50
аналығы 2-еу, аналық жапырағының қосылуынан пайда
болған.
Қорыта айтқанда, гүл – өсiмдiктердiң жыныстық кө -
бею мүшесi, ол гүлсағақ, гүлтабан, гүлсерiк, аталық жəне
аналықтан құралады. Гүлдiң формуласына қарап, олар
қайсы тұқымдасқа жататынын да бiлуге болады.
1. Гүл қандай бөлiктерден құралған?
2. Гүлсерiк де генiмiз не?
3. Аталық қандай бөлiктерден құрылған?
4. Аналық қандай бөлiктерден құралған?
5. Жай жəне күрделi гүлсерiктiң айырмашылығы неде?
6. Гүл диаг раммасы мен гүл формуласы қалай түзi ледi?
§ 21. ГҮЛДЕРДIҢ АЛУАН ТҮРЛIЛIГI
Гүлдер бiр жынысты немесе екi жыныс ты болады.
Гүлде тек аналық немесе аталықтың өзi болса, бұндай
гүл бiр жынысты, яғни даражы нысты гүл деп атала-
ды (тал, қалақай, тұт, қайың) (44-сурет). Егер гүлде тек
қана аталық болса, бұндай гүл аталық гүл деп аталады.
Керiсiнше, гүлде тек қана аналық болса, бұндай гүлдi
аналық гүл деп атайды.
Бiр гүлде аталық та, аналық та болса, бұндай гүлдi қос
жынысты гүл деп атайды (өрiк, алма, шабдалы). Көптеген
өсiмдiктердiң гүлi қос жынысты болады (45-сурет).
Кейбiр өсiмдiктердiң бiр түбiнде жеке-жеке аталық та,
аналық та гүл болады. Бұндай өсiмдiктер бiрүйлi өсiмдiк
деп аталады. Бұған жүгерiнi мысал етiп алу мүмкiн (46-су-
рет).
Бiр түрдегi өсiмдiктiң аталық гүлдерi бiр түпте, ал
аналық гүлдерi басқа түпте болса, бұндай өсiмдiктер
екiүйлi өсiмдiк деп аталады. Мəселен: қалақай, терек.
Гүлдер дұрыс жəне қисық гүлдерге бөлiнедi. Егер
гүлсерiк екеуден артық тең бөлiкке ажыралса, оны дұрыс
гүл деп атайды (47-сурет). Мысалы, алма, итмұрын, беһе,
шабдалы сияқтылардың гүлi. Егер гүл тек қана тең екi
51
44-cурет. Талдың дара жынысты гүлдерi:
1–аталық гүл шоғыр; 2–аталық гүлi;
3–аналық гүл шоғыр; 4–аналық гүлi;
46-сурет. Бiрүйлi
өсiмдiк. Жүгерiнiң
гүлдерi:
1– аналық гүлдер;
2– аталық гүлдер.
47-сурет. Дұрыс
гүлдер:
1– қоңырау гүл;
2– қызғалдақ;
3– шөмiшгүл.
48-сурет. Қисық
гүлдер:
1– шегiргүл;
2– дельфиниум;
3 – ангишванагүл.
бөлiкке бөлiнсе немесе жалпы тең бө лiкке бөлiнбесе, оны
қисық гүл деп атайды. Бұған гладиолус, настарин, исфа-
рак, райхан, киiкот, бұршақ, лобия, беде жəне басқалардың
гүлi жатады (48-сурет).
2
1
1
1
2
2
3
3
Дұрыс гүл
сызбасы
Қисық гүл
сызбасы
45-сурет.
1
2
3
4
52
1. Даражынысты жəне қосжынысты гүлдердi түсiндiр жəне
оларға мысал келтiр.
2. Қандай өсiмдiктер бiрүйлi өсiмдiктер деп аталады? Олар-
ға мысал келтiр.
3. Қандай өсiмдiктер екiүйлi өсiмдiктер деп аталады? Оларға
мысал келтiр.
4. Алманың гүлi қалай түзiлген?
5. Алма гүлiнің қызғалдақ гүлiнен қандай айырмашылығы бар?
§ 22. ГҮЛШОҒЫРЛАР
Бір-біріне жақын орналасқан бірнеше гүлдер жиынды-
сы гүлшоғыр деп аталады. Гүл шоғыр жасамайтын дара
гүлді өсімдіктерге жауқазынды, бинафша мен беһіні мысал
етіп көрсетуге болады.
Гүлдері негізгі гүлсабақта орна ласқан гүлшоғырлар жай
гүлшоғырлар деп аталады. Бірқа тар жай гүлшоғырлардың
жиындысы күрделі гүлшоғыр ларды құрайды. Бұлар күр-
делі гүлшоғырлар деп аталады.
Жай гүлшоғырлар. Шағын гүлшоғырлардағы гүлдер
гүлсабаққа сағағы арқылы белгілі бір ретпен орналаса-
ды. Мəселен, орамжапырақ, шалғам, жұмыршақ секілді
өсімдіктер шағын гүлшоғырларды құрайды.
Жолжелкеннің ұсақ гүлдері ұзын гүлсабақта са ғақсыз
орналасады. Бұндай гүлшоғыр жай масақ деп аталады.
Алма, алмұрт, шие, алша өсімдіктерінің гүлшоғыры
жай қалқанша тəрізді болады. Қалқанша гүлшоғырда əр
түрлі ұзындықтағы гүлсағақты гүлдер қысқа гүлсабаққа
кезектесіп орналасады. Гүлсабақтың төменгі бөлігіндегі
гүлдердің сағағы жоғарыдағыларға қарағанда ұзындау
болғандықтан, гүлдердің жоғарғы бөлігі бірдей жа-
зықтықта болады (49-сурет).
Жуан əрі ұзын гүлсабақта сағақсыз гүлдер орналасқан
болса, бұндай гүлшоғыр сота деп аталады. Мысалы,
жүгерінің аналық гүлдері сотаға шоғырланған. Сыпырт-
қыгүлдің гүлдері қысқа да жуан гүлсабаққа сағақсыз ор-
наласып, шар пішіндес гүлшоғырды құрайды.
53
Жай масақты гүлшоғырдағы гүлдер бірдей ұзын-
дықтағы сағақтарымен гүлсабақтың ішкі бөлігіне орнала-
сады. Бұған пиязды мысал етіп көрсетуге болады.
Гүлсабағының ұшы қалың етті болып келетін гүлшоғыр
себетше деп аталады. Себетшені сыртқы жағынан ора-
ма жапырақшалар орап тұрады. Мысалы, күнбағыс,
шашыратқы, ермен сынды өсімдіктердің гүлдері себетше
гүлшоғырларға орналасқан.
Жаңғақтың, ақ қайың мен талдың аталық гүлдері
сырғалы гүлшоғырға жиналған. Сырғалы гүлшоғыр ма-
саққа ұқсайды, бірақ негізгі гүлсабағының ілініп тұруында
айырмашылық бар.
Күрделі гүлшоғырлар. Сəбіз, аскөк, петрушка, сасыр
жəне анис сықылды өсімдіктердің гүлдері күрделі шатыр-
ша құрайды. Күрделі шатырша негізгі гүлсабақтың ұш
бөлігінде орналасқан жай шатыршалардан құралады.
жұмыршақ жай гүлшоғыр
(пияз)
сота
(жүгері)
гүлшоғыр
(жоңышқа)
жай масақ
(шырыш)
қалқанша
(алма)
шатырша
(бақбақ)
күшала
(тал)
49-сурет. Қарапайым гүлшоғыр.
Достарыңызбен бөлісу: |