Қазақ тілі
345
Көсемшенің жіктелуі:
Жекеше түрі
Көпше түрі
І
Бара-мын
Бара-мыз
ІІ
Бара-сың
Бара-сыз
Бара-сыңдар
Бара-сыздар
ІІІ
Бара-ды
Бара-ды
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Пысықтауыш
Көсемше іс-әрекеттің түрлі күйін білдіріп, пысықтауыш болады.
Мен сөйлескелі (не үшін?) келдім. Ол жымиып (қалай?) күлді. Көре-
көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың.
Баяндауыш
Көсемше күрделі етістіктің құрамында келіп, баяндауыш болады.
Алып та халықтан үйренеді. Ол үйіне барып келеді. Ол өз ойын айта
салады. Түнде жаңбыр жауыпты.
245-тапсырма. Көсемшелерді байланысқан сөздермен
бірге теріп жазып, оларға тұлғалық талдау жасаңыздар.
Көмірдің отын және химиялық шикізат ретіндегі маңызы
зор. Сапасы жоғары көмір түрлері кокс алуда пайдаланылады.
Кокстелген көмір металлургия өнеркәсібінде металл балқытуда
қолданылады.
Кокс – таскөмірді жоғары температурада ауа жібермей
қыздырудың нәтижесінде алынатын отын түрі.
Көмір жылу электр стансыларында электр энергиясын
өндіру үшін энергетикалық отын ретінде пайдаланылады.
Сонымен бірге, зауыттарда, тұрмыста қолданылады.
246-тапсырма. Мақал-мәтелдерден көсемшелерді тауып,
олардың қай жақта жіктеліп тұрғанын айтыңыздар және тұлғалық
талдау жасап, сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңыздар.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
346
Дұшпан күлдіріп айтады, Ақылды адам айтқызбай біледі,
Дос жылатып айтады. Ақсұңқар қаққызбай іледі.
Досы көпті жау алмайды, Ат баспаймын деген жерін
Ақылы көпті дау алмайды. үш басар,
Ер татпаймын деген дәмін
үш татар.
Асқар тау алыстан көрінеді.
Сын түзелмей, мін түзелмейді.
Адамды түсіне қарап таныма,
Ісіне қарап таны.
247-тапсырма. Мәтіннің мазмұнынан шығарып, тақырыптың
мәнін талдаңыздар. Көсемшелер сөйлемнің қай мүшесінің
қызметін атқарып тұрғанын айтыңыздар.
Мәңгілік дәстүрлер
Қазақтар ертеден көшіп-қонып, мал шаруашылығымен
айналысқан. Қазақстанның оңтүстігіндегі халықтар диқаншы,
әрі өте атқұмар болған. Қазақтар «киіз үй» деп аталынатын жер
беті іспетті дөңгелек келген, шаңырағы мен керегелері ағаштан
жасалып, сыртынан киізбен қапталған үйлерде тұрған. Қазақ
үйінің ішіндегі сандық, домбыра, әртүрлі шаруашылыққа
қажетті заттар қазақ халқының қазынасы, өнері болып
есептеледі. Әр заттың өзіндік ерекше орны, мәні бар. Күнделікті
пайдаланылатын заттар ағаш, жүн, тері және сүйектен жасалған.
Бозбалалар мен атқұмарлар жүйрік, сұлу атқа құмар болған.
Аттарды ерекше салтанатпен әсемдеп, баптап мінген. Аттың ер-
тоқымын нағыз теріден ежелгі қазақтың дәстүрі бойынша
әсемдеп жасаған. Әйелдер ер-тоқымы тіпті шебер зергерлікпен
әшекейлеп жасалынған. Қазақ зергерлері мен шеберлерінің
талғамы өте жоғары болған. Зергерлер күмістен әртүрлі бағалы
әсемдік заттар жасаған, олар ғасырлардан ғасырларға мұра
болып жеткен.
Қазақ тілі
347
Қазір қазақтар мықты салынған үйлерде тұрады. Бірақ олар
бұрынғыдай тамаша шабандоздар, дала төсі әрдайым аттарға
толы. Қазақтың көркем өнері өшкен жоқ, ғасырдан ғасырға
нығайып, өсіп, көркейіп келеді.
248-тапсырма. Көсемшелерді тауып, сұрақ қою арқылы
олар сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңыздар.
Бос жыныстарға көмір ұнтағы араласып жататындықтан,
террикондар түтіндеп маңайдағы ауаны ластайды. Кейінгі
жылдары өркениетті елдерде бұл көрініске өзгеріс ене бастады.
Бірқатар террикондар мүлдем жойылды. Ондағы бос тау
жыныстары көмірі таусылған ескі шахталарға қайта апарып
төгіледі. Бірқатары тұрған жерінде тегістеліп, террасаларға
айналдырылады. Ондай жердің бетіне құнарлы топырақ төгіліп,
ағаш, бұта және шөп егіледі. Сөйтіп, террикондардың біразы
шахтёр посёлкесіне көрік беретін жасыл желекке айналады.
Ашық карьерлерден өндірілетін пайдалы қазбалар орнында
орасан зор шұңқырлар қалады. Беткі қабатты аршығанда
шыққан жыныстары олардың төңірегінде тау-тау болып үйіліп
жатады. Мұндай шағын таулар Қостанай облысындағы Арқалық
боксит, Соколов-Сарыбай темір кенорындарында, Қарағанды
облысындағы Қоңырат мыс кенорнында, т.б. жерлерде кездеседі.
Пайдалы қазбалары қазып алынған карьерлердің орнына
қолдан көл жасап, төңірегіне ағаш отырғызу тиімді. Ондай
жерлерді демалыс орны ретінде пайдалануға болады.
Етістіктің шақтары
Іс-қимылдың уақытын білдіретін етістіктің тұлғасы.
Етістіктің 3 шақ тұлғасы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
Осы шақ
Осы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. Оның
2 түрі бар: Нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ. Олардың
жасалу жолдары төмендегі кестелерде берілген: