123
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ҰЛТШЫЛДЫҚ (фр. nathionalifi me. лат. тілінен паtio, ор. национализм,
ағыл. nationalism). – түп бастауында адамдардың өз ұлтының (этносының)
құндылықтарына берілгендігін, өз этносының мүдделерінің басқа этнос мүд-
делерінен бірінші тұратындығы туралы түсінікті тірек ететін идеология мен
топтық мінез-құлықты білдіретін ұғым. Ұлтшылдықтың психологиялық не-
гізін этноцентризм құрайды.
Негізінде, ұлтшылдық өз ұлтына берілу мен адалдықты, саяси тəуелсіздік
пен өз халқының игілігіне қызмет етуді, мəдени жəне рухани дамуды, ұлт-
тың өмір сүру жағдайын, мекен ететін аумағын, экономикалық қорлары мен
рухани құндылықтарын іс жүзінде қорғау үшін ұлттық сананы біріктіруді на-
сихаттайды. Ол патриотизм тектес ұлттық сезімге сүйенеді. Бұл идеология
қоғамның түрлі топтарын біріктіруге ұмтылып, топтық қарама-қайшы мүд-
делерге қарамастан экономиканың, саясаттың, мəдениеттің қазіргі заманғы
формаларына өту кезеңінде ортақ саяси мақсаттар үшін түрлі этностардан
тұратын халықты жұмылдыра алды.
«Ұлтшылдық» термині Франциядағы Ұлы революция дəуірінде өз ұлтына
қатыстылық сезімін білдіру үшін пайда болды. Алғашқыда Ұ. идеологиясы
ұлтты біріктіріп нығайтуға бағытталғандықтан, ұнамды мəнге ие болған. ХІХ
ғасырда Еуропада Ұ. өркендеуінен Италия мен Германия сияқты ұлт-мемле-
кеттер пайда болды. Бұл елдердің халқын итальяндық не немістер деп бөліп
қарамай, қандай да бір патшаның, монархтың құзырындағы халық деп қа-
рағанға көнбейінше бұлардың бірігуі де мүмкін емес еді. Оның үстіне, мем-
лекеттердің саяси заңдылығын ұлтшылдық «отандастар» іске асыратын өзін-
өзі басқарумен ғана байланыстырды.
Бірақ ХІХ ғасырдың аяғында-ақ көптеген теоретиктер Ұ. құлдырауға бет
алып келе жатқанын жəне оның орнына интернационализм мен космополи-
тизм идеологияларының келетіндігі туралы айтқан болатын. Бұл болжамдар-
ды Ұ. қағидатына сай жүргізілген бірінші дүниежүзілік соғыс жоққа шығар-
ды. Нəтижесінде Ұ. үшінші əлем елдерінің өзін-өзі билеуі жолында күресетін
антиимпериалистік қозғалысқа қосылды.
Ұ. тəуелсіздік үшін, өз мемлекеті жоқ халықтың ұлттық өзін-өзі басқа-
руы үшін күрес барысында немесе халықты мемлекетінен айыру, оны жау-
лап алуға қауіп төндірген сыртқы жаумен күрес барысында дамиды. Осы
себептен ұлттық идеялар мен сезімдер ұнамды рөл атқарып, алда тұрған мін-
деттерді шешуге қоғамдық күштерді жұмылдыратын патриотизмнің бір түрі
ретінде ықпал ететіндіктен, тарих мұны ақтап шығады.
Өзінің этностық қасиеттерін «ең үздік», «күмəнсіз артықшылық» деп тану
– сол ұлттанмын дейтіндердің санасындағы ауытқушылық. Жеке тұлғалар
арасындағы жəне топ деңгейіндегі Ұ. этностық ұнатушылық пен жаратапау-
шылық, артық көрушілік ұлттық психологияның басқа көріністерінен бай-
қалады. Саяси доктрина ретіндегі Ұ. идеологтары қоғамдық байланыстардың
басты түрі – ұлттық байланыстар, ал тарихтың басты субъектісі адамдардың
124
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тірлік үшін бір-бірімен айқасатын я бірлесе қимылдайтын ұлттық (этностық)
қауымдастықтары деп санайды.
Ұ. стихиялы түрде пайда болады, сондай-ақ белгілі бір мақсатқа жету үшін
қоғамдық санамен «ойнаушылардың» əрекетінің арқасында əдейі болуы да
мүмкін. Ұ. белгілі бір ұлт өкілдерінің əлеуметтік басымдықты тартып алуға,
басқа ұлттық топтардан артықшылығын нықтауға ұмтылған қозғалысқа ұла-
суға бейім болып келеді. Бірақ қандай жағдайда болсын ол иррационалды
психикалық үдерістердің себебінен келіп шығады, ал мұндай үдерістерге
өзінің этностық қауымдастығын сынамай күмəнсіз қабылдау тəн екендігі
белгілі.
Мұндайда Ұ. сол қоғамның жетекші идеясы ұлттық идея деп танып, осы
идеяның нақты мазмұнына қарай кейде шовинизм мен нəсілшілдікке ұласып
кетеді. Радикалды қозғалыстардың көбі өзінің ұлттық бейнесін алға тарта бе-
руі себепті Ұ. көбінесе этностық, мəдени жəне діни төзімсіздікпен немесе
басқа ұлттарды жек көрудің кез келген көрінісімен астасып кетеді.
Қандай да бір қоғамдастықта бірыңғай тұрса да этностардың шовинистік
жəне нəсілшілдік көзқарастарды сөзсіз қолдауы – іс жүзінде сирек болатын
жағдай. Алайда мұның бəрі нақты саяси ахуалдың əуеніне қарай болады.
Мұндай төзімсіздік Ұ. ұстамды ағымды жақтаушылар тарапынан көбінесе
айыпталып жатады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында дүние жүзі елдерінің көбінде Ұ. пай-
да болды. Əрине, бəрі бірдей болған жоқ, алуан түрлі сипатта болды. Бір
жағдайда, Батыс Еуропадағы сияқты, интеграциялық үдерістерге, мем-
лекеттер арасындағы шекараларды өшіруге қарсылық ретінде пайда бол-
ды; өйткені өңірлердегі халықтардың ұлттық дербестігінің, мəдениетінің,
дəстүрлерінің сақталуына қауіп төнуінен қорғанды.
Теріс мазмұндағы ұлтшылдық өзінің ұлттық өзгешелігін басқа ұлттардың
ерекшелігімен субъективті түрді қарама-қарсы қою мен жасанды түрде ұлғай-
тудан басталады. Мұндайда, əдетте, өз ұлтына тарихи ерекше артықшылық
таңылады, жұртты осындай өзгеше қасиет үшін қызмет етуге шақырады,
басқа ұлттың мүдделері бұл жерде еленбейді, оларды, тіпті, түрлі жолмен
кемсітуге дейін жол беріледі. Басқыншы Ұ. ұлттық дүрдараздықты қоздыру-
дан, бір ел ішіндегі ұлттар арасына дұшпандық енгізуден, бір елдің халқын
келесі бір елдің халқымен арандатудан көрінеді. Жəне əдеттегідей, біреу-
лердің ұлтшылдығы екінші біреулердің ұлтшылдығын оятады. Мұндайда Ұ.
қарсы жауап ретіндегі əрекет болады, мұндай əрекет «сақтану» ұлтшылдығы
немесе «қорғанысты» ұлтшылдық деп аталады.
БАҚ-та көбінесе этноұлтшылдықты, əсіресе бір ұлттың басқа ұлттан ар-
тықшылығына ден қоятын шектен тыс түрлерін (шовинизм, ксенофобия т.б.),
«ұлтшылдық» деп атап жүр. Барып тұрған Ұ. көптеген көріністері, ұлтаралық
дүрдараздықты қоздыру мен этностық кемсітушілік халықаралық құқықты
бұзғандық болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |