Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет11/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62

32
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
тілін үйрету әдісі. Бұл әдістің теориялық негіздері, оқу ұзақтығы 6-8 
айға  созылатын  оқушылардың  әртүрлі  контингентіне  арналған  оқу 
құралдары XX ғ. (Кольс, 1976) ортасында жасалған. Белсенді оқыту 
әдісі  ересектерге  арналған  шет  тілдерін  жедел  үйрету  курстарында 
кеңінен  пайдаланылады.  Бұл  әдіс  әртүрлі  кәсіптің  мамандары  ара-
сында  пайдаланған  өте  тиімді  екенін  көрсетті,  яғни  мұнда  ауызша 
қарым-қатынасқа (тыңдалым және сөйлеу) қосымша ретінде маман дық 
бойынша оқу және мәтін аударумен қатар жүргізіледі. Белсенді оқыту 
әдісі аралас оқытудың бір нұсқасына жатады. Әдістің басты қағидалары 
мыналар: 1) ауызша қарым-қатынас түрі басым болып келетін саналы 
және  белсенді  сөйлеу  қызметі;  2)  өзге  тілдегі  материалды  түсінудің 
қайнар  көзі  болып  табылатын  көру-есту  бейнелерінің  семантикасы; 
3)  оқыту  бірлігі  ретінде  сөйлемді  таңдау;  4)  тілді  интуитивті  түрде 
меңгеру  кезінде  материалды  саналы  түрде  және  логика-дискурсивті 
түрде  игеру;  5)  оқытудың  гипноздық  және  суггестивті  әдіс-
тәсілдерін кеңінен пайдалану; 6) оқушылардың жеке-психологиялық 
ерекшеліктерін ескеру, бұл оқыту топтарын жаб дықтаудан және оқыту 
стратегиясын анықтаудан байқалады. Белсенді оқыту әдісі интегралды 
(топтастырып) оқыту әдісі аясында әрі қарай дамыды.
БЕЛСЕНДІ ТӘЖІРИБЕ. Тіл үйренушінің өзінің үйреніп жатқан тіл 
сабақтарын  дайындап  өткізуі,  курстастары  жүргізген  тәрбиелік  іс-
шаралар мен сабақтарды талқылауы. Шет тілін оқушылардың кәсіби 
дайындықтарының бір түрі. 
БИЛИНГВАЛДЫ ОҚЫТУ ТҮРІ. Шет тілдерін оқыту тәсілдерінің 
бірі,  оқыту  негізі  адамның  сөйлеу  тетіктерін  қайта  құру  және  бір 
тілден екінші тілге ауысу тетігін құру болып табылады. Мұндай оқыту 
түрінде  есте  сақтау  қабілетін  дамытуға  барынша  көңіл  бөлінеді. 
Билингвалды оқыту түрі көбіне аудармашыларды дайындау кезінде 
қолданылады.
БОЙ СЕРГІТУ (таңертеңгілік гигиеналық гимнастика). Оқушылар-
дың денсаулығын нығайтуға және көңіл-күйін көтеруге бағытталған 
дене  жаттығулары  кешендерін  жүйелі  түрде  орындау.  Ұйқыдан 
тұр ған нан  кейінгі  бой  сергіту  әртүрлі  органдардың  функциялық 


33
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
белсенділігін  арттырады,  орталық  жүйке  жүйесін  қарекеттік  күйге 
келтіреді.  Бой  сергіту  –  балалар  мен  жасөспірімдерде  гиподина-
мияның (қозғалыстың аздығы) жағымсыз әсерін азайтудың жетекші 
амалдарының бірі.
БОЛОН ДЕКЛАРАЦИЯСЫ. Болон декларациясы - Еуропа елдері-
нің  ортақ  білім  жүйесін  құруды  мақсат  етіп,  Италияның  Болонья 
қаласында еуропалық елдердің білім министрлерінің қолы қойылған, 
жоғары  білім  саласындағы  халықаралық  ынтымақтастық  бойынша 
қабылданған декларациясын айтамыз. Бұл құжат, Италияның Балонья 
қаласында қабылдануына байланысты, «Болон процесі» деген атауға 
ие болды. Болон процесі қазіргі таңда 40-тан астам мемлекеттің басын 
біріктіріп отыр. Болон декларациясының мақсаты Еуропада жоғары 
білім  кеңістігін  құру,  азаматтардың  жинақтылығын  және  олардың 
жұмысқа  тұру  мүмкіндігін  еуропалық  еңбек  нарығында  кеңейту, 
халықаралық  бәсекелестікті  және  еуропалық  жоғары  білімді  игеру 
болып  табылады.  Қазақстанда  Болон  процесіне  қосылу  мәселесі  
2003 жылдан басталды.
БОС ОРЫНДАРДЫ ТОЛТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ. Мұндай жат-
тығу ларды орындау кезінде мәтінді толықтыру немесе қалпына кел  ті-
ру қарастырылады. Бұл жаттығуға берілген мәтіннің өзара байланысты 
болғаны  жөн.  Алайда  оқу  практикасында  өзара  байланыссыз  сөй-
лем дерден  құралған  жаттықтыру  жаттығулары  жиі  кездеседі,  он-
да  оқушылар  бос  орындарды  мағынасы  жағынан  сәйкес  келетін 
сөз дермен  толтыруы  тиіс.  Бос  орындарды  толтыру  нәтижесінде 
байланысты мәтін пайда болады. Бос орындарды толтыруға арналған 
нұсқалар  ұсынылады,  сонда  оқушылар  мағынасы  жағынан  сәйкес 
сөзді  таңдайды.  Егер  нұсқалар  берілмесе,  оқушылар  бос  орынға 
қойылатын  сөздерді  мәнмәтінге,  сөздердің  үйлесіміне  қарап  өздері 
ойланып қояды немесе олардың синонимдерін қолданады. 
БОСАРАЛЫҚ. Мұғалімнің (оқытушы) не сыныптың (топтың) сабақ 
аралығында сабақ кестесі бойынша бос қалдырылған уақыты. Кө бі-
несе 2-3 ауысымда оқитын мектептерде кездеседі. Босаралық мұға-
лімнің де, оқушының да жұмыс ырғағына кері әсер етеді.


34
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
БӨЛУ  ТЕСТІ.  Оқушылардың  тілдік  дайындық  деңгейін  ескере 
отырып, оқу топтарын құрау үшін қолданылатын тест.
БРЕЙНСТОРМИНГ (ағылш. brain storming – миға шабуыл). Адам-
дардың  ақыл-ой  белсенділігін  арттыруға,  идеяларды  топ  болып 
іздеуді  іске  қосу,  ынталандыру,  мәселелерді  шешу  арқылы  күр-
делі  интеллектуалды  міндеттерді  шешуге  бағытталған  бірлескен 
топ тық  шығармашылық  жұмысты  ұйымдастырудың  арнайы  әдісі. 
Брейнсторминг барысында белгілі бір мәселелені ұжым болып шешу 
ұсынылады. 
БІЛІКТІЛІК (лат. qualis — сапа). 1. Қызметкердің іс-әрекеттің нақты 
бір  түрінде  күрделілігі  белгілі  бір  дәрежедегі  еңбек  функцияларын 
орындауға мүмкіндік беретіндей қабілеттерінің даму деңгейі. Білік ті -
лік қызметкердің теориялық білімдері мен практикалық машықтары-
ның көлемімен анықталады және оның ең маңызды әлеуметтік-эко-
но ми калық сипаттамасы болып табылады. Біліктілік – өмірлік қаре-
кет тің  ең  маңызды  саласы  –  еңбектегі  тұлғаның  даму  дәрежесін 
бейнелейді және оның әлеуметтік статусын анықтайды. Біліктіліктің 
экономикалық  мән-маңызы  неғұрлым  білікті  қызметкердің  күрделі 
еңбегі  уақыттың  бір  өлшемінде  құны  көп  өнім  жасайтындығынан 
көрінеді.  Қазіргі  заманғы  біліктіліктің  сипаты  –  оның  динамизмі 
болып табылады. Бір жолғы алынған біліктілік кәсіптік білімдер мен 
машықтардың қайсыбір тұрақты жиынтығы деп білуге келмейді, ол 
жаңа  технологиялардың  дамуына  орай  үнемі  жаңартылып  отыруға 
тиіс.  Біліктіліктің  қазіргі  заманғы  тұжырымдамасы  кадрларды 
даярлау  мен  қайта  даярлау  саласына  елеулі  өзгерістер  енгізуде. 
Бұл  салалар  оқыту  процесіне  шығармашылық  тұрғыдан  қараумен 
сипатталады, онда оқушыларды белгілі бір ақпаратпен қамтамасыз 
етіп  қана  қоймай,  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту,  жаңаны 
танып білу және практикада қолдану бірлігін қалыптастыру көзде-
леді.  Оқу  бағдарламаларын  дайындаудың  пәнаралық  принципі 
және  оларды  дүркін-дүркін  жаңартып  отыру,  оқу  процесінің  жаңа 
технологияларды игеру және талдап-белгілеу жөніндегі практикалық 
жұмысқа  қатысу  арқылы  тығыз  байланыстылығын  қамтамасыз 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау