Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет44/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

132 



290-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар. 

 

Архитектура 

 

Архитектура (лат.archi – tectura, грек. architekton – құрылысшы), 

сәулет  өнері  –  құрылысты  жобалау,  салу,  оған  көркемдік  бейне 

беру  өнері.  Архитектура  туындылары  адамның  күнбе-күнгі 

тіршілік  ортасын  қалыптастырады.  Олар:  әртүрлі  қажеттілік-

терді  атқаруға  арналған  және  адамның  эстетикалық  талғамына 

жауап  бере  алатындай  болып 

саналған  тұрғын  үйлер,  қоғам-

дық  ғимараттар,  өнеркәсіптік 

кешендер.  Миллиондаған  халқы 

бар қаланы да, шағын тұрғыны 

бар  ауылды  да  салу  оңай  емес. 

Бұл салада архитекторға сәулетші 

болу  аз,  ол  социология  мен 

гигиенаны, 

экономика 

мен 

экологияны,  транспорт  пен  қала  шаруасын  білу  керек.  Жеке 



ғимараттардан  ансамбль  құру  мәселесі,  қаланың  қайталанбас 

кескін-келбетін  жасауға  тырысу,  ескі  құрылыс  пен  жаңа 

құрылыстың  үйлесімді  шешімін  табу  асқан  шеберлікті  керек 

етеді.  Сәулет  өнері  –  техниканың,  ғылымның  және  өнердің 

тоғысқан  жері.  Рим  архитекторы  Витрувийдің  айтуынша, 

сәулеттік  шығармаларда  бұлжымайтын  үш  қасиет  болу  керек: 

беріктік,  қолайлылық  және  әдемілік.  Беріктік  –  инженерлік 

есепке,  қолайлылық  –  тұрмысты  білуге  байланысты  болса, 

әдемілік – сәулетшінің талант-талғамынан туады. Бүгінгі күннің 

сәулет  өнері  техникалық  жабдықтармен  тығыз  байланысты. 

Электроника, эскалатор мен лифттер, сантехникалық бұйымдар, 

ауа  тартқыш  тетіктерсіз  бірде  бір  ірі  құрылыс  салынбайды. 

Алдыңғы қатарлы технологияны өнердің әдемілік  шарттарымен 

ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана, суреткерлік ой керек.  

Адамзат  баласы  көне  заманнан  бастап  құрылыспен 

айналысқан.  Адамдар  неолит  кезінде  үйді  ағаштан,  қамыстан, 

тал  шыбықтардан және  балшықтан  салды.  Су  айдынында  да  үй 

тұрғызып  үйренген.  Б.з.б.  2  мыңжылдықтың  ортасында  ірі 

тастардан  қаланған  монументті  құрылыстар:  кромлехтер, 



Қазақ тілі 

 

 



133 

менгірлер  мен  дольмендер  пайда  болды.  Менгірлер  тігінен 

қойылған  биік  тастар  тізбегінен  тұрады.  Дольмен  –  қатар 

қойылған  екі  тастың  үсті  үшінші  таспен  жабылып,  біріне-бірі 

жалғасып  келетін  дәліз  іспеттес.  Ал  шеңбер  жасап,  төбелері 

жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді.  



 

Сәулеттік жобалау.− Алматы: KAZCOR. Жобалау  

        академиясының Баспа орталығы. 3 том,  

                           2005 − 418 б. (1 басылым). 

 

сөздік: 



құрылысты жобалау – проектирование строительство 

салу – строить 

бейне – образ  

тұрғын үйлер – жилые дома 

қоғамдық ғимарат – общественные сооружение 

шеберлік –мастерство 

әдемілік – красота 

адамзат – человечество  

жабдық – оборудование 

 

291-тапсырма.  Мәтін  бойынша  сұрақтарға  жауап 



беріңіздер. 

 

1. Сәулет өнері нені білдіреді? 

2.  Рим  архитекторы  Витрувий  сәулеттік  шығармалардың 

қандай қасиеттерін атады? 

3.Адамзат баласы көне заманнан бастап немен айналысқан? 

4. Монументті құрылыстар қай кезде пайда болды? 

 

292-тапсырма.  Берілген  сөздер  мен  сөз  тіркестерімен 

сөйлемдер құрастырыңыздар. 

 

Сәулет 


өнері, 

салу, 


туынды, 

эстетикалық 

талғам, 

өнеркәсіптік кешен, сәулетші, құрылыс.  

 

 

293-тапсырма. Сәулеттік өнер адамға не береді? 



 


Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

134 



Эстетикалық талғам__________________________ 

Жаңа мәлімет________________________________ 

Жаңа әсер___________________________________ 

Жаңа мақсат_________________________________ 

Құрылысты жобалау___________________________ 

Суреткерлік ой________________________________ 

Сәулеттік өнер адамды неге үйретеді? 

___________________________________________________

_______________________________________________________ 

 

294-тапсырма.  Мәтінді  бірнеше  бөлімге  бөліп  оқып, 

мәтіннің негізгі идеясын және бірнеше тірек сөз жазыңдар. 

 

Үлгі: Мәтіннің негізгі идеясы __________________________ 

___________________________________________________

_______________________________________________________

_____________________________________тірек сөздер _______ 

___________________________________________________ 

 

295-тапсырма.  Берілген  есім  сөздерге  жұрнақ  жалғап, 

етістікке айналдырып жазыңыздар.  

Үлгі: көркемде, әсемдеу. 

 

Көркем, әсем, бейне, биік, ажар, ой, әсер, айшық. 



 

296-тапсырма. Нақыл сөздерді оқыңыздар. 

 

Ағайын жат болады, алыс болса,  



Жат та жақын болады, таныс болса.  

Дұшпан түгіл, достарың табалайды, 

Аяғың бір нәрседен шалыс болса.  

                                                  (Шал ақын) 



 

297-тапсырма.  Мәтінді  оқыңыздар.  Мәтінде  қытайдың 

қандай  халықтық,  ұлттық  ерекшеліктері  сөз  болатынын 

дәлелдеңіздер.  Қазақ  халқының  дәстүрлеріндегі  киелі  сан 

туралы өз ойларыңызды айтыңыздар.   

 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау