқыту  жүйесінің  бағдарламалық 


6
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
тұрғыдан қамтамасыз етілімі – автоматтандырылған оқыту жүйесіне 
жүктелген қызметтерді жүзеге асыратын ЭЕМ бағдарламалары жа-
тады. Автоматтандырылған оқыту жүйесінің ұйымдастырылуы жа-
ғы нан қамтамасыз етілуі оның жұмысын реттейтін әртүрлі құжат та -
ма лардан тұрады. 
АВТОРЛЫҚ МЕКТЕПТЕР.  Оқу-тәрбие мекемесі. Мұн дай мектеп тің 
қызметі авторы немесе авторлары сол мектепті құрушы ұжым болып 
табылатын психологиялық-педагоги калық тұжырымдамаға негіз де леді. 
АҒЫМДАҒЫ БАҚЫЛАУ – сабақ барысында жүргізілетін күн де-
лік ті бақылау.
АЙЗЕНК ТЕСТІ. Адамның ақыл-ой қызметінің әртүрлі аспектілерін, 
сондай-ақ математика мен тілдерді меңгеру саласындағы арнайы қабі-
леттерінің дамуын бағалауға арналған ең танымал интеллектуалды 
тесттердің бірі.
АЙТЫЛЫМ.  Сөйлеу  біртұтастығына  ие  және  өзекті  бөлшектер 
арқы лы  анықталатын  сөйлеу  актісі  құрамындағы  сөйлеу  қарым-
қаты насының бірлігі. Айтылым қарапайым сөйлемнің үлгісіне емес, 
сөй лем ге және хабарламаға сәйкес келеді (сөз-сөйлем, диалогтік сөй-
леудегі  жауап  қайтару  репликасы).  Кейде  бұл  термин  «сөйлемнің» 
орнына қолданылады. Бірақ сөйлем тіл бірлігі ретінде – формалды 
тұрғыдан қарастырылса, сөйлеу бірлігі ретінде – мағыналық тұрғы-
дан  қарастырылады.  Айтылым  әдетте,  мағыналық  тұрғыдан  қарас-
тырылады.  Қазіргі  таңда  айтылымды  талдау  барысында  лингво ди-
дак тикада дискурс термині жиі қолданылады.
АКАДЕМИЯЛЫҚ  ҚАРЫЗ.  Оқушының  бір  оқу  жылындағы 
немесе семестрдегі оқу кезеңінде қандай да бір оқу пәнінен болған 
аттестациядан қанағаттанарлықтай нәтиже бермеуі. 
АКСЕЛЕРАЦИЯ  (лат.  acceleratio  –  жеделдету).  Соңғы  жүз  жыл да 
байқалған балалардың жеделдетілген дамуы. Оны бірқатар биоло гиялық 
және әлеуметтік факторлардың әсері арқылы түсіндіруге бо ла ды.
АЛГОРИТМ (лат. аlgorithmi – ортаазиялық математик аль Хорезми 
есімінің  формасы).  Тапсырмаларды  шешудің  белгілі  бір  ережелер 
жиынтығы; бірдей тапсырмаларды шешуге бағытталған белгілі бір 


7
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
жүйелі  іс-әрекеттер.  Әдістемеде  алгоритм  дегеніміз  –  оқу  міндетін 
шешу  кезіндегі  оқушының  әрбір  іс-әрекеті  жазылған  нұсқаулық. 
Алгоритм  бойынша  оқыту  оқытушының  немесе  компьютерлік  бағ-
дар ламаның көмегімен жүзеге асырылады. Информатика мен кибер-
нетикада  алгоритмді  сипаттау  үшін  формальды  тіл  мен  блок-сыз-
балар пайдаланылады.
АЛДЫН АЛА ӘЗІРЛІК ТЕСТ. Оқу жылы басталар алдында оқушы-
лардан алынатын тест. 
АЛДЫН АЛА БОЛЖАП БІЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ. Белгілі нәрсеге 
сүйене  отырып,  болжау,  алдын  ала  сезу  аудару  және  оқу  кезіндегі 
маңызды шеберлік болып табылады. Алдын ала болжап білу жат ты-
ғулары шет тілі құралдары арқылы ықтимал болжау тетігін қалып-
тастыруға көмектеседі. Бұл жаттығулар мәтінді оқу немесе тыңдау 
алдында болуы мүмкін, сондай-ақ мәтін атауының негізі, оның тақы-
рыптары, мәтін мазмұнын болжаудың бейвербалды құралдары, оқи-
ғалардың  реті,  кейіпкерлердің  іс-әрекеті  сияқты  тапсырмалардан 
тұра ды. Хабарлау сипатындағы мәтіндер алдын ала болжап білу жат-
тығуларын орындауға өте жарамды болып саналады. 
АЛМАСТЫРЫЛАТЫН  ЖАТТЫҒУЛАР.  Жаттығулардың  орын-
далу тәсілі бойынша бөлінетін түрі; оқушылар берілген құрылымға 
басқа лексикалық бірлікті қойып, ұсынылған құрылымды лексикалық 
тұрғыдан  толықтыруы  тиіс.  Алмастырылатын  жаттығулар  сөйлем 
элементтері  бағандарға  қойылған  болып  келетін  алмастырылатын 
кестелер  түрінде  ұсынылуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  алмас-
тырылатын жаттығулар фронтальды (ұсынылған элементтердің әрбі-
реуі басқаларымен үйлеседі, жаттығу механикалық тұрғыдан орын-
далады) және таңдаулы (ұсынылған элементтердің үйлесуі таңдауды 
қажет етеді, оны лексикалық немесе грамматикалық қасиеттерімен 
түсіндіруге болады) болуы мүмкін. Алмастырылатын жаттығулардың 
ең басты артықшылығы – олар қарастырылып отырған құрылымдарды 
жиі қайталауды қамтамасыз етеді.  
АНА ТІЛІН ЕСЕПКЕ АЛУ ПРИНЦИПІ – ана тіліне сүйену прин-
ципі десе де болады. Оқыту процесін тіл үйренушінің ана тілін білу 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау