Қазақ тілі
327
Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
Ереже
Анықтауыш
Сан есім сөйлемде негізінен анықтауыш болады.
(Үйдегі бес-алты малымыз жоғалып кетті.)
Бастауыш
Заттанған сын есім атау септігінде тұрып,
бастауыш болады. (Алтау ала болса, ауыздағы
кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі түседі.)
Толықтауыш
Сын есім заттанып келіп, толықтауыш болады.
(Екеуінен үйренгенің саған жетеді.)
Пысықтауыш
Сын есім етістікпен тіркесіп, іс-әрекеттің
мөлшерін білдіріп, пысықтауыш болады. (Ат
баспаймын деген жерін үш рет басады.)
Баяндауыш
Сын есім сөйлем соңында жіктеліп немесе
заттанып келіп, баяндауыш болады. Сен үйдің
бесіншісің.
217-тапсырма. Мәтінді оқып, сан есімнің түрлерін
ажыратыңыздар.
Кенді Алтайдағы полиметалл кенін пайдаланып, Өскеменде
қорғасын-мырыш, титан-магний комбинаты жұмыс істейді.
Комбинат – шығаратын өнімі мен технологиялық деңгейі
жөнінен түсті металлургия саласындағы ең жақсы дамыған
кәсіпорындардың бірі.
Республикамыздың оңтүстік бөлігіндегі Қаратау тауларындағы
Мырғалымсай, Ащысай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніне
негізделіп, Шымкент қорғасын зауыты салынған. Шымкент
қорғасын зауытында 1991 жылға дейін өнімнің 25 түрі өндіріліп,
шикізаттан 14 элемент алынса, қазіргі кезде өнімнің 15 түрі
өндіріліп, шикізаттан 9 элемент алынады. Жоңғар Алатауында
Текелі, Орталық Қазақстанда Жәйрәм, полиметалл кен байыту
комбинаттары жұмыс істейді.
218-тапсырма. Төмендегі мәтіннен сан есімдерді тіркескен
сөздерімен теріп жазыңыздар.
Қазақстанға әлемдік 4 млн т уран қорының 26%-ы тура
келіп, Австралиядан кейін екінші орынды иеленеді. Елімізге
ТМД елдері уран қорының 56%-ы тиесілі. Уран Оңтүстік
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
328
Қазақстан облысының Іңкәр , т.б. кенорындарында өндіріледі,
Ақмола, Маңғыстау облыстары және Алматы облысының
төменгі Іле маңында да кездеседі. Қазақстанда қазір жылына 9
мың т уран өндіріліп, «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы
әлемдегі үш уран өндіруші ірі компанияның біріне айналды. Бұл
компания тек уранды және оның қосылыстарын ғана емес,
сонымен бірге бериллий және тантал өнімдерін өндіреді.
Сондай-ақ, атом электр стансылары үшін отынды экспорттауда
жетекші орын алады.
219-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сан есімдердің
қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанының астын
сызып көрсетіңіздер.
Телекоммуникацияның техникалық базасы – 637 қалалық
және 2,8 мың ауылдық, 19 автоматтандырылған халықаралық
стансылардан
тұрады.
Ғылыми-техникалық
прогрестің
өркендеуіне байланысты ұялы байланыс және Интернет арқылы
байланысу жүйесі қалыптасқан.
Республика көлігі құрылымындағы өзгерістер негізінде
меншіктің түрлі формаларын жасау және кеңейту, (теңіз,
теміржол, ауданаралық автомобиль, халықаралық әуе және
құбыр жолдарын), сондай-ақ халықаралық технологиямен
байланысты дамыту – бірінші кезектегі мәселе. Қазіргі кезде
республика алдында тұрған міндет – барлық мүмкіндікті
пайдаланып, алыс шетелдерге шығатын құбыр жолдарын жасау.
220-тапсырма. Төменде берілген қазақтың байырғы өлшем
бірліктері туралы мәліметтерді оқып, олардың қолданылу
аясына түсінік беріңіздер.
Байырғы өлшем
бірліктері
Қазіргі мазмұны
Қолданылу аясы
Адым, қадым
Екі аяқ арасының
жай жүргендегі
алшақтығы
Қарға адым жер мұң
болды (сөйлемде)
Тулақтай
Мал терісінің көлемі
Қазақ тілі
329
Бір танап жер
Гектардың 6-дан 1
бөлігі
Бір жұтым
Ауыз толтырып
бірішерлік (су, сүт,
т.б.)
Бір шелек (су, сүт,
т.б.)
10 литр (көлеміне
қарай)
Бір торсық (айран)
6-7 литр
Бір саба (қымыз)
40-45 литр
Бір қап (ұн, қант)
50-60 кг
Бір арқа (жүк)
45-50 кг
Найза қап, қанар
70-80 кг
Бір құлақ су
3-4 текше метр
Қадақ
200 грамм
Шақырым
1000 метр
Дауыс жетер жер
2-3 шақырым
Ат шаптырым жер
20-35 шақырым
221-тапсырма. Қазақ халқының киелі 7, 9, 12, 40
сандарына байланысты ұлттық салт-дәстүрлерді еске түсіріп,
сан, зат, қимыл ұғымдарының мәнін ашыңыздар.
Үлгі: Киелі 7:
І. Жеті ата:
ІІ. Жеті күн:
Әке
Бүгін
Бала
Ертең
Немере
Бүрсігүні
Шөбере
Арғы күн
Шөпшек
Ауыр күн
Немене
Соңғы күн
Туажат
Азына