43
мі ндеттерге қарай Энергиялық аудиторлар анықтауы тиіс.
4.1.9.3 Өлшеулер жүргізуге қойылатын талаптар
- Жоқ ақпараттың орнын толтыру үшін немесе статистикалық, құжаттық жəне
техникалық ақпаратты толықтыру үшін неме
се ОЭР тиімді пайдаланылуын жəне энергия тиімділігінің əлеуетін бағалауға
қажетті ұсынылған ақпараттың дəйектілігіне күмəн туындағанда өлшеулер жүргізілуі тиіс.
Аталған өлшемдерді іске асыру үшін ОЭР тұтынатын объектіде энергия ресурстарын
есепке алу мен бақылау жүйелері, бақылау-өлшеу техникасының стационарлық жəне
тасымалдау құралдары қолданылады.
- Бақылау мен өлшемдер қалыпты жұмыс режимі үшін репрезентативті
жағдайларда жəне тиісті ауа райы жағдайларында өткізілуі тиіс.
- ЭЭА өткізу кезінде шешілетін міндеттерге қарай өлшемдер келесілерге бөлінеді:
а) бір реттік – белгілі бір режимде жұмыс істеу кезінде жеке объектінің энергия
тиімділік деңгейін бағалау жағдайында;
б) теңгерімдік – жеке тұтынушылар, ОЭР тұтынатын өндіріс учаскелері, объект
бөлімшелері арасында ОЭР тарату теңгерімін жасау жағдайында;
в) тіркеуші – ОЭР тұтыну режимінің кез келген параметрін анықтау жағдайында.
- Өлшеулер жүргізу кезінде объектіде энергия ресурстарын есепке алу мен
бақылау жүйесін, ОЭР тұтынатын объекті қызметінің өлшеу техникасы құралдарын
барынша пайдалану қажет. Əлдебір физикалық шамаларды өлшеу əдістерімен құралдарын
таңдау ұсыным бойынша іске асырылады.
- ЭЭА өткізу үшін құрамына келесілер кіретін өлшеу техникасы құралдарының ең
төмен жинағына ие болу керек:
а) электрмеханикалық өлшемдер үшін:
- тестер (мультиметр) жəне/немесе ток, кернеу, қуаттылық, қуаттылық
коэффицентін өлшеуге арналған тиісті дəлдік сыныбындағы аспаптар;
- электр сигналдарының талдағышы (осциллограф немесе басқалары, оның
ішінде компьютерлендірілген аспаптар);
- технологиялық жабдық жүктемелерінің графиктерін алуға арналған жабдық;
- тахометр;
- люксметр;
- секундомер;
б) жылу, сұйықтық, ауа, газ параметрлерін өлшеу үшін:
- газдалдағыш немесе отынның толық жануын, сондай-ақ қоршаған ортаға зиянды
лықсымаларды талдау мүмкіндігін беретін басқа жабдық;
- түрлі датчиктері бар термометрлер жинағы: ауа, сұйықтық (тереңдетілген),
беттік (қаптама, байланыстық) жəне т.б. датчиктер;
- манометрлер;
- Пито түтікшесі;
- сұйықтықтар мен газдардың шығыс өлшеуіштері;
- анемометр;
- гигрометр;
- секундомер.
- ЭЭА спецификасына қарай өлшеу техникасы құралдарының жинағы келесі
аспаптармен толықтырылуы тиіс:
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
44
- электр энергиясының сапасы көрсеткіштерінің талдағышы;
- электрлік оқшаулау қарсылығын өлшеуге арналған аспап;
- жерге қосу қарсылығын өлшеуге арналған аспап;
- байланыс қарсылығын тексеруге арналған микроомметр;
- құбыр өткізгіштердің зақымдалу орнын корреляциялық анықтағыш;
- ағуды іздегіштер жəне газ детекторлары;
- жылусезгіш;
- жоғары температуралық инфрақызыл термометр (пирометр);
- құбыр өткізгіштер мен резервуарлар қабырғалары қалыңдығын анықтауға
арналған қалыңдықты анықтағыш;
- ағыстарға арналған шығыс өлшеуіш;
- түрлі өлшем шектеріне арналған манометр жəне дифманометр;
- құбыр өткізгіштердегі сығымдалған ауаны өлшеуге арналған аспаптар;
- су сапасын анықтағыш (тұз құрамы, pH);
- күш пен кезеңді өлшеуге арналған динамометр;
- ауа температурасын ұзақ тіркеуге арналған дербес аспаптар;
- жылу ағынын өлшеуге арналған жылу өлшегіштер;
- бөлмелерде ауаның инфильтрациясын өлшеуге арналған жабдық;
- басқа аспаптар.
- Өлшеу техникасының барлық құралдары метрологиялық бақылау талаптарына
сəйкес келуі тиіс.
- ЭЭА объекті туралы алынған құжатты ақпараттың дəйектілігін бағалау кезінде,
оны осы объектіге арналған бақылау-өлшеу техникасы құралдарның көмегімен алынған
ақпаратпен салыстыру арқылы анықтау қажет.
- Өлшу жүргізу арқылы алынған ақпарат көлемін ЭЭА объектіне жəне қойылған
мақсаттар мен міндеттерге қарай энергиялық аудиторлар белгілейді.
4.1.9.4 Фото жəне бейнеграфикалау құралдарын қолдануға қойылатын талаптар
- ОЭР пайдалану тиімділігіне қарай ЭЭА жəне/немесе оның жеке құрамдас
бөліктерінің жағдайын бекіту жəне графикалық көрсету үшін, бейне жəне суретке түсіру
құралдарын қолдану керек.
- Суретке түсіру құралдарын пайдалану арқылы шешілетін міндеттерге қарай,
бағдарлық, шолу, тораптық жəне бөлшектік фотосуреттер қолданылады.
- Бағдарлық сурет ЭЭА объектінің жəне қоршаған жағдайдың немесе жердің өзара
орналасуын, сондай-ақ бірге-бір қатынаста ЭЭА объектілерінің жекелеген
құрамдастарының өзара орналасуын бекіту қажет болған қолданылады. Осындай суретті
алуды кең бұрыштық объективтерді немесе панорамалық суретке түсіруді қолдану арқылы
биіктіктен (мүмкіндігінше, жердің биік нүктесінен) іске асыру керек.
- Шолу суретін ОЭР пайдалану тиімділігі бойынша ЭЭА объектілерін
жəне/немесе оның жеке құрамдас бөліктерін қоршаған жағдайдан немесе ЭЭА
объектілерінің басқа компоненттерінен оқшау белгілеу қажет болғанда қолданады.
- Тораптық суретті ОЭР пайдалану тиімділігі бойынша ЭЭА объектілерінің жеке
құрамдас бөліктерін жəне олардың бөлімдерінің жағдайын бекіту қажет болғанда
қолданады (мысалы, жылудың ағу орындары, жылу оқшаулаудың зақымдалу орындары
жəне т.б.).
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
45
- Бөлшектік суретті ЭЭА объектінде ОЭР пайдалану тиімділігіне əсер ететін затар
мен қондырғыларды бекіту қажет болғанда қолданады.
- Тораптық жəне бөлшектік суреттер өлшем құралдарын (өлшегіш сызғыш,
рулетка жəне т.б.) қолдануды қарастырады, өйткені алынған фотосуреттер бойынша
бейнеленген заттардың шынайы өлшемдері мен орналасуы анықталады.
- ОЭР пайдалану тиімділігі бойынша ЭЭА объектілерінің жəне/немесе олардың
жеке құрамдас бөліктерінің динамикасындағы (уақыт бойынша) шынайы жағдайын бекіту
үшін, бейнеграфикалауды қолдану қажет.
Энергия аудиті – энергетикалық тексеру
Мақсат
Əдістеме
Нəтиже
Мақсат:
1. Энергияның
тиімсіз
пайдаланылуын
болдырмау
2. Шығындарты түзету
3. Тиімділікті арттыру
1. Ағымдағы энергия
тұтынуды бағалау
2. Энергия үнемдеу
бойынша іс-шаралар
бағдарламасы
1 кезең – Дайындық
2 кезең – Құжаттық
3 кезең – Аспаптық
4 кезең – Іс-шаралық
5 кезең – Аяқтаушы
4.3 – сурет. Энергиялық аудиттің құрылымдық схемасы
Энергиялық аудиттің негізгі мақсаттары:
- Энергияның тиімсіз пайдаланылуын болдырмау;
- Шығындарды кетіру
- Тиімділікті арттыру
Энергетикалық тексеру қойылған міндеттерге, кəсіпорынның ауқымына,
кəсіпорынның материалдық, қаржылық жəне басқа мүмкіндіктеріне қарай түрлі
пішіндерде өтуі жəне түрлі тереңдіктерге ие болуы мүмкін. Энергетикалық тексеруден
бұрын оны өткізу əдістемесі жасалуы жəне кезеңдерге бөлінуі тиіс. Əр кезең үшін оны
өткізу мерзімдері анықталады. Кезеңдердің мазмұны жəне олардың өту тəртібі алғашқы
кезеңдердің өзінде қаржы құралдарының үнемделуі айқындалатындай, кейінгі кезеңдерде
оның энергия үнемдеу бойынша аз шығын жұмсалатын іс-шараларда іске асырылатындай
болуы тиіс. Энергетикалық тексерудің мұндай схемасы оны жүргізу барысында
кəсіпорынның тексеру жүргізуге жұмсаған шығындарының жабылуын қамтамасыз етеді
[49].
Энергетикалық тексеруді өткізу əдістемесі келесі түрде болуы тиіс [49]:
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
Достарыңызбен бөлісу: |