9
5. Əңгімеден негізгі сын есімдерді тауып жазыңыз.
Үлгі:
жақсы,--
6. Сын есімдердің морфологиялық тəсіл арқылы жасалуын көр-
сетіп жазыңыз.
Үлгі:
Балға
дай, ---
7. Əңгімеден омоним болатын сөздерді тауып жазыңыз.
Үлгі:
Қолтық, кір, бар, ...
ҚОЛТЫҚ І–ІІ
ҚОЛТЫҚ І
зат. анат. адамның, жануарлардың иық иінінің ішкі жағы,
яғни қолдың төспен ұштасқан тұсы.
ҚОЛТЫҚ ІІ
зат. геогр. мұхит, теңіз, көлдің құрлыққа ішкерілей
жіңішкере кірген бөлігі, қойнау.
8. Əңгімеден мына сөздерге қарама-қарсы сөздерді тауып жазыңыз.
ЖҰМСАҚ –
ЖАҚСЫ –
АЗ –
ЫСТЫҚ –
9. Əңгімеден синоним болатын сөздерді тауып жазыңыз.
ҮЛГІ:
•
Тəрбиелеу, баулу, баурау.
•
Ашулану, ызалану, ызақорлану, долдану, долыру, алабұрту, зығырлану,
шатынау, долығу, қыжырлану, шамырқану, шытынау, шіміркену, шамда-
ну, бұрқану, атқуылдау жерг., қыжылдап қарау.
•
Шеше, ана, апа, ене жерг., мама кітаб.
•
Салт, рəсім, дəстүр, ғұрып, əдет, жөн, жоралғы, жол-жора, жөн-
жоба, жөн-жапсар, жол-жоба, жосық.
•
Пысық, ширақ, бəлекет, жылпың, пəле, қағылез, самдағай.
•
Жағу, ұнау.
10. Оқылымға қатысты тапсырманы орындаңыз.
1. Сатылғанның қолынан не түспейді?
1. қалам
2. газет-журнал
3. қағаз
2. Смағұл кімнің інісі?
1. шешемнің
2. менің
10
3. əкемнің
3. Сөйлемге қажет сөзді табыңыз.
...... əкеледі, ........ жарады, ....... кеузеп, қол диірменмен талқан тарта-
ды.
1. отын, су, нан
2. су, отын, арпа
3. бидай, отын, су
4. Кім ауыл советте секретарь болып жұмыс істейді?
1. Смағұл
2. Сатылған
3. əкем
5. Кім Смағұлды жақсы көреді?
1. Сатылған
2. əкем
3. шешем
6. Сатылғанның мінезі қандай?
1. қатты
2. жұмсақ
3. ашушаң
7. Сөйлемді аяқтаңыз.
Қолынан өрімшілік, ұсталық бəрі .........
1. тұр
2.
келеді
3. бар
8. Кімнің қолы балғадай қатты?
1. тəтемнің
2. Смағұлдың
3. əкемнің
9. Смағұл нені білмейді?
1. ерінгенді
2. есепті
3. жұмысты
10. Кім үйленбеген, бойдақ?
1. Сатылған
2. əкем
3. Смағұл
11
Бердібек Соқпақбаев
Бастан кешкен
повесть
Алматы, 1970. -344 бет.
МЕНІҢ ƏКЕМ
Мен бір жағдайда əкеме өте риза болатын едім – ол өмірбаян
жазып, анкета толтырған кезде. Кез келген қарапайым анкетада əке,
шешең кім болған деген сұрақ тұрады. О, бұл сұрақ барлық сұрақтың
ішіндегі ең маңыздысы. Болашақ
өмір маршрутыңның сызылуы-
на оның жасайтын ықпалы өте зор. Мінекей, əлгі сұрақ алдымнан
шыға келген кезде менің көзім жайнап кеткендей болады. Жауапты
құлшына жазамын, – əкем де, шешем де кедей болған! Жай кедей
емес, қутақыр кедей.
Мен бұны шынайы мақтаныш етіп жазамын. Ата-тегімнің кедей
болуы ол совет өкіметі үшін менен сенімді, менен бағалы адам жоқ
екенін білдіретін бас бұрғызбас дəлел секілді. Ана Жылқыбай ба-
лалары өйдеп – ата-тегіміз кедей болған деп жаза алмайды. Анке-
та толтырғанда
қолдары дірілдеп, жүректері толқып тұрады. Кедей
болмай, бұрын бай адамдар болғаны үшін олар əкелерін тап сол кез-
де бір-бір боқтайды.
Ал менің жалқау əкем дүниеге кім болып келуді, тарих үшін қай
таптың өкілі болу артық екенін ерте білген. Міне осы үшін де мен
əкеме риза едім. Ыдыке, жарайсың!
Ыдыкеңнің жасы бұл кезде отызды орталап қалған. Соған
қарамастан, жүріс-тұрысы қарт адамдар тəрізді. Ырғалып-жырғалып,
ол қозғалып болғанша, өмір керуені біраз жерге барып та үлгереді.
Жақсылық, жамандықтың бəрін де əкем тəңірден күтеді. Дұрыс-
тау өмір сүруге талпыну, ертеңгі күннің қамын ойлап мазасыздану
ол үшін жат нəрсе.
Шешем – Əсбет тілді де отты адам еді. Тек ауру иектеп алған
да қор қылған. Əкемнің
ынжықтығын бетіне басып, қайрап айтып
отыратын. Бірақ əкем ағаш пышақ тəрізді, қанша қайраса да өтпейді.
Кедей іздеген, кедейшілік өмірдің қандай болатынын көргісі кел-
ген адам біздің үйге келсін.
12
Ауыз үй, төр үй деп аталынатын, соқырдың көзіндей сығырайған
бір-бір ойық терезелері бар аласа екі бөлмеде тұрамыз. Жер еден.
Шиқылдақ тапал есік. Үйдің төргі бұрыштарында кəдімгі бірнеше
тал көк шөп өсіп тұрады. Не шөп екен деп, жұлып алып қарасаң,
арпаның не бидайдың дəні болып шығады.
Біздің үйде бір қара жағал ағаш кебеже болушы еді. Мүлік атау-
лыдан менің есімде сақталғаны сол.
Жалпиған ескі ағаш төсек. Онда əкем, шешем, мен үшеуміз
ұйықтаймыз.
Ауылдағы кез келген үйде самауыр,
темір кереует, жүк етіп
жинап қоятын азын-аулақ көрпе-жастықтары болады. Көпшілігі
кереуеттеріне шымылдық ұстайды. Кестелеген киім жапқыштары
болады.
Екі киім жапқышы бар үй əлді үй. Мəселен, Батырқанның үйі.
Бір киім жапқышы бар үй орта шаруа.
Түгі жоқ үй кедей үй. Мəселен, біздікі. Əлгі аталған нəрселерден
біздің үй тап-таза.
Жұртта бар тəуір мүліктер біздің үйде неге жоқ деп, қорланып,
ыза болатын едім. Самауыр неге жоқ? Киім жапқыш неге жоқ?..
Көп үйде сауын сиыр бар, аздаған да болса, уақ жандары бар.
Бізде ол да жоқ. Ең барып тұрған қара жаяу кедей қазақтың аты бол-
маса да, ер-тұрманы болады.
Ат сұрау ұят емес, ал ер-тұрман сұрап
жүру ыңғайсыз-ақ. Бір жаққа баруға ат табылса, əкем мен ағаларым
енді ер таба алмай жүргені. Мен бұған да ыза болушы едім. Жұртта
бар зат бізде неге жоқ?
Жұрт қайдан табады? Біз неге таппаймыз?
Жұрт қайдан алады? Біз неге алмаймыз? Жұрт бізден неге артық
болады? Біз неге кем боламыз?
«Бəрі құдайдан, құдай өзі жеткізеді» дейді əкем. Қашан жеткізеді?
Сарғайып қанша тосуға болады оның жеткізуін? Ол жеткізгенше,
желкеміз үзілетін болды ғой.
Əкемнің
бойы ортадан төмен, иықты. Өзі құсап сөлбіретіп қияқ
мұрт қояды. Уайымсыз адам, күйіп-піскенді білмейді, жайбарақат.
Мезгілсіз тозып, шаршамайды. Аш болса да, тоқ болса да екі беті
қып-қызыл. Тамақ таңдамайды, өңешінен өткеннің бəрін ішіп-жейді.
Ауырмайды.
Таңертең əкем шайнамасыз жайдақ шайды сораптап, еркіне
салсаң, түске дейін қамсыз отыра береді. Ол тоғайдан колхоздың