Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет13/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40

44
бүршіктер орналасқан. Пияздың осы етженді жапырақтары 
–  пішіні  өзгерген  жапырақтар.  Олардың  жасушаларында 
қоректік  заттар  шоғырланған.  Пияздың  қысқа  сабағынан 
жапырақтар  жəне  гүлсағақ  өсіп  шығады.  Уақыт  өте  келе 
гүлсағақтың  ұшында  гүл  пайда  болады.  Бұдан  шығатын 
қорытынды, кəдімгі пияз – пішіні өзгерген жерасты өркен.
Түйнектер  мен  тамырсабақтар.
 
Түйнек  пен  та мыр-
сабақ та өсімдіктердің пішіні өз герген жерасты өркендері 
болып  табылады.  Түйнек  өсімдіктерге  картоп,  топи-
намбур сияқтылар жатады. Енді солардың ішінде ең көп 
тарағаны – картоппен танысайық.
Картоптың  түйнектері  оның  жер  астындағы  мү ше-
лерінде пайда болады. Ол негізінен домалақ пішінді бола-
ды да, өзінде көп мөлшерде қоректік заттар (əсіресе крах-
мал) сақтайды, іш кі құрылысы жағынан өр кенге ұқсайды. 
Картоптың басқа жер асты өркендерден айыр машылығы – 
оның түйнек те ріндегі көзшелерде бүр шіктер орналасқан.
Түйнектер  жылы,  ылғалды  жерде  жылдам  өне  бас-
тайды. Түйнектегі бүршіктерден жаңа өркен өсіп шығады. 
Бүршіктердің  басым  бөлігі  түйнектің  ұшына  жақындау 
орналасады.  Сол  себепті  картоп  бүршіктердің  ұшынан 
бас тап өсуге кіріседі.
Егер картоп түйнегін кесіп көретін болсақ, оның ішкі 
құрылысының  өркендікінен  еш  айырмашылығы  жоқ 
екеніне көз жеткіземіз.
Картоп  түйнегінде  крахмал  бар  екенін  анықтау 
үшін  кесілген  түйнекке  бір  тамшы  əлсіз  йод  ерітіндісін 
37-сурет. Пішіні өзгерген жер асты сабақтары:
 тамырсабақ; – пиязбас; 3 – түйнек.
3
төбе бүршік
жанама бүршік
негізі
2
құрғақ
қабықтар
сулы
қабықтар
қосалқы 
тамырлар
құрғақ
қабықтар
буын
қосымша 
тамырлар
1
төбе
бүршік


45
тамызсақ, ол жайлап көгере бастайды. Картоптағы крах-
мал жапырақтарда түзіліп, сол жерде қантқа айналады да, 
тіннің  сүзгілі  түтікшелері  арқылы  түйнекке  келеді.  Бұл 
жерде ол қайтадан крахмалға айналып, шоғырланады. 
Тамырсабақ.  Тамырсабақтарда  қосалқы  тамыр,  пі-
шіні  өзгерген  жапырақтар  жəне  бүршіктер  болады.  Қо-
лайлы  жағдайлар  туғанда  бұл  бүршіктерден  жер  бетіне 
жаңа сабақтар өсіп шығады (37-сурет).
Тамырсабақтарға  құмай,  қамыс,  ажырық,  жалбыз, 
қызылмия  сияқтылар  жатады.  Тамырсабақты  өсімдік-
тердің өкілі ретінде құмаймен танысайық. Ол – көпжылдық 
жуан тамырсабақты шөптесін өсімдік. Құмай  – суармалы 
егіндерге үлкен зиян келтіретін өсім дік.
Тамырсабақ өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюіне 
қызмет етеді. Тамырсабақтарда да көп мөлшерде қо ректік 
заттар жиналады. Тамырсабақтарда өркенге тəн қосалқы 
тамырлар,  пішіні  өзгерген  жапырақтар  жəне  бүршіктер 
бар. Түйнек пен тамырсабақ жерасты өркендер пішінінің 
өзгеріске ұшырауынан пайда болады.
Өсімдіктерде  пішіні  өзгерген 
жерүсті  өркендер  де  бар.  Пішіні 
өзгерген жерүсті өркендерге бұй-
ра, қылқан жəне тікен мысал бо-
лады (38-сурет). 
Жапырақ пішінінің өзгеруі – 
метаморфозы. Көптеген жоғары 
сатылы өсімдіктерде жапырақтар 
өзінің сыртқы көрінісін өзгертіп, 
38-сурет. Пішіні 
өзгерген жер үсті 
сабақтары: 
1 – құлпынай 
мұртшасы;
2 – қияр мұртша-
лары; 3 – долана 
тікендері.
1
2
3
39-сурет. Пішіні 
өзгерген жапырақтар. 
Мұртшалар: – ноқат. 
Тікендер: – акация; 
– зире.
1
2
3


46
басқа физиологиялық функцияны орындауға бейімделген. 
Кейбір  өсімдіктердің  жапырақтары  өз  пішінін  өзгертіп, 
тікенге  айналған.  Мəселен,  кактус,  зире  секілді  өсім-
діктердің  жапырақтары  қорғаныс  міндетін  атқарады. 
Өрмелегіш  өсімдіктердің  жапырақтары  бұйрабастарға 
айналған.  Мəселен,  бұйрасы  бар  (ноқат,  асбұршақ) 
өсімдіктер өзге өсімдіктерге жармасып алып, жапыраққа 
жарықтың түсуін жəне сабақты ұстап тұруды қамтамасыз 
етеді (39-сурет).  Кəдімгі  пияз,  орамжапырақ,  алоэ  өсім-
діктерінің жапырақтары етті болғандықтан, өзінің бойын-
да қоректік заттар қорын жинақтап, сақтайды.
1. Пішіні өзгерген жерасты өркен деп нені айтамыз?
2.  Қоректік  заттар  пиязшықты  өсімдіктердің  қайсы  мүше-
леріне шоғырланады?
3. Кəдімгі пияз қандай бөліктерден тұрады?
4. Пияздың адам өміріндегі маңызы қандай?
5. Тамырсабақтың пиязшықты түйнектен қандай айырмасы бар?
§ 20. ГҮЛ – ӨСIМДIКТЕРДIҢ   ГЕНЕРАТИВТIК
КӨБЕЮ   МҮШЕСI
Гүл – жабық тұқымды өсiмдiктердiң жыныстық көбею 
мүшесi,  түрi  өзгерген  сабақ.  Өсiмдiктер  қайсы  жүйелiк 
топқа тиiстiлiгiне қарай, гүлдер алуан түрлi болады.
Гүлдердiң өсiмдiктер тiршiлiгiнде маңызы үлкен. Одан 
жемiс (тұқым) пайда болады.
Гүл  төмендегi  үш  бөлiктен  тұрады (40-сурет).  Өсiм-
дiктердiң гүлi өркенге сағақ арқылы бiрiгiп тұрған дықтан, 
оны гүлсағақ деп атайды. Гүлсағақтың жоғарғы бөлiгiнде 
бiраз  жуандау  жерi – гүлтабаны  бар,  онда  гүлдiң  толық 
бөлiктерi  орналасқан.  Гүлсағақ  пiшiнi  мен  мөлшерi 
жағынан бiр-бiрiнен өзгешеленедi.
Табиғатта  гүлсағақ  дамымайтын  отырықшы  гүлдер 
де кездеседi.
Тостағанша – гүлдi сыртқы жағынан қоршап тұратын 
қабат.  Ол  тостағанжапырақшалардан  құралған,  олардың 
сырты жасыл жəне басқа түстерде болады.


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау