Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет52/180
Дата17.02.2018
өлшемі6,97 Kb.
#10028
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   180

111
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Қазақстан азаматтарының үш тілді меңгеруі – аса маңызды қажеттілік əрі ел-
дің бəсекеге қабілеттелігін растайтын жетістік. Алғаш рет Қазақстан халқы 
Ассамблеясының  ХІІ  сессиясында,  кейін  «Жаңа  Қазақстан  жаңа  əлемде» 
(2007)  Жолдауында  жарияланған  Т.ү.м.ж.  идеясы  кезең-кезеңмен  жүзеге 
аса бастады жəне Қазақстан Республикасының тілдерді қолдау жəне дамы-
тудың жаңа мемлекеттік бағдарламасына ажырамас бөлік ретінде енгізілді 
(қар. Қазақстан тілдері, Тілдік идеология, Тілдік саясат, Тілдік құқық).
ТІЛДІК  ЭКСПАНСИЯ  (лат.  expansio  кеңейту,  тарату,  ор.  языковая  экс-
пансия, ағыл. language expansion) - Тілдің мəртебесін өзгерту жолымен бір 
Тілді  басқа  Тілдік  қауымдастыққа  тарату.  Мыс.,  орыс  тілінің  экспансиясы 
Кеңес Одағында мақсатты жəне дəйекті түрде жүзеге асырылды (Т.э., əсіресе, 
КСРО  ұлттық  тілдерінің  ортақ  лексикалық  қорын  жасау  идеясынан  айқын 
көрінді), бұл экспансияның идеологиялық негіздемесі мемлекеттік жəне тіл-
дік  Бірдейлестік  болды.  Диахрониялық  əлеуметтік  тілтануда  Т.э.  субстрат-
тардың  түзілуіне  əкеп  тірейтін  үдерістер  ретінде  ұғындырылады,  мыс.  Еу-
ропаға Рим империясының тілі латынды тарату – осының бір көрінісі (қар. 
Мемлекеттік тіл, Этнос, Тілдік саясат, Тілді жоспарлау).
ТҰРҒЫЛЫҚТЫ  ЭТНОС  (ор.  коренной  этнос,  ағыл.  native, indigenous 
ethnos) – осымен бірдей: дəстүрлі жолмен қоныстанған аумақта мекен ететін 
(қазіргі мемлекеттік шекараның қалыптасуына дейін) жəне сол жермен ажы-
рағысыз тарихи байланыстағы тұрғылықты ХалықЭтнос, жұрт. Т.э. түсіні-
гінің бұлдырлығы сонда, «дəстүрлі қоныстанудың» хронологиялық шек-ме-
желерін  əр  жағдайға  орайластырып  анықтайтын  мүмкіндік  жоқ.  Бұрынғы 
КСРО-да Т.э-қа көбінесе Титулды этностар жатқызылдыТ.э., тұрғылықты 
халық,  Тұрғылықты  тіл  ұғымдарынан  гөрі  БҰҰ  мен  басқа  халықаралық 
ұйымдардың  құжаттарында  Автохтон,  Автохтонды  тіл,  Миноритарлық
тіл деген терминдер қолданылады (қар. Ассимиляция, Диаспора, Конфликт, 
Халық, Титулды этнос, Этностық топ, Этностық фузия, Тілдік ассимиля-
ция).
- Ұ -
ҰЛТТЫҚ АЗШЫЛЫҚ немесе «этностық азшылық», (ор. национальные 
(этнические) меньшинства, ағыл. ethnic minorities) – халықаралық тəжірибе-
де қолданылатын термин Қазақстанда ресми түрде қолданылмайды. 1. Қан-
дай да бір мемлекеттің аумағында тұратын, бірақ жергілікті ұлтқа жатпайтын 
жəне өздерін ұлттық қауымдастық деп танитын этностық топтардың өкілдері; 
2. Бөтен ұлт ортасында өзінің негізгі мекенінен бөлек тұратын, бірақ өз этно-
сымен туыстығын жəне атауы, тілі, мəдениеті мен этностық ерекшеліктерінің 


112
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
кейбір басқа да сипаттары жағынан байланысын сезетін этностың бір бөлігі. 
Ұлттық азшылықтың құқықтары туралы БҰҰ Декларациясының (1992 жыл) 
1-бабында  Ұ.а.  өзіндік  ұлттық  немесе  этностық,  мəдени,  діни  жəне  тілдік 
топтар ретінде сипатталып, оларды қорғау жауапкершілігі мемлекетке жүкте-
летіні көрсетілген. Ұ.а. болуы – фактілік жағдай, оның объективті (этностық, 
тілдік немесе діни қауымдастықтың болуы) жəне субъективті (индивидтердің 
өздерін бірдейлестіруі) факторлары бар. 
Қай  топтың  Ұ.а.-ға  жататынын  анықтайтын  халықаралық  деңгейде 
келісілген анықтама жоқ. Əдетте, азшылық деп азаматтардың елдің басқа 
халқымен салыстырғанда саны жағынан аз жəне басым орны жоқ кез кел-
ген  тобын  атайды.  Егер  мемлекеттегі/өңірдегі  саны  жағынан  басым  топ-
тың саяси немесе мəдени құқықтарына қысым жасалса, олар да азшылық 
жағдайына душар болуы мүмкін, яғни «азшылық» ұғымының статистика-
лық та, саяси да мағынасы бар. Азшылыққа жатқызудың критерийлері: аз-
шылықтың  саны,  объективті  айырықша  белгілері,  қоғамдағы  орны  басым 
емес екендігі, топтық айырмашылығын сақтауға ұмтылуы жəне тиісті елдің 
азаматтығының  болуы.  Алайда  ұсынылған  белгілердің  негізінде  Ұ.а.  топ-
тарын анықтауда да жетіспеушіліктер бар: Ұ.а. əлеуметтік санатына түрлі 
мағынада түсіндірме берілуі мүмкін. Дегенмен Ұ.а. бетпе-бет келетін про-
блемаларының ішінде теңсіздік пен кемсітушілік жəне өзіндік ерекшелігін 
сақтау  құқығын  жүзеге  асыру  негізгі  проблемалар  болып  саналады.  Ұ.а. 
топтарының  көбі  мəдени  (этностық,  нəсілдік,  діни)  азшылықтарға  жата-
ды. Халықаралық құқықта Ұ.а. құқықтарын қорғау жүйесі Бірінші дүние-
жүзілік соғыстан кейін қызмет еткен Ұлттар лигасы аясында пайда болды, 
ал 1948 жылы БҰҰ Геноцид қылмысының алдын алу жəне ол үшін жазалау 
туралы конвенциясын қабылдағанда рəсімделді. Конвенция, бірінші кезекте 
«ұлттық, этностық, нəсілдік немесе діни топтардың» болу құқығын қамта-
масыз етуге бағытталды. Кейін Азаматтық жəне саяси құқықтар жөнінде-
гі  халықаралық  пактіге  Ұ.а.  туралы  ерекше  бап  енгізілді.  Кейінгі  жылда-
ры Ұ.а. проблемасы бірқатар халықаралық құқықтық құжаттардан көрініс 
тапты. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – 1994 жылы қабылданған Ұлттық 
азшылықтарды қорғау жөніндегі еуропалық шекті конвенция (қар. Ұлттық 
азшылықтар істері жөніндегі жоғарғы комиссар, Ұлттық азшылықтар-
дың құқықтары).
ҰЛТТЫҚ  АЗШЫЛЫҚ  ІСТЕРІ  БОЙЫНША  ЖОҒАРҒЫ  КОМИС-
САР  (ор.  Верховный  комиссар  по  делам  национальных  меньшинств,  ағыл. 
OSCE Supreme Commissioner for National Minorities) – ЕҚЫҰ-ның лауазым-
ды тұлғасы, 1992 ж. Еуропадағы қауіпісіздік пен ынтымақтастық кеңесінің 
(СБСЕ) Хельсинки саммитінде бекітілген. 
Аз ұлттар істері бойынша жоғарғы комиссар қызметінің негізгі бағытта-
рына  мыналар  жатады:  этносаралық  себептен  туындайтын  шиеленістерді 


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау