Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет8/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62

23
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
қолданылады);  3)  бекітетін  (жаңа  материалды  меңгергеннен  кейін 
қолданылады);  4)  жеке-жеке  (сұрақтарды  тіл  үйренушінің  біреуіне 
бағыттап қою); 5) жаппай (сұрақ топтағы барлық тіл үйренушілерге 
бірдей  қойылады).  Әңгімелесу  әдісі  үйренушілерге  эмоциялық, 
эстетикалық  әсер  етеді.  Ол  оқытушының  тәжірибесіне,  кәсіптік 
шеберлігіне байланысты.
ӘСКЕРДЕГІДЕЙ ОҚЫТУ ӘДІСІ. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдары 
АҚШ-та  әзірленген  шет  тілдерін  жеделдетіп  оқыту  әдісі.  Азғантай 
ғана мерзім ішінде (6-9 айда) тілдің ауызша қарым-қатынасқа түсу 
негіздерін практика жүзінде меңгеріп алу. Әскердегідей оқыту әдісі 
шет тілдерін оқыту тарихындағы алғашқы жеделдетілген оқыту әдісі 
болып  саналады.  Әдістің  ең  басты  мақсаты  –  көп  қолданылатын 
тұрмыстық тақырыптар шеңберінде белгілі бір шекке дейін сөйлеу 
және ауызекі шет тілін түсінуді үйрену. Оқытудың негізгі материалы 
–  тұрмыстық  тақырыптарға  құрылған  диалогтар,  оны  оқушылар 
алдымен тыңдайды, содан кейін диктордан кейін қайталайды, түптеп 
келгенде,  жаттап  алады.  Диалогты  жаттап  алғаннан  кейін  оның 
кейбір  бөліктері  көптеген  сұрақтар  мен  жауаптар  арқылы  жедел 
түрде  ауызша  өңделеді.  Жаттығудың  негізгі  түрі  –  механикалық 
жаттығу, «дрилл», бұл оқытушының бақылауымен өткізіледі және өз 
бетінше дайындауға берілген уақытта дыбыс жазу пайдаланылатын 
лингафон  кабинетінде  аяқталады.  Оқу  сағаттарының  көптігі  (апта-
сына  25  сағатқа  дейін),  аудиториядан  тыс  уақытта  тілдік  орта 
қалыптастыру, алдын ала тест өткізу нәтижелері бойынша топтарды 
мұқият  жабдықтау,  топтағы  оқушылар  санын  шектеу  (5-7  адам) 
барынша ынталандырып оқытудың арқасында бұл әдіс сәтті болды. 
Нәтижесінде  әскердегідей  оқыту  әдісі  аудиолингвалды  оқыту  әдісі 
аясында тереңдеп, дамыды (Гез, Фролова, 2008). 
- Б -
БАҒА.  Оқушылардың  білімін,  дағдылары  мен  шеберліктерін,  сон-
дай-ақ  тәртібін  бағалаудың  шартты  белгісі.  Оқушылардың  оқу 
үлгерімі бағалау шкаласы пайдаланылатын тест нәтижелері бойынша 
да бағаланады.


24
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
БАҒДАР (лат. orientis – шығыс). Сабақ тақырыбына кіріспе болатын 
және оқу материалдарын түсінуден туындайтын қиындықтарды ал-
дын ала шешуді қамтамасыз ететін оқыту кезеңі. Бағдарламаға елта-
нымдық түсінік, мәтіналды жаттығулар, мәтінмен алдын ала жұмыс 
жасау, жазу мен жаңа сөздерді үйрену және т.б. жатады.
БАҒДАРЛАМАЛАНҒАН ЖАТТЫҒУЛАР. Бір ғана нақты шешімді 
қажет  ететін  орындалу  тәсілі  бойынша  бөлінетін  жаттығу  түрі, 
сондай-ақ оны дұрыс таңдау оқыту бағдарламасына сәйкес бұрынғы 
іс-әрекеттер арқылы түсіндіріледі. Бағдарламаланған жаттығулардың 
ең  қарапайым  түрі  алмастырылатын  жаттығулар  болып  табылады. 
Бағдарламаланған  жаттығулар  бос  орынды  толтыру,  ана  тілден 
үйрену тіліне аудару түрінде болуы мүмкін.
БАҒДАРЛАМАЛАНҒАН  ОҚУЛЫҚ.  Материалы  білімді  меңгеру 
бағдарламалық  тұрғыдан  басқару  принципін  ескере  отырып 
құрастырылған оқулық. Оқулықтың басқа түрлерімен салыстырғанда 
бағдарламаланған оқулықтың ерекшелігі оқу мәтінінің құрылуында. 
Бағдарламаланған оқулық мәтінінде оқушы меңгеру үшін белгілі бір 
ақпаратты  алып  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  оған  тапсырмалар 
жүйесі беріледі, оларды орындау ақпаратты, сондай-ақ оны практикада 
пайдалану  тәсілін  меңгеруді  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Тапсырмаларда 
ақпараттың болуы оқушылардың өз бетінше білім, дағды, шеберлікке 
ие болуына мүмкіндік береді, яғни бағдарламаланған оқулық мәтіні 
оқушылардың  танымдық  қызметін  және  меңгеру  процесін  басқару 
жүзеге асатындай болуы тиіс. Бағдарламалық оқулық мәтіні оқыту 
бағдарламасы  деп  аталады.  Бағдарламаланған  оқулық  белгілі  бір 
оқыту (басқару) функцияларын жүзеге асыратын мәтін абзацтарының 
жүйесімен  орналасады.  Оқыту  тақырыбы  және  оның  мазмұны 
бойынша біріккен мәтіннің осы сияқты бірнеше абзацын оқыту бағ-
дарламасының  қадамы  деп  атайды.  Әрбір  қадамның  кадрлары  бір-
бі рінен бөлек, нөмірленген, оқытатын бағдарламаның құрылымында 
қарастырылғандай оқушы оны жүйемен ғана оқи алады. Бір қадамның 
құрамына мынадай кадрлар енгізілген: ақпараттық (материал енгізу), 
операциялық (өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар), бақылау 
(тапсырманың  дұрыс  орындалғанын  тексеруді  қамтамасыз  етеді), 
сілтеме (қате болған жағдайда оны түсіндіру).


25
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ОҚЫТУ. Оқыту процесін білім, дағды және 
шеберліктерді  өз  бетінше  алуды  қамтамасыз  ететін  арнайы  оқыту 
бағдарламасы  бойынша  ұйымдастыру.  Ұтымды  принциптер  мен 
күрделі  жүйелерді  басқару  құралдары  педагогикасының  кибер-
нетика,  математикалық  логика  және  есептеу  техникасымен  байла-
нысы  нәтижесінде  пайда  болған.  Кең  мағынада  алар  болсақ,  бұл 
оқушылардың  танымдық  қызметін  басқару  принциптеріне  құрыл-
ған  оқыту.  Бағдарламалық  оқыту  арнайы  құралдардың  немесе  тех-
ни калық  құрылғылардың  көмегімен  іске  асырылады.  Қазіргі  педа-
гогикалық  әдебиеттерде  бағдарламалық  оқыту  оқыту  әдісі  ретінде 
де,  еңбектің  ғылыми  тұрғыдан  ұйымдастырылу  жүйесі  ретінде 
де,  кибернетикалық  дидактика  ретінде  де,  педагогикалық  техно-
логияның  бір  саласы  ретінде  де  сипатталады.  Бағдарламалық  оқы-
туға мынадай белгілер тән: 1) оқу жұмысының өлшенетін мақ саты 
мен осы мақсатқа қол жеткізу алгоритмінің болуы; 2) оқыған мате-
риалды және оқуға қатысушылардың қызметін орташа үлесімдерге 
(қадамдарға)  бөлу;  3)  оқушының  әрбір  қадамды  орындауы  туралы 
ақпарат  алу  мүмкіндігі  (қадамдардың  дұрыс  өтуін  білдіретін 
оперативті  кері  байланыстың  болуы  және  оны  оқу  әрекетін  түзету 
үшін  пайдалану);  4)  оқу  процесін  ерекше  ұйымдастыру,  мұнда 
оқытушы оқушылардың жұмысын бақылап қана қоймайды, сондай-
ақ  іріктеп  бақылау  мәліметтері  негізінде  оларға  көмек  көрсетеді; 
5)  оқыту  барысында  арнайы  бағдарламаланған  оқу  құралдары 
мен  техникалық  құралдарды  (оқытатын  машина  және  дербес  ком-
пьютерлер)  пайдалану.  Бағдарламалық  оқытудың  аталған  белгі-
ле рінің  ішіндегі  ең  бастысы  –  оқу  жұмысының  алгоритмі,  яғни 
іс-әрекеттердің  қатаң  регламенттелген  жүйесі,  оларды  орындау 
алға  қойған  мақсатты  орындауға  итермелейді.  Оқу  жұмысының 
алго ритмі  оқытуды  бағдарламаландырады,  өйткені  мұндай  кезде 
оқу  про цесі  қадамдарға  бөлініп,  оперативті  кері  байланыс  жүзеге 
асады.  Бағдарламалық  оқытуға  берілген  анықтаманың  қарама-
қай  шы лығына  қарамастан,  оны  оқыту  барысында  пайдаланудың 
мақсаты – білімді меңгеру процесін басқаруды жетілдіру және сөй-


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау