Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі



жүктеу 4,07 Kb.
Pdf просмотр
бет21/83
Дата05.03.2018
өлшемі4,07 Kb.
#11558
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83

52
7 кезең.
 Негіздеуші экономикалық құжаттарды нақтылау.
Осы кезеңде бұрын дайындалған (2 кезең) құжаттар нақтыланады, пысықталады 
(бизнес-жоспар,  техникалық-экономикаық  негіздеу,  мұнда  сонымен  қатар  мəлімделген 
энергия  үнемдеу  жобаларын  іске  асырудың  қаржы-экономикалық,  энергетикалық  жəне 
технологиялық тиімділігі нақтыланады).
ТЭН дайындауды қабылданған UNIDO халықаралық əдістемесіне сəйкес, ұйым 
экономистерінің немесе сыртқы консалтингілік ұйымдардың күшімен іске асырған жөн. 
8 кезең.
 Орындаушыларды түпкілікті анықтау жəне шарттар жасау.
џ
компаниямен – жабдық жеткізушімен бас мердігерлік шарт жасау;
џ
банкпен кредиттік шарт жасау;
џ
сақтандыру компаниясымен сақтандыру шартын жасау. 
9 кезең.
 Энергия үнемдейтін Жобаларды іске асыру мен басқару, оны сүйемелдеу, 
нəтижелерді бақылау мен бағалау.
Энергия  үнемдейтін  жабдық  жеткізіледі,  құрылыс-монтаждау  жəне  іске  қосу-
баптау жұмыстары іске асырылады, энергия үнемдейтін жабдық пайдалануға қосылады. 
Одан əрі жабдық (технология) пайдаланылады, сондай-ақ аталған үдеріс бақыланады жəне 
мониторинг жүргізіледі. 
Энергия үнемдейтін жобаны басқару келесілерді көздейді:
џ
жобада бөлінетін ресурстарды бөлу мен басқару;
џ
жобаның  бюджетін  жəне  Жоба  іс-шараларының  орындалу  мерзімдерін 
бақылау;
џ
тиімділік  көрсеткіштерін  экономикалық  талдау  (заттай,  құндылық, 
маркетингілік).
Энергия  үнемдейтін  Жоба  іске  асырылатн  ұйым  деңгейінде  оны  іске  асыру 
жауапкершілігі (объектілерді пайдалануға енгізу мерзімдерін сақтау, жобан қаржыландыру 
лимитын сақтау, жоспарланған техникалық-экономикалық көрсеткіштердің мəндеріне қол 
жеткізу) Жобаның көшбасшысына жүктеледі. 
Энергетикалық менеджмент жүйелерін əзірлеу мен ендіру ұйым үшін келесі 
факторлардға қол жеткізуді қамтамасыз етеді: 
ЭнМЖ  ендіру  кəсіпорын  басшылығына  бірқатар  тікелей  жəне  жанама 
артықшылықтар лауға мүмкіндік береді. 
Тікелей  пайдалар: 
ОЭР  үнемдеу  əлеуетін  анықтау,  бəсекелестер  алдында 
артықшылықтар  жасау,  өндірісішілік  инновациялар  үшін  жағдай  жасау,  ОЭР-ге 
жұмсалатын  шығындардың  бақылануы,  пайдалану  тиімділігін  арттыру,  энергия 
сыйымдылығын азайту, қоршаған ортаға əсерін азайту, энергетикалық тиімділік деңгейін 
тұрақты арттыру, пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді жетілдіру. 
Жанама  пайдалар: 
үлкен  ұйымдық  қатысу,  ұжым  ішіндегі  байланыстарды 
жақсарту  жəне  моральдық  рухты  көтеру,  энергетика  саласында  біліктілікті  арттыру, 
кəсіпорыннан тыс   менеджмент саласынағы байланыстарды кеңейту, ОЭР жəне энергия 
тұтынатын  жабдықты  жеткізушілермен  қатынасты  жақсарту,  тəуекелдерді  басқаруды 
жақсарту, менеджмент жүйесінің басқа стандарттармен үйлесімділігі [35].
Ұйымдық əсері:
џ
энергетикалық менеджментті реттейтін корпоративтік құжаттар əзірлеу;
џ
бөлімшелер  бойынша  энергия  үнемдеу  саласында  функциялардың 
теңдестірілген бөлінісінің синергетикалық əсері;
џ
мотивациялау жəне корпоративтік мəдениетті дамыту есебінен персоналдың 
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


53
барлық санатын энергия үнемдеуге тарту.
Нəтижеде басқару мөлдірлігі қамтамасыз етіледі жəне компанияның басқарылуы 
арта түседі.
Қаржылық əсер:
џ
энергия  ресурстарының  барлық  түрлерін  тікелей  үнемдеу  есебінен 
компанияның қаржылық көрсеткіштерін жақсарту;
џ
шығындарды қысқарту, өндірістік емес шығыстарды айқындау мен жою;
џ
компанияның қаржылық мөлдірлігін қамтамасыз ету;
џ
энергия үнемдейтін жобаларға инвестициялар тарту кепілдігі. 
Нəтижесінде  компанияның  инвестициялық  тартымдылығы  мен  құнының 
(капиталдануының) өсуі қамтамасыз етіледі. 
Беделдік əсері:
џ
энергия  ресурстарының  барлық  түрлерін  тікелей  үнемдеу  есебінен 
компанияның қаржылық көрсеткіштерін жақсарту;
џ
шығындарды қысқарту, өндірістік емес шығыстарды айқындау мен жою;
џ
компанияның қаржылық мөлдірлігін қамтамасыз ету;
џ
энергия үнемдейтін жобаларға инвестициялар тарту кепілдігі. 
Нəтижесінде  пайдалы  əрі  сенімді  əріптес  ретінде  компанияның  имиджі  мен 
беделіне қолдау көрсетіледі.
Энергетикалық менеджмент жүйесін аккредиттеу
Қазіргі  таңда  СРО  үшін,  сондай-ақ  өнімді,  басқару  жүйесін  жəне  т.б. 
сертификаттау ұйымдары үшін аккредиттеу жүйесі əзірленген жоқ.   Мəртебені арттыру 
үшін, аккредиттеуді шетелде өту қажет. 
Қазақстанда  қазіргі  таңда  аккредиттеу  жүйесін  жəне  кəсіпорындарда  тұрақты 
энергетикалық менеджментті қоюмен шұғылданатын ұйымдарға қойылатын талаптарды 
əзірлеу қажеттілігі туралы нормативтік құжаттар бар [17].
Энергия үнемдеу бағдарламасы
 — ендіру мерзімдері, қажетті қаражат көлемі, 
жауапты тұлғалар мен орындаушылар көрсетілген іс-шарлар тізбесі.
Бағдарламаға  энергия  үнемдейтін  іс-шаралар,  сондай-ақ  энергетикалық 
менеджмент  жүйесін  жасаудың  басқа  мəселелері  кіргізілген:  жетістіктерді  бақылау  мен 
көтермелеу жүйесін ендіру, мотивацияны арттыру жəне персоналды оқыту, бағдарлама мен 
қағиданы қайта қарау жəне түзету мерзімдері.
Энергия үнемдеуді қаржыландыру
Энергия үнемдеуді қаржыландыру үш мəселенің шешімінен құралады:
-Ағымдағы шығыстарды төлеу:
Энергия  үнемдеуге  жұмсалатын  шығыстардың  тұрақты  құрамдас  бөлімі 
энергетикалық  менеджмент  жүйесінде  жұмыс  істейтін  персоналдың  еңбекақысынан, 
энергия  үнемдеуде  қол  жеткізілген  нəтижелер  үшін  сыйлықақыдан  жəне  басқа  да 
шығыстардан тұрады: персоналды оқытуға, əдебиетке, көрнекі үгітке жəне т.б. жұмсалған 
шығыстар.
Осы шығындардың көлемі кəсіпорынның энергия ресурстарын төлеуге жұмсаған 
шығыстарының 10 %-на дейін құрайды.
-Нақты энергия үнемдейтін іс-шараларға инвестициялар
:
Салыстырмалы  түрде,  тіпті,  жаңа  кəсіпорындардың  жағдайы  қажетті 
инвестицияларсыз қысқа мерзім ішінде тиімді нəтижелерге қол жеткізу өте қиынға соғады. 
Энергия  үнемдеуге  инвестиция  салу  үшін  федералдық  жəне  өңірлік  энергия  үнемдеу 
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


жүктеу 4,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау