Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі



жүктеу 4,07 Kb.
Pdf просмотр
бет14/83
Дата05.03.2018
өлшемі4,07 Kb.
#11558
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   83

31
Қоршаған
Энергия тиімділігі
ТЖ-ға дайын
болу
Ақпараттық
орта
Келушілер
Жабдықтаушылар
Əлеуметтік
орта
Тағамдық өнімнің
қауіпсіздігі
Cалалық сапа
стандарттары
Энергия тиімді жобаларды ендіру тəжірибесі
14 маусым 2012 ж. Алушта
Ақпарат
Білім
Тұтынушылар мен
жеткізушілер
Өнімді сертификаттау
СЕ- таңбалау
Ұйым
қызметі
Үздіксіздік
Ақпараттық
тəуекелдер
Экологиялық
қатерлер
Өнеркəсіптік 
жəне өндірістік 
тəуекелдер
Əлеуметтік
қатерлер
Бизнес-
тəуекелдер
3.3 – сурет. ЭнМЖ басқа менеджмент жүйелерімен бірігуі
ISO  стандарты  шеңберінде  қызметтің  негізгі  бағыттары  мен  артықшылықтары 
[69]:
џ
Энергетикалық  менеджмент  саласында  əлемдегі  үздік  тəжірибелер 
жылжытылады;
џ
Акционерлер  арасында  жəне  ел  шеңберінде  келісімнің  қос  деңгейінде 
сарапшылардың мойындаған үздік тəжірибесі;
џ
Жақсы энергетикалық менеджмент саясаты нығая түседі;
џ
Тоқтатылмайтын  жақсарту  мақсатында,  энергетикалық  менеджментті 
шаруашылық қызметке бейімдеу;
џ
Үздік  практикаларды  қолдану  есебінен  энергия  тұтыну  көлемін  тұрақты 
қысқартуды жылжыту;
џ
Жеткізілімдер желісі арқылы энергия тиімділігін жылжытуға арналған шеңбер; 
џ
Басқару тəжірибесін танудың халықаралық жəне лайықты сенім артуы;
џ
Басқару тəжірибесінің бенчмаркингі.
Энергетикалық  менеджмент  жүйесін  ендіру  жолындағы  бөгеуілдер  ретінде 
мынадай құбылыстар болуы мүмкін [69]:
- топ-менеджмент басты назарды энергия үнемдеуге емес, өндіріске жасайды;
- энергия үнемдеуге қатысты шаралар мен жобаларды дамыту жəне ендіру үшін 
3.6 Энергетикалық менеджмент жүйесін ендіруден алынатын пайда
3.7 Энергетикалық менеджмент жүйесін ендіру жолындағы бөгеуілдер
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


32
жөнді техникалық машықтың жетіспеушілігі;
-  бастапқы  шығындар  ағымдағы  шығындардан  маңызды,  бұл  күрделі  жəне 
пайдалану сипатындағы бюджеттер арасында алшақтыққа əкеледі;
- энергия үнемдеуге қатысты білім туралы көбінесе тұтас компания/ ұйым   емес, 
жекелеген тұлғалар хабардар (ақпараттандырудың əлсіз жүйесі);
- өзін ақтау – “Мен жұмысты қазірдің өзінде жаман орындап жатқан жоқпын!”
Энергетикалық менеджмент жүйесін кəсіпорында жоспарлау жəне ендіру «5 оңай 
қадам» стратегиялық тəсілдеме негізінде жүзеге асыруға болады [69]:
- міндеттемелер алу;
- түсіну;
- жоспар жəне ұйымдастыру;
- іске асыру;
- бақылау жəне мониторинг.
 (1-қадам) «міндеттемелер алу» кезеңінде келесі мақсаттарға жету қажет:
- басшылық жəне қызметкерлер тарапынан міндеттемелер қалыптастыру;
- сұрақтарды басқарма қарауына шығару;
- жоғарыда тұрған басшылықты сендіру қажет;
- Энергоменеджерді жəне өкілетті команда тағайындау.
2-қадам «түсіну»:
- энергоменеджер командасына олардың рөлін жəне жауапкершілігін түсіну керек;
-  ағымдағы  энергетикалық    нəтижелілікті  неғұрлым    жақсы    түсіну    үшін 
энергетикалық зерттеуді жүргізу;
- мүдделі тараптардың қажеттіліктерін түсіну;
- бөгеуілдерді анықтау жəне оларды жою.
Шаг 3-қадам «жоспар жəне ұйымдастыру» білдіреді:
- Энергетикалық саясатты əзірлеу жəне бекіту;
- ЭНМАЖ (энергетикалық менеджменттің ақпараттық жүйесін) ендіру;
- Базалық жылды жəне энергетикалық нəтижелілік көрсеткішетерін айқындау;
- Іс-қимыл жоспарын дайындау;
- хабардарлықты жоғарылату жəне персоналды оқыту бағдарламаларын əзірлеу.
4-қадам «іске асыру» - бұл:
- энергия тиімді жобаларды жүзеге асыру;
- алғашқы оқыту жəне хабардарлық деңгейін жоғарылату;
- негізгі бизнес-процеспен біріктіру (операцялық бақылау);
-  энергетикалық нəтижелілік қорытындылары туралы хабарландыру;
- жобалау жəне сатып алулар аясындағы жаңа тəсілдеме.
Тамамдаушы 5-қадам «бақылау жəне мониторинг»:
- басқару рəсімдерін жəне шектерін белгілеу;
- энергетикалық нəтижелілік мониторингі жəне қойылған мақсаттардан ауытқуды 
талдау;
- түзетуші амалдар қолдану;
- кері байланысты жəне ұдайы жақсарту процесін белгілеу;
- нəтижелер туралы хабарлау;
3.8 Энергетикалық менеджмент жүйесін жоспарлау жəне ендіру 
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


33
- ЭНМЖ түзету рəсімдері (құжат).
Бақылау сұрақтары.
1.  2011:  ISO  50001стандартына  сəйкес  энергетикалық  менеджмент  жүйесіне 
анықтама беріңіз
2.  Энергетикалық  менеджмент  саласындағы  халықаралық  стандарттар  жүйесін 
сипаттаңыз
3. Деминг циклы энергетикалық менеджмент  қалай іске асады?
4.  Кəсіпорында  энергетикалық  менеджмент  жүйесінің    пайдасына  мысал 
келтіріңіз
5. Энергетикалық менеджмент жүйесін кəсіпорында қалай жоспарлау жəне іске 
асыруға болады?
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


34
4 ТАРАУ. ЭНЕРГИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ТҰТЫНУШЫНЫ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ 
ТЕКСЕРУ
Энергия  үнемдеу  –  пайдаланудан  тиісті  пайдалы  əсерді  сақтау  кезінде 
пайдаланылатын  энергетикалық  ресурстардың  көлемін  (оның  ішінде  өндірілген  өнім, 
орындалған  жұмыс,  көрсетілген  қызмет  көлемін)  азайтуға  бағытталған  ұйымдық, 
құқықтық, техникалық, технологиялық, экономикалық жəне басқа шараларды іске асыру.
Энергия  үнемдеуді  негізгі  үш  құрамдас  бөлімнен  тұратын  құрылымдық  схема 
түрінде ұсынуға болады [49]: 
ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ
Энергия аудиті – 
Энергетикалық
 тексеру
Энергетикалық
консалтинг – 
энергия үнемдеудің 
ұйымдық мəселелері
Инжиниринг – 
практикалық
энергия үнемдеу
4.1 – сурет. Энергия үнемдеудің құрылымдық схемасы
Энергия үнемдеудің əрбір құрамдас бөлімін толық қарастырып көрейік. 
4.1 Энергия аудиті
Энергетикалық  тексеру  (энергия  аудиті)  –  пайдаланылатын  энергетикалық 
ресурстардың  көлемі  туралы,  энергиялық  тиімділіктің  көрсеткіштері  туралы  дəйекті 
ақпарат  алу,  энергия  үнемдеу  мүмкіндіктерін  айқындау  жəне  энергетикалық  паспортта 
алынған  нəтижелерді  көрсете  отырып,  энергетикалық  тиімділікті  арттыру  мақсатында, 
энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы ақпаратты жинау мен өңдеу [68].
Энергетикалық аудиттің негізгі міндеті аса маңызды стратегиялық бағыттардың 
кішігірім  санын  жəне  энергия  тиімділігі  мен  энергия  үнемдеу  саласында  өнеркəсіптік 
кəсіпорынның жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған салыстырмалы түрде 
арзан іс-шараларды анықтау.
Энергетикалық  аудит  қысқартылған  бағдарлама  бойынша  өткізілуі,  аспаптық 
жабдықты барынша аз пайдалануы немесе пайдаланбауы тиіс, жұмыс көлемі мен өткізу 
уақыты бойынша шектелген сипат алуы тиіс. Бұл жағдайда, əдетте, бір немесе бірнеше 
ОЭР түрін (электр жəне жылу энергиясы; қатты, сұйық жəне газ тəрізді отын), екіншілік 
ресурстарды пайдалану тиімділігі, жабдықтың жеке тобының (жеке агрегаттың) қызметі 
немесе энергия тиімділігінің жекелеген көрсеткіштері бағалануы тиіс.
Аудит ОЭР пайдалану тиімділігін терең талдаудың қай деңгейге дейін мағыналы 
екендігін  жəне  бұл  үшін  қандай  қосымша  қаражатты  іздеу  керектігін  шешу  үшін, 
кəсіпорындағы  істің  жағдайын  алдын  ала  диагностикалау  мен  бағалау  үшін  оңтайлы 
шешім болып табылады.
Аудитті  толық  аудит  сияқты  заңмен  бекітілген  ережелерге  барынша 
сəйкестендіріп орындау ұсынылады.
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


жүктеу 4,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау