15
3. Қоршаған ортаны
ластауды бақылаудың жинақталған ON-LINE
жүйелерінде қолданылатын физикалық шамалар датчиктерінің негізгі
техникалық ерекшеліктері мен номенклатурасына арналған шарттарды
жобалау.
4. Көппараметрлі жиіліктік датчиктер негізіндегі қоршаған ортаны ластауды
бақылаудың жинақталған ON-LINE жүйелерінің іске асырылу
нәтижелері.
Алынған ғылыми нәтижелердің сенімділігі негізгі жорамалдардың
дұрыстылығымен, математикалық модельдеудің сынақталған әдістерін
қолданумен, сынақтамалар нәтижелерімен, алынған патентпен, халықаралық
және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда және шетел
журналдарында апробациясымен расталды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы
Жобаланған ақпараттық жүйеге арналған Arduino базасындағы мобильді
қосымша әртүрлі көппараметрлі датчиктер негізінде ақпаратты алуға,
жинақтауға, өңдеуге мүмкіндік береді, бұл ақпараттық және робототехникалық
жүйелер құрушы студенттер, инженерлер және құраушылар үшін жақсы
практикалық мысал болып табылады.
Құрылған қоршаған орта күйін жинақталған ON-LINE бақылау
жүйелерінің нәтижесіне сүйене отырып «Техногенді объектілерден өндірілетін
қоршаған ортаны ластаудың жеке есебін алу жүйесі» атауымен №29649
инновациялық патент алынды
Диссертациялық зерттеудің нәтижелері Қ.И. Сатбаев атындағы
ҚазҰТЗУ-дың “Робототехника және автоматиканың техникалық құралдары”
кафедрасының оқу үдерісінде, К.Г. Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік
технология және басқару университетінің Пензадағы филиалында және ЖШС
“Бақылау өлшеу технологиялары” ғылыми-өндірістік орталығында лекциялар
оқуда және зертханалық жұмыстар орындауда қолданылды.
Диссертация жұмысының нәтижелерін апробациядан өткізу
Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері: Қ.И. Сатбаев атындағы
ҚазҰТЗУ-дың “Робототехника және автоматиканың техникалық құралдары”
кафедрасының семинарларында, «Инновациялық зерттеулердің ғылыми
аспектілері» 5-ші халықаралық ғылыми–практикалық конференциясында
(Самара, 2013), The 12th Internаtionаl Conference on Mobile Systems аnd Pervаsive
Computing
(Belfort,
France,
2015),
«АҚПАРАТТЫҚ
ЖӘНЕ
ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: БІЛІМ, ҒЫЛЫМ,
ТӘЖІРИБЕ» атты ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында
(Алматы, 2015), «Жастар. Ғылым. Инновациялар (Youth.Science.Innovation)»
атты XII халықаралық ғылыми–практикалық интернет–конференциясында
(Пенза, 2016) баяндалды және талқыланды.
Ғылыми жарияланымдар: Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің ғылым
саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған басылымдарда, сондай-ақ
халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда
16
және шетел журналдарында жарияланған. Атап айтсақ, оның ішінде 6 уәкілетті
орган ұсынған ғылыми басылымдарда, Scopus компаниясының деректер
базасына кіретін 3 нөлдік емес импакт-факторға ие халықаралық ғылыми
журналдар мен конференцияда, 6 халықаралық конференция материалдарында
жарияланған. «Техногенді объектілерден өндірілетін қоршаған ортаны
ластаудың жеке есебін алу жүйесі» атауымен №29649 инновациялық патент
алынған, жарияланымы 16.03.2015, бюллетень № 3. «Технические измерения в
технологии и производстве радиоэлектронной аппаратуры и измерительных
систем» атауымен оқу құралы баспадан шығарылған.
Жұмыс құрылымы мен көлемі. Диссертация төмендегідей бөлімдерден
тұрады: кіріспе, негізгі 4 бөлімі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі,
қосымшалар.
17
1 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЖАҒДАЙЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ
МОНИТОРИНГ ЖАСАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН
АЛДАҒЫ ДАМУЫ
1.1 Қазіргі уақыттағы қолданыстағы қоршаған ортаның жағдайын
бақылау жүйелерінің талдауы
Кез келген зерттеу және бақылауды жүргізуді белгілі нысанның қандайда
бір тобын зерттеуде жалпы нысанды табудан бастау мақсатты болады. Яғни
жіктеуіштен бастау оның зерттеудегі қателігін азайтады, шартты түрде алғанда
кезекті «велосипедті» ойлап табу қажет еместігін, сонымен қатар еңбек
сыйымдылығын төмендетуге мүмкіндік береді.
Атап көрсететіндей, әдебиет көздерінде қоршаған ортаның жағдайын
бақылау және мониторинг жасау жүйесінің әртүрлі жіктелуі сипатталған, олар
архитектурасы, шешетін мәселелері, аймақтық тиістілігі және т.б. бойынша
бөлінеді (кесте 1.1).
Кесте 1.1 - Мониторинг жүйесінің (ішкі жүйелер) жіктелуі
Осы деректерге сүйене отырып қоршаған ортаның жағдайын бақылау және
мониторинг жасау жүйесінің бірнеше жіктелу сызбасын келтіреміз. Олар
Жіктелу принциптері Іс жүзіндегі немесе жасалынған мониторинг
жүйелері /ішкі жүйелер/
Әмбебап жүйелер
Ауқымды
мониторингі
(негізгі,
аймақтық,
импактты деңгейлі)
Ұлттық мониторингі
Ұлт аралық мониторингі
Биоортаның негізгі
құраушыларының
реакциясы
Геофизикалық мониторингі
Биологиялық мониторингі
Экологиялық мониторинг (жоғарыда аталғандарды
қосқанда)
Әртүрлі орта
Атмосфераның өзгеруі және ластану мониторингі ,
гидросфералық, топырақтың ластануы
Әсер ету факторлары
мен негіздері
Қоспалар мониторингі (радиоактивті өнімдер,
шуыл). Ластану негіздерінің мониторингі
Мәселенің
ауқымдылығы мен
өзектілігі
Мұхит мониторингі
Озонды орта мониторингі
Тұқым/генетика мониторингі
Бақылау тәсілдері
Физикалық, химиялық, биологиялық көрсеткіштер
бойынша мониторинг
Жер серіктік (қашықтық) мониторинг
Жүйелік қатынау
Дәрігерлік-биологиялық мониторинг
Экологиялық мониторинг
Белдеулік мониторингі
Достарыңызбен бөлісу: |