Қазақ тілі
315
Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар
№
Жұрнақ
Мысал
1
-шы,-ші
Қойшы, күйші
2
-шылық, -шілік
Шаруашылық, кеңшілік
3
-лық,-лік, -дық,-дік,
-тық,-тік
Балалық, адалдық,
жолдастық
4
-кер,-гер
Айлакер, саудагер
5
-кеш,-стан
-паз,-қой,
-қор,-хана
Шайхана, кітапхана,
арбакеш, жемқор
Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар
№
Жұрнақ
Мысал
1
-м,-ым,-ім
Байлам, күзем, қысым
2
-ма,-ме,-ба,-бе-па,-пе
Ұрма, көрме, сүзбе, кеспе
3
-қы,-кі,-ғы,-гі
Шалғы, тепкі, бұрғы
4
-с,-ыс,-іс
Талас, айтыс, жүріс
5
-қ,-к,-ық,-ік,-ақ,-ек
Тарақ, күрек, қызық
6
-ыш, іш
Қуаныш, таяныш, өкініш
7
-н,-ын,-ін
Боран, жуын, түйін
8
-у
Сабау, жамау, көсеу
9
-ынды,-інді
Шайынды, үйінді, үгінді
10
-ғыш,-гіш,
-қыш,-кіш
Сүзгіш, сыпырғыш
11
-уыш, -уіш
Өлшеуіш, бастауыш
12
-ыр,-ір,-р
-ар,-ер
Үңгір, шұңқыр
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
316
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Ереже
Бастауыш
Зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып
бастауыш болады. Кейде кім? Не? Сұрақтары
тәуелденіп қойыла береді (кімім?, неңіз?).
Мысалы, Жел күшейе түсті. Әкем үйге келді.
Анықтауыш
Зат есім ілік септігінде тұрып және өзінен
кейінгі сөзді айқындап, анықтауыш болады.
Мысалы: Алтын сағат сыйлаған екен. Қырда
ауылдың малдары жайылып жүр.
Толықтауыш
Зат есім атау мен ілік септіктерінен басқа
септіктер тұлғасында тұрып, толықтауыш
болады.
Мысалы: Ертегімен ұрпағыңды естелікке үйрет.
Пысықтауыш
Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес
септіктерінде келіп немесе көмекші есіммен,
септеулік шылаумен тіркесіп пысықтауыш
болады.
Мысалы: Көлеңкеде атам отыр.
Баяндауыш
Зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау
септігінде тұрып сөйлемде баяндауыш болады.
Мысалы: Бала – артта қалған із, байлық – еритін
мұз.
201-тапсырма. Әріптердің орнын ауыстыра отырып, жаңа
сөз жасаңыздар.
Ө
З
Е
Н
Т
А
Р
Ы
Қазақ тілі
317
202-тапсырма. «Зат есім» сөзжұмбағын шешіңіздер.
З
А
Т
Е
С
І
М
1. Ұлттың аты. 2. Балалар журналы. 3. Қазақстандағы
қаланың аты.
4. Адамның аты. 5. Педагог-жазушы. 6. Киім ілетін орын.
7. Үй хайуаны.
203-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазып, заттың атын,
сынын білдіретін сөздерді құрамына қарай талдаңыздар.
Жер қойнауындағы химиялық элементтердің сан алуан
қосындыларынан пайда болған сұйық каустобиолиттер. Негізінен
алғанда көмірсутектерінен тұратын бұл заттар дербес үйірімдер
шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты
(хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт,
асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі. Мұнайдың түсі
қызғылт, қоңыр, қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл
болып келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алаңында ақшыл
түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан
жеңіл,
оның
меншікті
салмағы 0,65–0,95 г/см
3
. Мұнай өз бойынан электр тогын
өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы)
ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан
астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин,
керосин, лигроин, парафин, көптеген иіс-су түрлері, кремдер,
парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса,
машина дөңгелектері, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |