27
Тамыржемістер – негізгі тамыр пішінін өзгертіп, жу-
андайды да, бойына қоректік заттар қорын жинақтайды.
Бұған сəбіз, шалғам, шалқан, қызылша, кəді сияқтылар
мысал бола алады.
Тірек тамырлар (қосалқы тамыр) – сабақтан шыққан
жанама тамырлар оған бойын тік ұстап тұруына кө-
мектеседі (жүгері, ақжүгері жəне т.б.) (21-сурет).
Тропиктік аумақтарда өсетін кейбір өсімдіктерде ауа
тамырлары болады.
1-зертханалық жаттығу
Тамырдың түрлерін жəне тамыр құрылысын зерттеу
1. Кептірілген жəне тірі өсімдіктер мысалында тамырдың түрлерін
зерттеңдер. Олардың қайсысы кіндік тамыр, қайсысы шашақ тамыр
жүйесі екенін бақылаңдар. Тамыр жүйесінің суретін салыңдар.
2. Жүгері, ажырық, құлпынай мысалында қосалқы тамырларды
қарап шығыңдар жəне олардың суретін салыңдар.
3. Қоректік заттар жинайтын кіндік тамырдан пайда болған тамыр-
жемістер: сəбіз, қызылша, кəді, шалғам, шалқан сияқтыларды қарап
шығыңдар жəне суретін сызыңдар.
§ 10. ӨРКЕН
Өркен жоғары сатылы өсімдіктердің вегетативтік мү-
шесі болып саналады. Ол сабақтан жəне онда орналасқан
жапырақтар мен бүршіктерден тұрады. Ағаш тардың,
бұталар мен шала бұта лардың бүршік пен жа пырақ түзе-
тін бір жылдық бұтағы да өркен деп аталады (22-сурет).
Өркендердің қабығы жасыл түс ті əрі нəзік бола-
ды, жасуша ларында жасыл түс беретін хлорофилл тү-
йіршіктері бар. Өркендердің жа пы рақ біріккен жері буын,
ал екі жапырақ аралығындағы бөлігі буын аралығы деп
аталады. Жа пы рақ тардың қолтығында бір немесе бірнеше
бүршік орналасады.
Күз жақындағанда өркендердің жасыл түсі өзгеріп,
қоңырқай жəне қызғыш тартады. Өйткені бұл уақытта
олардың қабығы қалыңдап, астында тоз (ақшыл мөлдір
қа бат) пайда болады. Қара күзде жа пырақтар төгіліп,
28
олардың қолты ғындағы бүршіктер
ашы лып қа лады да, олар сол күйі қыс-
тап шығады.
Өркендер екі түрлі болады. Егер өр-
кен жапырақтан жəне бүршіктерден
құ ралған болса, оны вегетативтік өр-
кен дейді. Ал өркеннен гүл пайда бол-
са, онда ол генеративтік немесе гүлді
өркен деп аталады.
Демек, жапырағы мен бүршіктері бар ағаш пен бұтаның
бір жылдық өркені немесе тұқымынан өніп шыққан бір
жылдық өскіні де өркен деп аталады.
1. Өркен деп нені айтады?
2. Өркеннің қандай бөліктері бар?
3. Күздігүні өркендердің түсі неліктен өзгереді?
4. Өркендердің қандай түрлері бар?
§ 11. САБАҚТАРДЫҢ АЛУАН ТҮРЛІЛІГІ
Өсімдіктердің түрлеріне өсу жағдайына қарай олардың
сабақтары да əр түрлі болады. Сабақтар құрылысына орай
сүректі сабақ (терек, қарағаш т.б.) жəне шөптекті сабақ
(арпа, итжүзім т.б.) болып бөлінеді.
Сүректі сабақты өсімдіктерден жыл сайын бүршіктер
пайда болады да, көп жылдық жерүсті сабақтар өсіп
шығады. Ал шөптекті сабақтардың жерүсті сабақтары
негізінен бір маусым ғана өмір сүреді.
Сабақтар өте қысқа (пиязда) жəне шектен тыс ұзын
болуы мүмкін. Мəселен, мырзатеректің биіктігі 20–25
м-ге жетсе, Калифорниядағы секвоядендрондікі 110–140
м, Австралиядағы эвкалипттікі 150–155 м-ден асады. Со-
нымен қатар Оңтүстік Азияның тропиктік ормандарын-
22-сурет.
Өркеннің құрылысы:
1–бүршіктер; 2–буын аралығы;
3– буын; 4–сабақ.
1
1
3
2
4
29
да өзге ағаштарға шырмалып өсетін Ротанг пальмасы
сабағының ұзындығы 400 м-ге жететіні белгілі.
Сабақтар бұтақтанған (алма, жаңғақ), бұтақтан ба-
ған (пальма) болады. Сабақтардың орналасуына қарай
тік өсетін (терек, алма, бидай жəне т.б.), көтеріліп
өсетін (беде, жоңышқа), шырмалып өсетін (кернейгүл,
шырмауық) түрлері де бар. Шырмалып өсуге бейім
өсімдіктер қасындағы басқа өсімдікке немесе тірек бо-
латын кез келген басқа затқа асылып, шырматыла өседі.
Жүзім ағашы да өзінің мұртшаларының көмегімен
өрмелеп өседі. Жер бауырлап немесе пəлек жайып
өсетін өсімдіктер дің қатарына асқабақ, қауын, қарбыз
жəне қияр сияқтыларды жатқызуға болады.
Өрмелегіш сабақтар жер бетінде жатып, қосалқы та-
мырлар шығару жолымен өседі. Құлпынай, қойбүлдірген
секілді өсімдіктердің сабақтары өрмелегіш сабақ болып
табылады (23-сурет). Сабақтардың жуандығы да əр түрлі
болады. Олардың арасында жіп тəрізділерден (арам сояу)
бастап, айналасына 4-6 метрге дейін таралып өсетін
(жаңғақ) жəне бөрікбасының аумағы 8-10 м-ге жететін
(шынар) алып түрлері де кездеседі.
Сабақтардың ішкі жəне сыртқы құрылысының алуан
түрлілігі белгілі бір аумақта көп санды өсімдік түрлерінің
өсуіне қолайлылық туғызады.
1. Сабақтар құрылысына қарай неше түрлі болады?
2. Сабақтардың қандай пішіндері бар?
3. Өзбекстанда өсетін ең биік өсімдіктерді білесің бе?
4. Өсімдіктер өмірінде сабақтың қандай маңызы бар?
23-сурет.
Сабақтардың
алуан түрлілігі:
1–қарағаш;
2–қауын;
3–құлпынай.
1
2
3
30
§ 12. БҮРШІК
Бүршік – енді өсе бастаған өркен. Бүршіктер екі
түрлі генеративтік жəне вегетативтік бүршік болады.
Вегетативтік бүр шік өсімдіктердің бастама жапырақты
өркені, ал гене ративтік бүршік бастама гүлшоғыр немесе
гүл болып табылады. Əрбір өркен бүршіктен дамиды.
Терек, шынар, талшын, нас тарин сияқтылардың бүр-
шіктері ірі, ал тұт, тал, қарағаш, өрік, алма секілділердің
бүршіктері ұсақтау келеді. Осындай бүршіктерге қарап
та өсімдіктердің түрлерін анықтауға болады. Өркендегі
бүршіктер кезектесіп, қарама-қарсы доға түзе орналаса-
ды. Сонымен қатар бүршіктер өр кеннің ұшында да бола-
ды. Өркеннің ұшына орналасқан бүршік тер төбе бүршік
деп, ал жанама жапырақтардың қолтығына орналасқан
бүршіктер жанама бүршік деп аталады. Бұдан тыс
қосымша бүршіктер (тамырда, жапырақта) де кездеседі.
Енді терек тің бүр шіктерімен танысайық. Олар өр-
кенде кезектесіп орналасады, ең ұшындағы бүршік ірі, ал
төмендегілері майда болады. Теректің бүршіктері сырт жа-
ғынан мықты қабықпен (теңге жапырақпен) оралған. Бұл
қабық оларды қыстың қақаған аязынан, ауру қоздыратын
бактериялардан жəне зең саңырауқұлақтарынан қор ғай-
ды. Бүршіктерді ұзынынан тіліп қарасақ, қабық астына
орналасқан бас
тама өркенді жəне топталып тығыз орна-
ласқан бастама жапырақтарды көре аламыз (24-сурет).
Бүршіктер қыс қы тыным алу кезеңінен өтсе, жақсы
өседі. Қара күзде жапырақтар толық төгіліп болған соң,
ағаштар мен бұталардың бұтағынан кесіп алып, суға са-
лып қойса, бүршіктер көп уақытқа дейін бөртпей тұра
24-сурет. Бүршіктің
ұзынынан
тілгендегі қимасы:
1–бастама өркен;
2–бастама жапырақ;
3–қабық.
3
2
1
3
Достарыңызбен бөлісу: |