Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет11/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40

38
тұт,  мақта  сияқты  өсімдіктердің  жапы рақтарынан  айқын 
көре аламыз (30-сурет). Дара жарнақты өсім діктерге жа-
татын бидай, арпа, жүгері, ақ жүгері, құмай секілділерде 
жапырақ жүйкесі жапырақтардың шетіне параллель не-
месе доға тəрізді болып орналасқан.
Сабақтан келетін су мен қоректік заттар жүйкелер бой-
ымен жапырақтарға келеді, ал жапырақтарда фотосинтез 
нəтижесінде түзілген органикалық заттар сабаққа өтеді.
1.  Жапырақ қандай бөліктерден құралады?
2.  Қандай  жапырақтар  сағақсыз  жапырақтар  деп  аталады? 
Сағақсыз жапырақты өсімдіктерге мысалдар келтір.
3.  Саусақ  тəрізді  жүйкеленген  жапырақтарды  түсіндіріп,  мысал 
келтір.
4.  Қайсы  өсімдіктердің  жапырағы  параллель  яки  доға  болып  ор-
наласады?
5.  Өсімдіктердің  түрлерін  айыруда  жапырақ  тамырлары  қандай 
рөл ойнайды? Мысал келтір.
§ 16. ЖАЙ  ЖƏНЕ  КҮРДЕЛІ  ЖАПЫРАҚТАР.
Өсімдік  жапырақтары  құрылысына  қарай  жай  жəне 
күрделі  болып  келеді.  Жапырақ  сағағында  жалғыз-ақ 
жапырақ тақтасы орналасқан болса, бұндай жапырақ жай 
жапырақ деп аталады. Бұларға алма, алмұрт, өрік, шаб-
далы,  тұт,  жүзім,  мақта,  терек,  рауғаш,  жантақ  сияқты 
өсімдіктердің жапы рақта ры жатады (31-сурет).
Бір жапырақ сағағында бір неше жапырақ тақталары ор-
на ласқан болса, бұндай жапырақ күрделі жапы рақ деп ата-
лады (32-су рет). Күрделі жапырақты ларға қызылмия, бе
 
де, 
талшын,  жаңғақ,  итмұрын,  құл пы  най,  үрмебұршақ,  но қат, 
жержаңғақ секілді өсім діктерді мысал етіп көрсетуге болады.
Жапырақтар  тақтасы ның  пішініне  қарай  до ма лақ, 
саусақ тəрізді, жұ мыртқа тəрізді, сопақ, жү рек тəрізді, қияқ 
тəрізді, ромбы тəрізді, үшбұрыш тəрізді жəне тағы басқа 
пішіндерде  болады (33-су рет).  Жапырақтар  тақта сының 
ше ті (жиегі) бү тін, тісті, аратісті, ойыс жə не дөңес болуы 
да  ық тимал.  Сонымен  қатар  жа пырақтар  өсімдіктердің 


39
түр леріне  қарай  түкті  жə не  түксіз  де  болады.  Көп теген 
өсім дік тердің  жапырақтарының  астыңғы  жағы  түкті  бо-
лып келеді.
Жай жапырақтар құрылысына қа рай қауыр сын тəрізді, 
сау сақ тəрізді жəне үш бөлікті болады (34-сурет).
Күрделі жапырақтар үш жапырақшалы сау сақ тəрізді, 
тақ жəне жұп қа уырсын тəрізді жапы рақ тарға бөлінеді.
Үш  жапырақшалы  күр делі  жапырақтыларға  жо ңыш -
қа,  үрмебұр шақ,  асбұршақ,  құлпынай;  ал  саусақ  тəрізді 
жапырақтыларға салалы тал шын жатады. 
Жапырақшалар  жапырақ  сағағының  аяғына  дейін  қа-
рама-қарсы  орналасқан  бол са,  бұндай  жапырақтар  жұп 
қауырсын  тəрізді  жапырақ  деп  (жер жаңғақ),  егер 
жапырақ  сағағының  ұшы  жалғыз  жа пырақпен  аяқталса, 
бұн дай жапырақтар тақ қауыр сын тəрізді жапырақ деп 
аталады (қызылмия). Кейде тақ жапырақшалардың орны-
на мұртшалар да пайда болады (ноқат пен асбұршақта).
34-сурет. Құрылысына
қарай жай жапырақ-
тардың түрлері:
1–үш бөлікті; 2–саусақ тəрізді.
1
2
1
2
3
1
1
2
2
3
31-сурет. Жай жапырақтар: 
1–шие; 2–қарағаш;
3–сəмбі тал.
32-сурет. Күрделі жапырақтар: 
1–жаңғақтың қауырсын тəрізді 
жапырағы; 2–талшынның саусақ 
тəрізді жапырағы.
33-сурет. Жай жапырақ-
тардың пішіндері:
1–жұмыртқа тəрізді; 2–найза 
тəрізді; 3–жебе тəрізді.


40
Сексеуіл,  қандым  сияқты  кейбір  өсімдіктердің  жапы-
рақтары өте ұсақ, қылтанақ пішінді болып келеді. Оның 
сағағы да болмайды, ұзындығы 2 мм-ден аспайды.
Жалпы алғанда, жапырақтар жай жəне күрделі болып 
бөлінеді, ал пішіндері алуан түрлі болады.
1. Қандай жапырақтар жай, қандай жапырақтар күрделі деп 
аталады?
2. Шалқан, шалғам, сəбіз, қызылша, құлпынай, бидай, жау-
қазын жапырақтары қандай (жай немесе күрделі) жапы-
раққа жатады?
3.  Күрделі тақ қауырсын тəрізді жəне күрделі жұп қа уыр-
сын тəрізді жапырақтарға мысалдар келтір.
4. Сексеуіл жапырағы жапырақтардың қайсы түріне жатады?
Талшын,  гледичия  (тікен  ағаш),  өрік,  алма,  терек,  жүзім, 
құлпынай, ноқат, қоза, бидай, жауқазын жəне лобия жапы-
рақтарының  қайсысы  жай  жапыраққа,  қайсысы  күрделі 
жапыраққа  жататынын  анықтап,  суреттерін  дəптеріңе  сы-
зып ал.
§ 17. ЖАПЫРАҚТАРДЫҢ  ӨРКЕНДЕ  ОРНАЛАСУЫ
Өсімдік  жапырағы  өркенде  белгілі  ретпен  орналаса-
ды. Негізінен олар кезектесіп, қарама-қарсы жəне доға 
жасап  орналасады (35-сурет).  Жапырақтары  өркенде 
кезектесіп  орналасатын  өсімдіктерге  қоза,  жүзім, 
қызанақ, алма, өрік, терек, тұт, раушангүл, аққурай жəне 
долана сияқтылар жатады.
Жапырақтар сабақтағы яки өркендегі əрбір буынның 
екі жағында бір-біріне қарама-қарсы орналасса, бұндай 
жапырақтар  қарама-қарсы  орналасқан  жапырақтар 
деп  аталады.  Бұлардың  қатарына  бəрімізге  белгілі  рай-
хан,  жалбыз,  қалампыр,  лигуструм,  настарин,  қалақай, 
35-сурет. Жапырақтардың 
өркенде орналасуы:
– кезектесіп орналасқан;
– қарама-қарсы 
орналасқан;
– доға жасап орналасқан.
1
2
3


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау