89
Практикалық жұмыс: радиоактивті ыдырауды компьютерлік
модельдеу
Сурет 15 – Бӛліну реакциясының экрандық
бейнесі
Зертханалық және практикалық жұмыстарды орындауда
анимациялық
модельдеуді қолдану білім алушылардың дүние танымын қалыптастырады.
Оқыту үдерісінде модельдеуді қолдануға байланысты В.В.Давыдовтың
«модель» ұғымына берген тӛрт негізгі сипаттамасы маңызды болып табылады
[85]:
1) модель – таным құралы,
2) модель – түп нұсқаның ӛкілі, ол оқып-үйренуге ыңғайлы және алынған
білімді объектіге
қолдануға болады,
3) модельдер қарсы алмастырылатын түрдің маңызды қасиеттерімен
сипатталады,
4) модельдер түп нұсқаға бір мәнді сәйкес келеді.
Анимациялық-компьютерлік технология қарапайым кӛзбен кӛріп, қолмен
ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың
таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін кӛріп, сезіну
мүмкіндігін береді.
Қорыта айтқанда визуалды техникалық оқыту құралдарын педагогикалық
мақсатарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту түрлері мен әдістерін
жетілдіруде оң әсерін тигізеді. Әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны
мен білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес
таңдап, тәжірибеде қолданудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы
91
- Оқушыларды тәрбиелеу кезінде оқу-таныстық, еңбектік, қоғамдық,
табиғатты қорғау мен денсаулықты жетілдіруге бейімделген және т.б. әртүрлі
формалары мен әдістерінің қолданылуы;
- Оқу-тәрбие барысында оқушының жеке басының дамуын ескере отырып
қалыптастыру;
- Педагогикалық диагностиканы педагогикалық процеске қалыптастырып
дамыту;
- Оқушылардың, педагогтардың және ӛз жетістіктерін бағалау;
- Толық педагогикалық прцесті басқаруға білім алушылардың дайындығын
қалыптастыру.
Педагогикалық практиканы ұйымдастыруда болашақ жоғары кәсіби маман
даярлаудың маңызды шарттарының бірі ретінде оның дербес шығармашылық
әрекетіне бағыттау керек.
Білім алушылар жалпы білім беру пәндері, базалық пәндер, кәсіптік пәндер
бойынша игерген білім, іскерлік және дағдыларынпедагогикалық практика
барысындаіс жүзінде жүзеге асырады.
Қазіргі заманда адамзат факторы мәселесі заттық-түрлендіруші іскерлік
субъектісі ретінде болашақ мұғалімдерді қалыптастырудың дидактикалық
жолдарын, тәсілдерін және шарттарын зерттеу ӛзекті мәселе болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: білім беру жүйесінің
басты міндеттерінің бірі ұлттық және жалпы адамзат құндылықтары, ғылым
мен практиканың жетістіктері негізінде жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби
қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдай жасау, - деп
кӛрсетілген [3, б. 17]. Педагогикалық практика білім берудің қазіргі заманғы
даму кезеңінде болашақ педагогтарды кәсіби бағытта даяралуға, олардың
шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Педагогикалық практика
барысында студенттердің жеке қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес
педагогикалық мамандықты саналы түрде таңдаулары үшін жағдай жасау
қажет.
Кӛптеген зерттеушілер болашақ педагогтарды кәсіби бағыттылығын
қалыптастыруға зор мән берген. Мысалы, А.И.Балабаеваның [87] зерттеуінде
болашақ педагогтарды даярлаудың кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
мәселесі қарастырылған. Ол болашақ мамандардың кәсіби бағыттылығының
танымдық компоненті іс-әрекет нысанына бағыттылық, ӛзінің болашақ кәсіби
және қазіргі оқу іс-әрекетінің, практикалық әрекеттерінің маңызы мен
қажеттілігін саналы түрде түсінуіне байланысты, -деп кӛрсетеді.
Біз А.И.Балабаеваның бұл пікірімен келісеміз. Біз қазіргі білім алушы
ертеңгі ұстаз ӛзінің болашақ кәсіби іс-әрекетін қазіргі оқу іс-әрекетімен
ұштастырғанда нәтижесі жоғары болатындығына педагогикалық практика
барысында кӛз жеткіздік.
Білім алушылардың педагогикалық практика барысындағы жұмыстары
шығармашылық, белсенділік сипатта болуы қажет. Жеке тұлғаның
шығармашылығы туралы сӛз болғанда, кӛп жағдайда, оның шығармашылық
қабілеті, шығармашылық потениалы және кәсіби шығармашылыққа
бейімділігі,