Қазақ тілі
321
қай,-шілтім,-ілдір,-ша,-
ше, (ақшыл, бозаң).
Күшейтпелі
(асырмалы)
шырай
Белгілі бір сындық
белгінің бір нәрседен
өте артық, не өте кем
екенін білдіретін
шырайдың түрі
1. Сын есімнің
алдынан күшейткіш
буынның қо-сарлануы
арқылы жасалады (сап-
сары).
2. Сын есімнің
күшейткіш үстеумен
(тыс, аса, өте, ең, нақ,
т.б.) тіркесуі арқылы
жасалады (тым ауыр,
ең әдемі).
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Ереже
Анықтауыш
Сын есім сөйлемде негізінен анықтауыш болады
(Қырдағы қызыл-сары гүлдер көздің жауын
алады).
Бастауыш
Заттанған сын есім атау септігінде тұрып
бастауыш болады (Сыпайы сырын сақтар,
әдепті арын сақтар).
Толықтауыш
Сын есім заттанып келіп, толықтауыш болады
(Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен).
Пысықтауыш
Сын есім етістіктің алдынан келіп, іс-әрекеттің
сынын білдіріп, пысықтауыш болады. (Ол әнді
жақсы айтады Ол бүгін көңілді жүр).
Баяндауыш
Сын есім сөйлем соңында жіктеліп немесе
заттанып келіп, баяндауыш болады. (Сен үйдің
үлкенісің.)
207-тапсырма. Мына жұрнақтарды жалғап, зат есім және
сын есім жасаңыздар, жұрнақтарды сипаттаңыздар.
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық,-тік, -кер,-гер
-ық,-ік,-к,-қ,-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе
-ыш,-іш
-ыр,-ір,-р,-қы,-кі-ғы,-гі,-қыр,-кір,-ғыр,-гір
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
322
208-тапсырма. Сын есімдерді тауып, олардың байланысып
тұрған сөздерімен бірге теріп жазыңыздар. Сапалық, қатыстық,
сын есімдерді ажыратыңыздар.
Қорғасын – сұрғылт түсті, өте ауыр және тапталғыш
металл. Адамдар қорғасынды өте ертеден пайдаланып келеді.
Ежелгі шығыс елдерінде одан түрлі мүсіндер, үй жиһаздары,
бертін келе бытыра, оқ жасаған. Қазіргі кезде ол көбінесе
аккумулятор өндіруге, электр кабельдерінің сыртын қаптауға
жұмсалады. Қорғасынның ерекше қасиеті – ол адамға өте
зиянды
радиация
және
рентген
сәулелерін
өткізбейді.
Сондықтан одан радиоактивті заттарды сақтайтын қораптар,
рентген кабинетінің құрал-жабдықтары дайындалады.
Мырыш – көкшіл сұр түсті металл. Ауаның, ылғалдың
әсеріне төзімді. Мырыш жалатылған темірді тот баспайды.
Ондай қаңылтырдан жасалған шелек, леген, астаулар күнделікті
тұрмыста жиі қолданылады.
209-тапсырма. Берілген сын есімдердің бір тектес сапалық
белгілерін көрсететін жұрнақтарды жалғап жазыңыздар.
Қызыл. Көк. Қымбат. Ақ. Ұзын. Кіші. Ащы. Биік. Жуас.
Қызыл-қызғылт, қызғылтым, қызылдау, қызылырақ, тым қызыл,
өте қызыл.
210-тапсырма. Берілген сын есімдерден салыстырмалы
шырай жасаңыздар. Салыстырмалы шырай тұлғасындағы сын
есімдерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыздар.
Толық. Биік. Көк. Сұр. Жаман. Жеңіл. Тар. Мықты. Кіші.
Қатты. Жақсы.
Үлгі: толық, толықтау, толығырақ, толықша.
211-тапсырма. Мәтінді оқып, сын есімдерді тауып,
ерекшелігін еске түсіріңіздер.
Тас көмір – қатты, көбінесе қара түсті зат. Жер қойнауында
тас көмірдің үш түрі кездеседі. Тас көмірдің ең сапалы түрі
антрацит. Ол шымқай қара түсті, ұстағанда басқалардай қолға
жұқпайды, әрі металл сияқты жалтырап тұрады. Ол жылуды өте
Қазақ тілі
323
көп береді. Қызуы күшті болғандықтан, негізінен металл
қорытуға жұмсалады.
Кәдімгі тас көмір де қара түсті, бірақ ол антрациттей жалт-
жұлт етіп тұрмайды, қызуы да одан кемірек.
Қоңыр көмір мүлде жалтырамайды, солғын қоңыр түсті,
жылуды аз береді. Оңай үгіледі. Бықсып жанады, жаққанда күл
көп қалады. Сондықтан жергілікті отын ретінде пайдаланылады.
212-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем
құрастырыңыздар.
Түп-түзу қайыңдар. Кеп-кең көшелер. Біп-биік үйлер. Өте
ұзын көше. Тым ыстық күн. Тұп-тұщы су. Мөп-мөлдір бұлақ.
Өте таза жер.
Үлгі: Түп-түзу қайыңдар мен кеп-кең көшелер Алматының
көркін аша түскендей.
213-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, құрамындағы сын
есімдер сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын
сұрақ қою арқылы ажыратыңыздар.
Судағы еріген заттарының мөлшері оның кездесетін жеріне
байланысты. Соған орай минералды судың ішуге жарайтыны да,
жарамайтыны да бар. Ішуге жарамды судың бір литрінде 2–20
грамм еріген тұздары болады. Ол адам ағзасына пайдалы,
әртүрлі сырқаттардан айығуға жәрдемдеседі. Сондықтан ондай
сулар шипалы сулар деп те аталады. Олар ел арасында «Арасан»
деп
аталады.
Алмаарасан,
Қапаларасан,
Барлықарасан,
Арасанталды, Жаркентарасан атаулары осыдан шыққан.
Шипалы су шығатын жерлерде тынығу-сауықтыру орындары,
курорттар мен шипажайлар салынады. Солардың бірі – Сарыағаш
шипажайы.
Сарыағаштың шипалы суы 1946 жылы ашылып, жеті
жылдан кейін емдеу орнына айналды. Мұнда ас қорыту, жүйке
жүйесі, тері ауруларын емдейді. Жер астынан шығатын
минералды судың температурасы 49–52
0
С. Бұл шипалы сулар
сырқаттанып барған адамдарды дертінен айықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |