105
- эксперименттік және бақылау топ оқушыларының атомық және ядролық
физика мәселелері бойынша білім сапасын салыстыру;
- тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін статистикалық,
математикалық ӛңдеу.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бірінші кезеңі – анықтау
эксперименті. Бұл кезеңнің эксперименті 2013-2014 жылдары аралығында
жүргізілді.
Анықтау эксперименті кезеңінде зерттелетін мәселенің нақты жағдайының
деңгейін анықтау мақсатында физика оқулықтарына, оқу-әдістемелік
құралдарға, жоғары оқу орнында физиканы оқыту әдістемесі жүйесіндегі
пәндердің, соның ішінде «Атомдық және ядролық физика» курсының
бағдарламалары мен оқу-әдістемелік құралдарына талдау жасалды.
Анықтау эксперименті барысында әртүрлi әдiстер пайдаланылды: зерттеу
жұмыстары бойынша педагогикалық, физикалық, әдістемелік еңбектер мен
зерттеу тақырыбына байланысты диссертациялық жұмыстар талданды,
еліміздегі жоғары оқу орындарында 5В011000 – «Физика» мамандығы
бойынша студенттерге оқытылатын пәндерге, олардың бағдарламаларына
талдаулар жасалды; физик мұғалімдерге деген сұраныс, физиканы оқытудағы
озық тәжірибелер зерттелінді; студенттермен, жоғары оқу орындарының
оқытушыларымен, физик ғалымдармен, мектеп мұғалімдерімен әңгіме
ӛткізілді.
Сонымен, анықтау эксперменті кезеңінде жоғарыда аталған оқу
орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің нақты жағдайы мен осы даярлаудың
бастапқы деңгейін анықтау үшін мына міндеттердің шешімі іздестірілді:
1) педагогикалық жоғары оқу орындарында «Атомдық және ядролық
физика» курсын оқыту сапасын анықтау;
2) педагогикалық жоғары оқу орындары білім алушыларының «Атомдық
және ядролық физика» курсы бойынша білім дәрежесін анықтау;
3) мектеп оқушыларының атомдық және ядролық физика мәселелері
бойынша білім дәрежесін анықтау;
4) «Атомдық және ядролық физика» курсы оқытудың қиыншылықтарын
анықтау;
5) «Атомдық және ядролық физика» курсын орта мектепте оқытуға
мұғалімдерді даярлаудың әдістемелік негіздерін ұсыну үшін қажетті
дидактикалық материалдарды дайындау.
Бұл мәселелерді шешу барысында сауалнамалар жүргізу, бақылау
жұмыстарын алу, әңгімелесу сияқты тәсілдер қолданылды.
Анықтау эксперименті кезеңінде (2013-2014 оқу жылдары) зерттеу
мәселесін талдау жұмыстары; педагогикалық жоғары оқу орындарында
«Атомдық және ядролық физика» курсын орта мектепте оқытуға мұғалімдер
даярлаудың қиыншылықтарын анықтау; туындаған қиыншылықтарды
компьютерлік модельдеулерді қолдана отырып, шешу жолдарын анықтау;
мектептерде зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізуді жетілдіру
жолдарын іздестіру; әдіскер ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау;
106
түрлі педагогикалық технологияларды қолдану арқылы «атомдық және
ядролық физика» курсын оқытудың тиімді жолдарын қарастыру жұмыстары
атқарылды.
5В011000 – «Физика» мамандығы бойынша Абай атындағы ұлттық
педагогикалық университетінен 66 білім алушы, Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің 5В011000 – «Физика» мамандығы бойынша, 71
студент, Алматы қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы №123 мектеп-гиназиясынан
41 білім алушы, №172 мектеп-гиназиясынан 37 білім алушы қатысты. Алдымен
атомдық және ядролық физикаға студенттер мен білім алушылардың
қызығушылығын анықтау үшін сауалнамалар жүргізілді (қосымша А).
Атомдық және ядролық физика бойынша білім алушылар мен мектеп
оқушыларының білімін анықтау үшін тапсырмалар дайындалды.
Анықтау эксперименті кезеңінде жүргізілген сауалнама, білім деңгейін
анықтауға берілген тапсырмалар нәтижесінен білім алушылар мен мектеп
оқушыларының атомдық және ядролық физикаға деген қызығушылықтары мен
білім деңгейлерінің тӛмен екендігі анықталды. Ал, оқытушылар мен мектеп
мұғалімдерінің атомдық және ядролық физика құбылыстары мен процестерін
түсіндіруде, практикалық жұмыстарды жүргізуде қиындыққа тап болатындығы
анықталды. Осылайша бірінші кезеңдегі анықтау эксперименті зерттеу
тақырыбының ӛзектілігін аша түсті.
Жасалған қорытындылар нәтижесінде анықтау эксперименті кезеңінде
тӛмендегі міндеттерді алға тарттық:
Екінші кезеңде іздену эксперименті (2014-2015 оқу жылдары) ӛткізілді.
Іздену эксперименті кезеңіне тӛмендегідей міндеттер қойылды:
- «Атомдық және ядролық физика» курсын орта мектепте оқытуға
мұғалімдерді даярлаудың маңызын кӛрсету;
- Атомдық және ядролық физика бойынша компьютерлік модельдеулер
жасалатын тақырыптар тізбесін іріктеу;
- Атомдық және ядролық физика бойынша жасалған компьютерлік
модельдерді оқу үрдісіне енгізу;
- «Атомдық және ядролық физика» курсының зертханалық жұмыстарының
құрамын толықтыру;
- Атомдық және ядролық физика бойынша практикалық жұмыстардың
анимациялық-компьютерлік технология мен тренажер тапсырмасын оқу үдісіне
енгізу;
- «Атомдық және ядролық физика» курсын орта мектепте оқытуға
мұғалімдерді даярлау әдістемесінің тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу.
Қалыпстастырушы эксперимент кезеңінде «Атомдық және ядролық физика»
курсын орта мектепте оқытуға мұғалімдерді даярлау әдістемесінің тиімділігіне
бақылау жүргізілді. Мұнда атқарылған жұмыстар тӛмендегідей болды: бақылауға
алынатын және эксперимент жүргізілетін топтарды және сыныптарды таңдау; білім
алушылардың, мектеп оқушыларының ұсынып отырған әдістеме бойынша оқытуға
дейінгі және одан кейінгі білім дәрежесін анықтау; атомдық және ядролық физика
құбылыстары мен процестерін компьютерлік модельдеудің кӛмегімен Абай
Достарыңызбен бөлісу: |