Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4,19 Kb.
Pdf просмотр
бет7/48
Дата16.02.2018
өлшемі4,19 Kb.
#9899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48

24
тəрізді жолдан не олай, не бұлай қиялап шығып кетуді білмейді. 
Жалтыр мұздың нағыз ойықтау ортасымен зымырайды.
Жапа-шанада бір ғана айып бар – орнықты емес. Тай мінгендей 
бұлтылдап астыңда тұрмайды. Сəл қисайсаң, бұлт етіп, жығып кетеді. 
Сосын етекке құйрықпен немесе жамбаспен сырғанап жетесің.
Осыдан соң киімде тамтық қала ма?
Қай баланы көрсең де құйрығын қасқыр тартып кеткендей жамау  
құйрық. Жыртықтан жылт-жылт еткен жалаңаш еттері көрініп жүре-
ді. Сырғанақты ол сонда да қоймайды.
Күнде кешқұрым шешең байғұс сығырайған бөтелке шамның 
жарығымен шалбардың пəрі-сəре болған құйрығын, тізесін бырқ-
бырқ ұрсып жамап отырады:
– Сырғанақта басың қалғыр, жүгермек. Кеше ғана сандай етіп 
жамап бердім. Бір күн болмай қарашы тағы да жалбыратып əкелуін. 
Ендігəрі сенің жар басына жақын барғаныңды көрейін. Мойның 
үзілгір, мойныңды үзіп жібермесем неғылсын!
Қамқор ананың күйінуден айтып жатқан домбытпасы. Оны өзі 
де, сен де жақсы білесің. Сырғанаққа ертең мойным үзіледі екен деп 
қорықпай, тағы барасың. Барғаныңды шешең де көреді. Бірақ ол əлгі 
айтқан антында тұрмайды – сенің қылдырықтай нəзік мойныңды бір 
бұрап, үзіп жібермейді.
Құйрық жалбырап тағы жыртылады. Көнбіс ана бырқ-бырқ ұрса 
отырып тағы жамайды. Өмір осылай өте береді.
Жалаңаш болуға төзесің. Ал бірақ  ойнамай төзе алмайсың.
Өзге киімнің нашарлығы түк емес, ал аяқ киімің нашар болса, 
қыстыгүні адамның қорысың.
Мүгедексің.
Мен бір ескі жаман бəтіңке киіп жүруші едім. Сырғанақтың 
көмегімен бір күні біреуінің ұлтаны қақырап түсті де қалды. 
Қабыршағын жарып шыққан балапанға ұқсап ар жағынан кір-кір 
аяғым көрініп тұрды. Бір аяғымды өкшелеп басып үйге келдім.
Жарақат бəтіңкені əкем төңкеріп олай қарады, былай қарады. 
Емдеудің еш ретін таба алмады. Жамап-жасқаудың неше түрін ол 
бұған дейін бастап кешіп үлгерген. Біз шаншатын сау жері қалмаған. 
Ғұмырың біткен екен деді де, əкем əлгі бəтіңкелерді қораның арт 
жағындағы күресінге лақтырып тастады.
Мен енді жалаңаяқпын. Ертең оқуға қалай барам?


25
– Осыған дұрысырақ бір аяқкиім қамдап беріңдер деп, күз түскелі 
қақсап келем. Əне, енді оқуынан қалатын болды, – деп, шешем əкем 
мен ағаларымды жазғыра бастады.
Қамсыз əкем тап осылай болар деп – күндердің күнінде мені 
жалаңаяқ қалар деп – ойламаған. Қиын болды ғой деп, желкесін 
қасып біраз тұрды. Төңірегіне қарағыштап, басы артық бейсауат 
жатқан аяқкиім іздестіре бастады. Басы артық аяқкиім біздің үйге 
қайдан келеді? Босағада шешемнің өкшесіне жамау түскен, үшкіл 
бас азия калошы жатқан. Əкем соны көрді:
– Əсбет, қашан аяқ киім табылғанша оқуға сенің калошыңды 
киіп барып келіп жүрсе қалай болады?
Əкемнің ойлап тапқаны осы еді.
–  Ой, жазған. Онымен қалай барады? Аяғына қар құйылмай ма?
Амал жоқ, əкем маған аяқ киім іздеуге кірісті.
Өзіміздің үйден түк таба алмай, көршілерге кеткен еді. Бір кезде 
қонышынан басқа түгі қалмаған ескі екі жаман сұр пима алып келе 
жатыр. Құдай біледі, əлдекімнің лақтырып тастаған пималары.
Əрі маған шақ емес, үлкен пималар.
Қораның сорайып шыққан белағашына, ұрғыштап, шаңын қағып 
жатыр. Шаң түтінше бұрқ-бұрқ етеді. Ұра берсе, таусылмай, шыға 
беретін тəрізді. Түк таппаған əкем енді маған осы пималарды табан-
дап бермек болды.
Немен табандайды? Жай құрым киізбен табандаса, түк болмай-
ды. Екі-үш күнде тесіліп шыға келеді.
– Ей, Смаш, застап жаққа барып келші. Солдаттың ескі пималары-
ның қонышы табылмас па екен? – деп, əкем інісін жұмсады.
– Смағұл тəтем заставаға кеткен еді. Бір кезде автомобильдің 
жарты балонын көтеріп əкеле жатыр.
– Бұл табан бола ма?
– Мен болғызамын. Болғанда ең мықты табан болады.
Тəтем айтқанын істейтін адам. Балонды ол кескілеуге кірісті. 
Мен бұдан қандай табан шықпақ деп, қызықтап қарап тұрмын. Пы-
шақ жүрмейтін ғажап мықты зат болады екен. Қарағайдың үстіне 
салып балталап, одан соң ұстаға апарып, атауызға тістетіп, күшпен 
пəре-пəресін шығарды. Ұлтанға лайықтап кесіп алғандарының 
қалың дығы төрт елі, ап-ауыр.
Тəтем пималарды осымен табандауға кірісті. Пышақ түгіл, біз 
зорға тесіп өтеді. Біз өткен тесіктен тарамыс өтпей əлек қылады. Не 


26
керек, тəтем қажырлылығының арқасында бір күн, бір түн тапжыл-
май отырып, пималарды табандап бітті-ау əйтеуір.
Ал енді киіп көрейін. Өзі менің бойыма лайықсыз үлкен пима-
лар, табан деген əлгідей шомбал бірдеңе. Табан емес, зілдей тас бай-
лап қойғандай.
Адымдап жүріп көрейін.
Бір аяғым бір аяғыма шалынысып, жүре алмай, жығылып қала 
жаздадым. Оның үстіне шомбал табандар жүрген кезде илікпейді.
Менің зəрем ұшып кетті. Қалай жүрем бұнымен? Көшеге қалай 
шығам? Мектепке қалай барам? Менің мына түрімді көрген балалар 
цирктің дарақышысын көргендей мазақтамай ма?
– Кимеймін! Бұның киім болғанының əкесінің аузын... – деп, оты-
ра қалып, жексұрын пималарды бірінен соң бірін есік жаққа аттым. 
Пималар жығылмай, табанына қорғасын құйған сақаша дік-дік 
етіп тікесінен түседі.
Менің тулауым онша ұзаққа созылмады. Жоққа жүйрік жете ме? 
Бұл пималарды кимегенде, не кимекпін? Оқуға қалай бармақпын?
Түн. Дала қараңғы. Жұрт аяғы басылған кез. Жексұрын пима-
ларды аяғыма шұлғау орап, киіп алып, сыртқа шықтым. Антұрғанға 
шұлғау шақ келмейді. Табылғанның бəрін орадым. Табаныма ұлтарақ 
салдым. Қараңғыда олай-бұлай жүріп байқамақпын. Ертең мектеп-
ке осымен баруға бола ма, болмай ма? Сынап, күн бұрын жаттығып 
алмақшымын.
Пималар ауыр болғанымен іші ып-ыстық. Осыған дейін жұқалтаң 
бəтіңкемен тоңып жүрген аяқтарымды қыз-қыз қайнатып қуантады. 
Ал бірақ жүруге тым қолапайсыз-ақ. Əрі үлкен, əрі ауыр, тіземді бү-
гіп, отырайын десем, отыра алмаймын. Қиқиған қатқыл қоныштар 
қылтамды тіреп қалады.
Жаман бəтіңкелермен терең қарды кеше алмай тек жолмен жүруге 
тырысатынмын. Ал мына «автомобиль» пимаға жолды-жолсыз бəрі 
бір. Тек қонышынан қар асып кетпесе болғаны. Ал қоныштан аса-
тын қар бұл өлкеде жаумайды.
Бұл пималардың жақсы жағы мен жаман жақтары тең еді.
Бұл түнгі ұйқым шала болды. Оянып алып, ертең жексұрын пи-
маларды мектепке қалай киіп барамын деп, қайғырғанды білем. Жоқ 
əлде бармасам ба екен?
Оқудан қалу жəне қасірет.
Өзге балалар мен үшін ештеңе емес. Мазақтар да, қояр, басылар. 


жүктеу 4,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау