34
§ 14. САБАҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
«Ұлпалар» тақырыбын өткен кезде өсімдіктердің өсу
нүктесінде орналасқан түзгіш ұлпаның жасушалары
бөлінеді деген едік.
Сабақ өзінің ұшында ор наласқан төбе бүршіктегі
жасушалардың бөлінуі арқылы өсіп, ұзарады. Егер сабақ
ұшындағы бүршіктің бастама жапырақтарын жұлып
тастасақ, онда өсу ко нусын көре аламыз.
Өсу конусының жұқа қимасын микроскоппен қа ра-
ғанда, оның жұқа қа бықты жасушалардан тұ ратынын
көруге болады. Өсу конусының жасу шалары ұдайы бөлі-
ніп тұрады. Соның нəти же сінде жасушалар саны бір-
те-бірте көбейіп, са бақ тың ішкі бөлігі ұза рып өседі.
Өсімдіктер бүртігінің бастама сабағынан негізгі сабақ
өсіп шығады да, одан жанама өркендер пайда болады. Жа-
нама өркендердің төбе бөлігінде де өсу конусы бар төбе
бүршігі байқалады. Жасушалардың бөлінуі есебінен жа-
нама өркендер де бойлап өседі (25-сурет).
Сабақтың өсетін бөлігіндегі жасушалар қоректік зат-
тарға қаншалықты бай болса, олар соншалықты жиі
бөлінеді жəне тез өседі. Сондықтан көктемде күн нұрының
əсерінен ауа жылына бастағанда өсімдіктер де жылдам
өсуге кіріскенін байқауға болады.
Сабақтың өсуі оның төбе бүр шігіндегі өсу нүктесіне
байланысты. Егер оның ұшын шыр-
пып тастасақ, ол өсуін тоқтатып
қояды, яғни өсімдік бойлап өспейді.
Бұндай жағдай жанама өркендердің
көбеюіне мүмкіндік туғызады. Со-
ның нəтижесінде са бақ шектен
тыс бұтақтап кетеді. Сабақ тың бұл
қасиеті өсімдіктану саласында, əсі-
ресе бағбаншылықта өсімдіктерге
пішін беру жəне олардан мол өнім
алу үшін пайдаланылады (26-сурет).
25-сурет.
Өркеннің дамуы
35
Өсімдіктер түріне өсу жағдайына қарай əр түрлі
жылдамдықпен өседі. Мəселен, тауларда көп тараған арша
ағашының өсуі өте баяу болады. Бес жылдық аршаның
бойы 10-15 см-ге əрең жетеді. Бұған керісінше жүзім
сияқты шырмалып өсетін өсімдіктер бір жаздың өзінде 10
м-ге дейін өсе алады.
Өзбекстандағы жылдам өсетін ағаштарға мысал
ретінде тал, терек, шынар, жаңғақ, шие секілділерді атап
көрсетуге болады. Ал баяу өсетін ағаштарға алмұрт, до-
лана, пісте тағы басқалар жатады.
Сабақтың жуандап өсуі. Өсімдік сабақтары мен
өркендері даму барысында бойлап өсумен қатар еніне де
өсіп-жуандайды. Көктем келіп, өсімдіктерде сөл айналу
басталысымен қоректік заттар барлық мүшелерге, соның
ішінде камбийге де жетіп барады. Қоректік заттармен
жəне сумен жеткілікті қамтамасыз етілген камбий жасу-
шалары бөлінуге кіріседі.
Əрбір жасуша ұзынынан екіге бөлінеді. Жас жасу-
шалар өсіп жетілген соң, олардың əрқайсысы тағы екіге
бөлінеді. Бөліну осылайша тоқтаусыз жалғаса береді.
Бөлінген жасушалардың басым бөлігі камбийден ішке
қарай өсіп, сүрек жасушаларына айналады. Ал қалған
бөлігі камбийден сыртқа қарай өсіп, тін жасушаларына ай-
налады. Сондықтан да сүрек тінге қарағанда қалың бола-
ды. Көктемде камбийде су мен қоректік заттар жеткілікті
болғандықтан, оның жасушалары да ірілеу келеді. Жаз
келіп, күн ыси бастағанда, камбийге баратын қоректік зат-
тар мен су азаяды. Бұл кезде бөлінетін жасушалар майда
26-сурет.
Сабақтың
ұшын шырпу
төбе бүршік
тыным
кезіндегі
бүршік
жанама
бүршіктің
өсуі
төбе бүршікті
шырпу
36
болады. Күзге салым камбий жасушалары бөлінуін тоқ-
татады да, келер жылы көктемде қайта бөліне бастайды.
Осылайша жыл сайын көктемнен күзге дейін жаңа
сүрек қабаты сақинасы пайда болады жəне бұрынғы сүрек
қабаттарын сырт жағынан орап алады (27-сурет).
Оқы, қызық!
Алып ағаштар. Жер бетінде ірі, биік бойлы ағаштар
жиі кездеседі. Осы күнге дейін биіктігі жағынан Австра-
лия эвкалипті мен сек воядендронға тең келетін ағаш табылған жоқ.
Эвкалипттің биіктігі 150–155 м, ал секвоядендрондікі 110–140 м,
ал төменгі бөлігінің жуандығы 46 м-дей екен. Бұндай алып ағаштар
титімдей ғана тұқымнан өнім шығады. Оның бір жаңғағының ішінде
200-ге дейін тұқым болады. Бұл тұқымның 196 мың данасының салмағы
1 кг-ды құрайды. Эвкалипт те осындай ұсақ тұқымнан өніп, өседі.
1. Өсу конусы қай жерде орналасқан, оның маңызы қандай?
2. Егер сабақтың төбе бөлігі кесілсе немесе шырпылса,
өсімдіктің бойында қандай өзгерістер байқалады?
3. Діңі жылдам жəне баяу жуандайтын ағаштарға бесеуден
мысал келтіріңдер.
4. Жаңа кесілген ағаштың бір бөлегін алып, оның көлденең
қимасы қалай түзілгенін бақылаңдар.
§ 15. ЖАПЫРАҚТЫҢ СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛЫСЫ
Жапырақ – өркеннің бір бөлігі, өсім діктердің ма-
ңыз ды тіршілік үдеріс тері (фотосинтез) негізінде орга-
никалық зат тар түзетін, суды буландырып, тыныс алатын
негізгі вегетативтік мүшесі.
Жапырақ негізінен екі бөлімнен: жапырақ тақтасы
мен жапырақ сағағынан тұрады (28-сурет).
27-сурет.
Ағаштың жылдық сақиналары
тін
камбий
ксилема
өзек
жылдық
сақиналар
борпылдақ
37
Кейбір өсімдіктердің жапырақ са-
ғағының төменгі бөлігінде қо салқы
жапырақшалар болады. Ал кейбір
өсім діктердің жапырақтары сағақсыз
бо лып келеді. Бұндай жапырақтарды
сағақсыз (отырмалы) жапырақтар деп
атайды. Жапырақтар сабаққа немесе
өркенге жапырақ сағағымен орны ға-
ды. Ал сағақсыз жапырақтар са баққа
тақтасының төменгі (ас тыңғы) бөлігі
арқылы бірігеді (29-сурет). Алма, өрік,
ал мұрт, терек, жаңғақ, əнжір, жүзім,
қияр, қауын секілді жемісті ағаштар
мен бақша егіндерінің, сондай-ақ сəндік
өсімдіктердің жапы рақтары сағақты; ал
жауқазын, пияз, шырыш, сарыгүл, би-
дай, арпа, жүгері, салы сынды өсімді к-
тердің жапырақтары сағақсыз болады.
Өсімдіктердің түрлеріне қарай жүй-
келер де əр түрлі тарамдалады. Со-
ларға қарай отырып өсімдіктерді бір-
бірінен айыруға болады. Мə се лен,
қос жарнақты өсімдіктер мен дара
жарнақты өсімдіктердің өз ара айыр-
машылықтарын білу үшін олардың
жапырақтарының жүй ке ленуіне, яғни тарамдалуына назар
аудару керек. Қос жарнақты өсім дік тердің жапырақтары
қауырсын тəрізді жəне саусақ тəрізді (тор тəрізді) бо-
лып тарамдалады. Бұны терек, шынар, алма, өрік, алмұрт,
30-сурет.
Жапырақтар-
дың
жүйкеленуі:
1 –
параллель;
2 –
доға тəрізді;
3 –
қауырсын тəрізді;
4 –
саусақ тəрізді.
28-сурет.
Алма жапырағы:
1 –
жапырақ тақтасы;
2 –
жапырақ сағағы;
3 –
жапырақ тамырлары;
4 –
қосалқы жапырақ.
4
2
3
1
29-сурет.
сағақты
жапырақ
сағақсыз жапырақ
1
2
3
4
Достарыңызбен бөлісу: |