Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет9/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40

31
береді.  Егер  осы  бұтақшаларды  қаңтардың  екінші  жар-
тысында  немесе  ақпанның  ішінде  суға  салса,  бүршіктер 
тез жанданып, өсе бастайды. 
Бүршіктер бөртіп, жаңа жапырақ немесе гүл шығаруы 
белгілі бір уақытты қамтиды. Бұл кезең фаза деп аталады.
Ерте  көктемде  өрік,  шабдалы,  бадам  сынды  өсімдік-
терде  алдымен  генеративтік,  содан  соң  вегетативтік 
бүршіктер ашылады.
1. Бүршіктерді неліктен бастама өркен деп атайды?
2. Бүршіктер өскенде қандай өзгеріс байқалады?
3. Терек өсімдігінің бүршігі қалай түзілген?
4. Ерте көктемде қай ағаштар мен бұталар алдымен гүлдейді?
Ерте  көктемде  бірнеше  өсімдіктің  (тал,  терек,  бадам, 
əнжір)  өркендерінен  кесіп  алып,  суға  салып  қойыңдар. 
Арадан 10–15 күн өткен соң бұл өркендерде қандай өзгеріс 
болғанын анықтаңдар жəне дəптерлеріңе жазыңдар.
2-зертханалық жаттығу
Бүршіктердің құрылысы жəне олардың
өркенде орналасуын зерттеу
1.  Терек,  тал,  настарин,  өрік  жəне  алма  ағаш тарының  бұтақ-
тарындағы төбе бүршіктер мен жанама бүршіктерді қарап шығыңдар, 
сосын оларды бір-бірімен салыстырыңдар: а) қайсысының бүршіктері 
ірі, қайсысынікі майда екенін анық таңдар; ə) бүршіктердің тізбек теліп, 
қарама-қарсы жəне доға тəрізді орналасқанына мəн беріңдер; б) төбе 
бүршік пен жанама бүршіктерді табыңдар. 2. Ірі бүршіктердің бірнешеуін 
ұзынынан тіліп, ішкі құ ры лысын лупамен қараңдар. Олардың бастама 
сабақтардан, жа пырақтан жəне қабықтан құ рал ғанын анықтап, суретін 
салыңдар. 3.  Генеративтік жəне веге тативтік бүршіктерді анықтаңдар 
жəне  оларды  салыстырыңдар.  4.  Қарастырылған  бүршіктердің  ішкі 
жəне сыртқы құрылысының суретін салыңдар.
§ 13. САБАҚТЫҢ  ІШКІ  ҚҰРЫЛЫСЫ
Сабақ  жоғары  сатылы  өсімдіктердің  жер  үстіндегі 
негізгі  вегетативтік  мүшесі  болып  табылады.  Ол  тірек, 
заттарды  тасымалдау,  қоректік  заттар  қорын  жинау, 
вегетативтік  көбею  секілді  міндеттерді  атқарады.  Сабақ 


32
тұқымның  бүршік  бөлігіндегі  байланысу  сабақшасынан 
түзіледі. Тұқым өнісімен-ақ сабақ жер бетіне шығады да, 
меристема жасушаларының бөлінуі жəне іріленуі есебінен 
өсе  бастайды.  Өсімдіктердің  сабақта ры  олардың  қайсы 
жүйелік бірлікке жататынына (дара жəне қос жарнақты), 
сон дай-ақ қандай тіршілік пі шінін де (шөп, бұта яки ағаш)
болуына қарай əр түрлі түзіледі.
Ағаш  діңінің  құрылысы  бір  жылдық  шөптесін  өсім-
діктер сабағының құры лы сынан түбегейлі өзгеше болып 
келеді. Бұны білу үшін тұт аға шының жас өркенінің құры-
лысымен танысып кө рейік.
Өркеннің  беті  бір  қабат  жасушалардан  құралған  эпи-
дермамен қапталған. Эпи   дер маның астында көп қабатты 
тірі  жасушалардан  түзілген  өң  паренхимасы  (негізгі 
ұлпа)  орналасқан.  Өң  мен  тоздың  астында  тін  қабаты – 
флоэма, одан сəл əріде камбий, камбийден кейін сүрек 
бөлігі (ксилема), оның ортасында өзек орналасқан.
Жаздың  екінші  жартысында  тұт  өркені  қабығының
сыртында  қоңыр  түсті  жасымықшалар  пайда  бола-
ды.  Сабақ  ішіндегі  тірі  жасушалар  осы  жасымықшалар 
арқылы  тыныс  алады.  Қабық  паренхимасы  бірті-бірте 
қалыңдап,  тоз  қа баты  түзіледі.  Тоз  қалыңдаған  сайын 
қабықтағы тірі жасушалар азая бастайды. 
Діңде  жəне  ескірген  бұтақтарда  тоз  қабаты  қалың 
бо лады.  Тоз  қабаты  ішкі  жақтағы  тірі  жасушалар-
ды  қысқы  суықтан,  жазғы  ыстықтан  жəне  алуан  түрлі 
аурулардың əсерінен қорғайды. Флоэма негізгі (паренхи-
ма), механикалық (тін талшықтары) жəне өткізгіш (сүзгілі 
түтікшелер) ұлпа жасушаларынан тұрады.
Тұт  ағашы  қабығының  майысқақ  жəне  мықты  болуы 
тін талшықтарына байланысты. 
Тін талшықтары кенеп пен зығырдың сабағында да 
жақсы дамыған. Олардан жіп иіріліп, арқан есіледі, қап, 
мата тоқуға пайдаланылады. Бұл талшықтардың арасын-
да саңылаулы перделермен бөлінген созылыңқы, жіңішке 


33
түтікшелер бар. Оларды сүзгілі түтікшелер деп атайды. 
Бұл  түтікшелер  жапырақтардан  өсімдіктің  өзге  мүшеле-
ріне органикалық заттардың өтуін қамтамасыз етеді. Егер 
өркеннің  қабығын  сылып  тастаса,  оның  сүректенген  ақ 
түсті  бөлігі  қалады.  Өсімдіктердің  бұл  бөлігі  олардың 
түрлеріне қарай қатты (қарағаш, үйеңкі, сексеуіл, жыңғыл, 
жаңғақ, емен, өрік т.б.), жұмсақ (тал, терек, жиде), ауыр 
жəне жеңіл болады. Сүрегі қатты ағаштардан мебель жəне 
тұрмысқа қажетті заттар дайындалады.
Сүрек қабатының пішіні мен көлемі əр түрлі жасуша-
лардан түзілген. Сүректе ұзын түтіктер бар, солар арқылы 
су, қоректік заттар жəне еріген минералды тұздар тамыр-
дан өсімдіктің басқа мүшелеріне таралады.
Қабық  пен  сүрек  арасындағы  жас,  нəзік  жасушалар 
камбий  қабатын  түзеді.  Микроскоппен  ғана  көрінетін 
бұл жасушалар ұдайы бөлініп (көбейіп) отыратындықтан, 
сабақ өскен сайын жуандай береді. Егер сүректің көлденең 
кесілген  қимасын  қарасақ,  оның  орталық  бөлігінде 
орналасқан өзекті көре аламыз.  Кейбір ағаштардың өзегі 
бос,  жұмсақ  немесе  шіріген  болады.  Кейде  ағаштың  іші 
қуыс  болып  қалады.  Жас  өркендердің  өзек  жасушалары 
тірі болады. Оларда органикалық заттар шоғырланады.
Қысқасы, сабақтың ішкі құрылысы өң, тоз, тін, кам-
бий, сүрек жəне өзек деп аталатын бөліктерден тұрады.
1.  Сабақтың ішкі құрылысы қандай бөліктерден тұрады?
2. Қабықтың өсімдіктер үшін қандай маңызы бар?
3. Өркендер неліктен берік жəне майысқақ болады?
4.  Тін  талшықтары  мен  ағаштың  сүректі  бөлігі  халық 
шаруашылығында қандай мақсаттарға пай даланылады?
5.  Камбий қабаты өсімдіктің қайсы бөлігінде тү зіледі?
Өздеріңе  таныс  ағаштардың  біреуінің  өр кенін  кесіп  алып, 
оның  көлденең  қимасының  құрылысымен  танысыңдар 
жəне  ондағы  қабат тарды  анықтаңдар.  Сабақтың  көлденең 
қимасы құрылысының суретін салып, бөліктерінің аттарын 
жа зыңдар.
3 – Биология, 6-сынып


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау