ISO 9001:2008 ЖӘНЕ
EN 15038:2006-05 СТАНДАРТТАРЫ
БОЙЫНША СЕРТИФИКАТТАУ
ISO 9001:2008
2014 жылы сәуір айының басында Janus компаниясы СМЖ-ның ISO 9001:2008 стан-
дарты талаптарына сәйкестігін қайта сертификаттады. Ресертификаттау аудитін үш жыл
бұрынғыдай немістің TÜV SÜD компаниясы жүргізді.
TÜV SÜD — неміс сарапшылық ұйымы. 150 жылдық тарихында TÜV SÜD концерні
сарапшылық, сынақ және сертификаттау саласындағы жетекшілердің бірі болды.
Оның мамандары 2011 жылы біздің сапа менеджменті жүйеміздің ISO 9001:2008
халықаралық стандартына сай келетінін растады, енді үш жылдан кейін олар сәйкестігін
қайта тексерді.
Бақылау аудитінің шеңберінде келесі мәселелер тексерілді:
•
клиенттердің қанағаттанушылығын қадағалау механизмдері;
•
қызметкерлермен жұмыс;
•
СМЖ құжаттамасы, оның стандартқа сәйкес келуі және өзектілігі;
•
белгіленген процедуралардың орындалуы және оны іс жүзінде растау;
•
өндірістің негізгі аспектілері.
Аудиторлар Janus компаниясының СМЖ-сын тағы бір рет талдап, соңғы жылдағы өзгері-
стерімен таныс болды. Аудит Janus компаниясының сапа менеджменті жүйесінің және
компанияның даму динамикасын көрсетті. Janus компаниясының барлық жаңа бағыт-
тары мен жұмыс әдістері әуел бастан ISO 9001:2008 стандартына сәйкес келуге негізде-
леді, демек ол көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасына кепіл болады.
1
Халықаралық сертификация бүкіл әлемде қызметтер
сапасын арттыру құралы болып мақұлданды.
Сәуірде Janus компаниясы ISO 9001:2008 және
EN 15038:2006-05 халықаралық стандарттарына
сәйкестігіне екі сертификаттаудан өтті.
EN 15038:2006-05
Сәуір айында Janus компаниясы EN 15038:2006-05 стандарты бойынша сертификатта-
удан сәтті өтті.
EN 15038:2006-05 стандарты 2006 жылдың 1 тамыз күні қолданысқа енді. Оны 1999
жылы Еуропалық аударма компаниялары бірлестіктерінің одағы (EUATC) әзірлеп
бастаған болатын. Осылайша, EN 15038:2006 аударма қызметінің жеткізушілері үшін
жасалған және осы саладағы жұмыс қағидасын өзгертуді белсендіруге арналған бірінші
сапа стандарты болып табылады. EN 15038:2006 көпшілік мойындаған әлемдегі бірінші
сапа стандарты болды және онда аударма қызметтерінің жеткізушілеріне (АҚЖ) қойы-
латын талаптар анық белгіленген.
Стандартты аударма қызметіне қатысты негізгі терминдер көрсетілген. Ол аударма
қызметінің жеткізушілеріне қойылатын жалпы талаптарды (орындаушыларға және
техникалық ресурстарға қойылатын талаптарды) қамтиды. Стандартта сонымен қатар
тапсырыс беруші мен аударма қызметі жеткізушісінің жалпы өзара әрекеттесу ереже-
лері, аударма жасау тәртібі, т.б. қарастырылады.
Тексеру нәтижелерінің негізінде аудитор қызметкерлердің жоғары деңгейде дайын-
далғанын және процестердің «жетік» болғанын атап өтті. Есепке сәйкес, аудиттің нәти-
желері бойынша стандарттан ауытқудың ешбір жағдайы анықталмады. Сонымен қатар
аудитор процестерімізді ары қарай оңтайландыру бойынша құнды кеңестер берді.
22