47
Күлте – гүлдегi тостағанжапырақшалардың iшiнде ор-
на ласқан гүлсерiк қабаты. Ол күлтежапырақшалар жиын-
тығынан тұрады. Күлтежапырақ түрлi-түстi болады.
Аталық – гүлсерiктiң iшiнде орналасқан негiзгi бө лiгi.
Əрбiр аталық жiпше мен тозаңқаптан құралған (41-сурет).
Аталық жiпшелерi тозаңқапты ұстап тұрады жəне
гүлтабанмен бай ланыстырады. Өсiмдiктiң түрiне қарай
аталықтар бi реуден бiрнешеге дейiн болуы мүмкiн.
Аталық жiп шелерiнiң саны жəне пiшiнi гүлге байланысты.
Осыған орай, аталық жiпшелерi жеке-жеке қосылып неме-
се бұрым түзiп гүлтабанға орналасады. Кейбiр гүлдерде
аталық жiп шелерi болмайды.
Аналық гүлдiң ортасында орналасқан. Оның негiзгi
бөлiгi: түйiн, мойын жəне аналық ауыздан тұрады
(42-сурет).
Түйiн – аналықтың кеңейген төменгi бөлiгi. Оның
iшiн де тұқымбүршiк орналасқан. Түйiн нен жемiс пайда
болады. Түйiн дердiң астыңғысы жəне
үстiңгiсi болады. Құрылысына қарай,
түйiн бiр ұялы жəне көп ұялы болады.
Аналықтың мойны – аналықтың
ор та бөлiгi. Ол түйiнмен аналық аузын
бiрiктiрiп тұрады. Оның iшi қуыс болады.
Аналық аузы – аналықтың (аналық
мойнының) ең жоғарғы бөлiгi – ұшы.
Ол аталықтарды ұстау үшiн қызмет етедi.
гүлсерік
тозаң-
қап
аталық
жібі
тостағаншажапырақ
гүл-
сағақ
гүлтабан
түйін
аналықтың
аузы
аналық-
тың
мойны
ат
алық
ана
лық
41-сурет.
Аталық
аналық
тозаң
аталық
жібі
40-сурет.
Гүлдің құрылысы.
42-сурет.
Аналық
гүлсерік
аналықтың
мойны
түйін
ұрықты
бүршік
түйін
48
Гүлсерiк – гүл ашылғанша аталық пен аналықты орап,
сырт қы əсерден сақтап тұрады. Ол жай жəне күрделi бо-
лады.
Гүлсерiк бөлiктерiнiң түсi негiзiнен бiр түрлi болса,
онда оны жай гүлсерiк деп атайды (43-сурет). Жай гүл-
серiк жасыл реңдi жай тостағанша немесе күлтеден құ-
рала ды. Жауқазын, қияқтың гүлi жай гүлсе рiкке жатады.
Егер гүлсерiк тостағанша мен күл теден құралған бол са,
күрделi гүлсерiк делiнедi. Көптеген жемiстi ағаштардың
(алма, алша, алмұрт) гүлi күрделi гүлсерiктi болады
(43-сурет).
Гүлсерiк бөлiктерi қосылған немесе қосылмаған гүлдер
де болады. Гүлсерiк бөлiктерi қосылған гүлдерге дала
шырмауығы, кернейгүл, шалфей сияқтылардың гүлi мы-
сал болады. Гүлсерiк бөлiктерi қосылмаған гүлдерге оспа,
қоза, алма, алмұрт, жауқазын, бəйшешек жəне басқа өсiм-
дiктердiң гүлi жатады.
Табиғатта тағы да сондай гүлдi өсiмдiктер бар, олардың
гүлiнiң гүлсерiгi жойылып кеткен немесе қабыршаққа
айналған. Бұларға тал, терек, тұт, жаңғақ сияқтылар жа-
тады.
Гүлдердiң құрылысымен танысуды жеңiлдету мақса-
тында гүлдердiң диаграммасы мен формуласы пайда-
ланылады. Гүл құрылысының сызбамен өрнектелуi гүл
диаграм масы деп аталады.
Формулада гүл бөлiктерiнiң аты сол бөлiк атының
бас əр пiмен, ал саны цифрлармен белгiленедi. Мыса-
лы, тостағаншажапырақшалар – «Тж», күлтежапырақ-
шалар – «Кж», аталықтар – «Ат», аналықтар – Ан», жай
гүлсерiктер – «Жг» əрiптерi мен өрнектеледi. Сақинадағы
бөлiктер қосылған болса, олардың санын көрсететiн цифр
жақшаның iшiнде берiледi, керiсiнше олар қосылмаған бол-
са, жақшасыз (ашық) жазылады. Сақинадағы бөлiктердiң
саны көп болса, шексiздiк белгiсi «∞» қойылады.
Сақинада кездесуi қажеттi болған бөлiк дамымаған бол-
49
са – 0 (нөлмен) белгi ленедi. Егер гүл бөлiктерiнiң əр бiреуi
емес, екi сақинада орналасқан болса, əрбiр сақинадағы
бөлiк санын көрсететiн цифр жазылғаннан кейiн + (плюс)
белгiсi қойылады, содан кейiнгi сақинадағы бөлiктiң саны
жазылады.
Мысал ретiнде бiрнеше өсiмдiк гүлдерiнiң формуласы
келтiрiлген.
1. Жұмыршақ гүлiнiң формуласы – Тж
4
Кж
4
Ат
4+2
Ан
(2)
.
Ескерту. Тостағанша жапырақшалары мен күлте-
арықшалары 4-еуден, бiр-бiрiмен қосылмаған, аталықтар
6-ау болып, екi сақинада (бiрiншiсiнде 4-уi, екiншiсiнде
2-уi) орналасқан, аналық 1-еу, бiрақ ол екi аналық
жапырақтың қосылуынан пайда болған.
2. Алхоры гүлiнiң формуласы – Тж
5
Кж
(5)
Ат
∞
Ан
1
.
Ескерту. Тостағанжапырақша мен күлтежапы рақша-
лар 5-еуден, қосылмаған, аталықтар саны шексiз, ал
аналығы 1-еу.
3. Қызғалдақ гүлiнiң формуласы – Жг
3+3
Ат
3+3
Ан
(3)
.
Ескерту. Жай гүлсерiк пен күлте 6-ау, екi сақинада
(əр бiр сақинада 3-еуден) орналасқан, аталықтары 6-ау,
екi сақинада орналасқан, аналығы 1-еу, 3-еу аналығы
жапырақтың қосылуынан пайда болған.
4. Шашыратқы гүлiнiң формуласы – Тж
5
Кж
(5)
Ат
(5)
Ан
(2)
.
Ескерту. Тостағанжапырақшалар дамымаған, күлте-
жапырақшалар 5-еу, қосылған, аталықтары 5-еу, қосылған,
Қарапайым
гүлсерік.
Қызғалдақ
Күрделі
гүлсерік.
Итмұрын
Гүлсеріксіз гүл. Тал.
43-сурет.
Аталықты гүл
Аналықты гүл
4 – Биология, 6-сынып
Достарыңызбен бөлісу: |