Қазақ тілі
351
қиянаттың,
мақтаншақтықты
түзелуден
үмітін
үзген
бейшаралықтың түп атасы деп түсіндіреді. Халықты «түзелмейтін
қайыршыға» айналдырмайтын амал: «егін, сауда, кәсіп, ғылым»
деп біледі. Ол тек ыждаһат пен ынта бар жерде ғана жүзеге асады.
Абайдың: «Құдай саған еңбек етуге жеткілікті күш берді. Бірақ сен
оқымайсың. Құдай саған сана берді, сен оны жоғалттың. Сен
ерінбей еңбек етсең, шыдамдылықпен іздеп, пайдалы жұмыс
жасасаң – бай болар едің», – деп жазғыратыны да сондықтан.
(Н. Назарбаев)
253-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, ауыспалы осы
шақты тауып, оны нақ осы шаққа айналдырып көріңіздер.
Таумен келеміз. Түрлі күй естіледі
Таудың сай-сайынан сумаңдап, сылдырап, ағаштардың ара-
арасымен бұлақтар ағады. Ағаш араларынан құстардың әртүрлі
дауыстары
шығады.
Кейбіреулері
жасырынбақ
ойнаған
балалардай зырылдап, ұшып-қонып, ысқырып ойнайды. Бірін-
бірі қуалайды. Кейбіреулері нәзік күйін түрлі құбылтып
сайрайды. Ағаш арасындағы құстардың күйіне қырдағы
бозторғайдың құйқылжыған жыры қосылады. Баянның тауы,
тасы, сылдырап аққан бұлақтары, өрмелей шыққан ағаштары,
қыры-ойы – бәрі де жырлайды. Бәрі де шаттық үнін қосады.
254-тапсырма. Өлеңді оқып, мақсатты келер шақта тұрған
етістіктерді тауып, жағымды, не жағымсыз мағынада айтылғанын
айтыңыздар.
Жас – қартаймақ, жоқ –тумақ, туған – өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалма,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.
Ерсі ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек.
Шыға ойламай, шығындап қылық қылмай,
Еріншек өздігінен көпке көнбек.
Адамзат тірлікте дәулет білмек,
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
352
Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек.
Екеуінің бірі жоқ ауыл кезіп,
Не қорлық құр қалжыңмен күн өткізбек.
(Абай)
255-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, Радловтың қазақ тілі
үшін сіңірген еңбегін бағалап, жедел өткен шақты білдіріп
тұрған етістіктерді теріп жазып, морфологиялық талдау
жасаңыздар.
Қазақ фольклорын зерттеген ориенталист-ғалымдардың
ішіндегі екі есім ерекше айтылады. Оның бірі – Шоқанның досы
Г.Н. Потанин, екіншісі – түрколог ғалым В.В. Радлов.
Василий Васильевич Радлов 1837 жылы 5 қаңтарда
Берлинде офицер отбасында дүниеге келген. Ол Берлин
университетінің философия факультетіне түсіп, бірақ ынтасы
филология ғылымына ауып, еврей, араб, парсы, түркі тілдерін
қатар үйренеді. Студент кезінде ол «Якут тілінің грамматикасы»
атты еңбегімен өзіне таныс О. Бетлинг жұмыс істейтін Петербор
университетінің Шығыс факультетіне жетуді алдына мақсат
етті. Орыс тілін үйренді. 1858 жылы Петерборға келді. Тіл
үйренудің тамаша мектебі – ел арасына бару екендігін жақсы
түсініп, ол Барнауылға неміс тілі мен латын тілінің мұғалімі
болып кетті. Онда екі жыл болып, 1862-1868 жылдары
Қазақстанға келіп, тіл жөнінде көп материал жинастырды.
Ғалым 4 томдық (8 кітап) «Түркі тілдер» сөздігін құрастырып,
тұңғыш түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасын жазды,
көне түркі жазбаларын зерттеп, басып шығарды.
256-тапсырма. Мәтінді оқып, Әлихан Бөкейхан жөнінде
әңгімелесіп, бұрынғы өткен шақта тұрған етістіктерді табыңыздар.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ
зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы
аса ерекше тұлға – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан. Көрнекті
қоғам қайраткері қазақтың ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық
Қазақ тілі
353
қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш
саяси Алаш партиясының және ұлттық Алашорда үкіметінің
төрағасы, ғұлама ғалым-ормантанушы, экономист, тарихшы,
этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы әрі публицист – бұлар
ардақты азаматымыздың халқы үшін, халқының жарқын болашағы
үшін соңғы демі біткенше атқарып өткен сан қилы қызметінің бұл
болар-болмас көрінісі ғана.
1920–1922 жылдары оған «буржуазиялық ұлтшыл» деген
айдар тағылып, айлап абақтыда отырған. Большевик көсемдері
Әлихан Бөкейханды енді елінен кетуге мәжбүр етіп, 1922 жылдың
күзінде ол Мәскеуге жер аударылды. Бөкейханды елінен тыс
жерде – Мәскеуде өлім жазасына кесілсін деген үкім шығарып,
үкім сол күні-ақ 1937 жылдың 27 қыркүйегінде жүзеге асырылған.
257-тапсырма. Төмендегі сөздерді осы жазылған тәртібімен
оқымай, шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқысаңыздар, ой-
пікір туралы мақал шығады.
уайым
өтесің
теңіз
батасың
Қайық
кетесің
тәуекел
Түбі
де
мінесің
Да
түбі
Етістіктің райлары
Етістіктің райлары орындаушының іс-қимылға байланысты
ой-пікірін, қатынасын білдіреді. Етістіктің 4 рай түрі бар:
Ереже
Жасалу жолы
Ашық рай
Іс-қимылдың қай
шақта екенін
білдіреді.
Үш шақтың жасалу
жолдары арқылы.
Бұйрық рай
Іс-қимылдың бұйыру,
талап ету, өтіну
ретінде айтылу
мағынасын білдіреді.
Етістіктің бұйрық-
ты түрде жіктелуі
арқылы. (Мен бар-
айын.Сен бар
Сіз бар-ыңыз
Ол бар-сын)
Достарыңызбен бөлісу: |