Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет35/61
Дата16.02.2018
өлшемі5,03 Kb.
#9758
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61

 
107 
әдістері  мен  құралдарын  қолданады.  Репродуктивтік  әдіс  оқушы-
лар  берілген  білімді  ауызша  қайталап  айтқанда,  репродуктивтік 
әңгімелесуде, физикалық есептерді шығаруда көрінеді. Репродук-
тивтік  әдіс  зертханалық  және  практикалық  жұмыстарды  орындау 
барысында  да  жүзеге  асырылады.  Репродуктивтік  әдістің  тиімді-
лігін  артыру  мақсатында  мұғалімдер  мен  әдіскерлер  өзін-өзі 
тексеру  мен  кері  байланысты  жүзеге  асыру  үшін  арнайы  жатты-
ғулар жүйесін, бағдарламалық  материалдарды  (дидактикалық  ма-
териалдарды)  құрастырады.  Бір  типті  тапсырмалар  мен  жатты-
ғуларды  үнемі  пайдалану  оқушылардың  қызығушылығын  төмен-
детеді. Сондықтан репродуктивтік әдісті қолданудың шегін біліп, 
оқушылардың жеке бастарының мүмкіндіктерін ескеру қажет.  
Негізгі  мектепте  оқыту  үдерісінде  репродуктивтік  әдіс  түсін-
дірмелі – иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады. Бір сабақтың 
барысында  түсіндірмелі  –  иллюстративтік  әдісті  қолданып  жаңа 
материалды  түсіндіріп,  репродуктивтік  әдісті  қолданып  оны 
бекітіп,  әрі  қарай  жаңа  ақпаратты  беруді  жалғастыруға  болады. 
Оқытуда  осындай  жолмен  оқыту  әдістерін  алмастырып  отыру 
сабақта 
оқушылардың 
белсенділігін 
артырып, 
олардың 
қарастырылып отырған материалға қызығушылығын туғызады.  
Оқытудың  екі  әдісі  де  оқушылардың  білімдерін,  біліктілік-
терін,  дағдыларын  дамытып,  оларда  салыстыру,  анализ,  синтез, 
қорытындылау және т.б. сияқты негізгі ой-қызметтерін қалыпта-
сырады.  Бірақ  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерінің 
дамуына көп әсері болмайды. 
 
 
5.3. Проблемалық әдіс 
Проблемалық әдісті қолдану барысында мұғалім білімді беруді 
ұйымдастырып  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  проблеманы  шешу 
жолдарын  көрсетіп,  ақыл-ой  қызметінің  таным  процесінің  бір 
сатысынан  екінші  сатысына  көшудің  логикасымен  оқушыларды 
таныстырады.  Яғни,  мұғалім  проблеманы  қойып,  оны  шешіп 
ғылыми  танымның  үлгісін  көрсетсе,  ал  оқушылар  бұл  процестің 
логикасы  мен  нақтылығын  бақылап,  проблеманы  шешудің 
кезеңдерін  меңгереді.  Орта  мектептің  физика  курсында  көптеген 
тақырыптарды проблемалық әдісті қолданып, білімді беруге болады. 
Мысалы: Оқушылар 11-сыныпта жарықтың табиғатын қарастырған-


 
108 
да  Ньютонның  корпускулалық  теориясы  мен  Гюйгенстің  толқын-
дық  теориясының  қарама-қайшылығының  нәтижесінде  пайда  бол-
ған проблеманы шешудің негізінде жарықтың табиғатына деген кор-
пускулалық - толқындық дуализм идеясының пайда болғанын көреді.  
Сонымен  оқу  материалын  проблемалық  әдіспен  беруде,  әуелі 
проблема  қойылып,  ғалымдардың  болжамдары  мен  ойша  экспе-
риментті  талдау  нәтижесінде  қорытынды  жасалынады.  Мүмкін 
болса қорытындыны дәлелдейтін нақты эксперимент қойылады.  
Проблемалық оқытудың құрылымы: 
1) 
 қарама-қайшылықты анықтап, оны қою; 
2) 
 болжам жасау; 
3) 
 проблеманы шешудің жоспарын құру; 
4) 
 проблеманы шешу; 
5) 
 болжамның дұрыстығын дәлелдеу; 
6) 
 проблеманың  шешімінің    ой  қызметінің  және  іс-
әрекеттің әрі қарай дамуындағы маңызын анықтау. 
Оқу  материалын  проблемалық  әдіспен  беруде  мұғалім 
ауызша  сөзді,  баспасөзді,  демонстрациялық  немесе  фронтальді 
тәжірибелерді  және  басқа  да    қажетті  оқытудың  құралдары  мен 
әдістерін  қоданады.  Оқыту  үдерісінде  қандай  әдісті  немесе 
құралды  қолдану  сол  сабақтағы  оқушылардың  танымдылық  іс-
әрекетерін ұйымдастыру жолына байланысты. Бұл әдісті қолдану 
барысында  оқушылар  берілген  оқу  ақпаратын  саналы  түрде 
түсініп,  есте  сақтап  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  проблеманы 
шешудің    логикасын  көріп,  сенімділігіне  көз  жеткізіп  талдауға 
қатысады.  Соның  нәтижесінде  оқушылар  таным  процесінің 
жүзеге асу жолдарымен танысады. 
Негізінен,  физикадан  проблемалық  оқытудың  формасын 
мынадай 4 деңгейде өткізудің мүмкіндігі бар. 
1) 
 Проблемалық 
баяндау-мұғалімнің 
проблеманы 
тұжырым-дап,  оны  өзінің  шешуі,  ғылымда  оның  қалай 
шешілгенін көрсету. 
2) 
 Проблемалық  жағдаятты  туғызып,  оны  оқушыларды 
қа-тыстырып бірге шешу. 
3) 
 Проблеманы  мұғалімнің  өзі  тұжырымдап,  шешуін 
оқущы-лардың өздеріне ұсыну. 
4) 
 Проблеманы  тұжырымдауды  және  оны  шешуді 
оқушы-лардың өздеріне беру. 


 
109 
Оқытудың  мұндай  әдісінде  оқушылар  тек  қатысушы  емес, 
сонымен  қатар  бақылаушылар  ролінде  болып,  танымдық 
қиыншылықты шешуге байланысты жақсы сабақ алады.  
 
 
5.4. Эвристикалық әдіс 
Эвристикалық  (бөліктік  –  ізденушілік)  әдіс  –  мұғалім 
білімнің  бір  бөлігін  хабарлайды,  енді  бір  бөлігін  оқушылар 
қойылған  сұраққа  жауап  беру  арқылы  өздігінен  табады.  Бұл 
әдісте  мұғалім  проблеманы  шешудің  кейбір  қадамдарында 
оқушыларды  қатыстыруды  ұйымдастырады.  Мұғалімнің  ролі 
оқушылардың алдына проблема түрінде  қойылатын тапсырманы 
жеке  кезеңдерге  бөліп,  қай  кезеңде  олар  өз  беттерімен  жұмыс 
жасайтындығын  анықтау.  Яғни,  мұғалім  қандай  да  болмасын 
әдіспен оқушылардың өз бетімен жүзеге асатын танымдылық іс-
әрекеттерін  ұйымдастырады.  Бір  жағдайда  оқушылар  пробле-
маны  көріп,  екінші  бір  жағдайда  дәлелдеудің  жолын  анықтап, 
үшінші  бір  жағдайда  көрсетілген  фактылардан  немесе  айтылған 
ақпараттардан  қорытында  шығарып,  төртінші  бір  жағдайда 
болжам жасап, бесінші бір жағдайда жасалған болжамды немесе 
қорытындыны  тексерудің  жоспарын  құруға  үйренеді.  Оқытудың 
эвристикалық  әдісінің  жүзеге  асырылуының  бір  түрі-эвристика-
лық  әңгімелесу.  Эвристикалық  әңгімелесу  барысында  мұғалім 
оқушылардың  алдына  біртіндеп  проблеманы  қойып,  оны  шешу-
дегі  қарама-қайшылықты  көрсетіп,  әңгімелесудің  кезеңдерін 
құрса,  ал  оқушылар  әңгімелесудің  әр  кезеңіндегі  проблеманы 
шешудің жолдарын өз беттерімен іздейді.  
Негізгі мектепте де және жоғарғы сыныптарда да  кез-келген 
сабақты эвристикалық әдіспен ұйымдастырып өткізуге болады.  
Фотоэффект  құбылысын  оқығанда  Герц  пен  Сталетовтың 
тәжірибелері  қарастырылады.  Фотоэффект  құбылысын  бақылау 
үшін  электрлік  доғаның  сәулесімен  жарықталынатын  мырыш 
пластинасы орнатылған электометр қолданылады. Мұғалім әуелі 
пластинаны оң зарядпен, артынан теріс зарядпен зарядтайды. Тек 
теріс зарядпен зарядталған мырыш пластинасының разрядталыну 
себебін мұғалім оқушылардың өз бетімен анықтауын тапсырады. 
Бұл  оқушылардың  өз  бетімен  ізденулерінің  бірінші  кезеңі.  Әрі 
қарай мұғалім жарық ағынының жолына шыныны қойып, мырыш 
пластинасының  разрядталмайтындығын  көрсетіп,  оқушылардың 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау