Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет17/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40

58
жəне  дəрі-дəрмек  дайындау  ісінде  (киік оты,  жалбыз, 
итмұрын) пайдаланылатын өсімдік түрлері көп.
Күнделiктi  өмiрiмiзде  қолданылатын  нанымыз – бидай
ұны нан  дайындалатыны,  майымыз – мақта  шитi  мен  күн-
бағыс пiстесiнен жəне зəйтүннен алынатыны бəрiмiзге белгi-
лi. Сондықтан  да оларды байқап, ұқыпты  қарауымыз керек.
Əрқандай тағамды дайындағанда, əрине, зирелi өсiмдiк-
тердiң жемiсi (тұқымы) қолданылады. Өзбекстанда ең көп 
таралған зирелiлерге зiре, кашниш, сейдана жəне бұрыш 
жатады.
1. Жемiс қалай пайда болады?
2.  Шырынды  жəне  құрғақ  жемiстердiң  бiр-бiрiнен  қандай 
айырмашылығы бар?
3. Шырынды  жемiстерден  жалған  жемiстердiң  айырмашылығы 
неде?
4. Алма, алмұрт, беһі, неге жалған жемiс деп аталады?
5. Қандай жемiстер сүйектi жемiс деп аталады?
5-зертханалық жаттығу
Жемістердің құрылысы мен алуан түрлілігін зерттеу
1. Өсімдіктер тұқымдары жинағынан тұқымдардың қайсы жеміс 
түріне жататыны анықталады.
2. Құрғақ жемістер жəне олардың қайсы өсімдіктерге тəн екендігі 
анықталады.  Олардың  арасындағы  шытынайтын  жəне  шытынамай-
тын түрлердің өзара айырмасы анықталады.
3.  Шырынды  жемістер  жəне  олардың  қайсы  өсімдіктерге  тəн 
екендігі анықталады.
4.  Жемістердің  алуан  түрлілігі  сызылады  жəне  олардың  негізгі 
белгілері көрсетіледі.
§ 24. ТҰҚЫМ
Тұқым – өсiмдiктердiң көбею мүшесi. Ол ұрықтан, тұ-
қымжарнақтан (эндосперма) жəне қауыздан құ ралған.
Əрбiр  өсiмдiктiң  тұқымы  өзiне  тəн  түзiледi.  Өсiм-
дiктер  тұқым  жарнағына  қарай  даражарнақты  жəне 
қосжарнақты өсiмдiк терге бөлiнедi.


59
Қосжарнақты  өсiмдiктердiң  тұқымында  екi  тұқым 
жар нағы мен ұрық орналасқан. Ұрық тамырша, сабақша 
жəне  екi  кiшкентай  жапырақшадан  құралған.  Сөйтiп, 
екi  тұқым  жар нағы  бар  өсiмдiктер  қосжарнақты 
өсiмдiктер деп аталады.
Қозаның шитi (тұқымы) (54-сурет) үстiнен қалың ағаш 
тəрiздi  қабықпен  қап талған.  Осы  қабық  жасушаларын-
да  өте  ұзын  түктер,  яғни  талшықтар  орналасқан.  Ағаш 
тəрiздi қабықтың астында ақ жəне жұқа қауыз, ал оның 
астында  қабат-қабат  болып  орналасқан  тұқымжарнақ 
пен ұрық болады (54-сурет).
Қосжарнақты тұқымдар жер бетiне екi тұқымжарнақ 
жапырағымен шығады.
Даражарнақты өсiмдiктер тұқымының қосжарнақты 
өсiмдiк тер  тұқымынан   айтарлықтай  айырмашылығы 
бар.  Даражарнақты  өсiмдiктердiң  тұқымы  бiр  тұқым-
жарнақтан, ұрықтағы бастапқы тамыршадан, сабақшадан 
жəне  бүр шiк шеден  құралған.  Оларға   бидай,  арпа, 
сұлы,  жүгерi  сияқты  өсiмдiктер   жатады.  Жер  бетiнде 
ең  көп  таралған  даражарнақты  өсiм дiктердiң  бiрi – би-
дай. Бидайдың тұқымы (дəнi) сопақ ша пiшiнде болады. 
Оның сырты жұқа сары қауызбен қапталған. Бұл қауыз 
қосылып өскен екi қабықтан тұрады. Сырт қысы – жемiс 
қабығы, ал iшкiсi тұқым қауызы есептеледi. Бидай, арпа, 
қара  бидай,  сұлы,  салы,  жүгерi  сияқты  өсiм дiктердiң 
тұқымы дəн деп аталады. Тұқымның негiзгi бөлiгi эндо-
спермадан – қоректiк заттар жиынтығын құ рай тын жасу-
шалардан тұрады.
54-сурет. Шит:
1 – жалпы көрінісі; 
2 – ішкі құрылысы:
– түктері;
ə – қабығы; б – 
бүршігі;
в – тұқымжарнағы
1
2
a
b
e
d


60
Тұқымның   құрамы.  Өсiмдiктердiң  түрiне  қарай 
тұқымның құрамы да əр түрлi болады. Тұқым сыртынан 
құрғақ болып көрiнгенiмен, оның құрамында су болады. 
Оны бiлу үшiн сынауыққа бидай немесе басқа өсiмдiктiң 
тұқымын  салып,  жалынның  үстiне  ұстап  қыздырыңдар. 
Арадан  көп  уақыт  өтпей,  пробирка  қабырғасында  пай-
да болған су тамшыларын көруге болады. Егер тұқымды 
қыздыруды  жалғастырса,  ол  түтей  бас тайды,  күйген  иiс 
келедi, тұқым қарайып, жарылып-жарылып кетедi. Бұнда 
тұқымның  негiзгi  бөлiгiн  құраған  органикалық  заттар 
күйедi.  Тұқым  бiрте-бiрте  күйiп,  сынауық  түбiнде  күл 
қалады. Бұл күл минерал заттардан тұрады.
Тұқымдардың  құрамындағы  органикалық  заттар  түр-
лi қосылыстар түрiнде болады. Бұларға крахмал, ақуыз 
жəне майлар жатады.
Бидай,  жүгерi  жəне  басқа  дəндi  өсiмдiктердiң 
тұқымында  крахмал  өте  көп  болады.  Үрмебұршақ  пен 
машта  жəне  ноқат та  ақуыз  көп  кездеседi.  Жаңғақ  пен 
бадамда,  өрiк  пен  шабдалыда,  жержаңғақтың  дəнi  мен 
күнбағыс пiстесiнде жəне қоза шитiнде май көп болады. 
Тұқымдардың құрамындағы қоректiк заттар тұқымжарнақ 
эндоспермасында сақталады.
Бидай тұқымы эндоспермасының жұқа кесiгiн микрос-
коппен  қараса,  оның  жасушалардан  құралғандығын  кө-
руге болады. Бұл жасушаларда крахмал жəне көп санды 
ақуыз түйiрлерi болады. Кейбiр тұқымдардың құрамында 
эфир майы (зире, асшөп) мен улы заттар (мастак, ащы 
бадам, шабдалы, кемпiршапан) сақталады.
1.  Қандай  өсiмдiктер  қосжарнақты  өсiмдiктер  деп  ата-
лады?
2. Қоза шиті бидай тұқымынан несімен ерекшеленеді?
3. Қандай өсiмдiктер даражарнақты өсiмдiктер деп атала ды? 
4.   Даражарнақты  өсiмдiктер  тұқымының  қосжарнақты 
өсiмдiктер тұқымынан қандай айырмашылығы бар?
5. Тұқым құрамында қандай заттар бар?


61
ІV  ТАРАУ.  ӨСІМДІКТЕРДІҢ  ТІРШІЛІК  ҚЫЗМЕТІ
§25.  ӨСІМДІКТЕРДІҢ  МИНЕРАЛДЫ 
ҚОРЕКТЕНУІ.  ТАМЫР  ҚЫСЫМЫ. 
ТЫҢАЙТҚЫШТАР
Топырақтағы су тамыр түкшелеріне, ал олардан қа-
бық жасушаларына қалай өтеді? Бұл сұраққа көптеген 
мысалдар  келтіре  отырып  жауап  беруге  болады.  Өсім-
діктер  тамырының  маңызды  міндеті – топырақтан  су 
мен онда еріген қоректік заттарды сіңіріп алып, жерүсті 
бөлігіне жеткізу болып табылады.
Топырақтағы су мен онда еріген қоректік заттар алдымен 
тамыр  түкшелеріне,  содан  соң  олармен  қатар  орналасқан 
қабық  жасушаларына  өтеді.  Жасушадан  жасушаға  сіңіп 
өткен су мен онда еріген қоректік заттар тамырдың өткізгіш 
бөлігіне жетіп барады жəне ол жерден өсімдіктің жерүсті 
бөлігіне көтеріледі.
Өзге тірі ағзалар секілді өсімдіктер де сумен өмір сүреді. 
Оларда  жүріп  жататын  көптеген  биологиялық  үдерістер 
судың көмегімен жүзеге асады. Ең маңыздысы – өсімдіктерге 
қажетті қоректік заттар суда еріген күйде болады. Олар су 
арқылы өсімдіктің жасушалары мен ұлпаларына, басқа да 
мүшелеріне өтеді. Су жеткілікті болса, өсімдіктер жасуша-
сы керіліп тұрады. Керісінше болса, өсімдік солып қалады.
Солған өсімдіктерге су құйылса, олардың қалайша өз 
қалпына келетінін сендер жақсы білесіңдер.
Егер өсімдіктердің сабағы яки бұтағы кесілсе, сол ара-
дан  су  тамшылап  аға  бастайды.  Сендер  бұл  жағдайды 
өсімдіктер  бойында  сөл  қозғалысы  басталған  кезде 
кесілген жүзім, терек жəне тал өркендерінен көп көргенсің-
дер.  Жантақты  тамыр  түбірінен  кесетін  болса,  одан  су 
тамшылары домалап түскенін байқаймыз. Бұл сұйықтық 
өздігінен шықпайды, оны тамыр қысымының күші айдап 
шығады. Бұл күш су мен онда еріген қоректік заттардың 
бір  жасушадан  екінші  жасушаға  өтуі  кезінде  төменнен 
жоғарыға көтерілуіне ықпал жасайды (55-сурет).


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау