Қазақ тілі
129
Толған ел – тарихын таспен жазады,
Тозған ел – тарихын жаспен жазады.
***
Қатардан ассаң да, халықтан аспақ жоқ.
***
Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер.
***
Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз.
***
Көрмес, түйені де көрмес.
***
Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде болар.
283-тапсырма. Берілген етістіктерден сөйлем құрастыры-
ңыздар. Етіс түрін ажыратыңыздар.
Сал, салғызды, салысты, салынды, болғызды, болысты,
біріктіртті, пайдаланғызды, қаласты, қаланды, қалатты, білгізді,
білдіртті,
білісті,
қаматты,
жеткізді,
жеткізілді,
тасыт,
тасытқызды, тасылды, әкелді, әкелгізді, әкелісті, әкелдірді,
әкелінді, тыңдалды, тапқызды, жарылды, жарғызды.
284-тапсырма. Термин сөздерді жаттап алыңыздар.
лай су − иловая вода
лай құбыры − грязевая труба
лайлану − заиление
лайлылық − мутность
балшық − глина
балшық ерітіндісі − глинистый
бар
(тас) қалаушы − каменщик
қалау тас − кладочный камень
жік − шов
тығыздық − плотность
беріктік − прочность
қашалған тас − тесанный камень
қашау тас − руст
қалып, пішін − форма
осалданған жік − ослабленный
шов
тереңдетілген жік − заглубленный
шов
сына − клин, нагель
сына ойығы, ұясы − гнездо
нагеля
сына қысқыш − клиновый
зажим
қашау − долото, стамеска
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
130
285-тапсырма. Жоғарыда берілген термин сөздермен
сөйлемдер кұрастырыңыздар.
286-тапсырма.
Мәтінмен
танысыңыздар.
Мәтіндегі
сөйлемдердің бастауыштары мен баяндауыштарын табыңыздар.
Мәдениет − археологиялық ұғым. Белгілі бір дәуір
зерттелгенде,
олардың
ескерткіштерінің
өздеріне
тән
ұқсастықтары болады. Екіншіден, өсіп-дамуына байланысты
ескерткіштер өзгеріске түсіп отырады. Оларды бір-бірімен
шатастырмау үшін, әрбір облыста ұқсас ескерткіштерді
археологиялық ғылымда мәдениетке бөліп тексереді.
Қазақстанда қола дәуірінің кезінде өмір сүрген ру-
тайпалардан қалған ескерткіштер бірнеше мәдениетке, ал
мәдениеттер
бірнеше
кезеңдерге
бөлінеді.
Сол
кездегі
адамдардың рухани және материалдық мәдениеттері жағынан
біртіндеп даму процестеріне орай бөлінудің өзіндік мәні бар. Әр
облыстағы жерлеу әдет-ғұрыптардың жергілікті болғанымен,
жалпы бірыңғай дәстүр болған. Олар ескерткіштердің сыртқы
көріністерінен де және ішкі көріністерінен де толық байқалады.
287-тапсырма. Мәтіннен тәуелдеуіш сөздерді табыңыздар.
Мәдениет − адамдардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру
тәсілінен, сондай-ақ олардың материалдық және рухани
байлықты жасауынан көрінетін қоғам және адамның белгілі
тарихи даму дәрежесі. Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған
кезде, ол адамның табиғатқа ықпал етуін анықтау үшін, яғни
оның дүлей күштерін бағындырып, көздегеніне жететіндігін
білдіру үшін қолданылды.
288-тапсырма. Мәтіннің сауалдары негізінде шығарма
жазыңыздар.
Абай Құнанбаев ғылымға деген махаббатқа қалай ие болуға
болатынын, оның себептерін түсіндіре келе: «Қашан бір бала
ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана аты
адам болады», – дейді. Міне, осы тезистен Абайдың әйгілі «толық
адам болу» концепциясы басталады. Ойшылдың сан-саналы
Қазақ тілі
131
күрделі шығармашылығының алтын арқауы да осы ойдан түзіледі.
Бұл жердегі басты мәселе − адам болу мен ғылым-білімге деген
махаббаттың теңестірілуі. Ғылым-білімге деген махаббат −
адамдықтың басты шарты, адам болудың басы болып шығады.
«Өзіңнің кім» екеніңді, «не үшін дүниеге келгеніңді»,
өміріңнің мәні мен мағынасы не екенін таныдың ба? қалай
тануға болады? Адамның өз болмысын тануы үшін қажетті шарт
қандай? Осы сауалдар төңірегінде әңгімелесіңіздер. «Мен
кіммін» деген тақырыпта шығарма жазыңыздар.
289-тапсырма. Ғибрат сөздер жаттап алыңыздар.
Мәдениет дегеніміз − адамзат баласының ақыл-ойы, жігері,
қажырлы еңбегі, мұның бәрі – зор қоғамдық сипат.
Әлкей Марғұлан
...Тарихи-мәдени белгілер ұлы Отанның бір қырын танытар
айнасы.
Әлкей Марғұлан
Мәдениет пен өнер ісінің сан алуан сәулетті түрін көп
уақыт сақтап, келесі заманға
мирас етіп отыруға болады.
Әлкей Марғұлан
Мәдениет тарихын білмей тұрып, мәдениетті адам болу
мүмкін емес.
М. Горький
Мәдениет халықтың ең үлкен рухани азығы. Бұл салаға
көрінген көк атты келе бермейді, халыққа мәдени қызмет
көрсететін маманның өзі мәдениет пен білімді кемел игерген
адам болуға тиіс.
Ілияс Омаров
Мәдениет көтеру үшін мәдениет тарихын, адамзаттың
барлық мәдени мұрасын білу керек.
М. Калинин
Адамның мәдениеттілігінің, ой-өрісінің кеңдігінің, жан
дүниесінің ләззатшыл нәзіктігінің бірден-бір белгісі − көркем
әдебиетті қол үзбей оқи білуі.
Евней Букетов
Достарыңызбен бөлісу: |