Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет18/55
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12281
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55

54 
 
5-қосымша 
 
Мамандықтарды талдау сызбасы (кәсіптердің негізгі 
сипаттарының тізбесі) 
Еңбектің мәні: 
1) мал, өсімдік, (табиғат) 
2) материалдар 
3) адамдар (балалар, ересектер) 
4) техника, көлік 
5) таңбалау жүйесі (мәтіндер, компьютердегі ақпараттар) 
6) көркемөнер бейнесі 
Еңбек мақсаты: 
1) бақылау, бағалау, диагноз 
2) қайта жасаушы 
3) өнертапқыштық 
4) тасымалдау 
5) қызмет көрсету 
6) жеке дамуы 
Еңбек құралдары:  
1) қолдан жасалған және қарапайым құралдар 
2) механикалық 
3) автоматтандырылған 
4) функционалды (сөйлеу, мимика, көру, есту) 
5) теориялық (білім, ойлау қабілеті) 
6) қозғалмалы және тұрақты жабдықтар 
Еңбек шарттары: 
1) тұрмыстық микроклимат 
2) адамдар отыратын үлкен бөлмелер 
3) қарапайым өнідірістік цех 
4)  өзгеше  өндірістік  шарттар  (ылғалдылықтың  ерекше  тәртіп, 
температура, зарарсыздық) 
5) оқыс шарттар (денсаулық және өмір үшін қауіп) 
6) ашық ауадағы жұмыс  
7) отырып, тұрып, қоғалыста жұмыс істеу 
8) үйдегі жұмыс кабинеті 
Еңбектегі қарым-қатынас сипаты: 
1) ең аз сөйлесу (жеке еңбек) 
2) клиенттер, келушілер 
3) қарапайым ұжым (күнделікті бір тұлғалар) 
4) аудиториялармен жұмыс 
5) нақтыланған тәртіп, еңбектегі қызмет бабындағы сыйластық  
Еңбектегі жауапкершілік: 
1) материалды 


55 
 
2) моральды 
4) адамдардың өмірі және денсаулығы үшін 
5) айтылмаған жауапкершілік 
Еңбектің ерекшеліктері: 
1) үлкен жалақы 
2) жеңілдіктер 
3) «азғыру» (пара алу мүмкіндігі) 
4) сыпайы қатынас, танымал адамдармен кездесу 
5) жиі іссапарлар 
6) еңбектің аяқталған нәтижесі (рақаттануға болады) 
Әдеттегі қиындықтар: 
1) күйгелектену 
2) кәсіби ауырулар 
3) балағат және былапыт сөздер таралған 
4) қамауға алыну мүмкіндігі  
5) жұмыс беделінің төмендігі  
Жұмыс істеу үшін білімнің ең төмен деңгейі: 
1) арнайы білімсіз (мектептен соң) 
2) орта кәсіби білім алу (колледж) 
3) жоғары кәсіби білім алу (жоо) 
4) ғылыми дәрежесі (магистратура, доктарантура) 
Кәсіби бағдарлау тесттері және сауалнамалар жиынтығы.  
Кез  келген  тест  және  сауалнаманы  қолдану  арнайы  дайындықты 
қажет етеді, бірақ  баланың өзін тануы мақсатында бәрібір жиынтықты 
қолдануға болады.  
Қосымша  білім  беру  педагогы  балаға  қабілеттерін  немесе 
қасиеттерін бағалау үшін қажетті тестті табуына көмектеседі, ал оқушы 
өз  кезегінде  өзі  тесттен  өтеді  және  түсіндіреді.  Ең  бастысы,  тест 
соңында ұсынылған шешімдерді бала үкім ретінде қабылдамауы керек. 
Оны адам – иілгіш және икемделгіш жаратылыс екенін, сондықтан да – 
егер  қатты  қаласа  –  ол  бәрібір  ештеңеге  қарамастан  жақсы  көретін 
кәсібімен шұғылдана алатынына сендіру керек.  
Кәсіптер туралы кітаптар қоры және медиаресурстар, оқушыға өз 
жеке  басының  ерекшеліктері  туралы,  жай  өзі  жайлы  көбірек  білуге 
көмектесетін  кеңінен  таралған  психологиялық  әдебиеттер.  Қазір  жас 
адамның  кәсіби  қызығушылықтарын  анықтауға  бағытталған  көптеген 
интерактивті бағдарламалар бар (мысалы, «Lifeline» және т.б.). Оларды 
қосымша  білім  беру  педагогі  қолдана  алады,  бірақ,  біріншіден,  ол 
әзірлемелерден әр бала өзінің жеке тұлғасын дамытуға қажет пайда ала 
алмайтынын, ал екіншіден, сапалы түсіндіру үшін бәрібір маман керек 
екенін түсінгені маңызды.  
Мерзімді басылымдар. Әр өңірде «Жұмыс», «Бос жұмыс орны» 
және т.б. деп әртүрлі аталатын өздерінің арнайы мерзімді басылымдары 


56 
 
шығады.  Нөмірі  ең  болмаса  бір-екі  ай  аралығында  болса  да  жаңа 
болғаны дұрыс: бос орын нарығындағы жағдай барынша тез өзгереді. 
Тақырып  бойынша  ресурстар  каталогы  (немесе  картотека, 
электронды каталогтағы айдар) жалпы каталог шеңберінде ерекшеленіп 
немесе бөлек  болуы мүмкін. 
Балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдарындағы  үлкен  жастағы 
балалармен  кәсіби  бағдарлау  жұмысын  ұйымдастырудың  заманауи 
тәсілі  шығармашылық,  іздеу-зерттеу  негізіндегі  тиімді  оқыту 
құралдарын дамыту қажеттігімен байланысты.   
Бұл,    ғылыми  ақпаратты  шығармашылық  іздеу  және  тікелей 
ақпаратты-коммуникативтік  технологияларды  белсенді  қолдану  үшін 
оқушылардың  кәсіби  өзін  өзі  анықтауының  ақпараттық  негізі  ретінде 
Ғаламтордың  артықшылықтарын  қолданумен,  оқу  үдерісін  белсенді 
ақпараттандыру, 
оқушылардың 
АКТ-құзырлылығын 
арттыру 
қажеттігімен байланысты.  
Ғаламторды  қолдана  отырып,  кәсіби  бағдарлау  жұмысын 
ұйымдастыру бойынша түрлі міндеттерді шешуге болады. Бүкіләлемдік 
желі кәсіби өзін өзі анықтау міндеттерін кешенді шешуге көмектеседі. 
Мұнда  кәсіби  бағдарлау  тесттерінен  өтуге,  басым  кәсіптер  бойынша 
ұсынымдар  алуға,  өз  қабілеттері  мен  жеке  қасиеттерін  анықтау 
мақсатында  кәсіптердің  сипаты  баяндалған  сайттарды  зерделеуге 
болады.  Сонымен  қатар,  сайттарда  кәсіпқойлардың  жұмыс  күндері 
туралы түрлі мақалалар жарияланады. Оқу мекемелері, онда түсу және 
оқыту  ерекшеліктері  туралы  ақпарат  ұсынатын  сайттар  аса  маңызды 
болып табылады.    
Ғаламтор  жүйесінде  білім  сапасы  туралы  пікірталастар  болатын, 
форумдар,  оқу  мекемелерінің  рейтінгтері,  олардың  түлектерінің 
сұранымға  иелігі  туралы  ақпараттар  жеткілікті.  Одан  басқа,  Ғаламтор 
қазіргі уақытта тек ақпаратты мықты емес, білім беру ресурсы болып та 
табылуда.  Соңғы  кездерде сырттай  білім  алу мүмкіндігі  ең  әйгілілікке 
ие болуда, қазір бұл жүйе әлдеқашан іске асырылған.  
Нәтижесінде  кәсіби  бағдарлау  қызметін  орындайтын  және  тек 
осы салада жұмыс істейтін психологтар және педагогтер емес, сондай-
ақ,  балалар  мен  ата-аналар  өздігінен  ақпарат  жинау  үшін  де 
қолданылатын Ғаламтордағы сайттарды келесі топтарға бөлуге болады.  
1. Кәсіби бағдарлау мәселелеріне арналған сайттар.  
2.  Түрлі  оқу  мекемелеріне  оқуға  түсу  мәселелері  бойынша 
оқушылар  және  ата-аналар  үшін  түрлі  ақпарат  ұсынатын  білім  беру 
порталдары. 
  
3.  Білім  беру  ұйымына  қатысты  студенттер  және  талапкерлер 
үшін  барлық  ақпаратты  ұсынатын  мектептердің,  колледждердің  және 
ЖОО-ның жеке сайттары. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау