Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет34/61
Дата16.02.2018
өлшемі5,03 Kb.
#9758
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61

 
103 
3. Кабинет лаборанты:  
4. пәндік тірек кабинеті, пікір-талас орталығы, КҒА   
5. Физикалық стендалар: 
- Физикалық тұрақтылар; 
- Физикалық шамалар; 
- Электромагниттік сәуле шығару шкаласы 
- Астрономиялық кестелер; 
- Еселік және үлестік бірліктер; 
- Алфавиттер(латын, грек) 
- Оқушылар үшін қауіпсіздік ережелер; 
- Өрт қауіпсіздік бұрышы; 
- Жедел жәрдем бұрышы; 
- Кабинет бұрышы;  
6. Кабинет жиһаздары: 
-парта саны-, орындық саны-, мұғалім орындығы 
       - Демонстрациалық стол- 
-жылжымалы стол- 
- Магнитті ашылатын тақта- 
- экран- 
- Кабинеттегі шкаф саны- 
- зертханалық кабинеттегі шкаф саны- 
7. Электр желісі: 
- Щит- 
8. Физика кабинетінің құжаттары: 
- АКТ рұқсат қағазы(мектеп директоры  бекіткен) 
- Өртке қарсы нұсқау, жоспары,, керекті заттар. 
- Жедел жәрдемнің дәрі-дәрмектері; 
- кабинет паспорты 
- кабинеттің жылдық жұмыс жоспары. 
9. Әдістемелік құжаттар: 
- Оқулықтар, нұсқаулықтар, бағдарламалар: 
- күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар (7-11 сыныптар); 
- Сабақ жоспарлары (7-11 сыныптар); 
- Оқушылардың жұмыс дәптерлері; 
- бақылау жұмыс дәптерлері; 
- Зертханалық жұмыс дәптерлері; 
- Тест жинақтары; 
- Зертханалық жұмыстар; 
- Шығармашылық жұмыстар; 


 
104 
- Дарынды оқушылардың жұмыстары; 
- Үлгерімі төмен оқушылардың жұмысы; 
- олимпиады тапсырмаларының жинақтары(Мектепішілік,    
аудандық, облыстық, республикалық) 
- Электрондық оқулықтар; 
-  Деңгейлік  тапсырмалар  (сыныптар  бойынша,  тараулар 
бойынша) 
 
- Эксперименттік тапсырмалар (сыныптар бойынша, тараулар 
бойынша)  
- Үлестірмелі карточкалар; 
-  Оқушылардың  үлгерімінің  манеторингісі  (талдау  жасау, 
саралау, балдық жүйе) 
10. Физикалық приборлар: 
- Механика бөлімі; 
- Жылу құбылыстары бөлімі; 
- Электр бөлімі; 
- Оптика бөлімі т.б. 
11. Техникалық құралдар: 
- Жаңа ақпараттық техикалық құралдар; 
12. Сынып бөлмесін ақпараттандыру: 
13.  Қорытынды:Жоғарыда  аталған  физикалық  тізбелер  жүйесі   
картотекаланып,  нөмірленіп,  журнал  беттеріне  түсірілуі  керек. 
Тірек  сызба  кестесі  арқылы  СКТ  технологиясы  бойынша 
мектептпегі  физика  кабинеті қазіргі заманға талап  деңгейіне сай 
осындай болуға тиіс. 
 
Нәтижесі: 
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. 
- Білім сапасы көтеріледі. 
- Оқушылар шығармашылық жұмыстармен айналысады. 
-  Оқушылар  физика  мен  техника  сырын  үйренуге,  техникаға 
қызығушылығы артады. 
-  Жаңа  үлгідегі  жабдықталған  кабинетте  оқитын  оқушылар-
дың қабілеттері дамиды. 
 
Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар: 
1. 
 Оқыту әдісі деген не? 


 
105 
2. 
 Оқыту әдістерінің класификациясы қандай? Олардың 
негізіне не жатады? 
3. 
 Оқыту  әдісі  мен  ғылыми  танымның  арасындағы 
байла-нысты ашып көрсетіңіз? 
4. 
 Таным процесінің кезеңдері қандай? 
5. 
 Дәстүрлі  оқыту  мен  инновациялық  оқытудың  негізгі 
ерекшеліктерін сипаттаңыз. 
6. 
 Оқыту құралдары деген не? Оған не жатады? 
7. 
 Физика 
кабинетінің  жабдықталуына  қойылатын 
талаптар. 
V тарау 
ОҚ ЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ   
ЖҮ ЙЕСІ 
 
5.1. Түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс 
Түсіндірмелі  –  иллюстративтік,  ақпараттық  рецептивтік 
(қабылдау) әдіс. 
Оны сипаттайтын белгілер: 
- оқушыларға білім «дайын» күйінде ұсынылады. 
-  мұғалім  әртүрлі  тәсілдермен  осы  білімдерді  меңгеруді 
ұйымдастырады. 
-  оқушылар  білімді  қабылдайды  (рецепсия)  және  түсініп 
ұғады, оларды есінде сақтайды. 
Бұл  әдістегі  мұғалімнің  ролі  ақпаратты  және  іс-әрекеттің 
әдістерін  (мыс:  есеп  шығаруда)  оқушылардың  қабылдауын 
ұйымдастыруда. Егер оқушы оған берілген ақпаратты немесе іс-
әрекетті  жүзеге  асыру  жолдарын  қабылдап,  оны  практикада 
қолдана  білсе  онда  білім  меңгерудің  белгілі  бір  деңгейі  туралы 
айтуға болады. 
Мұғалім  ақпаратты  ауызша  сөз  (әңгімелеу,  дәріс  оқу, 
түсіндіру)  арқылы,  баспасөз(оқулық,  анықтамалар,  христоматия 
т.б.)арқылы, оқытудың көрнекі құралдары (демонстрация, кино-, 
видео-,  диафильмдерді,  сұлбалар  және  кестелер  т.б.)  арқылы,  іс-
әрекеттерді  жүзеге  асыру  жолдары(зертханалық  жұмыстарды 
орындату,  есептер  шығару,  жауаптың  жоспарын  құру  және  т.б.) 
арқылы іске асырады. 
Түсіндірмелі  –  иллюстративтік  әдіс  білім  берудің  тиімді 
әдістерінің бірі болып табылады. Оның тиімділігін білім беретін 


 
106 
әр түрлі оқу орындарының көп жылдық тәжірибесі дәлелдеді. Бұл 
әдіс  оқытудың  әр  түрлі  сатысында  және  барлық  елдердің 
мектептерінде нақты орын алып, қолданылады. Оқытуда тек осы 
әдісті  қолдану  жеткіліксіз.  Себебі  бұл  әдіс  оқушылардың  әзір 
ақпаратты  түсініп,  қабылдап,  еске  сақтауын  ғана  көздейді.  Ал 
қазіргі  оқытудың  мақсатына  сәйкес  оқушылардың  жан-жақты 
дамуын көздейтін, яғни жаңа білімге мұғалімнің басшылығымен 
өз  бетімен  жетуге  тиісті  әдістерді  қолдану  керек.  Бұл  әдісті 
көбіне  мұғалімдер  жаңа  тақырыпты  қарастырудың  басында 
немесе  жаңа  оқу  материалының  бір  фрагментін  қарастарғанда 
жаңа  білімді  меңгеру  үшін  оқушыларда  қажетті  білім  болмаған 
жағдайда қолданады. Бұл әдісті қолданудағы мұғалімнің мақсаты 
әр  түрлі  жағдайларда  білім  қалыптасыруды  неден  бастауды 
(сөзбен  түсіндіру,  оқулықтан  мәтінді  оқыттыру  немесе 
көрнекілікті  қолдану  арқылы  беру  т.б.)  анықтау.  Осы  мақсатты 
шешу  қарастырылатын  материалдың  сипатына,  оқушылардың 
дайындық деңгейіне және т.б. байланысты. 
Негізгі  мектепте  түсіндірмелі  –  иллюстративтік  әдіс  басқа 
әдістермен  бірігіп  қолданылады.  Бұл  мектептегі  оқушылардың 
психологиялық  және  жас  ерекшеліктері  жаңа  оқу  материалын 
қабылдап,  меңгеруде  олардың  әртүрлі  іс-әрекеттерін  сабақта 
алмастырып  отыруды  қажет  етеді.  Ал  жоғарғы  сыныптарда 
түсіндірмелі  –  иллюстративтік  әдісті  оқу  материалын  дәріс 
түрінде  беру  көзделгенде  бүкіл  сабақ  бойы  қодануға  болады. 
Соңғы  жылдары  оқытудың  мақсаттары  мен  міндеттерінің 
өзгеруіне  байланысты  оқушылар  өз  беттерімен  жаңа  білімді 
меңгеріп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  оның  құрылымы  мен  
білімге жетудің әдістерін де меңгереді.  
 
 
5.2  . Репродуктивтік әдіс 
Репродуктивтік әдіс оқушылардың алған білімдерін қайталап, 
оны  үлгіге  сәйкес  таныс  жағдаяттарда  қолдану  үшін  қажетті  
біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруда қолданылады. 
Мұғалім  берілген  білімді  және  білікті  жүзеге  асыру  жолда-
рын  оқушылар  естерінде  сақтау  үшін  тапсырмалар  жүйесінің 
көмегімен  олардың  іс-әрекетін  ұйымдастырады.  Мұғалім  ауызша 
сөз  бен  баспасөзді,  оқытудың  көрнекілік  әдістерін  қолданады,  ал 
оқушылар  тапсырмаларды  орындауда  мұғалімнің  көрсеткен  сол 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау