Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет37/61
Дата16.02.2018
өлшемі5,03 Kb.
#9758
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61

 
113 
 
оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастыратын  мұғалімнің  жетек-
шілік ролі; 
 
оқушылар білімін жүйелі түрде тексеру мен бағалау. 
Қазіргі  кезеңдегі  оқу  сабақтарының  сыныптық-сабақтық 
жүйесінің  ерекшеліктері: барлық оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдас-
тырылуының  айқындылығы  және  реттілігі,  оқытудың  жүйелілігі 
мен  бірізділігі,  ұжымдық  жұмыс  үдерісінде  оқушыларға  үнемі 
мұғалімнің эмоционалдық-өнегелік ықпалының болуы, ұжымдық 
жұмыс  барысында  оқушылардың  арасында  өзара  қарым-
қатынастың болуы. 
Мектептегі  оқытудың  негізгі  ұйымдастырушылық  формасы-
сабақ болып табылады. 
 Сабақ-нақты  берілген  уақыт  ішінде  оқытудың  әр  түрлі 
әдістері мен құралдарын қолданып, пән бойынша берілген білімді 
меңгертіп,  дамытуды,  тәрбиелеуді  көздеген  мұғалімнің  тұрақ-
ты  оқушылардан  тұратын  сынып  ұжымының  танымдық  іс-
әрекетін  басқарып,  ұйымдастырылып  өткізетін  оқытудың 
формасы. 
Мектепте  кесте  бойынша  өткізілетін  сабақтардан  басқа 
факультативтік  сабақтар,  экскурсиялар,  әр  түрлі  сыныптан  тыс 
жұмыстар  өткізіледі.  Зертханалық  жұмыстар  мен  физикалық 
практикум  жұмыстары  практикалық  сабақтардың  түрі.  Бұл 
сабақтардың  барлық  түрлері  оқушыларға  білім  берудің,  дамы-
тудың,  тәрбиелеудің  біріккен  жүйесін  құрайды.  Оқу  жұмысын 
жоспарлағанда  сабақты  ұйымдастырудың  барлық  формаларын 
ескеру қажет. Сабақты ұйымдастырып, өткізудің әдісі оқыту мен 
тәрбиелеудің  мақсаттарына  және  материалдың  мазмұнына 
байланысты. 
 
 
6.2. Қазіргі заманғы физика сабағы 
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде қазіргі заман-
ғы физика сабағы ұғымы жаңадан пайда болды. Қазіргі заманғы 
физика  сабағы  оның  барлық  элементтері  оқытудың  негізгі  мақ-
саттарына жетуді көздейтін, белсенді ойлайтын, шығармашылық 
қабілеттерге  ие,  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаны  қалып-
тастыруға бағытталған оқытудың жүйесі ретінде қарастырылады. 


 
114 
Жүйе  компанентерінің  өздері  және  олардың  құрылымы  әртүрлі 
авторлармен түрліше анықталынады. 
Оқыту  үдерісінің  компанентері
 
деп  И.Я.Лернер  оқу  мате-
риалын  (оның  мазмұнын),  мұғалім  мен  оқушыларды  айтады. 
М.И.Махмутов  оқу  үдерісінің  құрылымдық  компанентеріне  оқу 
материалының  мазмұнын,  оқыту  әдісін,  іс-әрекеттердің  түр-
лерін, оқыту формалары мен құралдарын енгізеді. Г.Д.Кириллова 
сабақ  копанентеріне  сабақтың  мақсатын,  оқу  материалының 
мазмұнын,  оқыту  әдістері  мен  тәсілдерін,  оқытуды  ұйымдас-
тыру формаларын жатқызады. 
Сабақ  сапалы  өтуі  үшін  әуелі  сол  сабақтағы  мұғалімнің  іс-
әрекеттерінің мақсатын анықтау керек-ол неге қол жеткізуі керек, 
мақсатқа  жетуге  не  көмектеседі,  мақсатқа  жету  үшін  не  істеу 
керек.  Сонымен, қазіргі заманғы физика сабағы-сабақ жүйесінің 
компаненттері(оқу  материалының  мазмұны,  оқыту  әдістері 
және  оқыту  үдерісін  ұйымдастыру  формалары)  өзара  бір-
бірімен  тығыз  байланыста  болып,  сабақтың  мақсатын 
анықтайтын  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  формасы  болып 
табылады. 
Сұлба 13. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Физика сабағы қазіргі кезеңнің сабағына сай болуы үшін оқу 
материалының мазмұнына қойылатын талаптар:  
1) 
 білім  мазмұнының  қазірігі  кезеңдегі  ғылымның 
дамуына сәйкес болуы; 
2) 
 оқу  материалының  құрылымын  анықтау:  ғылыми 
білімнің  элементтерінің  жүйесін,  оларды  сабақта  берудегі  іс-
әрекеттердің (ақыл-ой мен практикалық) жүзеге асыру тәсілдерін 
анықтау. 
Мақсат 
Физика сабағы 
Оқу  
материалының 
мазмұны 
 
Оқыту әдісі 
мен 
құралдары 
Оқыту үрдісін 
ұйымдастыру 
формалары 


 
115 
Мұғалімнің  нақты  сабақта  таңдап  алған  оқытудың  түрі 
(дәстүрлі, дамытушылық, проблемалық оқыту) тек қана сабақтың 
құрылымын ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар сол сабақта 
брілетін білім мазмұнының құрылымын да анықтайды.  
Сабақ  жүйесінің  екінші  компаненті-оқыту  әдістері  мен 
құралдары.  
Бұл мәселе 4-5 тарауларда толық қарастырылды. 
Оқыту  әдістерінің  жүйесін,  оқыту  әдістері  мен  құралдарды, 
әр оқыту әдісінің бір-бірінен ерекшеліктерін, оларды қолданудың 
тиімділігін мұғалімнің білуі сабақты қазіргі кезеңдегі талаптарға 
сәйкес өткізуге көмектеседі.  
Оқу үдерісін ұйымдастыру формасы-сабақ жүйесінің үшінші 
компаненті. 
Оқу  үдерісін  ұйымдастыру  формасына,  сабақ  құрылымына, 
оқу  жағдаяттарының  жүзеге  асу  кезеңдеріне  байланысты 
сабақтың түрі әр түрлі болады. Сабақтарды топтастыру, олардың 
типтері  мен  түрлерін  анықтау  дидактиканың  проблемасы  болып 
табылады.  Топтастыру  негізінде-сабақ  құрамына,  оны  өткізудің 
кезеңдеріне,  оның  мазмұнына,  өткізу  тәсілдеріне  және  т.б. 
тәуелді  сабақтарды  топтастырудың  көптеген  түрлері  бар.  Олар-
дың  ішінде  ең  тиімді  және  логикалық  келістісі  -  М.И.Махму-
товтың  ұсынған  сабақтарды  ұйымдастыру  мақсаттары  бойынша 
оқуды  топтастыру  болып  табылады.  Осы  топтасытруға  сәйкес 
барлық сабақтарды келесі типтерге сабақтарға бөлуге болады: 
жаңа материалды меңгерту сабағы; 
білімді жетілдіру сабағы; 
білімді қорытындылау мен жүйелеу сабағы; 
аралас сабақ; 
білімді,  іскерлікті  және  дағдыларды  тексеру  мен  түзету 
сабағы. 
Жаңа  материалды  меңгерту  сабағының  негізгі  мақсаты-
оқушылардың  жаңа  білімді  меңгеруге  жетуі.  Бұл  мақсат  жаңа 
білім  мен  іс-әрекеттердің  әдістерін  меңгеру,  өз  беттерімен 
зерттеушілік  қызметін  жүзеге  асыру,  құндылықты  қатынастар 
жүйесін қалыптастыру арқылы жүзеге асады. 
Оқушылардың  білімдерін  жетілдіру  сабағының  негізгі 
мазмұны-оқушылардың  білімдерін  жетілдіруге  ықпал  ететін 
білімді  практикада  қолдану,  оны  кеңейту  мен  тереңдету, 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау